ДИАЛЕКТІЛІК ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР – РУХАНИ МƏДЕНИЕТ КӨРСЕТКІШІ
Касетова Н.К.
Орталық Қазақстан академиясы, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы
Жергілікті тіл ерекшеліктері, яғни диалектизмдер, тілдің сөздік құрамында елеулі орын
алатын тілдік жүйе бірліктері екені белгілі. Сондықтан ұлттық тілдің құрамына енетін
диалектизмдер туралы «екіұшты қолданылатын ондай сөздер қажетсіз, олардан құтылу керек»
деп, кесіп айтатын пікірден аулақ болған дұрыс. Ол үшін жергілікті тіл ерекшеліктерінің тілдік
жүйедегі қызметі мен ауызекі сөйлеу актілеріндегі қазақтың ұлттық бітім-болмысына тəн
көріну өзгешеліктерін ескере, көркем мəтіндегі қолданылу сипатын тереңінен қарастыра
отырып, жұмсалымдық аясын, стильдік қызметін нақты дəйектеп көрсету қажет.
Демек, көркем мəтінде қолданылатын диалект сөздердің мəн-мағынасын ашып,
қолданымдық аясын зерттеп, стильдік қызметін анықтау жұмысы орынсыз қолданылған
181
жергілікті тіл ерекшеліктері мен əдеби тіл қатарына енуге бейім тұрған диалектизмдерді
айқындауға мүмкіндік береді. Ақын-жазушылардың сөз қолданысы арқылы əдеби тілдің сөздік
құрамы ұлғаяды. Олардың индивидуальді-авторлық сөз тудыру негізінде қалыптасқан
атауыштық сөздер мен ұмытылып бара жатқан көне этнографизмдерді жаңғыртуы арқылы
жəне де кейбір естілмей жүрген заттық мəдени диалектизмдерді қайта дүниеге əкелуі арқылы
сөздік қордың шеңбері ұлғая түседі.
Жазушы сөзбен сурет салу барысында образ іздейді, ол үшін оқырманға əсер етіп,
кейіпкерді «өз тілінде» сөйлетуге тырысады. Міне, осы жағдайда диалектілер керекке жарайды.
Бұл мəселеге қатысты М. Əуезов «Қазақстанның бар өлкесіндегі халықтық тіл байлықтарын
мол пайдалану мəселелерін үнемі шартты талап етіп, сынап отыру керек», – деген екен,
сондықтан əдеби тіл дамуының əр кезеңінде жергілікті ерекшеліктер, диалектизмдер олардың
көркем əдебиетте қолданылуы мəселесі көтеріліп отыруы заңды.
Диалектілік тұрақты тіркестер пайда болып жасалуы жағынан алғанда тілдің тарихымен
өзектес сондықтан диалектілік фразеологизмдерді жинау, зерттеу сипаттау диалектілік
лексиканың құрамы мен көлемі мəселесін ғана шешпейді. Біріншіден, диалектілік тұрақты
тіркестер тіл тарихына қатысты шешімі табылмай жүрген сұрақтардың жауабын табуға септігін
тигізе алатын сенімді дереккөз. Олардың бойында дыбыстық-грамматикалық құрылыстың
кейбір көне элементтері тұнып қалған. Екіншіден, диалектілік фразеологизмдер бойынан
диалектіге тəн сөзжасам жəне түрлену жүйесі айқын көрінеді. Үшіншіден, диалектілік тұрақты
тіркестер əдеби тілдің фразеологиялық құрамын байытуға азды-көпті үлес қосады.
Төртіншіден, фразеологиялық тіркестер семантикасы ауқымды, терең. Олардың мазмұнында
этностың рухани мəдениетінің айшықты мағлұматтары жинақталған. Диалектілік тұрақты
тіркестер жеке зерттеу нысаны болып Қ.Қалыбаеваның еңбегінде көрініс тапқан. Қытай
қазақтары тілінің жергілікті ерекшеліктеріндегі тұрақты тіркестер жайлы С.Мұстафаұлының
зерттеулері диалектілік тұрақты тіркестердің арнайы зерттеу нысаны бола алатын көлемде
жəне мазмұнда екенін дəлелдеді. Ғ.Қалиев диалектілік тұрақты тіркестерді біртұтас лексикалық
мағынаның көрсеткіші болып табылатындықтан сөйленістердің лексикасындағы негізгі
типтердің бірі ретінде қаралуы тиіс деп айымдайды. Лексикалық типтердің басқа түрлері
сияқты оның қалыптасып жетілуі де сөзжасам процесімен тікелей байланысты. Тұрақты сөз
тіркестері тарихи жай тіркестерден туатындықтан аналитикалық тəсілмен сөзжасамның
сөйленістердегі объектісі болып табылады.
Фразеологиялық тіркестердің күрделі табиғаты оларды тектес бірліктермен сөз, еркін
тіркестермен салыстырғанда байқалады. Мұндай салыстырулар сөз, еркін сөз тіркесі
фразеологиялық тіркестердің əрқайсысын жеке зерделегенде жүріп отырады. Себебі бұлардың
бəрінің негізгі тірек компоненті сөз. Фразеологиялық тіркестер сөйлеуде жеке сөз орнынан
қолданылады. Егер күрделі сөз болса, құрылымы жағынан сөз тіркестерімен сөйлемдерге
сəйкес келеді. Диалектілік тұрақты тіркес белгілі аймақтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-дəстүр,
географиялық жағдайына рухани дүниесіне байланысты пайда болған. Құрамы жағынан
тұрақты бейнелі образды түрде жұмсалатын дайын тілдік бірлік диалектілік тұрақты
тіркестердің əдеби тілдегі тұрақты тіркестерге қарағанда оларды құрайтын сыңарлардың шығу
тегіне қарай ерекшеліктері бар.
«Көркем шығармалардағы эмоционалды-экспрессивті лексика» деп аталатын тараушада
жазушылардың қолданысындағы жергілікті тіл ерекшеліктерінің бағалауыштық мəні туралы
сөз болады. Коннотация табиғаты, нақты айтқанда, экспрессивтік-эмоционалдық жəне
бағалауыштық микрокомпоненттер негізінде сипатталады. Белгілі бір сөздің денотаттық
мағынасын денотаттық семалар танытса, коннотаттық компонент мағынасы коннотаттық
семалар негізінде жүзеге асады. Денотаттық семалар объективтік шындық дүниесіндегі заттар
мен құбылыстардың бейнесін ассоциациялайтын, тілдік тұрғыдан көрініс тапқан
денотаттардың бейнесін танытатын семалар болып танылса, коннотаттық семалар лексемасы
өзара ортақ болып келетін денотаттық семалардан туындай келе, белгіленген затқа деген жаңа
көзқарасты өзге қатынасты білдіретін сема ретінде көрініс табады.
Ал лексика-семантика тұрғысынан алғанда белгілі бір көркем мəтін ішіндегі коннотаттық
компонент мағынасына тең келетін сөздер мен сөз тіркестерінің ұтымды қолданылуы да
астарлы ойдың өрбіп, ұласуына себепші бола алатынын аңғартады. Əрбір коннотаттық
мағынада қолданылған сөздің денотаттық негізі болуы заңды. Мысалы Қ.Əбдіқадыров
шығармасындағы Əйел оның одағай айтылған сөзіне күлді деген сөйлеміндегі одағай айтылған
сөз тіркесіндегі одағай коннотаттық мағына реңкінде беріліп тұр. Сондай-ақ мына сөйлем
182
бойында да бейнелеуіштік, экспрессивті-эмоционалды таныту мақсатында қолдану негізі
арқылы коннотаттық мағына туындағаны байқалады. Мысалы: Жұрт көлік шаршады деп қосын
доғарып жатқанда, қарнын кебеже теңдегендей қылып өгіздің егіс қорғанға кіргенін көреді.
Мұндағы қарнын кебеже теңдегендей деген диалектілік коннотацияның əсірелеп бейнелеу
мəнін беріп тұрғаны мəтін бойынан байқалып тұр.
Диалектизмдер – ауызекі сөйлеу стиліне тəн тілдік құбылыстар. Ауызекі сөйлеу, яғни
коммуникативті акті арқылы жеке тұлғаның санасында жатталып, жұмсалымдық, қолданымдық
деңгейі жиі болғандықтан жеке тұлғаның индивидуальді сөздік қорына сіңген диалектілер сол
жердің тұрғындары үшін ғана ортақ, жалпылық сипатқа ие болады. Басқа аймақ жүрсе де жеке
тұлға белгілі бір затты не құбылысты өз санасында жатталған, өз сөздік қорындағы
атауларымен танытады. Ауызекі сөйлеу əрекетінде солай атауға əбден машықтанған əрбір адам
əдеби тілдегі негізгі атауымен атаудан гөрі, өз тіліндегі вариантымен атауды əрқашан тиімді,
лайықты деп санайды. Бұл заңды құбылыс. Адамзат үшін ақиқат дүние біреу болса, оны түсіну,
тану, сол дүниенің біртұтас бейнесін санада қалыптастыру əрекеттері əр адамзатта, əр ұлтта əр
деңгейде сан алуан интерпретацияда беріледі. Сондықтан тіл иесінің ой-өрісіне, концептуалдық
əлеміне байланысты дүниенің танымдық бөлшектері тілде өзінше көрініс табады, өзінше
бейнелеп суреттейді, ал тіл иесі танымдық ойын өз тілінде сақталған дүние бейнесіне сəйкес
танытуға тырысады. Сол себепті диалектілер арасында да көпмағыналылық, омонимдік,
синонимдік ерекшеліктер жиі кездеседі. Диалектілік омонимдер əдеби тілдегі омонимдер
секілді лексикалық құрамы жағынан əр түрлі болады. Кейбір диалектілік омонимдердің
баспақты мағынасы, қолданылу қызметіне қарай əдеби тілдегі мағынасына жақын келеді.
Мысалы, ашар диалектісі батыс говорында кілт мағынасында қолданылады. Есіктің ашарын
жоғалтып алып, үйге кіре алмай отырмыз. Бұндағы ашар сөзі кілттің қызметінен туындаған,
яғни ашу əрекетінің сол өңір адамдарының танымында бірінші болып ұғынылып, оның кілт
номинациясын гөрі, заттың қызметіне қарай атағанды ыңғайлы санауы деп түсініледі. Ал
қарақалпақ говорында ашар сөзі винт бұрайтын құрал ретінде қолданылады. Бұл іске пышақ
жарамайды, мəшиненің ашарын пайдалану керек. Бұл жерде де əдеби тілдегі кілт сөзінің екінші
варианттағы омонимі сəйкес келеді. Соған қатысты кілттің ашудан гөрі, бұрау қызметіне қарай,
яғни əрекеттік, қолданымдық қызметіне қарай танып, қалай танылса, солай атау сол өңір
халқына тиімді болып тұр. Келтірілген диалектілік омонимдер мысалдары заттың (ақиқат
дүниенің) қызметі мен əрекетіне қарай аталуы басым көрініс тапқаны, сол тұрғыдан омонимдес
сөздер болып тұрғаны байқалады.
Осы секілді аша сөзінің де кең қолданысқа ие болып, диалектілік омонимдер мен
көпмағыналы диалектілердің қатарын толықтыратынына талдау жасап көрелік.
Аша сөзі Қазақстанның шығыс өңіріндегі Семей, Талдықорған говорында айыр (құрал)
мағынасында қолданылады. Шығыс Қазақстан говорында аяқ мағынасында қолданылады.
Қарақалпақ говорында аша сөзі арықтың екіге бөлінетін, айырығы мағынасында қолданылады,
сол сияқты осы өңірдің Шет говорында баған деген сөзді білдіреді. Қазақстанның солтүстік
өңірінде тіреу мағынасында қолданылады. Ал Қызылорда говорында арық түрі ретінде
қолданылады. Батыс Қазақстанда Аша сөзі екі таудың жігі, арасы ұғымын білдіреді.
Бұл жерде аша сөзінің көпмағыналы қолданысы да, омонимдік қолданысы да бар.
Мəселен, аша сөзінің айыр құрал ретінде қолданылуы мен баған ретінде қолданылуы жəне
арық ретінде қолданылуы, сонымен қатар аяқ ретінде қолданылуы бір біріне диалектілік
омоним сөздер болып келеді. Дегенмен де олардың бастапқы санадағы танымдық көрінісі бір
тұтас заттың екіге айырылуы бейнесінен туындайды. Осы бейне бірнеше ақиқат дүниенің
номинативті атауына пайдаланылып, қолданыс тапқан. Бұндай диалектілік омоним
құбылыстарын жартылай омонимдер атауға болатын секілді. Себебі бастапқы ұғымы күңгірт
болса да анықтау болатын, мағынасы алысқа кетпеген құбылыстар байқалады. Ал аша
диалектісінің арықтың екі айырылуы мен таудың екі арасын танытатын мағынада қолданылуы
диалектілік көпмағыналылықты білдіреді. Себебі айыру, айырықты білдіру, яғни екі затты
ажырату мағынасынан алыс кетпегенін байқатады.
Диалектілік синонимдердің қатарын дублет сөздер мен сөздердің вариантты қолданысы
толықтырып отырады. Дегенмен дублет сөздер мен сөздердің вариантты қолданысы əдеби тілді
айқындауда біраз кері ықпалын тигізетін жағдайлар кездеседі. Мəселен, түгелдеу/түгендеу,
жалғыз/жаңғыз сияқты сөздердің қатар қолданылуы жиі кездеседі. Бұл ерекшелік ауызша тілге
аса қатты кедергісін тигізе қоймас, бірақ жазба тілде белгілі бір нормаға бағынатын сөзді
таңдап жазу заңдылығы бар.
183
Жалпы диалектілік синоминдер төл тіліміздің сөздік қорын кеңейтуге едəуір үлесін
қосатыны анық. Тіпті кейде заттың атауы болуға сұранып тұратын диалектизмдердің əдеби тіл
қатарына еніп бара жатқанын да байқауға болады. Əдеби тілімізде кесе деп аталып жүрген
тұрмыстық бұйымның аяқ, пияла, сапалша деген диалектілік синонимдері кезедеседі. Кесені
аяқ деп Жезқазған өңірі атайды, пияла деп Қазақстанның оңтүстік өңірлері (Жамбыл, Сайрам,
Шымкент, Шу, Мойынты, Жуалы) атайды, ал сапалша сөзі Түлкібас өңірінде кездесетін кесе
атауының говоры болып саналады.
Диалектологтардың зерттеулерінде синонимдер екі сыңарлы, үш сыңарлы, төрт сыңарлы,
бес, алты, жеті, сегіз сыңарлы синонимдік қатарлардан құралатыны айтылады. Мəселен, екі
сыңарлы синонимдік қатарға қолқап – биялай, таға – нағашы сөздерін келтіреді. Үш сыңарлы
синонимдер қатарына серне – деңгене – жора диалектілерін жатқызады. Төрт сыңарлы
синонимдер қатарына бəкі – бекі – мұштар – шаппа сөздерін келтіреді. Бес сыңарлы
синонимдік қатарға ырғақ – шотеке – сүңгуір – шотаяқ – жұтпа (маядан шөп суырып алатын
басы имек құрал). Алты сыңардан құралған синонимдер иінағаш – суағаш – мойынағаш - əпкіш
– күйенте – құрамыс. Жеті сыңарлы синонимдер қатары сіріңке – кəуірт – кеуірт – оттық –
спешке – шпешке – шырпы. Сегіз жəне одан көп сыңарлы қатарлар: күнбағар – күлəйлəн –
пісет – айбағар – шемішке – шекілдеуік – шемекі – күнбағыс.
Диалектілік синонимдер қатары осылайша сегіз қатардан шектеліп қалуы мүмкін емес,
оның қатары бұдан да кеңейіп, молаюы əбден мүмкін. Себебі тіл – өзгермелі құбылыс, қоғам
дамыған сайын, тілдің қолданымдық аясы да кеңейіп, сөздік құрам жаңа сөздермен, жаңа
қолданыстағы тілдермен толысып отырады. Осы тұрғыдан келгенде, диалектілік
лексикологияны тереңінен зерттеу қажет. Құрылымдық тіл білімі тұрғысынан ғана емес, тілге
адамның тікелей қатысы тұрғысынан, яғни антропоцентристік бағыт тұрғысынан қарастыру
əдісі бүгінгі күнде диалектілердің ішкі сырын, атаулық мəн-мағынасын кеңінен ашып
көрсететін тиімді қолданыс болатыны дау тудырмайды.
Диалектілік лексикологияда диалектілік мағына, диалектілік омонимдер, диалектілік
синонимдер, диалектілік полисемиялар, диалектілік кірме сөздер қарастырылады.
Əдебиеттер тізімі:
1. Атабаева М.С. Қазақ тілі диалектілік лексикасының этнолингвистикалық негізі. –
Алматы: Білім, 2006. – 228 б.
2. Болғанбайұлы Ə., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.
– Алматы: Санат, 1987. – 256 б.
3. Коготкова Т.С. Русская диалектная лексикология. – М.: Наука, 1979. – 333 с.
4. Атабаева М.С. Диалектілік сөз мағынасы. – Алматы: РБК, 1996. – 116 б.
УДК 821.512.141.09
ХƏ
ҘЕРГЕ БАШҠОРТ ШИҒРИƏТЕНДƏ ГРАФИК ОБРАЗЛЫЛЫҠ САРАЛАРЫ
Кирəева Л.Р.
Баш
ҡ
орт дəүлəт университетының Стəрлетама
ҡ
филиалы,
Стəрлетама
ҡ
ҡ
., Баш
ҡ
ортостан Республикаhы , Рəсəй Иллеге
Текстар
ҙы визуаль яҡтан биҙəү бөгөн генə барлыҡҡа килгəн күренеш түгел. Əүəл яҙма
ə
ҙəбиəтте күсереүселəр ҡулъяҙма китаптарҙы матурлауға ныҡ иғтибар иткəн: төрлө һүрəт-
заставкалар, фигуралы я
ҙыуҙар киң таралған. Бөгөнгө ҡеүəтле технологиялар заманында
тексты тыш
ҡы яҡтан биҙəү өсөн мөмкинлектəр бик күп...
Ə хə
ҙерге башҡорт əҙəбиəте ғилемендə шиғриəттəге график формалар проблемаһы əлегə
тиклем тейешле кимəлдə өйрəнелмəгəн, был тема буйынса монографик хе
ҙмəттəр ҙə, махсус
ə
ҙəбиəт тə бик аҙ. Шуға ла ошо мəсьəлəлəрҙе өйрəнеү, асыҡланмаған үҙенсəлектəрҙе күрһəтеү
һəм тикшереү бөгөнгө көндə актуаль мəсьəлə булып тора.
Ҡайһы бер шиғырҙарҙы ҡабул итеүҙə уларҙың строфаларға бүленеше генə түгел, ə
я
ҙылыу рəүеше, йəғни график формалары ла ҙур əһəмиəткə эйə. Бындай фигуралы шиғырҙарҙы
визуаль («һүрəтлəү») поэзия жанры тип тə билдəлəй
ҙəр. Уларҙа шиғри тема һүрəт һəм графика
184
менəн нығытыла. Ғалим Ғ.Хөсəйенов был терминға шундай билдəлəмə бирə: «ярым шаярып,
ҡыландырып ниндəйҙер фигураға – мəҫəлəн, йөрəк, ваза, өскил, тирмə һыны рəүешенə
текстары о
ҡшатып төҙөлгəн шиғыр юлдары».
Икенсе төрлө бындай шиғыр
ҙарҙы эксперименталь шиғырҙар тип тə атайҙар.
Эксперименталь шиғыр
ҙар
(экзотик шиғыр
ҙар) – оригиналь шиғырҙар. Традицион булмаған
рифмаларға, строфаларға, рифмалар
ҙың аралашыуына ҡорола. Мəҫəлəн, омонимик рифмаға
ҡоролған шиғырҙарҙы шундай типҡа индереп булыр ине.
Теүəл рифманың ү
ҙенсəлекле бер
төрө – омонимик рифма – бер төрлө яңғыраған, əммə мəғəнəлəре яғынан төрлө булған рифма
ҡабатлауҙары. Бына рус əҙəбиəтенəн А.Блоктың шиғыр юлдары:
Я, отрок, зажигаю свечи,
Огонь кадильный берегу,
Она без мысли и без речи
На том смеётся берегу.
Баш
ҡорт əҙəбиəтендə уңышлы миҫалдарҙың береһе – Рəшит Назаровтың «Йəшен»
шиғыры:
Мөхəббəт ул – əйтерһең дə, утлы йəшен,
Һанап, һорап тормай һис бер кемдең йəшен,
Һүнмə
ҫ
ял
ҡ
ын менəн ялмай
ҡ
артын-йəшен,
«Көй
ҙ
өрөр», – тип
ҡ
ур
ҡ
һаң əгəр,
ҡ
ас һин – йəшен,
Тик а
ҙ
а
ҡ
тан
ҡ
оя күрмə кү
ҙ
ең йəшен!
Мөхəббəт ул – əйтерһең дə, утлы йəшен…
Шиғри ə
ҫəрҙəрҙə был сараларҙы ҡулланыу уҡыусыларҙа ҡыҙыҡһыныу тойғоһон уятыуға
булышлы
ҡ итə.
График формалар бигерəк тə шиғриəттə ү
ҙ урынын таба. Мəҫəлəн, шиғыр юлдарын
бағаналап строфаларға бүлеү, ба
ҫҡыслап яҙыу алымы, акрошиғыр (акростих) һ.б.
Һуңғы йылдар
ҙа акрошиғырҙарҙың төрлө төрҙəрен айыра башланылар: мезостих
(хəрефтəр юлдың башында ғына түгел, төрлөсə килергə мөмкин), шиғыр-лабиринт (хəрефтəр
менəн йондо
ҙҙар, өсмөйөштəр һ.б. эшлəү), телестих (юлдарҙағы иң аҙаҡҡы хəрефтəр
ниндəй
ҙер һүҙҙе, һүҙбəйлəнеште барлыҡҡа килтерергə мөмкин), тавтограмма (шиғырҙағы бар
һү
ҙҙəрҙең дə бер төрлө хəрефтəн башланыуы).
Фигуралы шиғыр
ҙар, ғəҙəттə, тар ҡалыптарҙан сығырға ынтылыу, яңылыҡ индерергə
тырышыу менəн бəйле. Хə
ҙерге башҡорт шиғриəтендə форма өлкəһендə бигерəк тə шағир
Əхмəр Үтəбай э
ҙлəнə. Бына уның «Урланған Урал» шиғырының беренсе строфаһы:
Уралып ят
ҡан Уралым,
алып ят
ҡан Уралым,
лып ят
ҡан Уралым,
ят
ҡан Уралым,
ҡан Уралым,
Уралым,
ым,
м.
Бындай шиғыр
ҙы икенсе төрлө логогриф тип тə йөрөтəлəр. Автор үҙе уларға «ҡыҫҡара
барыусы шиғыр
ҙар» тип атай. Логогрифтарҙың нигеҙендə һүҙҙең ҡыҫҡарыуын тəьмин иткəн
метаграмма ята.
Дөйөмлəштереп əйткəндə, фигуралы шиғыр
ҙар – улар бик ҡыҙыҡлы шиғырҙар. Уларҙы
һүрəт итеп тə
ҡарап була, шиғыр итеп тə уҡып була. Шиғриəт һəм һынлы сəнғəттең
ҡушылмаһы тип əйтеп була бындай үҙенсəлекле əйберҙəрҙе. Уларҙы ижад итеүсе бер ни
тиклкем рəссам да булырға тейеш. Шул у
ҡ ваҡытта мəғəнəһеҙ һүҙ теҙмəлəре кеүек булырға ла
тейеш түгел тигəн ма
ҡсатты үҙенең алдына ҡуйырға тейеш шағирҙар.
185
ƏОК 82.1
МАҒЖАН ӨЛЕҢДЕРІНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ТҮР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қордашева А.А.
«Болашақ» академиясы» ЖММ, Қарағанды қ.,
Қазақстан Республикасы
Ақын өлеңдерінің идеялық-көркемдік мазмұны – отаршылдық кезеңінде күйзелген қазақ
əдебиетін əлем əдебиетінің деңгейіне көтерген. Психологиялық-көркемдік иірімдер мен əлем
поэзиясына жаңа өрнектер мен бояулар қосқан көркемдік жаңалық.
Ақын шығармашылығының өзіндік эстетикалық əлемін айқындаған қазыналар ретінде
бірден көзге түсетіні – өзіндік образдар. Оның лирикалық кейіпкері бұған дейінгі қазақ
өлеңінде ешкімге ұқсамайды. Бұған дейінгі қазақ жырындағы кейіпкер субъективті өмірі
жайында əсіресе жан дүниесіндегі құпияларды жайып салуға, бар шындығын ағыл-тегіл
ақтарып салуға соншалықты пəрменді құштарлық білдіре қоймаса, енді лирикалық кейіпкер
өзінің осалдығын да, қуатын да жасырмайды, күлбілтелеп, күмілжімейді. Бойын кернеген
саналуан сезім-толғаныстарын, толғамдарын іркіп, өзін өзі сақтандырып немесе тежеп, тиып
ұстаудан мүлдем аулақ. Əсіресе ынтық сезімдерді жасырмай, ақтарып айтуға құлықты. Жан
сырын жарық дүниеден қымтамай, тұмшаламай, көз жасындай мөлтілдетіп, таң шығындай
мөлдіретіп жеткізеді, не айтса да ағынан жарылып, адалын айтады. Лирикалық кейіпкер
субъективті толғаныстарын былай қойғанда, əмбеге ортақ, драмалық сезім арпалыстары
арасында да өз түйсігімен, өз түсінік-тұрпатымен дараланады. Мағжан Жұмабаевқа дейінгі
қазақ поэзиясында дəл осыншалық ағыл-тегіл, дəл осыншалық үздіксіз, жүйелі төгіле
бермейтін.
Ақынның қазақ поэзиясына қосқан жаңалықтарының, жаңа үлестерінің бірі – троп,
фигураның – айшықтау мен құбылтудың саналуан тəсілдерін табиғи, еркін жəне молынан
пайдалануы, сол арқылы қыруар тың образдар əкелуі, образдылық əлемін байытуы. Кербез
келісіммен кестеленген, кезектескен, бірін бірі толықтырып кемелденген образды ойлар мен
орамдар ұжымдасып, тек Мағжанға тəн образды көркемдік əлемді көркейтеді.
Мағжанның шығармаларындағы айқындауыш бейнелі сөздерге көз жүгіртсек суреткердің
идеясынан туып, сөз арқылы берілген не бір ойдың көрінісін аңғарасыз. Сөздердің реңін
кіргізіп, ажарлап, көркемдік жасап үйлесімге келтіруінің өзі бірнеше түрлі тəсілдер арқылы
берілгендігінің куəгері боласыз. Əсіресе көркем шығармада қолданылатын көркемдегіш
құралдың бірі, заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын бейнелі сөз–
эпитетті пайдаланудағы шеберлігі оқырман көңілін еріксіз баурап əкетеді. Эпитетсіз тіпті
айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нəрсеңді нақтылау мүмкін емес екендігін төмендегі
жолдар арқылы мойындатады.
Сібірдегі қаратүнек кезінде жазылған «Бостандық» атты өлеңі арқылы осынау дəуірдегі
қатыгез ақиқат сырын ашына суреттеген ақын:
...Көк есігі ашылды,
Жұмақ нұры шашылды.
Келді ұшып бостандық
Ғарыш нұрлы жүзі бар,
Кəусар жібек сөзі бар,
Əдемі, алмас ақ қанат [1, 75], - деп көрсетіп, алайда «Жұмақтан қуылған адамзат»
шамалы рахат, қызықтың өзін артық санайтындығын аңғартса. Халықтың асыға күткен таңын,
бостандығын: «Ғарыш нұрлы жүзді», «Кəусар жібек сөзді», «Əдемі, алмас ақ қанат» бостандық
деп бірнеше тізбектелген эпитеттер арқылы ойын нақтылай түскендігін байқатады.
Əдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік қосатын, сол арқылы əдеби тілге
үстеме мағына беріп, шығармашылық мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландыратын
көркемдеу құралдарының бірі – теңеуді өз шығармасында талғампаздықпен пайдалана білген
ақын «Еділде» атты өлеңінде:
Бүктеліп жатқан бел,
Сүтке тойған марқадай
Бұйра қою қарағай,
Белге біткен шалқалай.
186
Су жеп қойған жұмыр тас
Түйір-түйір малтадай,
Арнада өзен қылықты
Қылмыңдаған қалқатай [2, 101], – деп келтіріп, халық тілінде қалыптасқан, кейде
балаларға қаратылып, кейде «тойған қозыдай томпиып отырсың ғой» деп үлкен адамдарға да
қаратып айтылатын «Сүтке тойған қозыдай» деген теңеуді қолданудағы шеберлігін танытса,
қазақтың ұлттық тағамының бірі құрт болса, сол құрттың езілмейтін малта түрі су ағысымен
екшелген жұмырланған тасқа баланатындығын аңғартады. Табиғаттың манаурап жатқан
бейнесін суреттеу үшін қолданған «марқадай» теңеуі өзінің тапқырлығының жемісі екендігін
көрсетеді. Ал өзеннің арнасынан асып, бұлықсып ағуын, жігіт алдында əртүрлі ерке қылықтар
көрсеткен қыздың мінезіне балап, оқырманына өзеннің ағысын қыздың «қылмыңдаған»
əрекетімен ойша салыстыру мүмкіншілігін береді.
Егемен еліміздің ертеңгі қызметін атқарар лайықты тұлғаның жастар екенін ескеріп,
«Мен жастарға сенемін» өлеңінде елдің қалыптасуына жастардан үлкен үміт күтіп, аманат
сенім артатындығын ағартады.
Арыстандай айбатты ,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға
Мен жастарға сенемін,[1, 35], – деген Мағжан жастардың ерік-жігерін, күш-қайратын «аң
патшасы арыстанға», «қайратты жолбарысқа», «ақиық қыран құсқа» балайды. Өзінің
шығармасында қолданыс тапқан теңеулердің сан түрлі болып келетіндегін «Алатау» өлеңіндегі:
Көп жылдар желдей заулап есті ме екен,
Алатау өсті ме екен, өшті ме екен?!
Қияның қыранындай қайсар елдің
Басынан күңгірт көшті ме екен?
Шыңдары арысымен араласқан,
Тəңірі тақ қылғандай тарғыл тастан
Күңіреніп қоңыраулы қара нардай
Қап-қара қорғасындай бұлты басқан [1, 209], – деген жолдарда кездесетін дай-жұрнағы
арқылы жасалған «желдей», «қияның қыранындай», «қап-қара қорғасындай», «қара нардай»
эпитетті теңеулер арқылы көрсетеді. Əдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік
қосатын, сол арқылы əдеби шығарманың мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландыратын
көркемдеу құралдарының бірі теңеуді ақын өз шығармаларында шеберлікпен қолданып заттың,
құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей ақ, басқа заттармен, құбылыстармен салыстыра
бейнелегендігін байқатады.
Қазақ поэзиясына Мағжан тыңнан қосқан өлшем, өрнектердің басты-бастыларына
тоқталып өтелік:
Қайғылы қайың!
Аяныш жайың.
Сыбырлайсың,
Дірілдейсің,
Еңкейесің,
Күбірлейсің,
Ызғарлы жел
Соққан сайын.
Үскірік аяз
Болғандай аз,
Қар да басқан
Кебінге ұсап.
Сүйекке өтер
Суық құшақ...
Қашан, қайың,
Жетеді жаз?
Суға қанып,
Жапырақ жарып,
Күн болар ма
Шайқалатын?
Жылы желмен
Жайқалатын?
Құс даусына
Құлақ салып...
Қайғылы қайың!
Қалың уайым
Басқан сені,
Жазды ойлап.
Тұр үскірік
Боран ойнап...
Жасыңды исін
Бір құдайың! [2, 31].
187
Ұзын тармақтар түгелдей төрт буынды болып, кейде бес буынды қос бунақтан құралса,
қысқа тармақтар да үнемі төрт буынды болып келген.
Бұдан біз осы өлең түрінің қазақ өлең құрылысының өзгешелік қалпын берік сақтап,
поэзияда орныққан өрнектер негізінде өріліп шыққанын көреміз.
Мағжан өлеңдерінің тағы бір ерекшелігі - бір жол болатын өлең жолдарын, екіге
бөлуінде. Мұндай өлеңдері өзінше əсерлі, айтылымы мəнерлі болып келеді. Мысалы ақынның «
Ой» деген өлеңінде:
Ой деген у –
Ауызға алсаң, қандырар.
Ой деген у –
Жанды есінен тандырар.
Ой деген у –
Ішсең мас боласың.
Ой деген у –
Ішесің де соласың [3, 150].
М.Жұмабаев поэзиясының құрылымдық тұрғыдан негізгі арқа тұтары көне түркі
дəуірінен беріде кең тараған он бір буынды қара өлең ұйқасы. Ол ұйқас 7-8 буынды жыр
үлгісімен де көрініс табады.
«Сар дала, бейне өлік сұлап жатқан,
Кебіндей ақ селеулер бетін жапқан.
Тау да жоқ, орман да жоқ, өзен де жоқ,
Сəуле емес, қан шашып тұр күні батқан» [4, 56], – деп түрлі формадағы теңеу, метафора
күшімен жинақтау, рəміз (символ) мəніндегі жолдармен басталатын «Жаралы жан»өлеңінің 5-
19 шумақтары кейіпкер монологы кейпінде 7 буынды өлшеммен жалғасып, соңғы үш шумақта
үшінші жақтан баяндау реті бойынша қайтадан он бір буынды жүйемен тұйықталады.
«Сауытты оң жақ қолыңа ал, Сауытты жұмақ ауа бар!» іспетті тармақтарда буын саны сегізге
ауысып барып, бұрынғы ырғаққа кері оралады. Кейіпкер сөзінде осы екі буынның алмасып
отыруы байқалмай жымдасып кетеді [5, 45].
Мағжан поэзиясының да осы ұйқас түрлеріне қосқан үлесі өзінше мол. Мағжанның өлең
ұйқасын өрнектеудегі ақындық шеберлігін аңдататын бір өзгешелігі – он бір буынды өлшем
қолданғанда а-а-б-а түрінде келетін қара өлең ұйқасын , бір ғана шумақ көлемімен шектемей,
ондаған шумақтарда біркелкі үндесетін сөздерді тізбектеп, өлеңнің үнділігін күшейте түседі.
«...Ға» [4, 64] өлеңінде алғашқы он бір буында шумақ он тармаққа созылса, кейінгі
шумақтар дəстүрлі төрт жол, қара өлең ұйқасымен дамытылады. кейінгі жұп тармақтар қара
өлеңнің соңғы екі жолындағы үндесу заңына сəйкес түрде келе отырып, əлі біте қоймаған
сөйлем үрдісін үдемелі ырғақпен бейнелейді. «Мешіт һəм абақты» өлеңінде бұл өлшем тұтас
сипат алмаған, ара-тұра ұшырасады. Дəл осы ырғақ, буын, ұйқас уəзіні əйгілі «Батыр Баян»
поэмасында толық сақталады:
«Өткен күн таң-тамаша ертегі ғой,
Ерлері ертегінің ер еді ғой.
Айрылып от екпінді ерлерінен
Алаштың жанында ауыр дерт еді ғой.
Сонау дерт түгелімен ауып маған,
Дариға, жүрегімді, өртеді ғой!
Ер көрмей, көрден басқа, сұр өмірде
Шерлі жан шерлі кеңес шертеді ғой,
Жадырап жаным, шерім тарқар еді,
Кеңесім тыңдаушыға сала алса ой» [4, 245].
Тоғыз, он буынды өлшем – М.Жұмабаевтың төл поэзиясында жоққа тəн құбылыс.
«Төгілген шашы,
Қиылған қасы,
Керілген маңдай да.
Тістері меруерт,
Бейне қар – мамық ет,
Кез келсең мұндайға.
Жалындап күйіп,
Бір ғана сүйіп,
188
Өлсең де болмай ма?» [4, 94].
Міне, бұл өлеңдегі əдепкі екі тармақ қосылса, он буын құрар еді. Бірақ əрбір
пішіндемелік телімге арнайы мəн беру, əр қимыл – істі атап, даралап тұю мақсаты жоғарыдағы
айшықты дұрыс санатқан. Үшінші, төртінші жолдар алты буынның табалдырығын аттағанмен,
негізгі ырғақ түзіліміне нұқсан келтірмейді.
М.Жұмабаев шығармашылығы арқылы қазақ бұрын-соңды болмаған əдеби-көркемдік
биіктерге жетті. Кемеңгер Абай реалистік, романтикалық лириканың классикалық үлгілерін
тудырса, Мағжанның романтикалық бейнелеу тəсілі қазақ өлеңінің көкжиегін кеңейте түсті.
Романтикалық саяси-əлеуметтік, махаббат, табиғат, көңіл-күй лирикалары қазақ əдебиетінде
Мағжан шеберлігі арқасында қазақ қоғамының күрделі дəуірінің көркем шежіресі, əрі адамның
ішкі жан дүниесінің көркем айнасы болды. Ұлы ақын төл сөз өнерімізге орнықтырған осындай
ірі жаңалықтарының бірі – аталған ағымдар болатын.
Əдебиеттер тізімі:
1. Жұмабаев М. Батыр Баян. – Астана: Елорда, 1998.
2. Жұмабаев М. Таңдамалы. – Алматы: Ғылым, 1992.
3. Жұмабаев М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989.
4. Жұмабаев М. Шығармалар жинағы. – Алматы: Ғылым,1992.
5. Майтанов Б. Мағжан Жұмабаевтың поэтикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2001.
ƏОК 821.512.122
Достарыңызбен бөлісу: |