ҚазаҚстан Республикасы білім және ғылым министРлігі балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата12.03.2017
өлшемі1,52 Mb.
#9264
1   2   3   4   5   6   7   8

тыңдаудың мақсаты
әдіс  
тыңдау тәсілдері
і. нақтылау тексеруі
Егжей-тегжейін 
айқындау, фактілерді 
нақтылау, болашағын 
айқындау, жасырын 
мағынаны немесе сіздің 
ұғымды нақтылау
«Не?», «Қалай?» 
немесе «Қашан?» 
сұрағы. Өзіңіз есті-
ген нәрселерді қайта 
тұжырымдау
«Сіз бұл проблеманы 
нақ осылай түсінесіз 
бе?...» дегенді қалай 
ойлайтыңызды 
нақтыламас па екен-
сіз?». «Сіз нақты 
қай нәрсені меңзеп 
тұрсыз?». 
«Мен сіз айтқанды 
былай түсіндім ... 
Бұл дұрыс па?»

87
іі. естігенді ұғудың дәлдігін тексеру
2. Естігеннің дәлдігін 
тексеру, одан кейінгі 
талқылауды марапаттау.
3. Әңгімелеушіге негіз-
гі ойды түсінгеніңізді 
хабарлау
Фактілерге 
сүйене отырып, 
әңгімелесушінің не-
гізгі идеяларын қайта 
қайталау
«Менің түсінуімше, 
проблема ... мынада 
(өз сөздерімен). Мен 
Сізді дұрыс түсіндім 
бе?». «Меніңше, Сіз 
былай ... дедіңіз ...».
ііі. сезімдер мен түсініктерді тексеру
1. Өз назары мен 
түсінуін көрсету
2. Алаңдаушылықты 
ашу-ызаны немесе өзге 
де жағымсыз сезімдер-
ді азайту
3. Адамға оның сезім-
дерін түсінетіндігіңізді 
хабарлау
Әңгімелеуші се-
зімдерін бейнелеу. 
Айтылғанды өз 
сөздерімен қайта 
айту. Әңгіме сарынын 
-жеңілдікті немесе 
байсалдылықты 
ұстану. 
Әңгімелеушінің 
жағдайына көбірек 
сәйкес келетін се-
зімдерге қатысуды 
білдіру
«Сен бұны дұрыс 
түсінбедің». «Мұның 
нақ саған қатысты 
болып өткені сені 
шектен шығарып 
жібергені түсінікті». 
«Менімше сенің 
бастығың сенімен 
осыған ұқсас ашу-
ызалы сарында 
әңгімелессе, өзіңмен 
өзің болу әдетің бар 
сияқты». «Мен бұл 
жұмыстың саған 
ұнайтынын сеземін, 
бірақ сен оны қалай 
алуды білмейсің».
IV. тексеру – түйін
Талқылау барысында 
жинақталу, неғұрлым 
биік деңгейге өту. Не-
гізгі сәттерге баса назар 
аудару, оларды келесі 
пікірталас үшін «трам-
плин» ретінде пайдала-
ну. Негізгі идеяларды 
немесе фактілерді 
біртұтас етіп біріктіру. 
Алға жылжу дәрежесін 
бағалау
Негізгі идеялар мен 
түйсіктерді қорыту, 
бейнелеу, қайта 
тұжырымдау
«Проблеманың мәні 
мынада ...». «Ал 
енді тексереміз: біз 
мынадай фактілерді 
қарастырайық ...». 
«Сіздің сөздердегі 
негізгі нәрсе мына-
ған ұқсайды ...». 
«Түйін ретінде, ме-
німше негізгі мәселе 
мынада дей ала-
мын ...».
15-кестенің жалғасы

88
V. «Қабылдауды» білдіру
Бейтарап болып 
қалуға ұмтылу және 
өз мүдделігін көрсету. 
Әңгімелесушінің сөзін 
жалғастыруын мара-
паттау
Өзінің келісетінін 
немесе келіспейтінін 
көрсетудің жоқтығы. 
Одағайды немесе да-
уыс сарынына сәйкес 
келетін сөздерді 
пайдалану. Өзінің   
түсіністігін білдіру
«Иә», «М – иә ...», 
«Түсінікті», 
«Түсінемін»; 
үзілістер кезіндегі 
қолдау жасайтын 
үнсіздік
Vі. әңгімені жалғастыруды мадақтау
Бұл проблеманың 
маңыздылығын мой-
ындау
Бұл проблеманы 
талқылау ниетін біл-
діру
«Осы туралы маған 
айта қойшы». «Иә, 
бұл шындығында да 
проблемаға ұқсай-
ды ...».
Эмпатикалық тыңдау техникалары
Жұмыстың мақсаты. Өзара түсіністік орнатудағы эмпатикалық 
тыңдаудың рөлін зерделеу мен дағдыларына жаттығу.
1 жаттығу. Жай-күйлерді ескерту.
1.  Жұмыс  диалогтармен  орындалады.  Бұл  жаттығуды  орындау 
үшін өзіңізге серік таңдаңыз. Рөлдерді бөлісіңіздер.
2. Бірінші нөмір екіншіге қарама-қарсы отырып, оның жағдайын 
естіртіп  айтады.  Мысалы:  «Қазір  сен  аздап  толқып  отырсың».  Ол 
серігінің  жай-күйі  өзгергенін  байқасымен,  келесі  жағдайды  атап 
өтеді: «Ал, сен қазіргі жағдайда ұялып қалдың (көңілдендің, мұңайып 
қалдың және т.б.)»
Жаттығу екі-үш минуттың ішінде орындалады.
4.  Рөлдерді алмастыру.
5.  Талқылау,  кері  байланыс.  Кері  байланыс  тәжірибе  алмасу 
үшін қажет. Мұнымен бірге процессте түйсіну мен жаңа идеялар пай-
да болады.
Бірінші    рөлді  орындаушыларға  арналған  нұсқаулық.  Сіздің 
міндетіңіз – серігіңіздің жай-күйін дәл танып, естіртіп атап өту. Оның 
жай-күйі өзгерісімен оның жаңа жай-күйін естіртіп айтыңыз. Зейінді 
болыңыз: жай-күйлер әсіресе, сіз сөз айтқан сәтте тез өзгереді.
15-кестенің жалғасы

89
Екінші  рөлді  орындаушыларға  арналған  нұсқаулылық.  Сіз-
де ешқандай міндет жоқ. Жай ғана өзіңізбен өзіңіз болыңыз. Сіз өз 
ойларыңызды жасырып немесе дұшар болмаған сезімдерді бейнелеп 
серігіңізге бөгет жасамауға тиіссіз. Табиғи қалпыңызды сақтаңыз.
2 жаттығу. Серіктестіктің жай-күйіне қосылу.
Жаттығу  үш  адамнан  тұратын  топтарда  орындалады.  Рөлдерді 
бөлісіңіздер: біреуі әңгіме айтушы, екіншісі – тыңдаушы, үшіншісі 
– бақылаушы болады.
1.  Әңгімеші  өз  тарихын  баяндайды.  Тыңдаушы  рефлексивті 
емес тыңдау техникасын және сезімдерді әйгілеуді пайдаланады.
2.  Әңгіме аяқталғаннан кейін тыңдаушы әңгімешінің сезімдерін 
әйгілейді. 
3.  Бақылаушы өз әсерлерімен бөліседі.
4.  Рөлдерді  алмастыру.  Жаттығуды  орындау  процесінде  әрбір 
қатысушы әрбір рөлде болып шығуы тиіс.
Әңгімешілерге арналған нұсқаулық.
Өзіңіз аралас сезімдерге дұшар болған жағдаятты еске түсіріңіз. 
Сіз ол кезде не болғанын әлі де түсінбей жүруіңіз мүмкін, ал ол тура-
лы еске алу жағымсыз күйзелістер туындатады. Бұның өте қайғылы 
оқиға болуы тиіс емес. Әңгімелесіп отырған адамға осы оқиға тура-
лы әңгімелеп беріңіз. Тыңдаушыларға арналған нұсқаулық, әңгімені 
тыңдай  отырып,  «клиенттің»  жай-күйіне  қосылуға,  онымен  бірге 
әсерленушілік  үндестігіне  енуге  әрекет  жасап  көріңіз.  Оның  жай-
күйін бейелейтін «айна» болып көріңіз. Ол болған жағдайды, оның 
кейпін  қабылдаңыз,  оның  жүріс-тұрысына  бақылау  жасап,  оларды 
көшіріп алуға тырысыңыз. Онымен дем алу мен дем шығару серпін-
ділігін қалпына келтіре отырып, үйлесімді дем алуға әрекеттеніңіз. 
Әңгімелесуші ойының барысына тереңдеп енуге тырыспаңыз, мыса-
лы, келісуді немесе мақұлдауды білдіретін субъективтік ескертулер-
мен бөлмеңіз. Сіз енжар тыңдау техникасын пайдалана отырып зейін 
қоя тыңдауға, оның эмоциялық жай-күйін бейнелеуге тиіссіз.
Серігіңіз әңгімесін аяқтағанда (немесе 5 минуттан кейін) мына-
ларды қайта айтып беріңіз:

оның әңгімесінде сөз болған жағдаятта ол қандай сезімдерге 
душар болды;

бұл жағдаят онда қазіргі кезде қандай сезімдер туындатады;

Сізге  осы  тарихты  әңгімелеген  кезде  ол  қандай  көзқараста 
болғанын байқадыңыз ба.

90
Әрбір техниканы бір реттен болса да пайдалануға тырысыңыз:
1)  сезімдердің үзілді-кесілділігі;
2)  денебітімдік жағдайды сипаттау;
3)  метафоралар мен салыстырулар;
4)  ниеттерді әйгілеу.
Бағаламаңыздар,  кіналамаңыздар,  мақұлдамаңыздар,  жұбатпа-
ңыздар, сұрақтар қоймаңыздар!
Бақылаушыларға арналған нұсқаулық. Сіздің міндетіңіз – өтіп 
жатқан жайтты бақылай отырып, тыңдаушы пайдаланған техниканы 
атап көрсету. Әңгімешінің эмоциялық жай-күйі оқиғаларды баяндау 
процесінде  және  әсіресе  әйгілеуден  кейін  қалай  өзгергеніне  назар 
аударыңыз.
Талқылау және қорытындылар. Талқылау бірнеше біріктіріл-
ген үштіктерден құралатын топтарда өткізіледі.
Тыңдаушы рөлінде мыналарды айтыңыз: сізге «клиенттің» се-
зімдерін дұрыс берудің сәті түсті ме, оның ішкі ұстанымдары мен се-
зімдерінен әлдебір жайттарды білдіңіз бе? Тыңдай отырып, Сіз өзіңіз 
туралы не білдіңіз?
Әңгімеші  рөлінде:  Сіздің  эмоциялық  жай-күйіңіз  өзгерді  ме, 
психологтың  сіздің  сезімдер  жайындағы  түсініктемелерін  қашан 
тыңдадыңыз: өзіңізден бұрынырақта орын алуы жоққа шығарылып 
келген қандай да бір сезімдерді, ниеттерді, бағдарларды байқады-
ңыз ба?
Осы  жаттығуды  орындай  отырып,  сіз  қандай  тәжірибеге 
ие  болдыңыз?  Өзіңіз  туралы  не  білдіңіз  және  өзіңіз  үшін  не  ала 
алдыңыз?
Әсерлеріңізді  алмастырыңыздар,  қорытындылар  жасаңыздыр 
[32, 34].
кеңістікпен жұмыс және дербестікті дамыту
Келесі  мәліметтер  тәрбиеленушілер  кеңістігін  ұйымдастыруға 
арналған. Көптеген іс-тәжірибелік ұсынымдарды тек тәрбиеленуші-
лер ғана емес, сондай-ақ ересек тәрбиеленушілер де қолдана алады, 
жеке жұмыстық кеңістікті рәсімдеу. 
жарықтандыру.  Адамның  жұмыс  қабілеті  мен  денсаулығы 
тәуелді болатын тағы да бір маңызды фактор – бұл жарықтандыру. 
Жарық  адам  ағзасының  барлық  қызметтерін  реттейді  және 

91
психологиялық  жағдай  мен  көңіл-күйіне,  заттардың  алмасуы-
на,  гормондық  ая  мен  ақыл-ой  белсенділігіне  әсер  етеді.  Күндізгі 
жақсы  жарық  кезінде  адам  өзін  жайлы  сезінеді.  Терезелердің  де 
маңызы зор. Олар жақсы күтілген, таза және әдемі безендірілген бо-
луы  тиіс.  Денсаулық  үшін  ең  пайдалысы  –  табиғи  күндізгі  жарық. 
Оның  бөлме  ішінде  жеткілікті  таралуы  орташа  6  метрге  тең.  Жа-
санды  жарықтандырудың  оңтайлы  нұсқасы  тікелей  және  шашы-
рай түсуді үйлестіретін аралас жүйе болып табылады. Оның үстіне 
«күндізгі жарықтың» кәдімгі шамдарынан (олардың 50 Гц жиілікпен 
жарқырауы  зиянды  әсер  ететіні  бұрыннан  белгілі)  гөрі  галогендік 
шамдарды пайдаланған дұрыс. 
Олардың жарығы неғұрлым табиғи және көз бен жүйке жүйесіне 
анағұрлым аз күш түсіреді. Үй-жайдың ең алыс түкпірлеріне дейін 
жарық түсіруді, күн мерзіміне байланысты жарықтандыру қарқынын 
реттеп отыруды қарастырған пайдалы. 
Адам  жұмыс  үстелінде  болған  кезде  басқа  кеңістіктен  жарық 
өрісі арқылы бөлінгендей болып, бұл қажет болған нүктелерге тиі-
сті жарықты алады. Осыған жиһаз бен жарықтың тұтас бір жүйесі 
негізделген. Оның мәні мынада: жарық бағыттары әр түрлі екі шам-
дал үстел корпусына кіріктіріледі және біртұтас, оңай орын ауысты-
рылатын  құралымды  құрайды.  Түс  сияқты  жарық  та  адамдардың 
психикалық, сондай-ақ тұлғалық жай-күйіне әсер ететін өте қуатты 
құрал  екендігін  есепке  алу  маңызды.  Өйткені  жарықта  сондай-ақ 
бірқатар маңызды ерекшеліктер де бар, мысалға – жылу берушілік. 
Әрбір жекелеген жағдай үшін шамның дұрыс үлгісін таңдай алу өте 
маңызды.  Егжей-тегжейлілік  пен  жағдайлардың  мұндай  молдығы 
әдемілікпен ғана шектеліп қоймай, сонымен бірге жобаның қызмет 
атқарушылығын  да  есепке  алу  да  маңызды.  Бұл  үшін  белгілі  бр 
кеңістіктің ерекшелігін түсіну және одан бірден бір дұрыс теңдестікті 
табу қажет. 
Жеке  кеңістікке  арналған  арақашықтық.  Жеке  орын  (мы-
салы,  керует),  жұмыс  орындары,  жиһаз  түсі  мен  жарықтандыру 
адамдардың  өмір-тіршілігіне  үлкен  ықпал  ететіні  белгілі.  Әрбір 
адамда  жеке  кеңістік  туралы  өз  түсініктері  қалыптасады.  Мысалы, 
жас адамдарда жайлы аралықтың қашықтығы анағұрлым қысқалау, 
жас ұлғайған сайын ол арта түседі. Адам көбінде түкке тұрмайтын 
нәрселер үшін мазасызданып, күйіп-піседі. Оның себебі қарапайым 
ғана  қашықтықтың  бұзылуы  болуы  мүмкін.  Әйелдерге  қарағанда 

92
еркектерде  жайлы  қашықтық  аралығы  орташа  алғанда  анағұрлым 
көп.  Сондықтан  да  олардың  арасында  қақтығыстар  мен  ширығу 
жағдаяттары  жиі  туындап  жатады.  Керісінше,  әйел  бұл  қашықты 
достастық  қашықтығы  деп  есептей  отырып,  еркекке  жақын  келуі 
мүмкін  және  де  осылайша  өзі  оның  жайлы  қашықтығын  бұзғанын 
байқамайды. 
Осылайша, бөлмедегі орындар санының маңызы зор. Егер үй-
жай  адамдарға  толы  болса,  онда  олардың  арасындағы  сырластық 
кеңістіктің  бұзылуы  мүмкін.  Жеке  кеңістікті  (мысалы,  керует-
ті)  орналастыру  үшін  ең  аз  арақашықтық  2  метр  болып  есепте-
леді.  Тәрбиеленушілердің  жеке  кеңістік  түсінігін  дамытуы  мен 
неғұрлым  икемді  меңгеруі  үшін  балалар  үйіндегі  жағдайды  мез-
гіл-мезгіл алмастырып тұруға болады. Нақты топ үшін алдын ала 
дайындық жұмыстары мен зерттеулер жүргізу қажет екені өз өзінен 
түсінікті.  Жұмыс  орындарында  қызметкерлердің  арақашықтығын 
3  метрден    артық  белгілемеген  жөн,  бұл  жауапсыздық  ахуалын 
қалыптастырады. Бірақ та бұл да еңбек қызметінің ерекшеліктеріне 
байланысты болады. 
Жұмыс орындарын жоспарлай отырып, оңтайлы метраж норма-
тивтері мен бағалау әдістерін есепке алу да жақсы болған болар еді. 
Егер  әңгіме  жұмыс,  оқуға  арналған  үй-жай  туралы  болатын  болса, 
онда СЭС әрбір адамға ең төменгі нормативті 4 м

 етіп белгілейді. 
Солай болса да, қатардағы әрбір қызметкерге 5-6 м

 есебін ұстанған 
дұрыс  болады;  бұл  жағдайда,  егер  айналысатын  жұмыстар  тегі 
өзгермейтін болса, онда оларды СЭС нормасын бұзбастан, қолда бар 
ауданға орналастыруға болады. Әркім үшін 20 м

 –тан кем емес бо-
лып есептелетін демалыс аймағын есепке алу да маңызды [31]. 
Түс.  Түстік  шешімдердің,  эмоциялық,  психологиялық-
физиологиялық  жағдайлар  мен  адамның  жеке  тұлғасынының 
өзара  байланысы  әр  түрлі  тәсілдермен  белсенді  түрде  зерделенеді. 
Ұжымдағы  психологиялық  ахуалға  үй-жайлар  безендірілген  түстер 
үйлесімі үлкен ықпал етеді. Егер үй-жай күн сәулесі түсетін жақта 
орналасса, ол әрқашанда ыстық және қапырық болады, оны салқын 
ашық  реңктермен  (көгілдір,  ашық  сұр  және  т.б.)  безендіру  керек. 
Салқындықты сезіну пайда болады. Егер бөлмеге күн сәулесі түспесе, 
онда жағдайды жылы реңктермен (сарғыш, қызғылт және т.б.) жасаған 
дұрыс. Мұндай бояулар жарық пен жылу сезімін қалыптастырады. 
Ашық түстерге абай болған жөн. Олар өздеріне назар аударып, 

93
қоздырады. Егер ойлау процесін талап ететін бір сарынды жұмыс та-
лап етілсе, онда, мысалы, қызыл заттар көңілді алаңдатуы мүмкін. 
Ал егер ұжымда қандай да бір дау-жанжал бола қалса, онда бұл түс 
тек ашулануды арттыра түседі. Мұнымен бір мезгілде қызыл және 
қызғылт сары түстерді дұрыс қолдану әсіресе, балаларда көңіл бөлуді 
белсендіре түседі. 
Түсті  қабылдаудың  эмоциялық  жағдайлары  мен  ерекшеліктері 
туралы мәліметтер бойынша мынадай жайт аңғарылады. Белгілі бір 
эмоциялық жағдайда түстің бір түрінің әсері күшейе түседі, ал сәйкес 
келмейтін түс – әсерді бұрмалайды. 
Мысалы, Э.Т. Дорофеева жүргізген зерттеудің деректері бойын-
ша  «...оңды  жағдайлар  кезінде  қызыл-сары  түстер  сезімталдықты 
арттырады», ал жағымсыз жағдайларда көк түс сезімталдықты арт-
тырады.    Түстердің  арақатынасына  сезімталдық  заңдылықтар  бой-
ынша  артады.  Мәліметтерді  сондай-ақ  эмоциялық  жағдайлар  мен 
жұмыста қолдануға болады (тиісті тарауды қараңыз). Кестеде жағдай 
мен түстердің үйлесімдері көрсетілген. (Қ-қызыл, Ж-жасыл, К-көк). 
Қуанышты көңіл-күй
Қ
>
Ж
>
Ашушаңдық, ызақорлық, 
кекшілдік
Қ
>
Қ
>
Ақкөңілділік, жеңіл масай-
рау, жайлылық 
Ж
>
Қ
>
Қайғы, мұң, 
жабырқаушылық
Қ
>
Ж
>
Алаңдаушылық, сақтық, 
қорқыныш 
Ж
>
Қ
>
Ыңғайсыздық, рухани 
жайсыздық
Қ
>
Қ
>
 
Бұдан  эмоциялық  жағдайларды  анықтау  кезінде  айналадағы 
интерьердің  түстік  арақатынасын  есепке  алу  қажет  екені  шығады. 
Мысалы, әр түрлі үй-жайларда түстердің әр түрлі үйлесімін қарастыру 
керек [35]. 
Балалар бөлмесінің эргономикасы. Балалар бөлмесіндегі жеке-
леген аймақтарды – істер мен ойындарға, заттар мен ойыншықтарға 
арналған  кеңістікті  жобалау  үшін  «ересектер»  бөлмесіне 
қолданылатын әмбебап ережелерге ұқсас ережелер пайдаланылады. 

94
Бастысы, бала үшін бөлмедегі барлық элементтерге қолжетімділікті 
сезінуді  сақтау,  жиһазға  келудің,  есіктерді  ашу  мен  жәшіктерді 
қозғауды  қамтамасыз  ету.  Жиһаз  бұйымдарының  арасында  мін-
детті  түрде  ені  60-тан  80  см-ге  дейін  жететін  еркін  өтетін  жерлер 
қалдыру  керек,  бірақ  та  егер  орын  жетіп  жатса,  100  см  қалдырған 
дұрыс, сол кезде ересеке адамға баланы қолынан ұстап өтетін жер 
болады. Егер Сіздер қабырғаға қандай да бір көзге түсетін ақпарат 
(плакат, оқу тақтасы) орналастырсаңыз, онда баланың көру аймағы 
шегінде орналасқан нәрселерді ғана көретін жас ерекшелігін есепке 
алу қажет. Мысалы, бұл аймақтың жоғары деңгейі 2-4 жасар бала-
лар үшін 130 см-ді, 4-7 жасар балалар үшін 144-163 см-ді  құрайды. 
Балалар бөлмесі балаға өлшемдес болатын жағдайларды қамтамасыз 
еткен жөн. Мысалы, шкаф сөрелері 180 см-ден биік болмауы тиіс. 
Балалар киімі мен аяқкиімінің көлемін есепке ала отырып, шкафтың 
тереңдігін де 45-50 см-ге дейін азайтуға болады – бұл бөлмедегі жер-
ді үнемдейді. Балаға арналған орындықтардың биіктігі оның бойына 
тікелей байланысты, бірақ орташа көрсеткіштер мынадай: 5 жасар 
бала үшін – 26, 5 см. 7 жасар бала үшін – 29 см, үстелдің биіктігі тиі-
сінше 44,5 см  және 48 см-ді құрайды. Кеңістікті сауатты жоспарлауға 
қол жеткізу қолайлылық пен қауіпсіздікке ғана емес, сондай-ақ дамуға 
да ықпал етеді [31]. 
тәрбиеленушілер  үшін  жеке  кеңістікті  ұйымдастырудағы 
дербестік.  Өз  бөлмесіне  тазалық  жұмыстарын  жүргізу  баланы 
тәрбиелеудің ажырамас бөлігі болып табылады және жауапкершілік 
сезімін қалыптастыруға көмектеседі. Мектепке дейінгі жаста бастау 
қажет.  Тазалық  жұмыстарына  үйретуді  ересек  тәрбиеленушілер  де 
ұйымдастыра алады. 
Тапсырманы дұрыс тұжырымдаңыз. Жай ғана «Жина» тала-
бымен  шектелмеңіз.  Мектеп  жасына  дейінгі  балаға  үйіліп  жатқан 
ойыншықтар төбесінде бағдар алу қиын, ол неден бастауды білмей-
ді. Неғұрлым дәл нұсқаулар беруге әрекеттеніңіз: «Алдымен маши-
наларды жина, содан кейін кітаптарды жинауға кіріс». Тапсырманы 
шағын кезеңдерге бөліп, Сіз балаға жинаудың шексіз процесс емес 
екенін түсінуіне көмектесесіз және ол бұны толықтай орындай алады. 
Ойыншықтарды жинаудың неліктен қажет екендігін түсіндіріңіз. 
Сізге, әрине, жинаудың мақсаты белгілі, бірақ мектеп жасына дейінгі 
бала үшін ол зеріктіретін іс үшін ойынды қоя тұруды ғана білдіреді. 
Кеңістікті балаға қолайлы болатындай етіп ұйымдастырыңыз. 

95
Ойыншықтарға  арналған  себеттер  мен  жәшіктерге  суреттерді 
орналастырыңыз, бұл бүлдіршінге қандай ыдыс қандай ойыншықтар-
ға  арналғанын  есте  сақтауына  көмектеседі.  Балалар  журналдар-
дан  әрбір  қорапта  сақталған  белгілі  бір  заттардың  (кубтардың, 
ойындардың...)  суреттерін  қырқып  алсын  немесе  суретін  салсын. 
Суреттің астына ойыншықтың атын жазыңыз (оқи алмайтын балалар 
таныс сөздердің жазылуын есіне оңай сақтап қалады). 
Ырғақ қосыңыз. Бала жинаумен айналысып жүрген кезде музы-
ка қойыңыз. Осылайша жинау жұмысы көңілдірек жүреді, ал жігер-
лі әуен балаларды қажетті бапқа келтіреді. Немесе балалармен бірге 
әнді қосылып айтыңыз. 
Жинау жұмысы ойынға айналсын. Балаларға «белгілі бір уақытта 
орындап шығу» міндетін ұсыныңыз. Немесе «кім жылдамырақ» жа-
рысын ұйымдастырыңыз. 
Өзіңіз  қайта  істемеңіз.  Балалар  бөлмені  жинау  жұмысын 
аяқтаған  кезде  Сіздің  ойыңызша  мүлтіксіз  орындалмаған  нәрсені 
қайта  істемеңіз.  Керует  тегіс  жабылмаған  ба?  Жабынды  түзетудің 
қажеті жоқ. Бұл сенімсіздік ретінде түсінілуі мүмкін. Мүмкін бала 
ересектер сияқты жинастыруға әлі де шамасы келмейтін, немесе жай 
ғана айырмашылықты көрмейтін шығар. Ал түзетуді жинау кезінде 
ұсыну пайдалырақ болады. 
Жақсы орындалған жұмыс үшін мадақтаңыз. Үйдегі көрнекті 
жерге  үй  жинау  жұмысының  графигін  орналастырыңыз.  Бала 
жұмысты  орындап  болған  соң,  түрлі-түсті  стикермен  тиісті    шар-
шыны  белгілесін.  Бұл  сондай-ақ  көрнекті  нәтиженің  тәжірибелік 
деңгейде  ғана  сақталуы  үшін  емес,  сонымен  бірге  абстрактілік 
түсініктердің іс-әрекеттің ішкі, қосалқы өрісі деңгейінде меңгерілуі 
(интериориялану) үшін де пайдалы. 
Егер  балалар  мекемесінің  қызметкерлері  балалар  қызметін 
ұйымдастыра отырып, адамға бір рет болса да, табыстың аз болса 
да  қуанышын  басынан  өткізуге,  қандай  да  бір  нәтиже  алуға  бекі-
нуіне және топта өзінің қажеттігін сезінуге көмектессе – онда бала 
ашылады және балалар үйіндегі одан кейінгі өмірге дайындалатын 
болады [36]. 
Балалардың  топтағы  өзара  қатынастарын  зерттеу  мен 
түземдеу.  Тәрбиешілердің  маңызды  міндеті  балалардың  бір-бірі-
нен  өзара  қатынастарына  диагностика  жүргізу  болып  табылады. 
Бұл  үшін  аталған  мекеменің  психологына  әрбір  бала  өз  тобының 

96
барлық балаларын ұнататынына (қызыл үй) немесе ұнатпайтынына 
(сұр үй) қарай «екі үйге бөлетін» әдістемені пайдалану ұсынылады. 
Бұл  әдістеменің  көмегімен:  әрбір  баланың  топтың  барлық  басқа 
балаларына  көзқарасы,  баланың  өзі  топтағы  балалардың  бәріне 
ұнайтындығы,  ұнамайтындығы  туралы  түсінігі,  әрбір  бала  басқа 
балалардың  көз  алдында  қандай  болып  табылатыны  анықталады. 
Сондай-ақ  құрдастарының  арасында  қандай  балаларды  басқалары-
ның ұнататынын, ұнатпайтынын білуге болады. Осы әдістеме бой-
ынша рәсімдерді және дайындықтың белгілі бір формаларын мұқият 
сақтай отырып жеке тексеру жүргізуге болады. Нәтижесінде мына-
ны айқындау пайдалы: бала топ балаларынан кімді қатты ұнатады, 
кімге  жақсы  көзқараста,  бәрінен  де  кімді  ұнатпайды.  Ұнату  мен 
ұнатпаушылықтың себептері. 
Балаға  топтың  қалған  балалары  қалай  қарайды.  Бұл  балаға    
ерекше қарайтын балалар бар ма. Бұл балалар кімдер. Баладағы өзара 
таңдаулар  қанша.  Баланың  өз  таңдауының  оны  кімнің  таңдайтыны 
туралы болжамымен қаншалықты сәйкес келеді; баланың басқа ба-
лалар өзін таңдайтыны туралы болжамы қаншалықты ақталады, бала 
өзін басқалардың алдында қалай бағалайды. Барлық үш параметрдің 
сәйкес келуі: баланың өзі кімді таңдайды, оны кім таңдайды, оның өз 
болжамы бойынша оны кім таңдауы тиіс еді. Хаттамаларды талдай 
отырып, баланың құрдастары арасындағы шынайы жағдайы туралы 
қорытындылар жасауға, неғұрлым тәрбиелі және тәрбиесі неғұрлым 
нашар балаларды бөліп алуға, әрбір балаға мінездеме белгілеуге, кез 
келген бала үшін сәтсіз немесе толықтай қалыптасып бітпеген өзара 
қатынастарды айқындауға болады. 
Әдетте  қандай  да  бір  қызметте  табысқа  жеткен,  басқа  ба-
лалармен  ойнай  және  тату  бола  білетін,  көңілді  және  ақжарқын 
балалар  тәрбиесі  ойдағыдай  балалар  болып  шығады.  Басқа  ба-
лалар  олардың  әдемілігін,  ұқыптылығын,  тілалғыштығын  атап 
көрсетеді. Бұл балалардың көмегімен тәрбиесі нашар балалардың 
мәртебесін оларға бірлесіп атқаратын істер тапсыру, ортақ сабақтар 
ұйымдастыру жолымен көтеруге әрекеттену қажет. Олардың керу-
еттерін киімге арналған шкафтарын қатар қоюға, түскі аста үстелге 
қатар отырғызуға және т.б. болады. 
Топтың тәрбиесі неғұрлым нашар балалары әдетте өз құрдаста-
рын ұнатпайды, топта оларды басқалар ұнатпайды және сонымен бір-
ге өздеріне өздері өте сенімсіз болады. Зерттеудің нәтижелерін пайда-

97
лана отырып неліктен бұл баланы басқа балалар ұнатпайтынын, оның 
өзі басқаларды неге ұнатпайтынын, оған басқалар жаман көзқараста 
деген  болжамы  дұрыс,  бұрыс  екенін,  оның  өзін-өзі  бағалауының 
барабарлығын анықтауға болады. Балалар көп жағдайда өздеріне де-
ген жағымсыз көзқарасты басқаларға таңа отырып, қателік жасайды. 
Мұндай жағдайда ересек адам оларға қандай да бір баланың дұрыс 
көзқараста екендігін айтып, оларды сендіре алады. Бұл жөнінде біл-
ген  балалар  әдетте  қысылады,  қуанады  және  сол  салғанда  ересек 
адамның  сөзіне  сенуге  тырысады.  Тиісті  әңгімелер,  психолог  пен 
тәрбиешілердің  дұрыс  іс-әрекеттері  өзін-өзі  бағалаудың  төмендігін 
өзгертудегі бірінші қадам қызметін атқаруы мүмкін. 
Балалардың  арасындағы  өзара  қатынастарды  түземдеудің  не-
гізгі жолы – олардың бірлескен қызметінің алуан түрлерін бәрінен 
бұрын  сюжеттік-рөлдік  ойынды  ұйымдастыру  мен  басқару. 
Құрдастары көбінде жақсы және қызықты ойнай білгендерді, ойын-
да бастамашылық, әділдік, адалдық пен мейірімділік танытқандарды 
ұнатады. 
Кейбір  балаларда  толыққанды  ойындық  қызмет  өздігінен 
қалыптаса  қоймайды  –  бұл  жағдайда  психолог-педагогқа  мұндай 
балаларға  қандай  көмек  көрсетуге  болатыны  жөнінде  кеңес  берге-
ні жөн. Ойындық икемділіктердің артуы әдетте баланың құрдастар 
тобындағы жағдайына қолайлы ықпал етеді. 
Әр  жастағы  балалардың  қарым-қатынасын  ұйымдастыру.   
Қазіргі уақытта көптеген балалар үйлерінде балаларды қатаң түрде 
жастары бойынша топтарға бөледі. 
Балалардың денсаулығына қамқорлық жасау мақсатымен әрбір 
жас  тобы  үшін  мамандар  дайындаған  белгілі  бір  қатаң  режимді 
орындау талабын және педагогтар мен психологтар егжей-тегжейлі 
әзірлеген  оқыту  бағдарламасын  орындау  талабы  балалардың  жас-
тылар  тобында  неғұрлым  толық  және  оңай  жүзеге  асыруға  бола-
ды.  Осылайша,  балалар  уақытының  көп  бөлігін  өз  құрдастарымен 
өткізеді.  Сәті  түссе  олардың  жасы  үлкендермен  және  жасы  кіші-
лермен  қарым-қатынас  жасаудың  мүмкіндігін  пайдалану  керек. 
Балалардың  әр  жастағы  топтарының  арасындағы  қатынастарды 
мүмкіндігінше  неғұрлым  жиірек  ұйымдастыру  маңызды.  Мұндай 
қатынастарды күн сайын әр түрлі формаларда жүзеге асыруға болады. 
Жасы үлкендердің жасы кішілерге көмектесуін мадақтаған жөн: 2-3 
жасы үлкен бала бөбектерге киім киюге, қолдарын жууға, ойындар 

98
мен бос уақытын ұйымдастыруға көмектесе алады. Сабақтар кезінде 
ересек  топтардың  балалары  тәрбиешімен  бірге  бөлмені  сабақтарға 
дайындай және сабақтардан кейін оны жинастыруға көмектесе ала-
ды. Тамақ ішу мен ұйықтауға жатқызу, серуенге жиналу кезінде жасы 
үлкендер тәрбиешілерге балалардың киімдерін шешуге және кигізуге 
көмектеседі. 
Бұл  шараларды  жүзеге  асыру  үшін  жасы  үлкен  балалардың 
жасы кішілердің топтарындағы кезекшілік жасауын ұйымдастырған 
жөн.  Бастапқыда  бұл  кезекшіліктерге  барлық  үлкен  балаларды  ке-
зекпен жіберу керек, одан кейін кезекшіліктерді әбден беріліп, ын-
тамен  атқаратын  балаларға  тапсыру  керек.  Бөбектерге  көмектесуге 
шақыратын балаларды әрдайым қолдап және мақтап отырған дұрыс. 
Тәрбиешілер  басқа  топтардағы  балалармен  қарым-қатынастар 
жасап,  серуендерге,  ойындарға,  экскурсияларға  бірігіп  шығатын 
балаларды  мадақтап  отырулары  тиіс.  Кешкі  уақытта  бірігіп  көңіл 
көтеруді,  ерікті  ойындар  мен  балалардың  қалауы  бойынша  тыныш 
істермен айналысуды ұйымдастыруға болады. 
Басқа  топтарға  «қонаққа  баруды»  айына  бір  реттен  кем  емес 
ұйымдастыруға  болады.  Бұлардың  тақырыптары  балалардың  бір-
бірлерінің  алдында  әр  түрлі  өнер  көрсетулері,  сөздері,  драматур-
гиялық ойындар ойнау, қуыршақ спектакльдерін, диафильмдер, су-
реттер,  аппликациялар,  мүсіндер  кқрмесін  көрсету  болуы  мүмкін. 
Балалардың мұндай «қонаққа бару» сапарына арнайы дайындалуын 
ұйымдастыру қажет – алда тұрған ортақ істер мен көңіл көтеру ойын-
дарын,  бөлмелерді  жинастыру,  күтпеген  сыйлар  мен  кәдесыйлар   
дайындауды жүзеге асыруды талқылау. Мерекелерге бірігіп дайында-
лу, бірігіп өткізуді ұйымдастыру да ұсынылады. 
Мектеп жасындағы ересек және кішкентай балалардың арнаулы 
біріккен  әңгімелесуін  дайындаған  және  өткізген  дұрыс,  онда  ере-
сектер бөбектерге келесі сыныпта не күтіп тұрғаны, қызықты істер 
мен оқиғалар туралы әңгімелейді. Әр түрлі жастағы балалар қарым-
қатынасының басқа да нұсқаларын ойластырып, жүзеге асыру қажеті 
мектепті  бітірген,  мектепке  жаңа  келген  балалармен  кездесу,  мек- 
тептке сапар және т.б. ұйымдастыруға болады [22, 26, 36]. 
Топтағы  өзара  қатынастардың  ерекшеліктері.  Топтық 
заңдылықтарды білу балаларда дербестікті дамытуға мүмкіндік беру. 
Дербестік  бір  жағынан,  достастық  ортаны  қалыптастыру  үшін 

99
негізгі  фактор  ретінде  әрекет  етеді,  екінші  жағынан  үйлесімді 
жеке тұлға дамуының кепілі болып табылады. 
Іс-жүзінде  кез  келген  оқыту  процесінің  ең  маңызды 
мақсаттарының бірі оған қатысушылардың өзіндік санасын дамыту 
болып  табылады.  Жеке  тұлғаның  өсуі  тұрғысынан  алып  қарағанда 
топтық  жұмыстың  негізгі  міндеті  жеке  тұлғалық  өзіндік  сананың 
барлық  шағын  құрылымдарының  дамуы  болып  табылады.  Атап 
айтқанда: когнитивтік – өзі, жеке тұлғаның бейнесі ретіндегі өз МЕН-
і туралы білімдер жүйесінің кеңеюі мен нақтылануы, дәлденуі; аф-
фектілік - өзін-өзі бағалау, өзіне өзінің оңды қатынасының жасалуы, 
өз мүмкіндіктері мен әлеуеттерін барабар бағалау; мінез-құлықтық 
 өзара әрекеттестік пен араласудың нақты жағдаяттарында өзіндік 
МЕН-тұжырымдамасының  бекітілуі,  өзін  өзі  реттеудің  тиімді 
дағдыларының қалыптасуы. 
Адам: өзі туралы түсініктердің белгілі бір жиынтығын белгілеуге; 
бұл түсініктерді үнемі нығайтып, қолдап отыруға ұмтылады. Әрбір 
адамда  ақпаратты  «МЕН-бейнесіне»  және  өзіндік  дүние  бейнесіне 
неғұрлым  сәйкестендіру  мақсатымен  өзімізді  және  айналамыздағы 
дүниені  қалай  көретінімізге  толықтай  сәйкес  келмейтін  ақпаратты 
қабылдамау,  бұрмалау  немесе  теріске  шығару  үрдісі  бар.  Осының 
салдарынан жеке тұлға дүниені біржақты, біз өзімізді және қоршаған 
дүниені қалай көретінімізден ерекшеленетін немесе сәйкес келмей-
тін  ақпаратты  бұрмалай  отырып,  өз  түсініктері  арқылы  қабылдай    
бастайды [25]. 
Қажеттіктерді қанағаттандырудың жеке көріністері әдетте орта 
жағдайларымен шектеледі. Әлеуметтік талаптардағы қайшылықтар, 
даралықты, тұтастық пен жеке шекараларын сақтауға ұмтылу, сон-
дай-ақ  эмоциялық  жеке  тұлғалық  маңызды  апперцепциялар  психо-
логиялық қорғаныс стратегиясын қалыптастырады. Психологиялық 
тәжірибе көрсеткендей, қорғаныстардың өздері агрессияны иемдену 
және алаңдаушылықтың өзгеруіне байланысты туындайды. 
Эрик  Берн  бастапқы  тікелей  айтылуынан  алшақтап  кететін, 
сүйіспеншілікті  қажетсінуді  білдірудің  4  формасы  мен  деңгейін     
бөліп  көрсетеді:  1)  сүйіспеншілікті  қажетсіну;  2)  назар  аударуды 
қажетсіну; 3) мойындауды қажетсіну;  4) бақылауды қажетсіну [37]. 
Нәтижесінде  негізгі  қажеттіктерді  қанағаттандыру  үшін  сце-
нарийлер,  бағдарламалар  пайда  болады.  Оларды  іске  асыруда  бел-
гілі  бір  рөлдер  туындайды.  Мұндай  рөлдер  мен  бағдарламаларды 

100
түсіну адамның өзінен жасырынған топқа қатысушылардың стиль-
дік және жеке тұлғалық ерекшеліктеріне, топ басшылығының стилі 
мен қатынас-байланыс формаларына байланысты айналасындағылар    
үшін  бұрмаланған  түйсінуден  қорғалған.  Бірақ  та  егер  олардың  
негізіне  назар  аударсақ,  онда  мінез-құлық  себептері  неғұрлым 
айқын  көрінетін  болады.  Мысалы,  бала  өзіне  назар  аударылуын 
қалайтындықтан,  көбінесе  қыңырлық  танытып,  әлде  бір  нәрсеге 
қарсы наразылық білдіреді деген пікір бар. Бұл шындыққа ішінара 
сәйкес  келеді.  Алайда,  егер  бұл  процесстің  мәніне  назар  аударсақ, 
онда  бәрінен  бұрын  оның  негізінде  адамның  сүйсіпеншілік  пен 
қамқорлықты  басқаша  тәсілдермен  қабылдай  немесе  иелене  ал-
мауы  жатады.  Және  де  тұтастай  алғанда  тәжірибе  көрсеткендей, 
сүйіспеншілік  пен  қамқорлықты  сындарлы  білдіру  кезінде  балаға 
жағдаятқа бөлінген 5-10 минут жеткілікті болады. Күніне осыған 
ұқса  5-7  жағдаят  болуы  мүмкін.  Нәтижесінде  адам  әділетті 
қатынастарға, табысты қатынас- байланыстарға үйренеді. 
Тұтастай  алғанда  топтағы  қатынастар  мен  рөлдердің 
қалыптасуына әсер ететін бірнеше факторды бөліп көрсетуге бола-
ды.  Бұл  жерде  зерттеу  үшін  олардың  жағдаяттық  ықпалын  немесе 
тұрақтылығын түсіну маңызды болып табылады. 
1.  Танымдық қызмет стилі, басшылық стилі мен сипаттамалық 
ерекшеліктер  рөлдік  ұнатуларды  салыстырмалы  түрде  тұрақты 
анықтайды. 
2.  Топты біріктірген мақсаттар, құралдар, міндеттер, қызметтер 
жағдаятты ықпал етеді. Сондай-ақ топтық процесске қатысушылар-
да  осыған  ұқсас  жағдаяттардың  алдыңғы  тәжірибеге  көзқарасы  да 
әсер етеді. 
3.  Иемдену  стратегиялары  немесе  психологиялық  қорғаныс 
үлгілері  ерекше  позицияны  иеленеді.  Жеке  ерекшеліктер  мен 
әлеуметтік орта негізінде пайда болатын психологиялық қорғаныстар 
ақпаратты,  стильдік  көріністерді  және  қатынас  формаларын  қайта 
өңдеу тәсілдерін алмастырады. 
Бөлініп көрсетілген факторларды түсіне отырып, балалар үйінің 
қызметкерлері  топтық  процесстерге  және  рөлдерді  бөлуге  ықпал    
ету тәсілдерін анықтап алады. Топтық серпінділік түсінігіне негізгі 
5 элемент енеді: 
1.  Топтың  мақсаттары.  2.  Топ  нормалары.  3.  Топтың 
топтасқандығы.  4.  Топ  құрылымы  және  көшбасшылық  проблема-

101
лары.  5.  Топ  дамуының  фазалары  немесе  кезеңдері.  Левин,  Лип-
пит  және  Уайт  шағын  топтардағы  басшылық  стильдері  жөнінде 
классикалық  зерттеулер  жүргізді.  Олар  әміршілік,  демократиялық 
ымырашыл  және  салғырт  стильдерді  бөліп  көрсетті  және  оларды 
міндеттерді  шешу  кезіндегі  топтар  жұмысының  өнімділігімен,  со-
нымен бірге қатысушылардың топтарда болғандығы тәжірибиесіне 
қанағаттанушылығымен байланыстырды. 
Тұтастай  алғанда  топ  адамдардың  эмоцияларға  толы  жеке 
тұлғалық  байланыстардағы  қажеттіліктеріне  неғұрлым  ойдағыдай 
жауап  берсе,  ол  соншалықты  топтаса  түседі.  Топ  топтасқан  сайын 
оның мүшелерінің көзқарастары мен іс-әрекеттеріне топтық бақылау 
солғұрлым  қатаң  болады,  онда  топтық  нормалар  қатаң  сақталады,    
жеке тұлғалардың топтық құндылықтық тәртіптерді қабылдау дәреже-
сі солғұрлым жоғарырақ болады. Топтасқан топта сергек қатынастар 
мен  өзара  қолдау  ахуалы  қалыптасады,  оның  мүшелерінде  топтық 
сәйкестік сезімі қалыптасады. Топтасқандық қатысушылардың ортақ 
міндеттерге  бейімділік  көзқарасы  мен  эмоциялық  берілгендікті  ту-
ындатады, топқа ең күрделі жағдайлардың өзінде де тұрақтылықты 
қамтамасыз  етеді  және  ортақ  стандарттар  әзірлеуге  жағдай  жасай-
ды,  олар  жеке  мақсаттардың  әр  бағыттылығына  қарамастан  топты 
орнықты етеді. 
Топтық  серпінділік  заңдарын  бөліп  көрсете  отырып,  мына-
ны  атап  көрсетуге  болады.  Оның  жеке  мүшесінің  мінез-құлқына 
қарағанда, тұтастай алғанда топтың мінез-құлқына сырттан ықпал ету 
оңайырақ. Адам өзі оған көбірек тәуелді болатын топтың емес, өзін 
теңдестіретін топтың мүшесі болуға бейім. Адам тіпті егер олардың 
мінез-құлқы әділетсіз, қысым көрсетуі достықты көздемейтін болып 
көрінсе  де  өзін  оларға  қатыстымын  деп  сезінетіндердің  арасында 
қалады. 
Зерттеулерді  қорытындылау  топтық  ынтымақтастыққа  жағдай 
жасайтын мынадай факторларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: 
1.  Топқа  қатысушылар  мүдделерінің,  көзқарастарының, 
құндылықтары  мен  бағдарларының  сәйкестігі.  2.  Топтар  құрамы 
гомотектігінің жеткілікті деңгейі. 3. Психологиялық қауіпсіздік, ізгі 
ниеттілік, қабылдау ахуалы. 4. Барлық қатысушылар үшін мәні бар 
мақсатқа  қол  жеткізуге  бағытталған  белсенді,  эмоцияларға  толы 
бірлескен қызмет. 5. Оңтайлы әрекет етуші қатысушының үлгісі ре-
тіндегі  жүргізушінің  тартымдылығы.  6.  Топтасқандықты  күшейту 

102
үшін арнаулы техникалық тәсілдер мен жаттығуларды пайдаланатын 
жүргізушінің білікті жұмысы. 7. Қандай да бір мәселеде бәсекелес 
ретінде  қарастырылуы  мүмкін  басқа  топтың  болуы.  8.  Топта  өзін 
топқа қарсы қоюға қабілетті, көпшілік қатысушылардан айырықша 
ерекшеленетін  адамның  болуы  (тренингтер  ғана  емес,  күнделікті 
өмір тәжірибесінің өзі адамдардың қандай да бір нәрсе үшін күресте     
емес,  әйтеуір  біреуге  қарсы  күресте  ерекше  тез  топтасатынын 
көрсетеді. 
Топтасқан топтардың әлеуметтік-психологиялық сипаттама-
лары:
1. Топқа қатысушылар бір-бірімен көбірек араласады. 2. Топқа 
қатысушылар бір біріне ықпал етуде ашық. 3. Қатысушылардың топ-
ты тастап кетуі сирек. 4. Топқа қатысушылардың арасындағы бір-бі-
рімен жауласуы аз және оны тез ұмытады. 5. Топқа қатысушылардың 
өзін-өзі бағалауы жоғары. 
Топтасқан  топ  нормаларын  ұстана  отырып,  оның  мүшелері 
онда кең танымал болады, бұл олардың өзін-өзі бағалауының арту-
ына  жағдай  жасайды.  Топтасқан  топтың  мүшелері  алдағы  уақытта 
топтағы, сондай-ақ топтан тыс жеке тұлғалық қатынастарда кәдеге 
асуы  мүмкін  қарым-қатынас  дағдыларын  қолдануға  бейімделе-
ді.  Топтың  басқа  мүшелерінің  ықпалында  бола  отырып,  нормалар-
ды  ұстануға  мәжбүр  болатын  олар  назар  қоя  тыңдайды,  пікірлерін 
неғұрлым  ашық  білдіреді,  өздерін  неғұрлым  терең  зерттейді  және 
өздері  үшін  мәнді  серіктестерінің  тарапынан  болатын  достық  ни-
етті  ала  отырып,  өздерін  бұрынғыша  ұстауды  жалғастыра  береді. 
Топтасқандықтың  нығаюы  жауласушылық  пен  қақтығыстардың 
ашық  білдірілуіне  жол  береді.  Қатысушылар  үшін  топта  болу 
тәжірибесі  тартымдырақ  болған  сайын  олар  сабақтарға  соғұрлым 
тұрақты  қатысатын  болады,  және  олардың  топта  қалу  және  онда     
болудан көп пайда алу ықтималдылығы соғұрлым жоғары болады. 
Топ  топтасқандығының  төмендеу  себептері  мыналар  болуы 
мүмкін: 
1. Топта шағын топтардың пайда болуы (бұның әсіресе құрамы 
15 адамнан асатын топтарда орын алу ықтималдығы ерекше; кейде 
шағын  топтардың  арасында  пайда  болатын  жарысушылық  топтық 
серпінділікті жылдамтады). 2. Топқа келгенге дейінгі топтың жекеле-
ген мүшелерінің арасындағы таныстық (достық, ұнату) – бұл топтың 
басқа  қатысушыларынан  қандай  да  бір  жеке  ақпаратты  жасыруға, 

103
бірін бірі қорғауға ұмтылуға және талас-тартысқа араласпауға, бұл 
жұптың  топтан  жатсынуына  әкеледі.  3. Топты  артық шиеленіс-
ке,  қақтығыстарға  әкелуі  мүмкін  жүргізуші  тарапынан  болатын 
қызықтыратын  және  біріктіретін  ортақ  мақсаттың  және  жүргізуші 
ұйымдастырған бірлескен қызметтің жоқтығы. 
Топтық серпінділіктің келесі элементі топ дамуының кезеңдері 
болып табылады. Кезектілігі мен аралықтары дәл орындалуы міндет-
ті  емес,  бірақ  топ  әлеуметтік-психологиялық  тетіктерге  сәйкес  бұл 
кезеңдердің бәрінен өтеді. 
Топ құрылымының қалыптасуы топ қатысушыларында әр түрлі 
топтық  рөлдердің  пайда  болуымен  байланысты.  Тұтастай  алғанда 
рөлдердің  жиынтығы  әрқашан  да  бірдей  болып,  топ  дамуының 
ерте  кезеңдерінде  қалыптасады.  Оларды  анықтай  білу  топта 
тиімді  қатынастарды  жолға  қоюға  және  қатысушылардың 
қабілеттіліктерін барынша көкейкестілендіруге мүмкіндік береді. 
Келесі рөлдер топта өздігінен пайда болады. Тәрбиелеу проце-
сінде рөлдік қызметтерді олардың иелері орындауын  қолдау, сондай-
ақ рөлдерді сезінуде және алмастыруға үйрету маңызды. 
Топтық рөлдердің әртүрлі жіктемелері бар. Р.Шиндлер 5 топтық 
рөлдерді сипаттап жазды: Альфа -  топ сенім білдіретін көшбасшы. 
Ол  шешімдер  қабылдайды  және  топты  оларды  орындауға 
жұмылдырады.  Ол  топқа  әрқашанда  емес,  бірақ  ықпал  етеді, 
басқалардан  гөрі  жиірек  және  көбірек  сөйлейді.  Көшбасшы  нақты 
топта  топтың  іс-әрекетін  үнсіз  және  байқаусыз  басқара  алады. 
Топтың  даму  процесінде  бір  немесе  бірнеше  көшбасшы  пайда  бо-
лады. Бұл рөлді өзіне нақты кім алады? Ол топта оны қажетсінуге, 
әлеуетті көшбасшының жеке қасиеттері мен топтың бұл рөлге оның 
сәйкестігі  дәрежесін  қабылдауына  байланысты.  Топ  мүшесінің  би-
лікке ие болу қабілеттігінің маңызды детерминанттары ол жөніндегі 
бірінші  әсер  мен  оның  топ  дамуына  өз  үлесін  қосуға  дайындығы 
мен  икемділігі  болып  табылады.  Бета-  топ  үшін  маңызды  білім 
мен  тәжірибеге  ие  сарапшы.    Ол  ақпарат  береді,  жағдаятты  бірне-
ше жағынан қарастырады, талдайды. Оның мінез-құлқы өзіне сын-
шыл көзбен қарау және ұтымдылықпен ерекшеленеді. Ол топқа ті-
келей  емес,  тек  ақпарат  арқылы  ықпал  етуге  әрекеттенеді.  Гамма 
–  көшбасшыны  қолдайтын  қатысушы.  Бұл  –  топтың  «бұқара»  деп 
аталатын  негізгі  бөлігі,  қатардағы  мүшелері.  Мұндай  мүшелердің 
көршілігі өздерін көшбасшымен теңдестіреді. Омега – топтың басқа 

104
мүшелері назарға алмайтын, топтың елеусіз мүшесі. Ең шеткі нұсқа 
топ  құрметтемейтін  немесе  жоққа  шығарған  мүшесі.  Оның  на-
зардан  тыс  қалуының  себебі  топтың  басқа  мүшелерінен  қандай  да 
бір  айырмашылығы  болуы  мүмкін:  өзімен  өзі  болуы,  ұялшақтық, 
бастамашылықтың  жоқтығы.  В-  көшбасшыға  қарсы  ашық  әрекет 
етуші, оппозицияшыл, қарсылас. Ол көшбасшыға оны әділетсіз деп 
есептейтіндіктен  қарсы  шығуы  мүмкін,  онымен  келіспейді.  Екінші 
жағынан, оның күрес жүргізу себебі ондағы шамадан тыс қайшылық 
рухы, кез келген әміршіл тұлғаларға сенімсіздік болуы мүмкін. Ол 
да топ бұл рөлге қабылдамаған көшбасшылыққа үміткер бола ала-
ды. Бұл рөлдер психологиядағы барлық нәрселер сияқты таза түрінде   
некен-саяқ кездеседі. 
Топтық рөлдердің келесі жіктемесін Р.Бэйлз ұсынады. Ол топтың 
табысты  тіршілік  етуі  үшін  қажетті  мінез-құлықтық  қызметтердің 
екі  үлгісін:  міндеттерді  шешу  қызметін;  қолдау  көрсету  қызметін 
айқындады. Топтық жұмыс барысында бұл қызметтер әрдайым өзара 
әрекеттеседі. Тиімді жұмыс үшін топқа қолдау көрсетумен, сондай-
ақ  топ  алдында  тұрған  міндеттерді  шешумен  байланысты  мінез-
құлықтың  оңды  тәсілдерінің  белгілі  бір  тепе-теңдігі  талап  етіледі. 
Топта мінез-құлықтың бұл қызметтерін орындау үшін қатысушылар 
өздеріне  белгілі  бір  рөлдерді  қабылдайды.  Кейбір  қатысушылар 
міндеттерді шешу үшін өздеріне маңызды рөлдердің бірін орындау-
ды алады, ал басқалары, өздеріне үйлесімді қатынастарды қолдауға 
бағытталған рөлдерді алады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет