ҚазаҚстан Республикасы білім және ғылым министРлігі балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата12.03.2017
өлшемі1,52 Mb.
#9264
1   2   3   4   5   6   7   8

3.3. іс-тәжірибелік ұсынымдар
балалар үйлерінің персоналын уәждеу бағдарламасы
Персоналды  уәждеу  қолайлы  орта  жасау  бойынша  негізге 
алынатын  фактор  болып  табылады.  2004  жылы  Ресейде  балалар 
үйлерінің  персоналымен  жұмыс  істеуге  арналған  бағдарлама  жа-
салды.  Кадрлардың  тұрақтамау  бағдарламасын  шеше  отырып,  ба-
лалар үйлері персоналын уәждеу бағдарламасының үлгісі ретінде 
ұсынамыз.
«Балалар  үйі  жағдайларында  педагогикалық  кадрлардың  да-
муын  басқару  жүйесі  ғимаратының  ракурсында  процессуалдық 
теорияларға (В.С. Лазарев, Т.П. Афанасьева, И.А. Елисеева, Т.И Лу-
денко, Ф.Херцберг, Д.МакКлелланд, М.О. Олехнович және басқалар) 
[30, 31] неғұрлым жоғары қызығушылық білдірілді. Бұл теориялар 
қызметкер  мінез-құлқының  белгілі  бір:  экономикалық,  ақпараттық, 
қатынас-байланыстық, ұйымдастырушылық және т.б. факторлардың 
ықпалымен қалыптасу процесін ашады. Қарастырылатын негізгі про-
блема – бұл қызметкерде мінез-құлықтың басқа емес нақ белгілі бір 
үлгілеріне әкелетін уәждеу кешенін қалыптастыру» .
Кез келген адамға өзінің кәсіптік қызметін жүзеге асыруда бел-
гіленген  нәтижелерге  әкелетін  толығынан  айқындалған  жеке  үлгі 
тән.  Кез  келген  қызметтің  негізінде  уәждеу  жатыр.  Мұнымен  бір-
ге  адамда  әдетте  біртұтас  уәждеу  кешенінің  қалыптасатынын  атап 
өту  қажет.  Басқаша  айтқанда  еңбек  қызметі  әрқашанда  жартылай 
уәжделеді.  Уәждеу  қызметте  абстрактілі  емес,  нақты,  яғни  қызмет 
мақсаттарымен байланыстырыла отырып беріледі, бұл қызметке жеке 
тұлғалық мағына береді. Басқару психологиясында адамның уәждеу 

73
кешеніне  ықпал  ету  мүмкіндігі  уәждеу  тетіктерін  ашатын,  шартты 
түрде бөлініп көрсетілетін мазмұндық және процессуалдық теория-
лардан көрініс табады.
Қажеттіліктерді  қанағаттандыру.  Қажеттілік  жеке  тұлғаға 
оны белгілі бір мінез-құлыққа бағыттай отырып, әсер етеді. Бұл мі-
нез-құлықтың  мақсаты  белсендірілген  қажеттілікті  қанағаттандыру 
болып табылады. Психологияда қажеттілік мақсатын уәж деп атай-
ды  (кейде  уәждің  заттанған  қажеттілік  екені  айтылады).  Басқаша 
сөздермен айтқанда, егер қажеттілік – тамақ болса, онда ниет – нан, 
ірімшік, гамбургер, ақ шараптағы таңсық балық және басқалар.
Уәж іске асырылудың үш сатысынан өтеді:

уәжде негізделген қажеттілік жете ұғынылады («Мен өзімді 
сыйлаушылықты қалаймын»);

өзіндік  жеке  тұлғаның  тілегіне  жету  мәселесі  талданады 
(«Мен мені бәрі сыйлайтындай болуға қабілеттімін бе?»);

жеке  тұлғалық  ерекшеліктер,  құндылықтар,  бейімділіктер, 
қабілеттіліктердің бәрі есепке алына отырып, ниет не жетістік ретін-
де қабылданады, не жоққа шығарылады.
Кәсіптік  қызмет  уәждерінің  диагностикасы.  Персоналмен 
жұмыс істей отырып, қызметкердің қандай да бір уәжі жеке тұлғалық 
қандай  ерекшеліктер  арқылы  талданылатынын  білу  керек.  Кейбір 
адамдар жұмысқа бас айналдырар табысқа жету, асықпайтын және 
тыныш жұмыста қуану үшін келеді.
уәждеу  процесс  ретінде.  Қызметкердің  уәжіне  диагности-
ка  жасауды  жұмысқа  қабылданған  кезеңнен  бастап  мезгіл-мез-
гіл  өткізіп  тұрған  жақсы.  Өйткені  бұл  уәждердің  артында  тұратын 
қажеттіліктердің өзгеруі мүмкін. Мысалы, уәжге
 
диагностика жасаған 
кезде жетістіктердің уәждемесі, даму мен өсу, өзін-өзі сыйлау, мой-
ындау  және  т.б.  уәждері  де  білдіріледі.  Педагогикалық  кадрлармен 
жұмыс құзіреттілік тәсілдің негізінде құрылады. Осыған байланысты 
маңызды сәт – тәрбиешінің педагогикалық процесстегі рөлі мен оның 
салдары ретінде балалар үйі тәрбиешісінің кәсіптік құзіреттіліктері 
үлгісін жасауды қайтадан ой елегінен өткізу болып табылады. Үлгіні 
жасау  процесі:  мақсаттарды  анықтаудан  және  тәрбиеші  қызметі 
тиімділігінің  критерийлерінен  бастап  кәсіптік  құзіретіліктердің 
даму  деңгейлерін  сипаттауға  дейінгі  үш  кезеңнен  тұрады.  Кәсіптік 
құзіреттіліктердің жасалған үлгісі соңғы нәтижеде педагогтың жаңа 
бейнесін анықтады, яғни тиімді кәсіптік мінез-құлықты ынталандару 
туралы мәселе бас көтерді.

74
Біз педагогтардың тиімді кәсіптік мінез-құлқының көріністерін 
ынталандыру ретінде тәрбиешінің тиімді кәсіптік қызметінің кри-
терийлерін  анықтауға  негізделген  шаралардың  кешенді  жүйесін 
(моральдық  және  материалдық  ынталандыру  формалары; 
әкімшіліктің педагогпен өзара әрекеттестігінің тәсілдері) түсінеміз.
Балалар  үйлері  тәрбиешілерінің  қызметіне  қатысты  пси-
хологиялық, педагогикалық әдебиетті нормативтік-реттеуші базаны 
талдаудың  барысында  критерийлердің  тұтастай  бір  қатары  бөлініп 
шықты.  Мәліметтерді  талдаудың  нәтижелері  бойынша  балалар 
үйі  тәрбиешісінің  тиімді  қызметінің  негізгі  критерийлері  бөлініп 
көрсетілді. Толық емес тізімін келтіреміз:
–  тәрбиеленушілер  әлеуметтенуінің  нақты  оңтайлы  деңгейі 
(яғни балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған әлеуметтенудің 
жасқа байланысты стандарттарына сәйкес келуі);
–  топ  тәрбиеленушілерін  олардың  денсаулықтарына  сәйкес 
пайдалы  қызметпен  (зияткерлік,  дене,  шығармашылық  және  т.б.) 
100% қамту;
–  қандас туыстығы бар тәрбиеленушілердің, тәрбиеленушілер 
мен  олардың  әлеуметтік  тұрмысы  ойдағыдай  туысқандарының 
арасындағы туысқандық байланыстарды сақтау;
–  тәрбиеленушілерде құқық бұзушылықтардың жоқтығы;
–  балалар  үйі  түлектерінің:  отбасы  иесі,  қызметкер,  азамат, 
тұтынушы және т.б. әлеуметтік рөлдерді оңды деңгейде іске асыруы;
–  педагогтың  өз  қызметінің  тәжірибесін  жүйелеуі,  қорытын-
дылауы мен оны мекеме, қала, облыс және т.б. деңгейде көпшілік на-
зарына ұсынуы;
–  педагогтың өзі кәсіптік саулығын сақтау мен нығайту бойын-
ша мақсатты бағытталған қызметін ұйымдастыруы;
–  педагогтың өз әріптестері үшін әдістемелік оқыту формала-
рын ұйымдастыруы мен өткізуі.
Балалар  үйіндегі  ынталандыру  жүйесі  мынадай  параметрлер 
бойынша анықталған:
–  педагогтарды  уәждеу  саласын  зерттеу  рәсімдерінің  кешен-
ділігі  (немесе  «Қызметкерді  уәждеу  саласы  қалай  зерделенуде?» 
сұрағына жауап іздестіру);
–  педагогикалық кадрларды уәждеу үшін жауапкершілік сала-
ларын барлық әкімшілердің: директор мен директордың орынбасар-
лары  арасында  бөлісу  (басқаша  сөздермен  айтқанда  «Қызметкерді 
кім уәждейді?» сұрағына жауап іздестіру);

75
–  педагогтарды  уәждеу  бойынша  шаралардың  кешенділігі 
(«Қызметкерлерді  уәждеу  кешеніне  сыртқы  ықпал  қандай  жолмен 
жасалады?» сұрағына жауап іздеу мүмкіндігі).
12-кесте 
Уәждеу аудитінің құрылымы
Аудиттің міндет-
тері
Қызмет мазмұны
Балалар үйі 
әкімшілігінің пе-
дагогтар қызметін 
ынталандыру 
саласындағы стра-
тегиясына баға 
беру
Директормен,  директордың  орынбасарларымен 
педагогтарды уәждеу мақсаттарын айқындау; пай-
даланылатын әдістер, уәждеу формалары; алынған 
нәтижелер турасында әңгімелесу.
Қолжетімді  құжаттаманы  талдау  және  бағалау 
үшін зерделеу (мысалы: сыйлық-ақылық қор тура-
лы  ережелер;  педагогтарды  марапаттау  жөніндегі 
статистикалық мәліметтер және т.б.).
Алынған ақпаратты критерийлер негізінде талдау:
–  педагогтарды  ынталандыру  стратегиясын  бала-
лар үйінің бүкіл әкімшілік тобы түсінуінің бірлігі;
– ынталандырудың құжаттық базасының әкімшілік 
ұсынған мақсаттарға сәйкестігі;
–  пайдаланылатын  ынталандыру  формаларының 
ауқымы,  материалдық  және  материалдық  емес 
формалардың арақатынасы.
Балалар үйі педа-
гогтарын уәждеу 
әлеуетіне баға беру
Педагог-психологтың  балалар  үйі  педагогтарын 
уәждеу  қажеттіліктері  саласына  диагностика 
жүргізуді жүзеге асыруы.
Педагогтармен  оларға  балалар  үйінде  ұсынылған 
ынталандыру  формаларын  білуі;  оларды  қолдану 
тәртібі;  жаңа  формаларды  қолдану  бойынша 
күтілетін  нәтижелер;  формалардың  педагогтар 
мүдделерімен сәйкестігі жөнінде әңгімелесу.
Ынталандыру 
саласындағы 
педагогтарды 
уәждеу әлеуеті 
мен әкімшілік 
стратегиясын 
салыстыру
Бұрынырақ алынған ақпаратты талдау. 
Балалар үйі педагогтарын ынталандыру жүйе-
сіндегі проблемаларды айқындау.
Қолданыстағы  ынталандыру  жүйесін  өзгерту 
жөніндегі ұсынымдарды рәсімдеу.
Балалар үйінің әкімшілігімен әңгіме өткізу.
Аудит нәтижелерімен, қолданыстағы ынталандыру 
жүйесін өзгерту бойынша әкімшілік атына айтыла-
тын  ұсыныстарымен  таныстыру.

76
Уәждеу  аудитінің  нәтижесі  балалар  үйі  жағдайларында 
педагогтардың  тиімді  кәсіптік  мінез-құлқын  ынталандырудың  ке-
шенді жүйесін құру болып шығады.
13-кесте
Балалар үйі жағдайларында педагогикалық кадрларды 
ынталандырудың кешенді жүйесін құру
Жүйеінің құрамдас 
бөліктері
Мазмұны
Әкімшіліктің  педагогтар 
қызметін ынталандыру са-
ласында  жаңа  мақсаттар 
қоя  отырып,  стратегия 
ұсынуы
Балалар  үйінің  әкімшілігімен  кәсіптік 
құзіреттіліктер үлгісінің негізіне салынған 
тәрбиешінің 
тиімді 
педагогикалық 
қызметінің  критерийлерін  ұғынуы;  пе-
дагог  қызметіндегі  мүмкін  болатын 
кәсіптік  құзіреттіліктердің  көріністері; 
әкімшілік  қызметінің  кадрларды  ынталан-
дыру  жөніндегі  қызметінің  мақсаттары 
төңірегінде  әңгіме  өткізу;  әкімшіліктің 
педагогтар 
қызметін 
ынталандыру 
саласындағы  жаңа  стратегиясының  сипат-
тамасы, онымен балалар үйінің педагогта-
рын таныстыру.
Балалар  үйі  әкімшілігінің 
педагогикалық  кадрларды 
ынталандыру саласындағы 
қызметін ұйымдастыру
Балалар  үйі  әкімшілігінің  педагог-
психологқа 
педагогтардың 
кәсіптік 
қызметін  уәждеуді  зерделеуге  берген 
әлеуметтік тапсырысын әзірлеу.
Балалар үйінің әкімшілік мүшелері арасын-
да педагогикалық кадрларды ынталандыру 
бойынша міндеттерді бөлісу.
Педагогтардың кәсіптік қызметін уәждеуді 
зерделеудің  диагностикалық  аспаптары-
ның «пакетін» жасау.
Балалар  үйінің  мүмкіндіктеріне  барабар 
ынталандыру формаларын іріктеу.
Балалар  үйі  педагогтарын  материалдық 
қаржыларды 
бөлу 
көрсеткішетрімен, 
моральдық  ынталандыру  формаларымен 
таныстыру.

77
Әкімшілік 
пен 
педагогтар 
үшін 
педагогикалық кадрларды ынталандыру те-
тіктерін істе сынап көретін іскерлік ойын-
дар өткізу.
Балалар  үйі  әкімшілігінің 
педагогикалық  кадрларды 
ынталандыру  саласында-
ғы  қызметінің  рефлексия-
сы
Балалар үйі педагогтарының ынталандыру 
жүйесіне қанағаттанушылығын зерделеу.
Балалар  үйі  әкімшілігінің  педагогтармен 
оқу жылының нәтижелері бойынша әңгіме-
сі  (ынталандырудың  неғұрлым  қолайлы 
формаларын; әкімшіліктің педагогпен өзара 
әрекеттестігінің тәсілдерін анықтау).
Балалар  үйі  әкімшілігінің  педагогикалық 
кадрларды  ынталандыру  саласындағы 
қызметіне өзіндік баға беруі.
Әкімшіліктің  педагогтармен  өзара  әрекеттестігінің  екі  үлгісі 
анықталған. 
Бірінші  үлгі  педагог  мінез-құлқын  ақтық  нәтижеге  бейімдеуге 
негізделген. Бұл жағдайда өзара әрекеттестік желісі педагогтың ал-
дына айқын мақсаттар қою мен оған қол жеткізу жөніндегі қызметін 
жоспарлау  мен  ұйымдастыру  еркіндігін  беруге  құрылады.  Екінші 
үлгінің  негізінде  қызметкердің  мақсатқа  жету  кезіндегі  мүмкін  бо-
латын  шиеленісті  болдырмауды,  шығындарды  салмақтауға  бейім-
делген мінез-құлқы жатыр. Бұл жерде әкімшіліктің педагогпен өзара 
әрекеттестігі  стратегиялық  мақсатты  неғұрлым  ұсақ  нақты  қадам-
дарға бөлшектеуге, педагогтардың қойылған мақсатқа қол жеткізу-
дегі  кез  келген,  тіпті  ең  шамалы  күш-жігер  жұмсауын  мадақтауға 
құрылады.  Тұтастай  алғанда  соңғы  екі  жылдың  ішіндегі  педа-
гогтарды  уәждеу  кешендері  серпінін  талдау  нәтижесінде  балалар 
үйінің  әкімшілігі  ынталандырудың  әр  түрлі  әдістерін  талап  ететін 
педагогтардың 4 тобын анықтады.
1 топ – «дербес жасампаз».
Кәсіптік  мінез-құлқының  сипатты  көріністері:  педагогтар 
кәсіптік  қызметінде  дербестікке  ұмтылады,  мақсаттар  мен  оларға 
қол  жеткізудің  жолдарын  өздері  анықтауға  қабілетті.  Әкімшіліктің 
педагогпен өзара әрекеттестігінің тәсілдері: кәсіптік өкілеттіліктер 
шеңберінің  кеңеюі;  жаңа  функциялар  енгізу,  әкімшілік  тарапынан 
13-кестенің жалғасы

78
оңды  кері  байланыс;  әр  түрлі  деңгейдегі  ақпараттық  ресурстарға 
қолжетімділік.  Ынталандыру  формалары  ретінде  ұсынылған 
жолдардың  кез  келгені  пайдаланылуы  мүмкін.  Бастысы  –  бүкіл 
педагогикалық ұжымға нақты жағдайларға қолданылатын ынталан-
дыру формаларын жеткізу.
2 топ – «жолдас».
Кәсіптік  мінез-құлқының  сипатты  көріністері:  педагог-
тар  бәрінен  бұрын  достық  тілекті,  жайлы  психологиялық  ахуалды 
бағалайды. Кәсіптік қызметі бәрінен бұрын басқаны тануға, бірыңғай 
рухани тәжірибеге ортақтасуға бағытталған.
Әкімшіліктің  педагогпен  өзара  әрекеттестігінің  тәсілдері: 
қызмет  мақсаттарын  бірігіп  қою,  мақсаттарды  нақты  қадамдарға 
бөлшектеу; педагогтың кәсіптік қызметіне бірігіп қатысу; нәтижелер 
үшін  жауапкершілікті  бірігіп  қабылдау;  тікелей  қарым-қатынас 
түріндегі  оңды  кері  байланыс.  Ынталандыру  формалары  ретінде 
ұсынылған  жолдардың  кез  келгені  пайдаланылуы  мүмкін.  Бас-
тысы  –  олардың  сөзбен  баяндалуы,  қолданылу  жағдаятының 
эмоциялылығы.
3 топ – «Өз еңбегін сатушы».
Кәсіптік  мінез-құлқының  сипатты  көріністері:  педагог  үшін 
кәсіп  өмірлік  игіліктерді  алу  құралы  болып  әрекет  етеді;  кәсіптік 
қызметке  жұмсалған  күш-жігер  «қызметі  үшін  ақы  төлеу»  арқылы 
бағаланады.  Әкімшіліктің  педагогпен  өзара  әрекеттестігінің 
тәсілдері: айқын әлеуметтік тапсырысты тұжырымдау; қызмет шарт-
тарына келісу (мұрсатана, ақы төлеу және басқалар).
Ынталандыру формалары ретінде бірінші кезекте материалдық 
немесе  мәні  жағынан  оларға  барабар  формаларды  (мұрсатана, 
әдістемелік күн және т.б.) пайдаланған дұрыс.
4 топ – «орнықты еместер».
Кәсіптік  мінез-құлқының  сипатты  көріністері:  мінез-құлқы 
сыртқы ұйымдастырушылық жағдайларға тәуелді, тиімділік жағына 
қарай да, тоқырау жағына қарай да өзгеруі мүмкін.
Әкімшіліктің  педагогпен  өзара  әрекеттестігінің  тәсілдері: 
педагогты  белсенділігі  бай  кәсіптік  ортаға  қосу;  әр  түрлі  қызмет 
түрлеріне әр түрлі тұрғыда (оқытатын, оқитын) қатысуға ұсыныс жа-
сау, әкімшіліктің кәсіптік қызметке қатысты үлгісі.

79
Ынталандыру формасы ретінде ұсынылған жолдардың кез кел-
гені пайдаланылуы мүмкін. Бастысы – тиімді кәсіптік мінез-құлықты 
бекітуге  бағытталған  толып  жатқан  әдістерді  пайдалану  (жақсы 
нәтиже  үшін  ынталандыру).  «Тұтастай  алғанда  ынталандырудың 
құрылған жүйесі өзінің тиімділігін дәлелдеді, нақты басқарушылық 
қадамдарды тіркеу мен сипаттау оны басқа да білім беру мекемелері 
жағдайларында пайдалану үшін қолжетімді етеді» [30, 31].
әсерленгіштік жағдайлармен жұмыс істеу
мақсаты: әсерленгіштік және кәсіптік күйіп кетудің алдын алу, 
психологиялық-педагогикалық  құзіреттілікті,  жеке  тұлғалық  өсуді 
дамыту.
кіріспе бөлім
Сіздерге  эмоциялармен  жұмыс  істеудің  бірнеше  әдістемесі 
ұсынылады.  Олар  әрине,  «белгілі  бір  күш-жігер»  жұмсауды  яғни 
жаттығуларды талап етсе де, жеткілікті дәрежеде қарапайым.
Жалпы  айтқанда  біз  белгілі  бір  жағдайды  оңай  туындата  ала-
мыз. Қуанышты жағдайды еске түсіріңіздер, оны сезініңіздер ... Міне 
Сіздің қолыңыз оған жетті делік. Бұл қажеттілікті қажетті жағдаятта 
иеленудің  маңыздылығы  басқа  нәрсе.  Үйде,  диванда  жатқан  кезде 
өзіңе сенімді болу өте оңай. Алайда басқармастан бұрын ойлану үшін 
азды-көпті ақпарат берейік.
Эмоциялардың  қызметі.  Эмоциялардың  өз  қызметі  бар. 
Жағымсыздары  жағдаяттың  сізді  қанағаттандырмайтынын  және 
«бұдан шығып кету қажет» екендігін хабарлайды. Жағымды эмоция-
лар таңдап алынған бағыттың дұрыстығын растайды және жетістік-
терді қолпаштайды. Басқа жағынан алып қарағанда эмоциялар өздері 
құрылатын құралдармен де ерекшеленеді.
Ашу-ыза  мен  үрей  —  адреналин  көп  бөлінетін  өте  жағымсыз 
жағдайлар, бірақ адамдар ашу-ызамен істеген істер үрейден істеген 
істерден қатты ерекшеленеді. Ашу-ызада барлығын бірдей қиратады, 
ал  үрейде  әдетте  ойдағыдай  жалтарыс  жасайды.  Яғни  ашу-ыза-
да  қауіпсіздікті  онша  ойланбастан  шабуыл  жасау,  ал  үрейде  –  өз 
өмірін  құтқару  қабілеттілігі  бар.  Екеуі  де  пайдалы,  бірақ  әр  түрлі 
жағдайларда.
Қорқыныш қызметі — бізді қауіптіліктің күтіп тұрғаны туралы 
хабарлайды.

80
Үрей қызметі — бізге қауіптіліктің өте зор екендігі, оған шама-
мыз жетпейтіні және мүмкіндігінше қашып кету немесе жасырынып 
қалу  туралы  хабарлайды.  Бұл  таңдаудың  жүзеге  асуы  үшін  қандай 
тетіктер қолданылады? Есте ұстаңыздар: «үрейден сілейіп қалдым» 
және «үйреленіп қаштым». 
Нағыз жыртқыш пайда болған кезде өмір сүру үшін бастапқыда 
тағы табиғатта қалыптасқан эмоциялар іске аспаса, не істеуге болады? 
Не қашу керек, не болмаса өтіп кетер деген үмітпен соңын күту керек. 
Жағымды эмоцияларды біз өз басымыздан өткіземіз және «бұл» бізге 
ұнайды. Осындай жағдайға қайтып оралуды аңсаймыз. Ал бұл үшін 
олар туындайтын жағдайларды жасау қажет. Мысалы, бақыт біздер-
ге біздің құндылықтарымыздың қанағаттандырылғанын хабарлайды. 
Яғни бақытты болу үшін құндылықтарды қанағаттандыру қажет.
Таңдану  қызметі — алынған ақпараттың біз жасаған ұйғарымдар-
ға сәйкес келмеуін хабарлайды [32].
Эмоциялардың  жеке  тұлғалық  мағыналарды,  өз  МЕНІН  түсі-
нуді, өзіндік сананың дамуын, жеке психологиялық кеңістікті құру 
икемділігін анықтауы маңызды.
Бізді бала кезден жағдаяттарға сәйкес дұрыс сөйлеуге үйретеді. 
Алайда  жағдайды,  мысалы,  эмоцияны  жағдаят,  идеялар  және  мін-
деттерге  сәйкес  таңдап  алуды  үйретпейді.  Сондықтан  эмоциялар 
бастапқыда дамудың алғашқы сатысында, тағы табиғатқа неғұрлым 

81
сай келетін жағдайда пайда болады, олар керек емес немесе қажетті 
қауырттылықпен пайда болуға тиіс емес жерде жиі пайда болады (не-
месе пайда болады) [32, 33].
Эмоцияларды басқару критерийлері. Сіз эмоцияларды басқара 
білемін деп есептеуіңіз үшін мыналарды істей білуіңіз керек:
– эмоцияға «қағидат» бойынша жол беру (яғни қандай да бір не-
гіздегі жағдайға қолжетімділікке ие болу);
– қалауы бойынша кез келген негізде эмоцияға жол беру;
– одан шығу (кейбір эмоциялар үшін бұл енуден гөрі анағұрлым 
маңызды);
– оны қажетті мерзімге ұстай тұру (ену ғана емес – шығу);
– оның қауырттылығын ерікті түрде басқару (мысалы, шамалы, 
қатты және өте қатты қуана білу);
– бір эмоцияны басқасынан айыра білу.
Титықтауды жылдам жоюға арналған дем алу жаттығулары
Егер Сіз толқып тұрсаңыз, өзіңізді жұмыс істейтіндей жағдайға 
келтіру үшін не істеу керек?
4-ке дейін санап, ішке дем алуға оны 4-ке дейінгі есепте сыртқа 
шығаруға,  дем  шығаруды  тағы  да  4-ке  дейінгі  есепте  ұстап  тұруға 
болады. Дем алудың мұндай түрі ағзаны жоғары тиімділік жағдайына 
әкеледі  екен.  Бұл  Сізге  бәрі  жақсы,  көңіл-күйіңіз,  өзіңізді-өзіңіз 
сезінуіңіз  тамаша,  жұмыс  өз-өзінен  орындалып  жатқандай  жағдай. 
Мұның өте сенімді болып естілмеуі мүмкін.
Бәрінен де 3-4 дүркін осылайша дем алуға әрекеттеніп көріңіз.
Дене өз-өзінен тіктеліп, көңіл-күй көтеріле түседі! Жалқауланбай, 
осы шағын тәжірибені жасап көрініз. Сізде күш пен сенімділік сезі-
мі пайда болады. Егер Сізде кенеттен бір нәрсе бола қалса, өзіңізді 
өзіңіз билей алмай қалсаңыз, осы жаттығуды пайдаланыңыз.
Бірнеше  минут  өткеннен  кейін  өз  жағдайыңыздың  анағұрлым 
жақсаруын  сезінесіз.  Сонымен  бірге  осы  жаттығудың  йогтық 
нұсқасы да бар. Өзгешелігі — ішке қарай 4-ке дейінгі есепте сыртқа 
дем шығарасыз, дем шығаруды 4 есепке кідіртесіз. Егер жаттығудың 
бірінші нұсқасын шаршы түрінде кескіндеуге болатын болса, екінші-
сін үшбұрыш түрінде кескіндеуге болады.

82
Жанжал кезінде ашу-ызаны бағындырудың 10 тәсілі
1.  Қатты ашуланып кеткеніңізді мойындаңыз.
2.  Бөлмеден  шығып,  болып  өткен  жағдайдан  ойша  бөлек-
теніңіз.
3.  Жанжалдың  маңызы  мен  тағдырға  әсерін  асыра  бағала-
маңыз.
4.  Жанжал, мысалы тіс дәрігеріне ойда жоқта бару тәрізді жой-
ылды, орын алған жоқ деп ойлаңыз.
5.  Бірнеше рет ішке қарай және сыртқа қарай дем алып, 10-ға дей-
ін санаңыз және түкке керек емес озбырлықтың қандай салдарларға 
әкелетінін салмақтаңыз.
6.  Жәбірленушімен  қатынасты  бірден  және  біржола  үзуге 
тырыспаңыз, өзіңізге жағдаятты ойластыруға уақыт беріңіз.
7.  Екпіндетіп бір нәрсені айтып салмай, үзіліс жасаңыз. Бір ми-
нуттан кейін бұл сөздердің керек болмай қалуы мүмкін.
8.  Бұл сәтте жәбірленген асқақтық пен өзін-өзі жақсы көру ту-
ралы азырақ ойлаңыз.
9.  Эмоцияларды  әріптестерге,  балалар  және  жақындарға 
емес,  басқаша  жағдайда  білдіру.  Мұны  жапа-жалғыз  кезде,  жақын 
достарыңызбен  болған  кезде  істеген  дұрыс  немесе  өз  ашуыңызды 
қағаздан алыңыз — ол бәріне де көнеді.
10. Егер Сізге ұсынымдардың ешқайсысы көмек бермесе, онда 
өзіңізді  өзіңіз  құрбандыққа  шалмаңыз,  шешімнің  басқа  тәсілдерін 
іздестіріңіз, мүмкін өмір салтын өзгерту қажет болар.
Сезімдердің  әйгіленуі.  Бұл  техниканың  мәні  әңгімелесуші 
сезімдерін  сөздермен  баяндау  болып  табылады.  Бұл  техниканы 
орындай отырып, біз оның, мысалы: қайғы, ашу-ыза, қуаныш және т.б. 
сезімдерін білдіруге қолданған сөздеріне назар аударамыз. Мұнымен 
бірге  біз  оның  сөзбен  білдірілмеген  іс-әрекеттерін  қадағалаймыз, 
оған қосылып, оның орнында болсақ нені сезініп, нені сезіне білуге 
тиіс екенімізді түсінуге тырысамыз. Оның әңгімесіндегі эмоциялық 
қанықты  жайттарды  таба  отырып,  біз  ол  басынан  өткізген  немесе 
өткізіп  жатқан  эмоцияны  атаймыз,  оның  басынан  өткен  тарихтың 
мазмұнын ғана емес, оның сезімдерін, тілектерін, себептерін түсінуді 
байқатамыз.

83
Мұнымен  бірге  біз  әңгіме  мазмұнының  оның  эмоциялық 
жағдайынан  ерекшеленетініне  көңіл  аудара  отырып,  адам  берген 
хабардың  үйлесімсіздігін  атап  көрсетеміз.  Тыңдаушы  әңгімелесуші 
сезімдерін әйгілей отырып, әдетте оның алдында мынаған ұқсас кіріс-
пе сөз тіркестерін қосады: «Сіз мынадай сезімдесіз ...»; «Сіз өзіңізді 
қаншалықты ... сезінесіз ...»; «Маған Сіз ... болып көріндіңіз»; «Мүмкін, 
Сізге ...»; «Сіз ... ұқсайсыз ...»; «Маған Сіз ... болғанға ұқсайсыз ...»; 
«Мен Сіздің ... болғаныңызды сездім»; «Сезімім алдамаған екен, Сіз 
...»;  «Мен  Сізге  не  болғанын  сеземін,  ...»;  «Мен  Сіздің  сөзіңізден 
байқадым, ...»; «Егер мен дұрыс түсінсем, онда Сіз ...».
Сезімдерді  атау  жағдайға  елеулі  ықпал  етеді,  өйткені  нақ 
осы  сөздер  көмегімен  біздер  өз  санамызда  өзімізбен  болып  өткен 
жағдайды нышандайтын белгілік жүйе болып табылады.
Өз  сезімдерін,  ниеттері  немесе  іс-әрекеттерін  ұғыну,  яғни  бұл 
материалды  санаға  енгізудің  өзі  біздің  өзіндік  сезіміміз  бен  мінез-
құлқымызды өзгертеді.
Адамдардың барлығы дерлік кейде өздері құтыла алмайтын іс-
әрекеттерді еріксіз жасайды: әлдебіреу әңгімелесу кезінде құлағын 
ұқалайды, әлдебіреу шынтағын әңгімелесіп отырған адамның үсте-
ліне тірейді, ал әлдебіреу әрбір сөзден кейін «яғни» сөзін қолданады. 
Мінез-құлықтың  бұл  элементтерін  біз  сананың  қатысуынсыз 
қабылдаймыз, сондықтан да біз оларды іс-жүзінде бақылай алмай-
мыз.
Алайда егер кезекті қабылдау кезінде біз бұл мінез-құлықты се-
зінсек, ол дереу тоқтатылады. Сізге жуырда болып өткен жанжал ту-
ралы ынты-шынтысы шығып әңгімелеп отырған жақын адамды еске 
алыңыз. Ол өзіне дос емес адамның мінез-құлқына риза емес және 
ашу-ызасын  білдіріп  отыр.  Ол  кенеттен  Сізбен  ашуланып  сөйлеп 
отырғанын сезініп, жуырда ғана болған нәрсе жоқ болады. Бұл сәтте 
оның дауыс екпіні өз-өзінен өзгеріп сала береді. Сезімдерді әйгілеу 
кем дегенде төрт тәсілмен орындалуы мүмкін: 1) сезімдердің үзілді-
кесілділігі; 2) жағдайды сипаттау; 3) ниеттерді сипаттау; 4) ме-
тафораларды пайдалану.
Сезімдердің  үзілді-кесілділігі.  Ә  дегенде  сезімдерді  әйгілеудің 
қарапайым  және  табиғи  әдісі  –  оларды  зат  есімді  («...Сіз  зерігуді 
бастан  өткізіп  отырсыз  ба...),  сын  есімді  («Өзіңізді  зерігуші  деп 
сезінесіз бе...») және үстеуді (...Сіз үшін зеріктірерлік жағдай ма...») 

84
қолдана отырып, «өз атымен» атау. Көп жағдайда сезімдерді атауды 
сипаттаудан  іс-әрекеттерге  біртіндеп  көшуді  жүзеге  асыру  қажет, 
өйткені адамдағы әрбір сезім: «сезім – сапа – рөл» қағидаты бойынша 
әрекеттердің тұтастай жүйесімен байланысқан. Зат есімге, сын есімге, 
одан кейін етістіктерге өте отырып, біз мінез-құлықтың қайнар көзін 
ашамыз.
Мысал. Күш көрсетуге белгілі деп еептелетін және осыған сәйкес 
ол көрініс берген кезде тәрбиенушіге «Сені (атауы немесе зат есім
деп атайды ғой?» үлгісіндегі сөйлемнен «Сені шамасы сондай (сын 
есім)  деп  есептейді,  бірақ  сен  әрқашанда  мұны  істемейсің  (етіс-
тік)» үлгісіндегі сөзге көшуге болады. Күш көрсету көрініс берген 
сәттерде сезімдер туралы «Сен ашуланып тұрсың ба?», «Не істегің 
келетінін сезініп тұрсың ба?» үлгісіндегі етістіктер, қысқаша сұрау-
бекіту сөздерімен бірден сұраған дұрыс. Оның үстіне жоққа шығару 
бөлшектерінсіз сөйлемдерді (онсыз болмайды) таңдай алу маңызды. 
Ұсыныстарда  өз  сезімдеріне  қатысты  самарқау  емес,  белсенді  по-
зицияны көрсету қажет («Сені ызаландырады, көңіліңді қалдырды, 
қорқытады» емес, «Сен ашуланып тұрсың, мұңға батып, қауіп-қатерді 
сездіріп тұрсың» деу).
Әңгімелеушінің эмоциялық жағдайын әйгілеу кезінде өз жауап-
тарында анықтамалардың тиісті үдемелерін қолдана отырып, оның 
сезімдер қарқындылығын есепке алған жөн.
Сезімдерді  әйгілеуге  әрекеттенген  кезде  адамдардың  көпшілігі 
қиындықтарға  кез  болады,  өйткені  сезімдерді  білдіретін  сөздер 
олардың  белсенді  сөздігінде  болмайды.  Өз  сөздік  қорын  кеңейту 
үшін сіздер адам жағдайын сипаттайтын сын есімдер тізбесін пай-
далана аласыздар, сөздікті зерделеңіздер және қолайы келсе оларды 
тәрбиеленушілермен таныстыру қажет. 
Денебітімдік  жағдайды  сипаттау.  Егер  әйгіленетін  се-
зімді  сәйкестендіру  қиын  болса  немесе  онда  айқын  көрінетін  де-
небітімдік  құрамдас  болса,  онда  әңгімелесушінің  денебітімдік 
жағдайын  сипаттайтай  отырып,  бірегей  түйсіктер  ойлап  шығаруға 
тырыспаңыздар,  қарапайым  түсінікті,  санаға  оңай  қабылданатын 
әрекеттерді атаңыздар: «Сол кезде ... Сіздің көзіңіз қарауытып кетті 
... Жұдырықтарыңыз жұмылды ... Тізелеріңіз дірілдеді ... Өңешіңізге 
бір нәрсе тығылғандай, алқындыңыз».

85
Өйткені кез келген эмоция міндетті түрде денебітімдік әрекетті 
қамтитындықтан денебітімдік әрекеттерге көңіл аудару тиісті сезім-
дерді сезінуге жағдай жасайды.
Салыстыру, метафоралар. Сезімдерді әйгілеудің үшінші тәсілі 
– салыстырулар мен метафораларды пайдалану. Бұл тәсілді әйгілеу 
үшін  Сіздер  өзіңізбен  әңгімелесуші  түсетін  жағдаятты,  сол  кезде 
қандай сезімдерді бастан өткізетінін елестетіп, сипаттаңыздар.
«Сол кезде ... Сіз өзіңізді біреу үстіңізге суық су құйып жібер-
гендей  сезіндіңіз  (...  аспан  жерге  құлағандай  болды;  бағалы  заттан 
айырылғандай болдыңыз; Сізге ащы дәрі жұту қажет ...)».
Жағдайды  сипаттау  үшін  метафораларды  пайдалана  отырып, 
Сіздің тәжірибенің сізбен әңгімелесушінің тәжірибесінен ерекшеле-
нетін есте ұстаңыз. Метафора нақ әңгімелесуші үшін түсінікті болуы 
тиіс.  «Сіз  өзіңізді  циркте  болғандай  сезіндіңіз  ...»  сөйлемін  циркті 
ұнататын, бірақ оны мойындамайтын адам әр түрлі түсінуі мүмкін.
Ниеттерді  сипаттау.  Сезімдерді  әйгілеудің  төртінші  тәсілі 
–  әңгімелесушіні  өз  басынан  өткізген  сезім  туындататын  мүмкін 
болатын  іс-әрекеттерді  сипаттау.  «Сол  кезде  сіз  жұдырығыңызбен 
үстелді  соғып  жібергіңіз  келді  ...  (айқайлағыңыз;  кетіп  қалу;  гүл 
сыйлау; құшақтау; жылап жіберу ...)». Біздің ағымдағы оқиғаларды 
қабылдауымызға  әрқашанда  қандай  да  бір  көкейкесті  қажеттілік 
ықпал етеді.
Аштықты  басынан  өткізген  адам  көбінесе  бәрінен  бұрын 
оған  тойып  тамақ  ішуге  көмектесетін  нәрселерді  байқататын  бо-
лады.  Өзін  жәбірленуші  ретінде  сезінетін  адам  бәрінен  бұрын 
өзіне  деген  әділетсіз  қатынас  фактісіне  бейімделетін  болады. 
Қажеттілікті  қанағаттандырудың  табиғи  циклы  оның  туындауын, 
оны  қанағаттандыруға  бағытталған  әрекетке  дайындықты  және 
әрекеттің  өзін  қамтиды.  Сол  кезде  біз  өз  ниетімізді  немесе  оны 
қанағаттандыру үшін күш-жігерді жұмылдыру фактісін сезінбейміз, 
біз осы қажеттілікке сәйкес әрекет ете аламыз.
Мұның  нәтижесі  көбінде  осы  көкейкесті,  бірақ  сезілмейтін 
қажеттілікке  байланысты  тақырыптардағы  ойлар  мен  сезімдердің 
өзіндік  «тіркелгені»  болып  табылады.  Егер  ондай  адам  бұл 
қажеттілікті  сезінетін  болса  (өзінде  осы  қалаудың  болу  фактісі), 
онда  бұл  ниетті  білдіріп,  осы  ниетке  байланысты  әрекет  жасайды, 
ол  күшті  эмоциялық  жеңілденуді  басынан  өткізеді.  Нақ  сондықтан 
да психолог осы тәсілмен әңгімелесуші сезімдерін әйгілей отырып, 

86
оған  рухани  тепе-теңдікке  ие  болуға  көмектесе  алады.  Психолог 
клиенттің әлеуметтік қауіпті сипаты бар немесе әлеуметтік жағынан 
мақұлданбайтын ниеттерін өмірде жүзеге асыруға көмектеспейтінін, 
тек  оларды,  олардың  орын  алу  фактісін  мойындауды  сезінуге  ғана 
түрткі болатынын атап өту қажет.
Оның  үстіне  бұл  баға  берусіз  және  талқылаусыз  жасала-
ды.  Әңгімелесушінің  сезімдері  мен  ниеттерін  әйгілеу  оған  олар-
ды  жақсырақ  сезінуге  ғана  емес,  сонымен  бірге  біздің  оны  сынға 
ұшыратпай, терең және зерделі түсінетінімізді байқауға көмектеседі. 
Біз  болсақ,  өз  кезегімізде  әйгілеу  техникасының  көмегімен    
өз  ұғынуымыздың  дұрыстығын  тексереміз  және  әріптеске  оны 
жақсырақ  түсіну  ниетімізді  білдіреміз.  Сізбен  әңгімелесуші  күшті 
эмоциялар  (мүмкін,  тіпті  жағымсыз)  әсерінде  болған  кезде,  оны 
бұл    жағдайдан    рефлекстік    емес    тыңдау    тәсілдерін    пайдалана 
отырып  шығаруға  әрекет  жасаңыз.  Әдетте  өз  күйзелістерінен  гөрі 
басқалардың күйзелістерін жеңілдету оңайырақ болады. Сондай-ақ 
жағымды  эмоцияларды  —  қуаныш  пен  масаттануды  бөліп  көрсету 
де қиын емес. Солай десек те оны жағымсыз эмоциялар мен сезім-
дер – алаңдаушылық, қорқыныш, торығу, ашу-ыза, қызғаныш билеп 
алған кезде әңгімелесушіге рефлекстік емес тыңдау ерекше қажет.
15-кесте
Кейбір қатынас – байланыстық міндеттерді жүзеге асырудың 
әдістері мен тәсілдері (М.Беркли-Ален бойынша).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет