Балалар мен жасөспірімдердегі суицидтік мінез-құлық профилактикасы Қазақстан Республикасында соңғы жылдары балалар мен жастардың
суицидтік мінез-құлқы проблемасы өзекті болып табылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2012-2014 жылдарға суицидтерді болдырмау жөніндегі ведомствоаралық іс-қимыл жоспарын әзірледі. Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқына жедел көңіл
бөлудің, болдырмаудың, профилактикасын психологиялық қамтамасыз етудің
тиімді жүйесін құру мақсатында ел өңірлерінде 187 ведомствоаралық жұмыс тобы
жұмыс істейді.
Ведомствоаралық
іс-қимыл
жоспарының
шеңберінде
Қазақстан
Республикасындағы жасөспірімдер арасындағы суицидтерді зерттеу жөніндегі
бағдарлама жобасы әзірленуде.
2013 жылғы 26 шілдеде зерттеу әдіснамасы мен индикаторларын талқылау
және бекіту бойынша ведомствоаралық консультациялық кеңес өтті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ұлттық үйлестіру кеңесінің
отырысында суицидтердің алдын алу саласындағы сектораралық өзара іс-қимыл
жасау бойынша есеп ұсынылды.
2013 жылғы 14 мамырда халықаралық сарапшылардың қатысуымен осы
салада жұмыс істейтін мамандарды, мүдделі мемлекеттік органдардың,
облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің, елшіліктердің,
халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін шақыра отырып
«Мемлекеттік
деңгейде
суицидтер
превенциясының
ведомствоаралық
аспектілері» конференциясы өткізілді.
Жасөспірімдер арасындағы суицидтердің деңгейін төмендетуге Денсаулық
сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» қолданыстағы мемлекеттік
бағдарламасы да бағытталған.
Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі осы Мемлекеттік бағдарлама
шеңберінде аудандарда мамандандырылған суицидологиялық қызметтерді ашу
мәселесін пысықтауда, олар кризистік жағдайдағы және суицидтік мінез-құлқы
бар тұлғаларға көмек көрсететін болады («Сенім телефоны» шұғыл психологиялық көмек қызметі, кризистік стационарлар, әлеуметтік- психологиялық көмек көрсету кабинеттері және оңалту орталықтары).