ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ «ӨРЛЕУ» АҚ
ПК БАИ ШҚО бойынша филиалы
Ж О Б А
ТАҚЫРЫБЫ: «М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму»
Жетекші:п.ғ.к. Нуртазина.Е.М.
Дайындаған: Сабырбаева.Д.А
Өскемен,2015
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. М.Монтессори өмірінен.
1.1 М. Монтессоридің қағидалары
1.2 М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық дамудың мақсаты.
1.3.Жобаның өзектілігі
2.М. Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму
2.1. Монтессори әдістемесі.
2.2.М. Монтессори жасаған жүйе бойынша оқу бағдарламаларында көрніс табуы
2.3Баланың сенсорлық сезімдерін дамытуға арналған ойын түрлері.
3. Болжау
3.1. Қорытынды
3.2. Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Баланы дамытуға арналған бағдарламалар өте көп.Бірақ М.Монтессори әдістемесі қазіргі таңда баланың танымдық белсенділігін, сенсорлық эталондарды қалыптастыруда негізгі тиімді әдістері болып табылады. Баланың сенсорлық тәрбиесі- бұл заттардың сыртқы қасиеті туралы көзқарастарын қалыптастыру және қабылдау тәрбиесі, яғни олардың формасы пішіні,түсі, көлемі. Кеңістікте орналасуы, сонымен қатар иіс және дәм сезу т.б.
Ерте жас сезім мүшесінің іс-әрекетін жетілдірудің сәтті кезеңі.Қоршаған ортаға деген көзқарасының жиынтығы.Cондықтан сенсорлық тәрбие бұл мектеп жасына дейінгі тәрбиенің аса маңызды жағы. Сенсорлық тәрбие жалпы ақыл-ой дамуының негізін қалайды, ол баланың сәтті оқуының қажеттілігі. Заттарды қабылдау, және қоршаған ортаға деген танымдық айғағы.
Мектепке дейінгі ұйымдарда Монтессори әдісін қолдану арқылы баланың небір қасиеттерін ашуға болады.Баланың сөйлеу тілі 6 жасына дейін қарқынды дамиды.Яғни ол тек қана сөйлеп қоймай,заттарды ұстап,сипаттап,көріп,танып,ойланады.Және де қоршаған ортамен тығыз байланыста болады.Ол үнемі ізденісте,жаңа бір ұғымды танып білуге осы әдіс арқылы құштар болады.Бүгін біз өз жобамызда Монтессори әдісі бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың сенсоматорлық дамыуын жетілдіруде М.Монтессори технологиясын қолдану мүмкіндіктерін ұсынамыз.
.
Достарыңызбен бөлісу: |