70
теориялық
және
практикалық сабақтардың 835 сағатын құрайды.
Институт мұғалімдер үшін «Отбасылық тәрбие: Қалай жақсы ата-ана болуға
болады» ата-аналарға арналған әдістемелік құралын,
психологтар мен ата-
аналарға арналған отбасылық тәрбие бойынша «Бақытты отбасы» оқу курсын
әзірледі.
Жыл сайын Астана қаласының 1000-нан астам ата-аналары педагогикалық
және психологиялық мәдениетін жоғарылату үшін педагогикалық шеберлік
мектебіне барады.
2013 жылдан бастап республиканың 5 өңірінде Отбасылық тәрбие
орталықтары ашылды.
2013 жылдан бастап республикада Қазақстан Республикасы Президентінің
1998 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да
мерекелер туралы» № 3827 жарлығына сәйкес Отбасы күні тойланады.
Мемлекеттік және жергілікті атқару органдары
отбасы және балалар
проблемаларымен айналысатын қоғамдық ұйымдармен бірлесіп республиканың
барлық өңірлерінде идеологиялық мағынасы қазақстандық отбасының оң
имиджін насихаттауға бағытталған іс-шаралар өтті.
Іс-шаралар шеңберінде ғылыми-практикалық конференциялар, кездесулер,
«дөңгелек үстелдер», ток-шоулар,
бұқаралық отбасылық мейрамдар, әдеби-
поэтикалық кештер, спорттық отбасылық эстафеталар, сондай-ақ әртүрлі
отбасылық шығармашылық фестивальдары, жетім балаларға және ата-
аналарының қарауынсыз қалған балаларға, денсаулық мүмкіндіктері
шектеулі
балаларға және басқаларға арналған қайырымдылық акциялары өтті.
2013 жылғы 8 қыркүйектегі 500 арнайы ашық консультациялық
пунктарында елдің отбасылық тәрбие бойынша ата-аналық жұртшылығына
арналған кең ауқымды күндізгі тегін консультациялар нысанында «Отбасынан
қымбат не болуыц мүмкін?» республикалық акциясы өтті. Республика
мектептерінде «Проктер энд Гэмбл Қазақстан» компаниясының қолдауымен
оқушылар арасында «Рахмет, ана!» шығармалар конкурсы дәстүрлі
ұйымдастырылды.
Жыл сайын (2010 жылдан бастап), Халықаралық отбасы күнін мерекелеу
шеңберінде, 15 мамырда республиканың барлық өңірлерінде «Мөлдір бұлақтан...»
- «От чистого истока» отбасылық шығармашылық фестивалі өтеді. Фестивальдің
негізгі мақсаты – балалары
бар отбасыларын көтермелеу, негізгі отбасылық
құндылықтарын бекіту, қазақстандық отбасының беделін жоғарылату. Ағымдағы
жылда 15 мы отбасы отбасылық шығармашылық фестивалінің қатысушылары
болды.
Қазіргі уақытта республикада «Қазақстан балалары» ғылыми-әдістемелік
журнал басылып шығады, онда басқа да мәселелермен қатар отбасылық
дәстүрлерді
жаңғырту, отбасылық тәрбие мәселелері жарықтандырылады,
отбасылық
құндылықтар
және
басқалар
насихатталады.
Журналды
71
ұйымдастырушы ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитет
болып табылады.
Сонымен қатар, «Отбасы және балабақша», «Семейное воспитание», «Как
стать хорошим родителем», «Справочник классного руководителя» және
«Библиотека классного руководителя» журналдары басылып шығады.
Отбасылық қарым-қатынастарды бекітуде және балалық шақ мәселелерін
шешуде ақпараттық қамтамасыз ету және жұртшылықпен байланыс айрықша
роль атқарады.
Ол үшін әлеуметтік жетімдікті алдын-ала ескерту, қараусыздықтың,
панасыздықтың
және
кәмелетке
толмағандардың
арасындағы
құқық
бұзушылықтардың
профилактикасы,
отбасы
және
отбасылық
тәрбие
құндылықтарын насихаттау мақсатында теле- және радиобағдарламаларын жасау
бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Өзін өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын ақпараттық
сүйемелдеу үшін арнайы телехабарлар мен баспа БАҚ-тарда айдарлар құрылған.
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап бағдарлама
республиканың барлық
республикалық және облыстық телеканалдарындағы 344 шығарылымдарда және
облыстық және республикалық газеттер мен журналдардың 18 айдарларында
жарықтандырылды.
Тек ҚР БҒМ Балалар құқығын сақтау жөніндегі комитет 2013 жылғы 9 ай
ішінде балалық шақ мәселелері бойынша 650 мақала жарияланды, балалар
құқықтарын қорғау, әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы,
баланың
толыққанды дамуы үшін отбасының тәрбиелік қызметін іске асыру жөніндегі
мәселелерді түсіндіруге бағытталған телехабарлар мен ток-шоуда қатысу болды.
Достарыңызбен бөлісу: