Назарды шоғырландыру қағидасы – Ұзақ уақыт алаңдамай бір нәрсеге назарын аударып жұмыс істеу, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, материалмен қалай жұмыс істеуді көрсетіп беретін педагогтың қимылын мұқият бақылау, егер қажет болғанда түсініктемелерді тыңдау, өздігінен жұмыс істеу және өзінің қателерін бақылауда басқаларға бөгет болмау орындалғанда ғана еркін және өздігінен бір іспен айналысуға болады. Монтессори мұны ”назардың поляризациясы” деп атады.
Арнайы дайындалған оқыту орта қағидасы –қоршаған оқыту ортасын жасағанда баланың физикалық мүмкіндіктері міндетті түрде ескеріледі. Оңай қол жететін сөрелерде оқып үйренушіні жан-жақты дамытатын керемет мүмкіндігі егжей-тегжейлі ойластырылған көптеген дидактикалық материал қойылады. Өз еркімен таңдап алынған істің мәнін ақылға салу пайда болады.
Сензитивтілік қағидасы –Монтессоридің дидактикалық материалы өзінің құрылымы мен заттық логикасы бойынша бала дамуының сензитивті кезеңдеріне сәйкес келеді. Монтессори, мысалы алты жасқа дейінгі баланың дамуын алты сензитивті кезеңдерге бөлді: сөйлеу дамуының сензитивті кезеңі, қабылдау мен тәртіп орнатудың (“ұқыптылықтың сензитивті кезеңі”), ұсақ заттарды үйрену, қимыл мен істі үйрену, әлеуметтік дағдылардың дамуы.
Шектеу мен тәртіп қағидасы –тәртіпті бұзу мен қайта қалпына келтіру – бала іс-әрекетінің ең күшті мотиві деп санады Монтессори, себебі балаға өзінің айналасындағы заттардың бір орында тұрғаны ұнайды, ол осы тәртіпті бұзған болса, қайтадан өз орнына келтіргісі келеді. Тәртіпті жасағанда және орнатқанда баланың табиғи қажеттіліктерін ескеру керек.
Әлеуметтік тәрбиелеу мен интеграция қағидасы –жеке жұмыс пен жеке қызығушылықтың болуы жасы мен тәжірибесі гетерогенді (даму кезеңі мен тәжірибесі бойынша әртүрлі және әр жастағы) топтарда жеке жұмыс істеуге арналған оқу құралдарына байланысты болады. Балалардың арасында өзара көмектің табиғи жүйесі дамиды: кіші жастағылар үлкеніректерден көмек сұрайды (сондықтан, кейбір қиналған кездерде педагогтың көмегі керек бола бермейді).Олар үлкендердің ісін қайталайды, тәртіпті үйренеді.