62
Бұдан басқа, «Қазақстан» ҰТА телеарнасымен бірге «Шырмау» деректі
фильмі шығарылып, оның көрсетілімі Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне
(26 маусым) орайластырылды
.
Ресми деректерге сүйенсек, 2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша
Қазақстан Республикасында
есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен
прекурсорларды тұтынатын
40 224 адам тіркелген (2012 жылы –
41614), есірткі
тұтынушылардың 1390 адамға
азайғаны байқалып отыр, бұл
3,3%-ды құрайды
.
Жас шамасына қарай құрамы:
14 жасқа толмаған – 263 (2012 ж. – 392);
15-17 жас – 1519 (2012 ж. – 1810).
Есепте тұрған кәмелетке толмағандар санының азаю үрдісі сақталып отыр:
2010 жылы – 3681-ден 2939-ға дейін, 2011 жылы – 2613-ке дейін, 2012 жылдың 9
айында – 2202-ге дейін, 2013 жылдың осындай кезеңінде –
1782-ге дейін (-19,1%).
Сотталған кәмелетке толмағандармен тәрбиелік жұмысы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
қылмыстық-атқарушы
жүйесінде
(бұдан әрі – ҚАЖ) бүгінгі таңда бір тәрбиелік колония
(ЛА-155/6
мекемесі) және ЛА-155/4 мекемесінің жанындағы қыздарға арналған жергілікті
учаске бар. ЛА-155/6 мекемесінде 128 кәмелетке толмаған сотталғандар жазасын
өтеуде, ЛА-155/6 мекемесінің жанындағы жергілікті учаскеде – 0.
Кәмелетке толмаған сотталғандармен жұмысқа қаланың көптеген
ұйымдары, оқу орындары, қоғамдық бірлестіктер, діни конфессиялар қатысады.
Осылай, 2013 жылғы 26 сәуірде «Үміт» халықаралық орталығы» ҚҚ-ның,
«Әлеуметтік Жобалардың Халықаралық Ассоциациясы»
ҚБ-ның көмек
көрсетуімен «ЛА-155/6 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесінде
«Қазақстан – туған үй» 1-ші Өңіраралық конкурсы ұйымдастырылды және
өткізілді. Әртүрлі номинацияларда 1-ші орындар алған сотталғандарға арналған
конкурстың нәтижелері бойынша ҚР ҚАК-нің 130-бабына
сәйкес колония
қызметкерлерінің бірге жүруімен тәрбиелік колонияның шегінен тыс мәдени-
ойын-сауық және спорттық іс-шараларына баруға құқығын іске асыру мақсатында
63
Алматы қаласының көз тартарлықтай жерлері бойынша таныстыру-танымдық
экскурсиясы ұйымдастырылған болатын.
Сонымен қатар, мекемеде колонияның Қамқоршылық кеңесі қызмет етеді.
Сотталғандарды тәрбиелеу процессінде маңызды бағыттардың бірі жеке-
тәрбиелеу жұмысына туысқандарын тарту болып табылады және ол әсіресе
туысқандары сотталғандармен
кездесуге келген уақытта, ал қажеттілігіне қарай
туысқандарын арнайы шақыру бойынша жүргізіледі.
Сонымен қатар, психологиялық жүкті тастау бөлмесінде сотталғандарға
психологиялық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізіледі. Кәмелетке
толмағандармен
жұмыстың жаңа бағыттарының бірі психолог-нұсқаушының
жұмысы болып табылады. Кәмелетке толмағанның тұлғасының дамуы,
физикалық және психологиялық денсаулығын сақтау үшін жағдайлар жасалады.
2013 жылдың басынан бастап ЛА-155/6 мекемесінің психологиялық қызметінің
қызметкерлері колония тәрбиеленушілерінің арасында
суицидтік әрекеттерінің
профилактикасы және жол бермеу бойынша іс-шаралар қатарын өткізген
болатын. ЛА-155/6 мекемесінің тәрбиеленушілеріне жүйелі түрде Люшердің ОСР
және МЦВ әдістемелерін қолдану арқылы суицидтік үрдісін анықтау үшін
психологиялық-диагностикалық тексерулер өткізіледі.
2013 жылғы 24 тамыздағы жағдай бойынша суицидке және мүшесін
зақымдаушылыққа бейім ретінде психологиялық қызметтің есебінде
85
(2012ж. - 90) тәрбиеленуші
тұр.
Психологиялық
қызметтің
профилактикалық
есебінде
тұратын
тәрбиеленушілермен жүйелі түрде психологиялық-түзету
(жеке де, топпен де)
және психологиялық-консультациялық жұмыстары жүргізіледі.
Есептік кезең ішінде ЛА-155/6 мекемесінің тәрбиеленушілерімен 723
(2012ж. – 461) жеке консультациялар өткізілді. Топтық психологиялық-түзету
сабақтары 55
(2012ж. - 24) қатысушылар саны – 589
(2012ж. - 230). Сонымен
қатар, Қоғамдық-бақылайтын комиссияның
(бұдан әрі –ҚБК) көмек көрсетуімен
16 маусымнан 28 тамызға дейін жазғы каникулдар кезінде
«Кәмелетке
Достарыңызбен бөлісу: