Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



Pdf көрінісі
бет40/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60
«Кадеттер мектебі» құрылды, ол берекесіз отбасыларда тұрып жатқан, кәмелетке 
толмағандар ісі жөніндегі бөлімшелердің есебінде тұрған кәмелетке 
толмағандарды тәрбиелеуде көмек көрсетуге бағытталған. Бүгінгі күні бұл 
мектепке кәмелетке толмаған 40-тан астам бала барады.  
 
Қазіргі уақытта, оқушылар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы 
мәселелерінде «мектептегі» полиция инспекторлары институты өзін-өзі 
ақтады, олардың саны 1798 бірлікті құрайды (қосымша 1427 бірлік талап 
етіледі). Олардың жетекшілігімен полицияның жас көмекшілерінің 4,2 мың ерікті 
жасағы жұмыс істейді, 47 мың мектеп оқушысы қатысады.
Сонымен қатар олар сабаққа бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында 
білім беру органдарының өкілдерімен бірге ай сайын кешенді іс-шаралар өткізіп 
тұрады. Мысалы, 2012 – 2013 оқу жылында 2 мыңнан астам (2011 – 2012 оқу 
жылында – 30 мыңнан астам) осындай жасөспірім анықталып, қабылданған 
шаралардың нәтижесінде олар қайтадан сабаққа кірісті.
Білім беру ұйымдарының өкілдерімен және ата-аналар комитеттерімен бірге 
олар 20 мыңнан астам рейдтік іс-шара жүргізді, оның шеңберінде 5,4 мың
(2012 ж. – 5 мың) құқық бұзушылық анықталды, мектеп ішіндегі есепте тұратын 
16 мыңға жуық жасөспірімнің тұратын жеріне және 10 мыңнан астам берекесіз 
отбасыға барды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық профилактикасы
Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес 
қоғамдық ұйымдармен бірге Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 
күрестің 2012 – 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасын (бұдан әрі – 
Бағдарлама) іске асыру шеңберінде кәмелетке толмағандар арасындағы 
нашақорлықтың профилактикасы бойынша бірқатар іс-шараларды жүзеге 
асыруда. 
Үкіметтік емес ұйымдардың бастамасы бойынша Бағдарламаның іс-шаралар 
жоспарының бірқатар пункттерін қаржыландыру қайта қаралды.  
Мысалы, бұдан бұрын халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне 
орайластырылған акцияларды өткізуге көзделген 39,3 миллион теңге 
сомасындағы қаржылай қаражат енді ішкі істер органдарында есепте тұрған, 
өмірде қиын жағдайға тап болған, әлеуметтік баспаналарда тәрбиеленіп жатқан 
кәмелетке толмаған жеткіншектердің спорт секцияларына тегін баруын 
қамтамасыз етуге жіберілетін болды.  
Осы іс-шара шеңберінде кәмелетке толмаған жеткіншектермен жұмысқа 
спорт жаттықтырушыларынан басқа осы топтағы жеткіншектердің девиантты 
мінез-құлқын түзету үшін психологтар да тартылатын болады. Бұл бастаманы 
Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдіктері қолдап, жергілікті 
деңгейде қосымша қаржы бөлді.  


61 
Астана 
қаласының 
әкімдігі кәмелетке толмағандар тегін және 
жеңілдікпен баратын аула клубтарын дамытуға 2012 – 2014 жылдарға 45 млн. 
теңге көлемінде қаржы көздеді.
Сол сияқты, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі 7,5 млн. теңге көлемінде 
қаржы бөлді.
ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен 
оның аумақтық бөлімшелері жастар мен жасөспірімдер арасында есірткі 
тұтынуды болдырмау жөніндегі жұмысты ұдайы жүргізіп отырады, тәрбиелеу 
жұмысына, салауатты өмір салтын насихаттауға, профилактика жұмысын жүзеге 
асыратын мүдделі мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің 
қызметін үйлестіруге мән берілді.
Елдің барлық өңірлерінде жыл сайын Халықаралық нашақорлыққа қарсы 
күрес күніне (26 маусым) арналған, жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіге 
қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған акциялар өткізіледі. 
Акциялардың 
шеңберінде 
ақпараттық-насихат 
жұмыстары 
жүзеге 
асырылады, мәдени-бос уақыт және спорттық іс-шаралар өткізіледі.
Ағымдағы жылдың басынан бері Комитет пен оның аумақтық бөлімшелері 
профилактикалық сипаттағы 6 382 іс-шара ұйымдастырып, өткізді, олардың 
қатарында 375 акция, 2 255 лекция және 1 653 кездесу, 442 дөңгелек үстел, 256 
конкурс, 587 спорт жарыстары мен турнирлер бар.
Денсаулық сақтау және білім беру органдарымен өзара іс-қимыл жасай 
отырып, 3236 іс-шара, ҮЕҰ-мен бірге – 1607, мектептердегі полиция 
инспекторларымен бірге білім беру объектілерінде – 3362, ЖОО-ларда – 1245 іс-
шара өткізілді. 
Конференцияларда, семинарларда және дөңгелек үстелдерде кең ауқымды 
мәселелер, оның ішінде оқу орындарында нашақорлықтың алғашқы 
профилактикасын ұйымдастыру, есірткіге тәуелді адамдардың профилактикасы
оларды емдеу мен сауықтыру проблемалары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен 
үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау проблемалары, есірткі 
бизнесіне қарсы күрестің тиімділігін арттыру және басқалары талқыланды. 
Іс-шараларды өткізу барысында жасөспірімдер мен жастарды қамтудың 
жалпы көлемі 280 мың адамнан асты.
Ағымдағы жылы Комитет пен оның аумақтық бөлімшелері есірткіге қарсы 
бағытта 6215 материал жариялады. Комитет пен ІІД басшылығы тілшілер үшін 
340 брифинг пен баспасөз конференцяларын өткізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет