ҚазаҚстан Республикасы білім және ғылым министРлігі балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата12.03.2017
өлшемі1,52 Mb.
#9264
1   2   3   4   5   6   7   8

дайындауға  ерекше  көңіл  бөлу  қажет.  Жыныстар  рөлі  жөнінде 

63
қате қалыптасқан түсініктер, ер азаматтық пен әйелділік үлгілеріне 
қойылатын  талаптар  жүйесінің  қарама-қайшылығы,  отбасылық 
рөлдер  жөніндегі  түсініктердің  қалыптаспауы  тәрбиеленушілердің 
өз отбасын құру мен оны сақтауда елеулі қиындықтарды бастан ке-
шіруіне әкеп соғады.
Тәрбиеленушілерді отбасылық өмірге дайындауда олардың әйел 
адам өзін әйел ретінде көрсететін, оған мінез-құлықтың ер адамға тән 
формалары тән болмайтынын, ал ер адамның мінез-құлықтың үлгілік 
ер  адамдық  формаларын  көрсететін  ересектердің  дәл  жыныстық 
рөлдік мінез-құлқын бақылау мүмкіндігінің маңызы зор. Әрине, ба-
лалар  үйінің  заманауи  жағдайларында  мұны  істеу  өте  қиын,  бірақ 
мүмкін де. Ересектердің өз мінез-құлықтарының бұл жағына көңіл 
аударғаны, өздерінің тек педагогтар ғана емес, сондай-ақ ер адамдар 
немесе әйелдер екендігін де есте ұстағандары жөн. Жасөспірімдердің 
назарын  фильмдердегі,  кітаптардағы  және  т.б.  ер  адам  мен  әйел 
адамның мүмкін болатын ер азаматтық – әйелдік үлгілеріне аудару 
пайдалы [9].
Балалар үйі тәрбиеленушілерін болашақ отбасылық өмірге даяр-
лау үшін оларды құрдастарымен және ересектермен ғана емес, сон-
дай-ақ өздерінен жасы үлкен және кіші балалармен сындарлы өзара 
қарым-қатынастар тәжірибесіне үйрету қажет. Дүниежүзілік тәжірибе 
көрсеткендей, жетім балаларды тәрбиелеу әр түрлі жастағы балалар 
жиналған  топтарда  неғұрлым  тиімді  жүзеге  асырылады.  Қарым-
қатынастарды дұрыс ұйымдастырған кезде мұндай топтардағы жасы 
үлкен балалар жасы кіші балаларға қамқорлық жасауға, өзіне олар 
үшін жаупкершілік алуға, өзі үшін неғұрлым күрделі болып табыла-
тын қызмет түрлеріне араласуға және т.б. әдеттенеді.
3.  балаларда  әлеуметтік-тұрмыстық:  санитарлық-гигиена-
лық, еңбек, мінез-құлық мәдениетін, әлеуметтік-тұрмыстық бағдар-
лау  дағдыларын  қалыптастыру  жөніндегі  мақсатты  бағытталған 
жұмыс қажет.
Балалар  үйлерінің  тәрбиеленушілерінде  ақшаны  жұмсай  білу 
мен үй шаруашылығын жүргізуге және тұрмысты ұйымдастыруына 
үйрену  мүмкіндіктері  жоқ.  Әдетте  мұндай  білім  мен  шеберліктер-
ді отбасы береді, сондықтан балалар үйі жағдайларында бұл бағыт 
бойынша мақсатты жұмыс қажет. Оларды өзін-өзі күтуге, қарапайым 
тамақтар әзірлеуге, жууға, үтіктеуге, тазалық жұмыстарын жүргізуге, 
тауарлар  сатып  алуға,  көлікті,  байланыс  құралдарын,  тұрмыстық 

64
приборларды  пайдалануға,  мінез-құлық  мәдениетінің  дағдыларына 
үйрету қажет, әйтпесе бітіруші өздігінен өмір сүруге дәрменсіз болып 
шығады. Қыз балаларды – жайлы жағдай жасауға, үстел рәсімдеуге, 
тамақ әзірлеуге, ұлдарды – үй шаруашылығына қажетті құралдарды 
пайдалануға, жиһаз бен үй мүліктерін жөндеудің оңай түрлерін және 
қарапайым сантехникалық жұмыстарды орындауға үйрету қажет [8]. 
4.  Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 
балалардың  заңдық  сауаттылығын  қалыптастыру  жөніндегі 
мақсатты жұмыс қажет. 
Тәрбиеленушілер өз әрекеттерін негізінен айналасындағылардың 
баға  беруіне  бейімдейді  және  күшті  жеке  тұлғаның  қылмыскерлік 
ықпалына  оңай  түседі.  Балалар  мекемелері  тәрбиеленушілерінің 
психологиялық тәуелді мінез-құлқы оларды өздеріне жасалатын кез 
келген әдеттен тыс ықпалдардан қорғансыз етеді. Бос уақытындағы 
жеке қызығушылықтардың дамымағандығы, бос уақытта немен ай-
наласуды білмеулері (бұл балалар үйіндегі өмірдің жоғары дәрежеде 
реттелуіне  байланысты)  болашақта  олардың  қоғамға  қарсы  ортаға 
тартылуының себебі де болуы мүмкін, өйткені, әдетте барлық дерлік 
бұзушылықтар нақ жұмыс пен оқудан бос болатын уақытқа тура ке-
леді. Жетім балалардың қылмыстық топтарға тартылу ықтималдығы 
оларда  ізгі  әлеуметтік  бақылауды  жүзеге  асыратын  туыстарымен 
берік  әлеуметтік  байланыстарының  жоқтығына  байланысты  зорая 
түседі.    Бұл  балаларға  құқыққа  қарсы  элементтер  тарапынан  көп 
көңіл  бөлінуі,  сондай-ақ  жасөспірімдерде  өмірлік  тәжірибе  мен 
осы  текті  қарым-қатынасқа  белсенді  қарсылық  көрсету  қабілетінің 
жоқтығымен де түсіндіріледі [19].
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған ба-
лалар  проблемасының  нақ  осы  жағы  неғұрлым  аз  зерттелген  және 
дереу көңіл аударуды талап етеді.
Біріншіден, әлеуметтік-жағымсыз мінез-құлық пен оның салдар-
лары туралы ғылыми-құқықтық түсініктерді қалыптастыру бойынша 
мақсатты жұмыс қажет. 
Екіншіден, балалардың сыртқы жағымсыз әсерге қарсы тұра білу 
қабілетін қалыптастыру қажет.
Үшіншіден,  жасөспірімнің  өзі  туралы,  олардың  айнала-
сындағылар  берген  бағалар  мен  пайымдаулардан  салыстырма-
лы  түрде  тәуелсіздігі  туралы  пікірлерінің  дамуына  ерекше  көңіл 
аударған жөн. Тәрбиеленушілердің ересек адам бағасын меңгеруіне 
ұмтылмау керек, бұның жасөспірімнің жеке тұлғасының қалыптасуы 

65
үшін кері салдары болуы мүмкін. Тәрбиеленуші өзі туралы ересек 
адам білдірген пікірмен қорықпай дауласа алатын жағдайларды жа-
сау маңызды [9].
Төртіншіден, балаларды өзінің бос уақытын ұйымдастыра білу-
ге,  қызығушылықтарының  шеңберін  дамытуға,  рақаттану  әкелетін 
қажетті, пайдалы істі өздігінше таңдай білуге үйрету маңызды.
Балалар үйінде отбасындағыдай еркіндіктің болуы мүмкін емес-
тігі түсінікті, бірақ та балалар не істейтінін таңдайтын сәттер де бо-
лады және оларға мұндай мүмкіндік жасау керек.
5.  Тәрбиеленушілердің  қалыптасып  үлгерген 
жеке  тұлғалық 
жағымсыз  қасиеттерін  мақсатты  және  жүйелі  түрде  түзету,  ішкі 
және жеке тұлғалар арасындағы қақтығыстарды шешуге, ойдағыдай 
дербес  өмір  үшін  қажетті  сапалар  мен  қасиеттерді  дамыту    мен 
қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жеке пси-
хотерапия мен психотүзетім жүргізу маңызды.
Балалар үйі жағдайында балалардың өз бетінше әрекет етуін да-
мыту үшін: өзі жоспар құрудан, ұйымдастыру, өз әрекетін бақылау, 
үй  және  оқу  тапсырмаларын  орындаудан  жеке  тұлғалық  еркіндігін 
сезінгенге дейін жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Баланы өз бетінше ше-
шім қабылдауға итермелейтін, саналы таңдау жасау жағдайын туды-
ру қажет. 
Балалар  үйіндегі  тәрбие  қызметін  қалай  ұйымдастыру  керек 
екендігі,  оны  тәрбиеленушілердің  жеке  тұлғалық  даму  проблема-
ларын  шешуге  қалай  бағыттау  керек  екендігі  туралы  психолог-
тар  тобының,  кітап  авторларының  кейбір  кеңестерін  («Балалар  үйі 
тәрбиеленушілерінің психикалық дамуы» кітабынан) ұсынамыз [9].
балалар үйлерінің тәрбиешілеріне мектеп жасына дейінгі 
балаларды тәрбиелеу жөнінде кеңестер
Сабақтарға дидактикалық ойындар жүйесін енгізу қажет.
Балалардың назарын аудару мен ұстау үшін сабақтарды бірігіп 
жоспарлау мен оның қорытындыларын шығаруды пайдаланыңыздар. 
Сабақ    процесінде  балалар  тәрбиеші  әңгімелеуге  немесе  көрсетуге 
уәде  еткен  нәрсені  білуі,  ненің  жоспарланғаны  мен  нақты  өтіп 
жатқанның  арасындағы  байланысты:  «Естеріңде  ме,  мен  сендерге 
уәде еткенмін ...» деген сөздермен атап өткен дұрыс.
Сабақтарда таза сөзбен түсіндірулер барынша аз болып, көрнекті 
материал, іс-тәжірибелік әрекеттер барынша көп болуы тиіс.

66
Ойын  кезіндегі  баланың  жағдайы  мен  іс-әрекеттерін  сезіну 
мақсатында  кейде  оған  әріптес  құқығында  қатыса  отырып,  оған: 
«Сен  не  ойнап  отырсың?»,  «Саған  көңілсіз  емес  пе?»,  «Сен  мына 
машинамен не істегің келеді?» деген сұрақтар қойыңыздар. Осыған 
ұқсас  сұрақтар  баланың  күтпеген  іс-әрекеттерінің  үздіксіз  ағынын 
тоқтатады.
Баланы өткен, бүгінгі және болашақ әрекеттердің арасындағы 
байланысты  анықтауға  үйретіңіздер,  оның  іс-әрекеттерінің 
мақсаты мен оған қол жеткізудің құралдарын: «Сен нені жасағың 
(салғың, орындағың) келеді? Бұл үшін саған не керек? Бастапқыда 
нені, одан кейін нені істеу қажет?» сұрақтарының көмегімен бөліп 
көрсетіңіздер. Мектеп жасына дейінгі бала осы сияқты сұрақтарды 
өзіне қойып, оларға өзі жауап бере бастайды. Басында бұл сыртқы 
сөзбен білдіріледі. Егер балалар көбінде отбасындағы балалар істей-
тіндей үнсіз емес, әңгімелесе, өз әрекеттеріне естірте түсініктемелер 
беру арқылы ойнайтын болса, онда олардың өз іс-әрекеттерін сезіну-
інде маңызды алға жылжу болып өтеді.
Баланың өзіндік жағдайлары мен күйзелістерін бөліп көрсетуге 
және  сезінуіне  жәрдемдесіңіздер,  оны  өз  көңіл-күйін,  сезімін, 
күйзелістерін:  «Сені  ойынға  қатыстырмай  қою  сені  жәбірледі  ме, 
сенің қатты көңілің қалды ма, солай ма?», «Саған сабақтарда өзіңді 
мақтау  ұнай  ма?»,  «Сен  өз  табыстарыңмен  мақтана  аласың  ба?», 
«Сен Серік машинаны тартып алғанда қатты ашуландың ба?» және 
т.б. сұрақтардың көмегімен таңдай білуге үйретіңіздер.
Осындай әдіспен балаға басқа балалардың көңіл аударуына жол 
ашуға болады, бұл әсіресе жанжалдық жағдаяттарда маңызды.
Баланы  саналы  таңдау  жасау  жағдаятына  қойыңыздар,  оны 
дербес шешімдер қабылдауына түрткі болыңыздар. «Нені ойнағың 
келеді? Кім болып ойнағың келеді? Ойында саған кім болып ойнау 
қызықтырақ: сатушы немесе сатып алушы болып па, әлде жүргізуші 
немесе милиционер болып па және т.б.» үлгісіндегі сұрақтар бала-
ны болашақ іс-әрекеттерінің әр түрлі нұсқаларын ойластыруға және 
өзінің жеке қалауын сезінуіне мәжбүрлейді.
Балалармен  ойынды  бірлесіп  жоспарлауды  ұйымдастырыңыз-
дар. Бұл үшін бірнеше баламен (5–6 аддам) бірге олардың болашақ 
ойынының  жоспарын  алдын  ала  жасаңыздар:  рөлдерді  бөліңіздер, 
іс-әрекеттердің ретін, әрбір кейіпкердің міндеттерін, оның сипатын, 
қызметтің ақтық және аралық буындарын анықтаңыздар. Мұнымен 
бірге  балалармен  кеңесіңіздер  және  олардың  барлық  ұсыныстарын 

67
ықыласпен  қабылдаңыздар.  Алдағы  болатын  ойын  жоспарын  және 
әрбір кейіпкердің іс-қимылдарының ретін анықтап алып, балалармен 
бірге белгіленген сюжетті ойнай бастаңыздар. 
Балалардың  белгіленген  жоспардан  алшақталуын  бақылаңыз-
дар,  бірақ  рөлдің  шегіндегі  барлық  бастамалық  іс-қимылдарды 
мадақтаңыздар.
Кейде  іс-әрекеттердің  белгіленген  тәртібін  өз  ойын 
кейіпкеріңіздің атынан еске салыңыз және рөлдік міндеттерді сақтауға 
шақырыңыздар. Ойыннан кейін әрбір қатысушымен әңгімелесіңіздер, 
нені  ойнағандарын,  бәрінен  де  көбірек  ұнаған  нәрселері  туралы 
сұраңыздар. Ойын үшін балаларға неғұрлым таныс сюжеттерді: ау-
рухананы, отбасын, дүкенді, концертті және т.б. таңдап алған дұрыс. 
Сондай-ақ балаларға белгілі ертегілерді де ойнауға болады.
Кешке  балалармен  өткен  күн  туралы  әңгімелесулерді 
ұйымдастыру  пайдалы.  Балалардың  жағдайына,  олардың  көңіл-
күйіне тұрақты түрде ерекше назар аударған жөн. Оларда қандай 
да  бір  көңілді,  күлкілі  нәрсенің  болғанын,  бүгін  неге  қуанғанын, 
не үшін жылағанын сұрауға болады. Егер балалар не жауап берер-
лерін  білмесе  (алғашқы  кезде  мұндай  үнсіздік  өте  жиі  байқалды), 
онда балаларға көмектесу қажет — қандай да бір күлкілі көріністі 
немесе балалардың дау-дамайын еске салу, оның неден шыққанын, 
балалардың бір-бірін кешірген, кешірмегенін сұрау орынды. Мұндай 
әңгімелесулер тәрбиешіден балаларға күні бойы көңіл бөлуді және 
барлық мәнді оқиғаларды есте сақтауды талап ететіні түсінікті.
Балалар  үйіндегі  балалар  өмірін  мүмкіндігінше  оқиғалармен, 
жаңа  әсерлермен  байыту  керек:  өздері  қатынасатын  концерттер 
ұйымдастыру,  әр  түрлі  ертегілерді  сахналау,  экскурсияларға  апару, 
жаңа ойындар ұйымдастыру және т.б. Бірақ та балалар кенеттен бір 
жаққа  алып  кететін,  қандай  да  бір  нәрсені  көрсететін  өтіп  жатқан 
оқиғалардың енжар қатысушылары емес, оқиғаларды өз бастарынан 
белсенді  түрде  өткізушілер,  оларды  күтушілер  және  оларға  дайын-
даушылар болуы тиіс. Мұндай көңіл-күй үшін күн сайын кешке қарай 
өткізу өте пайдалы болатын ертеңгі күн туралы әңгімелесулер қажет.
Балалар  өздерін  өз  өмірлерін  жоспарлауға  біртіндеп  қосқан 
жөн.  Балалар  үйінде  отбасында  болатын  еркіндіктің  болмайты-
ны түсінікті. Бірақ солай болса да балалар үйінің өмірінде балалар 
өздерінің не істейтінін, өз ойындары мен істерін өздері жоспарлау-
ды таңдауға ерікті болатын сәттер де туындайды. Оларға мұндай 
мүмкіндікті сол әңгімелесулерде беру керек.

68
жасы кіші  мектеп оқушыларымен жұмыс бойынша кеңестер
Толыққанды  зияткерлік  даму,  бейнелі  ойлау,  креативтілік, 
шығармашылық  құрамдас  бөлік  үшін  тәрбиеленушілердің  нақты-
сезімдік  тәжірибесін  байыту  және  кеңейту  қажет:  «мекендеу 
кеңістігін» арттырыңыздар, балалармен серуендерді, мүмкін болатын 
экскурсияларды  жиірек  жасаңыздар,  балалар  ойнайтын  және  іспен 
айналысатын үй-жайларды, жағдайды аустырыңыздар.
Бала өмірінде белсенді түрде істес болатын заттардың түрле-
рі мен санын көбейту қажет — тұрмыстық заттардан (құмыра, сау-
ыт, аяқ-киімге арналған мүйізше және т.б. бастап бала психикасының 
әр  түрлі  жақтарын  дамытуға  арналған  арнаулы  материалдар, 
ойыншықтарға дейін).
Бала  үшін  құммен,  сумен,  пластилинмен,  уақ  тастармен, 
ағаштармен  әр  түрлі  жұмыстар  атқарудың  зор  маңызы  бар  —  нақ 
осы  жұмыстар  процесінде  (құю,  төгу,  жапсыру  кезіндегі  зат-
тар  формасының  өзгеруі,  әр  түрлі  көлемдерді,  жазықтықтарды, 
салмақтарды  өзара  сан  дүркін  салыстыру  және  т.б.)  балада  шама, 
форма, заттардың құрылысы туралы аса маңызды көрнекті-бейнелі 
түсініктердің негізі қаланады.
Қиялды  дамытуға  бағытталған  бейнелеу  қызметі  мен  сөз 
шығармашылығы  бойынша  сабақтардың  ерекше  курсын  әзірлеген 
дұрыс.  Сурет  салу,  жапсыру,  әр  түрлі  бұйымдар  жасау  бойынша 
сабақтар  жекелеген  кескіндеу  дағдыларын  қалыптастыруға  және 
үлгіні  жай  ғана  көшіріп  алуға  емес,  сондай-ақ  заттарды  жоспарлы 
түрде зерттеу, қиялдай білу, ойлану икемділіктерін дамытуға құрылуы 
тиіс.
Басталған  суретті  салып  бітіру,  нүктелердің  орналасулары-
на  қарай  суретшінің  не  ойлағанын  табу,  бір  суретті  кезектесе  от-
ырып топтың барлық мүшелерінің салуы (біреуі бастайды, басқасы 
жалғастырады, және т.с.) сияқты тапсырмалар қызғылықты.
Ауызша зиятты дамыту үшін тәрбиеленушілерге қандай да бір 
тарихты әңгімелеп беруді ұсыныңыздар, мысалы: «Бүгін таңертең не 
болды?» немесе «Асханада не болды?».
Ересек адамның балаларға деген көзқарасы барынша тілектес-
тік болуы тиіс: баланың әрбір, тіпті болмашы жетістігін де атап 
өткен жақсы.
Баланы  ойыншықтармен,  үстел  үсті  ойындарын  ойнауға, 
құрылымшылықпен  жұмыс  істеуге  үйретіңіздер.  Көбінесе 

69
дидактикалық сипатқа ие болатын дамытушы ойындардан бөлек ере-
желері бар рөлдік ойынға және баланың еркін ойынына көңіл бөлу 
және оған барлық жағынан жағдай жасау қажет.
Баланың ересектермен қарым-қатынасы процесін оңтайландыру 
үшін  ересектің  балаға  қатысты  позициясын  нақтылап  алу  қажет. 
Интернаттық  үлгідегі  балалар  мекемелерінің  тәрбиешілері  мен 
педагогтары  баланың  олардың  көңіл-күйіне,  назар  аударуына,  мі-
нез-құлықты  басқаруға  арналған  беделіне  тәуелділігіне  қатысты 
күшті  жиі  пайдаланады.  Мұнымен  бірге,  алайда,  мұндай  эмоция-
лық тәуелділіктің жағымсыз салдарлары есепке алынбайды.
Тәрбиеші  мұндай  тәуелділіктің  ықпалын  әлсіретуге,  баланың 
ересек адамнан еркіндігін дамытуға ұмтылуы тиіс.
Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасты дамыту 
үшін  жаттығулар,  әралуан  нақты  жағдаяттардағы,  оның  ішін-
де  қиын,  жанжалдық  жағдаяттардағы  мінез-құлық  дағдыларын 
машықтандыру пайдалы. Бұл күнделікті қарым-қатынаста, сондай-
ақ арнайы ұйымдастырылған топтық сабақтардың барысында жүзеге 
асырылуы  мүмкін.  Өмірден  нақты  орын  алған  дау-дамайларды, 
төбелестерді талқылау пайдалы. Бірақ ол кінәлілерді айыптау, жа-
залау мақсатында емес, балалардың не болғанын түсінуі, басқаның 
көзқарасы  жағына  шығуға  әрекеттенуі  үшін  істеледі.  Бұл  үшін 
жәбірлеушіге жәбірленушінің позициясынан жағдаятты сипаттауды 
ұсынуға болады, және керісінше. Баланы әр түрлі жағдаятарда өзін 
дұрыс ұстауға ғана емес, сондай-ақ көкейкесті өмірлік жағдаяттың 
шектерінен шығуға (мұның өзі шын мәнінде бұл жағдаятты меңгеру 
мүмкіндігін береді) үйрету пайдалы.
Бұл үшін балалармен әр түрлі ойындар өткізуге болады, ойын-
дарда  олар  өздерінің  құрдасы  не  істеуі  керек  екендігін  (бала  өзін 
әдетте құрдасымен ұқсастырады), оның қандай да бір қылығы үшін 
(мысалы, жолдасына көмектесуге уәде етіп, оны орындамаса) немен 
аяқталуы мүмкін екендігін өз ойында бейнелеуі тиіс.
Осыған  ұқсас  сюжеттерді  театрлық  этюдтер  үлгісінде  ойнауға 
да болады. Барлық ойындар мен сабақтарда бала өз қылықтарының 
өзі  және  айналасындағылар  үшін  салдарларын,  болашағын  барын-
ша  эмоциялы,  жан-жақты  ұғынуын  үйретуге  ерекше  көңіл  бөлу 
қажет.
Мінез-құлық  еркіндігін  дамыту,  өз  қызметінің  нәтижелеріне 
бақылау  мен  жоспарлау  операциялары  мақсатында  бұл 
операциялардың  барлығы  оның  мәнді  құрамдас  бөліктері  ретінде 

70
әрекет ететін оқу қызметінің жағдаятын, сондай-ақ арнаулы түзетімдік 
сабақтарды да пайдалануға болады.
Тәрбиеленушілермен  қарым-қатынасты  алдына  балалардың 
анасын  немесе  әкесін  тікелей  алмаструы  мақсатын  қоя  отырып, 
отбасылық үлгі бойынша қалыптастыру қажет емес.  Бұл күткен 
нәтижелер әкелмейді, көбінесе тек эмоциялық жағынан шаршатады, 
педагогтардың мәнін жояды (эмоциялық донорлық түсінігі бекер пай-
да болған жоқ). Сондықтан интернаттық үлгідегі балалар мекемеле-
ріндегі тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің байланысы отбасылық 
байланыстарға еліктемеуі тиіс, керісінше, мұндай мекеменің сапалық 
өзгешелігін  есепке  алатын  қарым-қатынастың  ерекше  стилін 
құрудың  нақты  тәсілдері  мен  міндеттерін  саналы  түрде  әзірлеу 
қажет деп есептейтін медиктермен және психологтармен келіскен 
жөн.  Интернаттық  үлгідегі  балалар  мекемелерінде  жұмыс  істейтін 
ересек адам өзінің балалармен эмоциялық байланыстарының қалай 
қалыптасатынына  ерекше  назар  аударуы,  қарым-қатынастық 
сырласушылықтың  кемшіліктерін  барлық  мүмкін  болатын  есепке 
алуы тиіс.
жасөспірімдермен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру бойынша 
кеңестер
Педагогтарға  жасөспірімдік  кезеңдегі  тәрбиеленушілердің 
өздеріне  деген  көзқарасын,  өзіндік  санасының  даму  процесін 
оңтайландыру қажет. Бұл үшін рефлексия, өзін-өзі тану процесін 
барынша ыңталандыру маңызды. Бұл үшін: «Мен өзім туралы не бі-
лемін?», «Мен нені сүйемін және жек көремін?», «Менің қолымнан не 
келеді?», «Мен мақтан ететін адам», және т.б. тақырыптарға жеке және 
топпен әңгімелер өткізу, шығарма жазғызу пайдалы. Шығармаларда 
«мектептік»  сипаттың  болмауы,  оның  үстіне  сауаттылығы,  әдеби 
стилі  мен  пайымдауларының  дұрыстығы  бағаланбауы  тиіс. 
Шығармалар белгілі бір жағдайларда тәрбиеленушіге жеке кеңестер 
беруді,  әңгімелесу  өткізуге  қызмет  ете  алады.  Жасөспірімдердің 
жеке  күнделіктер  жүргізуге  ұмтылысын  мадақтаған,  оларды  бұған 
үйреткен  жөн.  Күнделік  жасөспірімнің  ішкі  дүниесінің  дамуы-
на  жағдай  жасайды.  Кейіннен  нәтижелері  талқыланатын,  өзін  өзі 
тексерудің  ең  қарапайым  психологиялық  тесттерін  пайдалану  пай-
далы;  жұмыстың  бұл  формасын  маман-психолог  неғұрлым  тиімді 
жүзеге асыра алады. Өзіндік сананы ішкі дүниеге ену, өз сенімдерін 

71
түйсіну қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған арнаулы тәсіл-
дер мен ойындарды пайдаланған дұрыс.
Жаспірімнің өзі туралы түсініктерінің дербестігін дамытуға, 
олардың айналадағылардың пайымдаулары мен бағаларынан салыс-
тырмалы түрдегі тәуелсіздігіне ерекше назар аудару қажет.
Тәрбиеленушілер  ересектер  берген  бағаларын  меңгеруіне 
ұмтылыңыздар.  Бұның  жасөспірім  жеке  тұлғасының  қалыптасуы 
үшін  жағымсыз  салдарлары  болуы  мүмкін.  Жасөспірім  өзі  туралы 
ересек адам білдірген пікірге қорықпай дау айта алатын жағдайлар 
жасау да маңызды.
Жасөспірімнің  өзіне  деген  дұрыс  қарым-қатынасын  қалыптас-
тыру үшін онымен араласып жүрген ересек адам тәрбиеленушімен 
қарым-қатынаста  екі  тәсілді  үнемі  ұстануы  тиіс:  жасөспірімге 
әрқашан  баланы  бірегей,  қайталанбас  және  сондықтан  да  тамаша 
жаратылыс реттінде сөзсіз қабылдауға негізделген жеке тұлға ретін-
де қарау; және оның жекелеген іс-қимылдарына, мінезінің сипатына, 
жетістіктеріне берілетін, жағымды немесе жағымсыз болатын нақты 
бағалаулардың көптігі: жасөспірім мұндай бағалардың айқындылығы 
мен шынайлылығына қатты зәру болады. 
Тәрбиеленушілермен кәсіптік бағалау және кәсіптік кеңестер 
беру жұмысы мен жүйесін құру қажет. Мұндай жұмыс ерте баста-
луы тиіс; бала мектептік балалар үйіне (интернатқа) келген алғашқы 
күндерден  бастап  оны  кәсіптер  әлемімен  кітаптар,  әңгімелер  бой-
ынша  ғана  емес,  онымен  бірге  поштаға,  институт  зертханасына, 
шаштаразға,  вокзалға  және  т.б.  экскурсиялар  жасап,  одан  кейін 
көргендерін  адамдардың  кәсіптік  қызметінің  мазмұны  тұрғысынан 
талқылау арқылы да таныстыру қажет. Балалар үйінің (интернаттың) 
тәрбиеленушілерін кәсіпті таңдауға байланысты өзін өзі тануын бел-
сендіру бойынша байыпты психологиялық жұмыс жүргізілуі тиіс. Бұл 
үшін кәсіптік кеңестер беру жұмысының барлық дәстүрлі әдістері, 
жасөспірімге өз қабілеттілігін, бейімділігін, ұнататын нәрсесін ашуға 
мүмкіндік беретін әдістемелер мен тесттер жарамды.
Бұл  кезеңде  педагогтар  балалар  үйінің  тәрбиеленушілерін 
болашақ отбасылық өмірге дайындауға ерекше көңіл аударуы тиіс. 
Тәжірибе интернаттық үлгідегі балалар мекемелерін бітірушілердің 
өз  отбасын  құру  мен  сақтауда  елеулі  қиындықтарды  бастарынан 
өткізетінін көрсетеді, олар күйеуінің немесе әйелінің ата-аналық отба-
сына қиындықпен үйренеді, жұбайымен толыққанды өзара қатынас-
тар  құруға  қабілетсіз  болады.  Оларда  бір-біріне  деген  бастапқы 

72
ынтықтық  тез  сарқылады,  жұбайлық  қатынастар  мазмұны  дамы-
май  қалады.  Себептердің  біреуі  балалар  үйі  тәрбиеленушілерінде 
жыныстық  рөл  туралы  қате  қалыптасқан  түсініктерде  жатыр. 
Интернаттық  үлгідегі  балалар  мекемелеріндегі  тәрбие  жұмысы 
жүйесін  құру  кезінде  педагогтарға  мынаны  есте  сақтау  маңызды: 
тәрбие  жұмысының  дәстүрлі  формаларының  маңыздылығына 
қарамастан  интернатты  тұрақты  жұмыс  істейтін  пионер  лагеріне 
айналдыруға болмайды. Ширақ, эмоцияларға толы тәрбиелік шара-
лар қалыпты, байсалды «үй» өмірінің жарқын көріністері ғана болуы 
тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет