Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



Pdf көрінісі
бет12/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60
 
Балалар мен жастарды тәрбиелеу 
Қазақстанның білім беру жүйесінде балаларды тәрбиелеу мемлекеттік білім 
беру саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. 
Білім беру ұйымдарының бәрінде де Оқыту процесінің тәрбиелік 
құрамдауышын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар іске асырылады, 
өңірлік жоспарлар әзірленген. 
Жалпы орта білім беру жүйесінде тәрбие жұмысымен 7,2 мың директордың 
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 7,8 мың психолог, 3,6 мың әлеуметтік 
педагог, 4,5 мың аға тәлімгер, полицияның 1,7 мың мектеп инспекторы 
айналысады. Барлығы 25 мыңнан астам педагог.
Олардың бәрі 1 млн. 400 мың оқушының (оқушылардың 60%-ы) сабақтан 
тыс уақытта іспен айналысуын қамтамасыз етеді. Бұл мамандар балаларға және 
балалы отбасыларға педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік-құқықтық 
көмек көрсетеді. 
Балаларды қоғамға ойдағыдай әлеуметтендіру, көбінесе, балалардың 
азаматтық позициясының қалыптасу деңгейіне, балаларды рухани-адамгершілік, 
патриоттық рухта тәрбиелеуге байланысты болады.
Оқыту процесінде әрбір мұғалім өзінің қандай пәннен сабақ беретініне 
қарамастан, оқушының жеке тұлғасының рухани-адамгершілік қасиеттерінің 
қалыптасуына ерекше назар аударады. 
Жеке тұлғаның қалыптасуында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың рөлі 
маңызды. 
2010-2011 оқу жылынан бастап «Өзін-өзі тану» пәні білім берудің барлық 
деңгейлерінде (балабақшалар, мектептер, ЖОО-лар) оқу жоспарларының 
құрамына кірді, ол қазіргі заманғы қоғамда жалпы адамзаттық құндылықтарды 
қалпына келтіру проблемасын шешуге бағытталған және адамның адамгершілік-
рухани дамуының негізіне айналмақ. 
Балаларға арналған музыкалық және театрлық іс-шараларды өткізу 
балаларды адамгершілік-рухани дамытудағы аса маңызды бағыт болып табылады. 
Республикада 7 қуыршақ театры мен балалар мен жасөспірімдерге арналған 6 


19 
театр жұмыс істейді. 2012 жылы балаларға 200-ден астам, 2013 жылдың 
1-ші жартыжылдығында – 100-ден астам спектакль көрсетілді. 
Балалар кітапханаларының желісі жұмыс істейді, «Бiлiм» телеарнасы 
жұмыс істейді, оның қызмет бағыттарының бірі мектеп оқушыларын рухани-
адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу және сауаттарын ашу болып табылады. 
Әскери-патриоттық клубтар қазақстандық патриоттықты қалыптастыруда 
маңызды рөл атқарады. 
Қазіргі уақытта мектептердің базасында мектеп жасындағы 49 мыңнан 
астам бала баратын 1 736 әскери-патриоттық клуб, тереңдетілген әскери және 
физикалық даярлық өткізілетін, 500-ден астам оқушыны қамтитын облыстық 3
кадеттік мектеп-интернаты, сондай-ақ 1 228 оқушысы бар 48 кадет сыныптары 
жұмыс істейді.
Әскери-патриоттық клубтардың республикалық слёттерін, «Ұлан», «Алау» 
әскери-спорттық ойындарын, «Мамыр жұлдыздары» солдат әндерінің 
конкурстарын, Батылдық сабақтарын, «Іздеу» операцияларын, Әскери даңқ 
күндерін, әскери бөлімдер мен жоғары әскери училищелерінде ашық есік 
күндерін, «Отанының лайықты ұлдары» кештерін, «Патриот», «Қамқорлық» 
республикалық әскери-патриоттық акцияларын өткізу дәстүрге айналды. 
12 жылдық білім беруге көшу шеңберінде әскери-патриоттық клубтардың 
қауымдастықтары мен бірлестіктер құрылады, іздестіру-өлкетану жұмысы мен 
мұражай жұмысы жандандырылады. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 
қаулысымен «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы мақұлданды. 
Балалар мен жастардың барлық санаттарын қамту және кәсіподақтар, 
бизнес, азаматтық қоғам қатысатын ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жаңа 
моделі жаңа Тұжырымдаманың ерекшелігі болып табылады.
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды 
(2013 жылғы 18 маусымдағы № 603 ҚРҮҚ). 
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр.
Мемлекеттік жастар саясатын қаржылай қамтамасыз ету жыл сайын 
ұлғайып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет