Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Болашақ» академиясы


ҚАЗАҚ БАТЫРЛЫҚ ЭПОСЫ СЮЖЕТТЕРІНІҢ ГЕНЕЗИС МƏСЕЛЕСІ



Pdf көрінісі
бет31/68
Дата06.03.2017
өлшемі5,4 Mb.
#7947
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68

ҚАЗАҚ БАТЫРЛЫҚ ЭПОСЫ СЮЖЕТТЕРІНІҢ ГЕНЕЗИС МƏСЕЛЕСІ 

 

Мамыт А.А. 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, 

Шымкент қ. Қазақстан Республикасы 

 

Батырлық эпос – аса құнды рухани мұра. Ұлттық сөз өнерінің бастау көзі осы жанрдың 



ауызша-поэтикалық үлгілерінен келіп туындайды десек асылық емес. Фольклор – сөз өнерінің 

бесігі.  Батыс  еуропа  елдерінде  əлдебір  эпикалық  ескерткіштің  генезисін  айқындау  əлем 

əдебиетінің  «алғашқы  адымын»  аңдау  үшін  ерекше  мəнге  ие  болып  келсе [1], батырлық  эпос 

сюжеттерінің  шығу  тегі  мен  ерте  формаларын  зерттеу – ұлтымыздың  тарихи  танымы  мен 

рухани болмысының терең қатпарларын танып білуде айрықша маңызды. 

Қазақ  батырлық  эпосы  генезисінің  негізгі  заңдылықтарын  анықтау  үшін,  түркі 

ұлыстарының  фольклорлық  сюжеттерін  жете  салыстыру  қажет.  Мəселен,  осы  тұрғыда  Сібір 

жəне  Орталық  Азияны  мекен  ететін  туыстас  халықтардың  батырлық  эпостарын  салғастыру 

едəуір жетістіктерге жеткізеді деп пайымдауға болады. 

Мəселен,  қырғыз  халқының  рухани  өмірінен  ерекше  орын  алатын  «Манас»  жырының 

ғасырлар бойы ауызша айтылып келе жатқаны белгілі. Ұлттың өткен тарихынан хабар беретін 

мұра  ретінде  əлі  күнге  өзінің  құндылығын  жойған  жоқ.  Ежелгі  гректерде  айрықша  аталатын 

Гомердің  поэмалары,  сондай-ақ  тарихи  даму  жағдайлары  ұқсас  болып  келетін  оңтүстік 

славяндық немесе карел-финдік «Калевала» иеленеді. 

Қырғыз суырып-салма жыршылары – орындаушы ғана емес, олар сонымен қатар сюжеті 

мен образдарының жалпы дəстүрі аясында «Манас» жырының өзіндік нұсқасын сомдаушылар 

да  болып  келеді.  Кезінде  Радлов  атап  өткендей [2], қырғыз  эпопеясының  мəтіні  ерекше 

«сырғымалы»  болып  саналады.  Бір  ғана  жыршының  аузынан  қайта  жазып  алынған  жырда 

едəуір  маңызды  айырмашылықтар  көптеп  табылады.  Əр  жырлаушының  шеберлігі  мен 

шығармашылық  ізденісіне  орай  бірдей  немесе  ұқсас  мазмұндар  орын  ауысып  отырады.  Сөз 

өнеріне  үйрену  кезінде  жыршылар  тілге  оралымды  мəтінді  емес,  сценарийді,  сюжет  арқауын, 

эпизодтар  мен  оқиғалардың  бірізділігін,  сондай-ақ  дəстүрлі  «ортақ  сарындарды»,  эпостық 

қалыптарды  (батырлардың  шабысы,  шайқастың  суреттелуі,  қаруы  мен  астындағы  арғымағын 

мадақтауы  жəне  т.б.)  есте  сақтап  қалады,  ал  қалған  тұстарын  ол  жырлау  барысында, 

тыңдаушының көңіл-күйіне қарай өз жанынан эпизодтарды да қосып жібереді. 

Əрине,  жыршының  дайын  поэтикалық  тіл  ретінде  пайдаланатын  суырып-салмалық 

қасиетке ие тың шығармашылығы сюжет құруда, сарындар (мотивтер) мен образдарда, тұрақты 


189 

 

стилистикалық  формулаларда,  эпитеттерде,  теңеулердегі,  фразеологиялық  оралымдарда  берік 



орнығып  қалыптасқан  белгілі  бір  дəстүрлердің  аясында  ғана  мүмкіндік  алады.  Эпос 

орындаушылар  үшін  батырлық  жыр  халық  өмірінің  жанды  құбылысы  болып  келетін  барлық 

тұста суырып-салмалық пен тың шығармашылыққа кең  жол ашылады. Мұны біздер, мəселен, 

өзбектердің  «бахшиларынан»  байқаймыз,  халық  оларды  шығармашылық  қабілеттері  үшін 

«шайыр»  деп  атап  кеткен.  Өзбектің  үздік  жыршысы  Фазил  Юлдашевтің  орындауынан  жазып 

алынған  «Алпамыс»  жырының  мəтінінен  де  дəл  осындай  «сырғымалық»  пен  шығармашылық 

жаңа  нұсқалардың  бар  екендігі  байқалады.  Міне,  осындай  суырып-салмалық  пен  тың 

шығармашылық қабілеті қазақтың ұлы ақыны Жамбыл сияқты халық жыршыларына батырлық 

пен кеңес дəуіріндегі тақырыптарда жаңа халықтық эпостарды жаратуына мүмкіндік берді [3]. 

Өзімізге белгілі болғандай, алғашқы қауымдық қоғамда халық поэзиясы көбіне соғыс пен 

аңшылықта  немесе  ұжымдық  еңбек  барысында  табысқа  қол  жеткізу  үшін  орындалатын 

магиялық  дəстүрмен  байланысты  болып  келді.  Осыдан  келіп,  жырдың  магиялық,  сиқырлы 

күшіне  деген  сенім  туындайды,  тіпті  ол  халық  əпсаналары  мен  ертегілерінің  бойында  да 

сақталып  қалды.  Осыдан  келіп,  поэзияның  тұрмыс-салт  жырларынан  бөлінер  алдында, 

қоғамдық  дамудың  ерте  сатыларында  жыршы  мен  сиқыршы-бақсы  кəсібі  қатар  меңгерілді. 

Мəселен,  карел-финдік  «Калевала»  эпосының  кейіпкері  сиқырлы  жыршы-арбаушы  болып 

келеді.  Вейнемейнен  немесе  орта  ғасырлық  түркі-оғыз  эпосындағы  Қорқыт  ата – эпикалық 

жыршы,  аңыз  кейіпкері  əрі  тайпаның  данагөй  ақсақалы,  өз  халқының  көсемі,  сиқыршы-

бақсысы.  Орта  Азия  халықтарында  «бахши» (бақсы)  сөзінің  екі  түрлі  мағына  беретіндігі  осы 

байырғы байланысты растай түседі. Өзбектерде «бахши» сөзі эпос жыршысы мен емші-бақсы 

дегенді танытады, өйткені бағзы заманда осы екі кəсіп кейде қатар атқарылған; түрікмендерде 

«бахши» тек  қана  халық жыршысы  болып  келсе, қазақтарда емші-бақсы  дегенді білдіреді [4]. 

Қырғыз манасшылары да бұрынғы дəуірде емшілік атқарған: адамдар мен мал ауырғанда, жүкті 

əйелдердің  босануы  жеңіл  болуы  үшін  «Манас»  жырын  айтқызатын  болған. XIX ғасырдың 

алғашқы  жартысында  өмір  сүрген  атақты  манасшы  Келдібек  жайлы  аңыздарда  жырдың 

магиялық күші туралы ежелгі түсінік орын алады: «Келдібек жырлаған кезде, өзі отырған киіз 

үй  діріл  қағады  екен;  өз  жырының  күшіменен  ол  дауыл  тұрғызады  екен,  ауылға  дүлей  боран 

соғып,  оның  арасында  белгісіз  бір  салт  аттылар  ары-бері  (Манас  пен  оның  жасағы)  шауып 

жүреді, олардың аттарының дүбірінен жер қарс айрылады» [5, 154]. 

Жоғарыдан  берілген  керемет  пайғамбарлық  қасиеті  бар  адам  ретінде  жыршыны 

шабыттандыратын  түсініктерге  негізделген  аңыз  да  осы  танымға  байланысты  екендігі  мəлім. 

Бұл  аңыз  сайып  келгенде,  жыршыны  бақсыға  балаудың  міндетті  шарты  болып  саналады, 

көбіне-көп Сібір жəне Орта Азия халықтарының, əсіресе, түркі тілдес халықтардың бақсылық 

салттары  мен  наным-сенімдері  туралы  этнографиялық  ғылыми  еңбектерінде  зерттелген 

«бақсынының қызметі» туралы түсініктермен сай келеді [6, 82]. 

Ата-ананың  ғажайып  түс  көруі  батырдың  дүниеге  келуінен  хабар  береді.  Көптеген 

халықтардың  фольклорында  кездесетін  парсы  патшасы  Кирдің,  Шыңғыс  ханның  туылуы 

туралы сюжетті атауға болады. Түсінде Манас анасының алма жеуі құрсаққа бала біту туралы 

кең  таралған  сарындардың  өзгертілген  түрі  екендігі  айқын.  Көбіне  алма  бала  тумаған  ананың 

бойына  сəби  бітіреді,  кей  жырларда  күн  сəулесінен,  киелі  бұлақ  суынан  бір  жұтым  су  ішу, 

гүлдің  иісінен  жүкті  болу  оқиғалары  орын  алады.  Мұндай  сюжеттердің  пайда  болуының  түп 

негізінде  ежелгі  батырлар  жырларында  аналық  тек  дəуірінен  туындайтын  «партеногенезис» 

туралы  (қыз  күйінде  жүкті  болу)  алғашқы  қауымдық  қоғамдағы  түсініктермен  байланысты 

болып келеді. Кейінгі дəуірде осы фольклорлық сарындар кейіпкер өмірбаянындағы «ғажайып 

дүниеге келудің» дəстүрлі элементі ретінде эпос пен ертегі сюжеттерінде тұрақталды. 

Басқа  да  жорамал-нышандарды  осындай  ежелгі  түсініктер  қатарына  жатқызуға  болады. 

Мəселен,  Манастың  анасы  жолбарыстың  жүрегін  жейді,  мұның  өзі  Манасқа  жолбарыстың 

айбарлы  күші  мен  ержүректігін  береді.  Осыған  ұқсас  ретте  қазақ  эпосында  Шора  батырдың 

анасы жүкті кезінде арыстанның етіне жерік болады, ол етті оған малшы бала тауып береді [7, 

39].  Осы  жырлардың  негізінде  магиялық  күштерге  деген  сенім  орын  алып  отыр.  Этнограф 

Фрэзэр  осы  мəселеге  байланысты  мынадай  мысал  келтіреді: «Ассам  түземдері  еркектердің  ас 

болып  саналатын  жолбарыс  етін  өте  жақсы  көреді,  ол  жауынгерлерге  күш  береді»; 

«Скандинавияның  батырлар  жырында  король  Аунундтың  ұлы  Ингиальд  туралы  əңгімеленеді, 

ол жас кезінде өте нəзік болады, алайда жолбарыстың жүрегін жеп, ержүрек əрі батыл болып 

өседі» [8, 97]. 


190 

 

Табиғи  қалыптан  тыс,  ерекше  жағдайда  сəби  босану  дүниеге  батыр  келе  жатқанынан 



хабар  береді.  Бойының  алыптығы  мен  айрықша  күш  иесі  екендігі  сəбидің  бесікте  жатқан 

кезінде-ақ  белгілі  болады.  Болашақ  батыр  өзін  жөргектеуіне  шама  бермейді,  бірнеше  əйелдің 

емшек  сүті  оны  тойдыра  алмайды.  Ерте  бала  шағындағы  тентек  əрекеттері  оның  батыр 

болатындығын  дəлелдейді. «Манас»  жырының  Қаралаев  Саяқбай  нұсқасында  батыр  өзімен 

құрдас  балалардың  арасында  бас  болып,  мазарды  қиратады,  дəруіштер («дубана»)  мен 

қожаларды  ұрып-соғады.  Манастың  эпикалық  өмірбаянындағы  мұндай  «ортақ  сарындар» 

əлемдік  фольклорда,  əсіресе,  түркі  халықтарында  кеңінен  тараған.  Олар  осы  өмірбаянның 

құрамына, ел санасындағы тарихи тұлғаның халық батыры ретіндегі эпикалық мінсіз бейнесін 

жасаудың міндетті элементі ретінде, оның қалыптасуының ең кейінгі кезеңінде енсе керек. 

Түркі  халықтарының  ескі  түсінігі  бойынша,  сəбиге  ат  қою  ата-ана,  дүйім  жұрт  үшін 

маңызды  міндет  болып  саналады.  Көне  дəстүр  бойынша  есім  адамның  кейінгі  тағдырына 

магиялық əсер етеді деген сенім қалыптасқан. Ертедегі түркі-оғыз аңыздарында батырға немесе 

ханның  ұлына  «бақытты  есімді»  тайпаның  данагөй  ақсақалы,  көріпкел  жырау  əрі  бақсы 

Қорқыттың  өзі  қоятын  болған.  Орта  Азиядағы  түркі  халықтары  арасында  сəбиге  жасы  үлкен 

кісі – ақсақалдың ат қоюы əлі күнге дейін сақталып келеді [9, 56]. Пұтқа табынушы бақсының 

орнын  Орта  Азия  эпосында  жиһанкез  мұсылман  дəруіш,  диуана,  қырғызша – «дубана» 

(ұсқынсыз),  кейде  баласыз  ата-аналарға  бата  беріп,  батыр  баланың  дүниеге  келетініне 

сəуегейлік  ететін  əулие-жебеуші  иеленді.  Өзбек  эпосы  «Алпамыста»  батырдың  дүниеге 

келгенін тойлау кезінде, бұл міндетті диуананың кейпіне енген əулие халиф Əли атқарады. 

Көшпенді  өмірдің  патриархалды  жағдайында  қалыптасқан  түркі  халықтарының  эпосы 

батырдың  жұбайы  оның  сенімді  серігі,  тең  құқылы,  ақылды  əрі  ержүрек  көмекшісі  ретінде 

бейнеленеді. Мəселен, «Алпамыстағы" Баршын, «Қобыландыдағы» Құртқа жəне «Манастағы» 

Қаныкей.  Қаныкей  Құртқа  сияқты  батырдың  Бейжіңге  баратын  қиын  да  қауіпті  сапарынан 

хабар береді, жары мен бүкіл қырғыз қолына төніп келе жатқан қатер туралы аян түстер көреді, 

сақтандырып  отырады.  Содан  ол  көсемнің  бес  қаруын  сайлап,  алыс  жорыққа  дайындайды. 

Батырдың  елінде  жоқ,  жорықта  жүрген  кезінде,  тұтқынға  түскен  шағында,  жеңімпаз 

дұшпанның  жəне  оның  туыстарының  зорлық-зомбылық  жасаған  сəттерінде  əйелі  асқан 

төзімділік  көрсетіп,  зор  адамгершілігін  паш  етіп  отырады.  Түркі  эпосы  көшпенділердің 

жауынгерлік  тұрмыс  салты  жағдайында  батырдың  сүйген  жарын  осындай  сынақтарға 

ұшыратып, ал оларды осы сыннан сыр бермей əрі сүрінбей өткізу арқылы үлгі боларлық типтік 

бейне сомдайды. 

Сондай-ақ  Орталық  Азиядағы  түркі  халықтарының  эпосында  батырдың  ержүректілігі, 

ерлігі  мен  күш-қуаты  халық  санасында  аса  жоғары  жауынгерлік  қасиеттерге  ие  жыртқыш 

аңдармен де салыстырылып отырады. Бағзы заманда, поэтикалық тіл жасалынып жатқан шақта, 

осындай теңеулердің туындауына белгілі бір тайпаның əлдебір жыртқышпен туыстығы туралы 

тотемдік  түсініктер  əсер  еткен  болуы  да  мүмкін.  Мəселен,  жыршылар  Манасты  арыстан, 

жолбарыс, қабылан жəне сырттанға теңейді. Теңеуге орай батырдың аты біртіндеп өзінің шын 

атын ығыстырып шығаратын лақап атқа өзгереді. 

Мұның барлығы, біздің көзқарасымыз бойынша, түркі эпостарында тəуелсіздік жолында 

саяси  тұрғыдан  өрлеген  негізгі  кезеңдерге  назар  аудартады.  Халық  жауынгерлік  рухта  осы 

эпостардан  ұрпақтан-ұрпаққа  таратып,  тəрбие  беріп  отырады,  ал  бұл  жағдайда  халық 

жыршыларының шығармашылығы ерекше маңыз алады.

 

Эпос – тарихи  деректердің  шынайы  шежіресі  емес.  Бұл  фольклор  жанры  өмірде  өткен 



ерекше  оқиғалардың  эмоциялық  көрінісі  болғандықтан,  мұнда  батырлар  халықтың 

тəуелсіздікке  деген  арман-тілегін  өз  бойына  жинақтап  отырады.  Қазақ  жəне  қырғыз 

халықтарының  эпостарында  қалмақ-жоңғар  шапқыншылығы  ерекше  орын  алады,  тіпті 

қалмақтар осы халықтардың ата жауы ретінде меңзелетін тұстары да аз емес [10, 102]. 

Батырлық  эпос  сюжеттерінің  туып,  қалыптасу  дəуірлеріне  келсек,  зерттеушілер 

жекелеген  эпикалық  туынды  версияларын  негізге  ала  отырып,  оның  генезисі  мəселесінде VI-

VIII ғғ. бастап, XVI-XVII ғғ. дейінгі түрлі кезеңдерді ұсынып жүр. Осы сауалға эпостың пайда 

болу  уақытының  тарихи  тұрғыдан  тым  алыс  болуына  байланысты  сенімді  жауап  беру  қиын. 

Халық  шығармашылығына  өзек  болған  тарихи  деректерге  сүйене  отырып,  сюжетті  еншілеу 

немесе негіздеу кезеңін шамалап айтуға болады. Батырлық эпостың арғы сюжетін (

прасюжетін

айқындау көрсеткендей, ол патриархалды-рулық құрылыс дəуірінен бастау алып, ру-тайпалық 



жүйенің қалыптасқан кезеңінде пайда болды. Сонымен қатар барлық ұлттық версияларда ерте 

феодализм мен орта ғасырға тəн көріністер орын алады. Баяндау құрылымында орта ғасырлық 



191 

 

көріністердің  болуын  жыршылардың  ежелгі  сюжетті  қайта  өңдеу  нəтижесі  деп  қарастырған 



жөн.  Яғни, 

бағзы  замандардың  оқиғалары  уақыт  өткелдері  арқылы  халық  жадынан  біздің 

күндерге келіп жетіп, нəтижесінде эпостағы көптеген сюжеттік желілер, қалмақ дəуіріне дейінгі 

сарындар жоғалып, кейде өңделіп, кейде қайта ой екшеуінен өткізілген.  

Сонымен,  түркі  халықтарының  эпостарындағы  сюжеттерді  негізге  ала  отырып,  біз 

олардың  генезисі  ежелгі  жəне  орта  ғасырлар  тарихымен  тікелей  байланысты  болып  келеді 

деген тұжырым жасаймыз.  

 

Əдебиеттер тізімі: 

1.  Мелетинский  Е.  Происхождение  героического  эпоса. 

2-е  изд.,  испр. -М.:  Вост.  лит., 

2004. – 462 с. (Исследования по фольклору и мифологии Востока : Осн. в 1969 г. / Редкол.: Е.М. 

Мелетинский (пред.) и др.).

  

2. Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. Ч.I-X. СПб., 1866-1907. 



3.Жирмунский  В.М.  Среднеазиатские  народные  сказители.  Изв.  Всесоюзного 

географического общества, 1947. т.79, вып.4. 

4.  Самоилович  А.М.  Очерки  по  истории  туркменской  литературы. - В  книге 

«Туркмения». – Л., 1929. 

5. Əуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 19-том. – Алматы: Жазушы, 1985. 

6. Штернберг Л.Я. Избранничество в религии. – Этнография, 1927. – №1. 

7. Орлов А.С. Казахский героический эпос. – М., 1945. 

8. Фрезерь Дж. Золотая ветвь. Ч.IV. Перевод под ред. П.Ф.Преоюраженского. – Л.,1928. 

9. Самоилович А.Н. К ворпосу о наречении имени у тюркских народов. – Живая старина, 

1911. вып.II. 

10.Чыныбаев Б.С. Вопросы генезиса и эпохи сложения эпоса «Манас». – Бишкек, 1995. 

 

 



ƏОК 811.512.122 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ТІРЕК 



СЫЗБАЛАРДЫҢ РОЛІ 

 

 



Матенова Г.Д. 

№15 ЖББОМ, Карабас к., Абай ауд., Қарағанды обл., 

Қазақстан Республикасы 

 

Бүгінгі  таңда  педагогика  саласында  жиі  қолданылып  жүрген  оқытудың  жаңа 

технологиясы  ескіні  жаңғыртып,  жаңаша  толықтырылған,  озық  деп  танылған,  нəтижелі 

тəжірибелерге сүйене білім беру мен жеке тəрбие мақсаттарын жүзеге асырудағы əдістемелер 

жүйесінің жиынтығы. 

Модульдік  оқыту  технологиясы,  оқыту  мен  жазуды  сые  тұрғысынан  ойлау 

стратегиялары,  ұжымдық  оқыту  тəсілі – тіл  мен  əдебиет  сабақтарында  оқушыларды 

шығармашылыққа баулуда қолайлы əдістер. 

Əдіскер – Ұстаз  Қ.Бітібаеваның  тірек  кестелерге  негізделген  əдістемесі.  Əдебиет 

сабағында көлемді шығармаларды оқығанда тірек кестеге салса ұжымдырақ болады. 

Бұл құрылымды В.Ф.Шаталов былай түсіндіреді. « Тірек сызбалар – ойынның элементі, 

уақыт  үнемділігі  жəне  бала  психологиясын  қызықты  құбылысқа  бағыттау.  Бірақ  ең  басты 

мақсат  берілген  тақырыпты  логикалық  байланыстар  негізінде  оқушының  түсінуі  жəне  ұзақ 

уақыт есте қалуы». 

Тірек  сызбаларды  оқу  процесінде  ұтымды  енгізсе,  оқушы  шығармашылыққа  баулуда 

маңызды  роль  атқарады.Күнделікті  сабаққа  дайындық  қазіргі  талаптар  тұрғысынан  қарағанда 

мұғалімге көбірек ізденуді, оқыту мен тəрбиелеудің тиімді жолдарын қарастыруды қажет етеді. 

Осыған  орай,  ұтымды  ойластырылған  қазақ  тілі  сабағында  тірек  сызбаларын  пайдаланудың 

маңызы  ерекше.  Оқушылардың  ережені  түсінбей  жаттауы,  жаттандылықтан  сақтауға,  өздік 

жұмысты  орындауға  мүмкіндік  береді.  Оқушылардың  логикалық  ойлауын  жақсартады,  сөз 

байлығын  дамытады.Сбақты  жүйелі  айтуға  дағдыланады.  Оқушылардың  өздігінен  жұмыс 

істеуіне  көп  көмек  тигізеді,  бұл  əдістің  артықшылығы  бірнеше  сағатқа  мөлшерленген 



192 

 

материалды аз уақыт ішінде теориялық жағынан меңгертіп, қалған сабақтарда бекіту, жаттығу, 



жинақтау мақсатында дəстүрлі емес сабақ түрлерін ұтымды пайдалана алады. 

Оқушылар  логикалық  байланыс  негізінде  өтілген  материалды  есте  сақтайтындай  жəне 

кез-келген  уақытта  бір  белгіге  не  сөзге  назар  аудару  арқылы  жедел  еске  түсіреді.  Мұндағы 

мақсат – оқушылардың  өздігінен  білім  алун,  белсенділігін  арттыру,  еңбектенуі, 

шығармашылығын дамытуын ұйымдастырады. 

Тақырып  мазмұны  жекелей  де,  ірілендіріп  те  беруге  болады.  Бұларды  жаңа  білім  беру, 

пысықтау, қорытындылау, білім сынау сабақтарында пайдаланады.Себебі бірнеше қайталанған, 

санада жаңғырықтырылып отырылған дүние есте берік сақталады. 

Мəтіннен  немесе  өтіліп  отырған  тақырып  ішінен  негізгі  мəселелерді,  басты 

грамматикалық ұғымдарды іріктей білуге, сөзді дұрыс қолдануға, сөйлем құру, жүйелі сөйлеуге 

қалыптастырады. 

Сабақ  үстінде  жаңа  материалды  түсіндіру  барысында  оқулықпен  жұмыс  істей  отырып 

негізгі  ұғымдарды  өздері  анықтауға  дағдыланады,  есте  сақтап,  қажет  кезде  жылдам  еске 

түсіреді. 

Белгілі  бір  тарауды  түсіндіру  барысында  бірнеше  тақырыпты  жинақтап,  ықшамдап  бір-

екі тірек сызбамен көрсетуге болады. 

Тірек  сызбалар  мектептегі  көрнекілікке  ұқсас  болғанымен,  айырмашылығы  ондағы 

мағыналық-логикалық  белгілер  теориялық  материалды  нақты,  қысқа  түсіндіреді. 

Оқушылардың  сабаққа  қатысын  тездетіп,  жеңілдетеді.  Қызығушылығы  оянып,  тұжырымдап, 

топшалау дағдылары қалыптасады. 

Теориялық тақырыптар бойынша оқулықпен жұмыс істегенде, тіл дамыту сабақтарында 

оқушылардың  өздеріне  тапсырма  беріледі.  Олар  тірек  сызбаның  мынадай  үлгілерін 

құрастырады. Тақтадағы көрнекіліктерді дыбыстандыру, шартты белгілерді сөйлету, өз бетінше 

мысал келтіру, дəптерге түсіру. 

 

 

Хабарлы Жеңіс пен табыс дегеннің өзі талапты ерді сүйеді. 



 

Сөйлем  


              лепті 

                сұраулы Өзіңізбен бітірген шəкірттер қанша еді? 

 

  Астанам неткен тамаша 



 

 

Бұйрықты  



 

 

Ал енді, кұлыным, адам бол,оқы. 



 

Тірек  сызбалар  негізінде  барлық  оқушылардың  сөйлеу  тілін  арттыру  мақсатында 

пайдаланылатын тəсілдердің бірі. 

Тірек  сызба  жаңа  тақырыпты  жеңіл  түсінуге,  есте  сақтап  қалуға  көмектеседі.  Негізінде 

орташа  оқитын  оқушыларға  өте  тиімді:  себебі  олар  схема  бойынша  сөйлем  құрастырып,  өз 

ойларын айтып жеткізуге үйренеді, сабаққа қызығады, еңбектенуге талпынады. 

Тірек сызба бере отырып, сұхбат құрғызу орыс тілді балаларға қазақша сөйлеу дағдысын 

қалыптастыруға, ойлау қабілетін арттырып, сөйлемдер құрастыра үйретуге мүмкіндік береді. 

Сөйлем  мүшелері,  жай  сөйлем  түрлері,  оқшау  сөздер,  құрмалас  сөйлем  бойынша  тірек 

сызбалар сызылады. 

 

өздік жұмыс 



 

есте сақтау 

 

 

 Тірек сызба 



мұқияттылық 

Логикалық түсіну 

 

Жұмыс бастылықтан 



 құтылу 

білім сынау 

Көру, есту 

жаттандылықтан 

 

Түсініп оқу көрнекіліктерді дыбыстандыру 



 

сөйлем құру 

еңбектену 

грамматикалык тұлганы 

ажырату 


193 

 

Əдебиеттер тізімі: 

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1993. 

2. Балақаев М.Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1994. 

 

3. Əбіқаев А.Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1995. 



 

 

ƏОК 811.512.122 



 

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТІ ПƏНІН ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ТҰРҒЫСЫНАН ОҚЫТУ 

НƏТИЖЕЛЕРІ 

 

Махамбетова Р.А. 



№4 ЖББОМ, Вольный к., Абай ауд., Қарағанды обл., 

Қазақстан Республикасы 

 

Бүгінгі  білім  берудің  басты  нысаны  əлемдік  білім  кеңістігіне  кіру.  Алғы  шарт  бүгінгі 



қоғамға  лайықты  білікті  де  білгір  азамат  тəрбиелеу.  Мұндай  тұлға  өз  ұлтының  жəне  өзге  ұлт 

өкілдерінің мəдени құндылықтарын қастерлейтін, саналы деңгейде пікірлесе алатын дəрежеде 

болуы керек. 

Оқушы  біліктілігін  арттыру  қазіргі  оқыту  үрдісі  мазмұнының  басты  нысанасы.  Түрлі 

пəндер  бойынша  берілетін  білім  мазмұнының  меңгерілуі,  сол  білімді  пайдалану  арқылы 

оқушының  өмірлік  дағдысы  мен  іскерлігі  өлшенеді,  ендігі  жерде  білімнің  сапасы  нəтижеге 

бағытталады.Іскерлік  қатынасты көтеру мақсат етіледі. Осыдан қазіргі  білім  беру  жүйесіндегі 

құзыреттілік (біліктілік) ұғымы туындайды. 

Нəтижеге  бағытталған  білімді  пəндік  құзыреттілік  тұрғысынан  зерделесек,  біз  адамға 

тыңдау,  түсіну,  ойлау,пайымдау,  тұжырымдау,  пікірлесу  сияқты  тілдік  коммуникативтік 

біліктіліктерді  оқушының  өмірлік  қажеттілігіне  айналдыруы  үшін  əдебиеттің  маңызы  зор 

екеніне  көз  жеткіземіз.  Əдеби  білім  алған  оқушы  əдебиетті  пəн  ретінде  ғана  біліп  қоймайды, 

сол  пəндік  білім  негізінде  болмысты  танып  біледі,  одан  ақпараттық  мағлұматтар  алады, 

эмоциялық құндылық болып табылатын адами қасиеттерді бойына сіңіре отырып, мəдениетті, 

салауатты  қарым-қатынасқа  түседі,  əдебиеттің  жетекші  қызметінің  жүзеге  асырылуына  жол 

ашады.  Бұл  ретте  көркем  шығарманы  дүниетанымдық,  əлеуметтік,  тəрбиелік  бірлікте 

қарастырудың мəні артады, əдебиетті ұлттық құндылық ретінде оқыту қажеттілігі туындайды. 

Сөз  өнерінің  негізінде  оқушының  дербес  шығармалық  қабілетін,  ұшқыр,  шешен  сөйлеу 

шеберлігін дамыту үшін əдеби білім мазмұны көркемдік сипатқа құрылып, оқушы біліктілігін 

арттыруға  негіз  болады,  сол  себепті  нəтижеге  бағытталған  білім  моделі  бойынша  əр  пəннен 

берілетін  білім  мазмұны  мектептің  барлық  сатыларында  нақты  көрініс  тауып,  оқушылардың 

білімдік  құзыреттілікті  меңгеруін  қадағалайды.  Құзыреттілік  ұғымы – оқушының  белгілі  бір 

кешенді  іс-əрекетті  орындай  алу  қабілетін  жетілдіруге  бағыттала  отырып,  оқыту  жүйесіне 

қызмет етеді. 

Қазақ  тілі  мен  əдебиеті  сабақтарында  бала  бойында  жалпы  білім  дағдысы  мен  білігін 

қалыптастыру  мəселесі  қаралады.  Жалпы  оқудың  білігі  мен  дағдысын  жан-жақты 

қалыптастырудың  маңызы  зор  екені  белгілі.  Оқушы  бойында  білім  негіздерін  қалыптастыру 

үшін  оның  біліктілігін,  дағдысын  тұрақтандырып,  белгілі  арнаға  түсірмейінше,  нəтижеге  қол 

жеткізу мүмкін емес. 

Оқушы белгілі мəліметті қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге терең ой иесі. Ол дербес 

ойланып, дəлелдер келтіруіне сабақ барысында түрлі əдістер арқылы қолайлы жағдай жасауға 

тырысамын. Айталық, «Атаулар көмегімен болжау жасау», « Елеспен жетелеу», стратегиялары 

оқушының  шығармашылық  қабілетін  ұштауға  өте  тиімді. « Ой  қозғау», «Болжау»  əдістерін 

оқушының ой ұшқырлығын бақылауда, стандартты емес шешім жасауда тиімді пайдалану жөн. 

Оқу  орыс  тілінде  жүретін  мектептердегі  қазіргі  оқушыларды  кең  ауқымды  көркем  əдебиетті 

қазақ  тілінде  оқытуға  баулу  оңай  іс  емес.  Бұл  жолдағы  қиындықты  шешуге « ЖИГСО»  əдісі 

көп  көмегін  тигізеді.  Оқушы  өзіне  жүктелген  міндеттерге  жауапкершілікпен  қарап,  басқа  топ 

мүшелеріне  түсіндіру  үшін  сурет  те  салады,  сахналық  көрініс  те  қояды,  сабақтың  осы  кезеңі 

оқушыларды бей-жай қалдырмайды. 

Оқушылардың  ойлау  деңгейіне  сай  əр  сабақта  сұрақ  қою  үшін  Б.Блумның  сұрақ  қою 

өлшемін  пайдаланамын.  Сұрақтар  қарапайымнан  терең  ойлауға  дейін  жалғасады.  Мұндағы 


194 

 

мақсат – оқушы ойын ең төменгі деңгейден терең ойлауға дейін жеткізу.Топтық тапсырмалар 



сыныпта  ынтымақтастықты  қарым-қатынас  орнатуға,  шығармашылықпен  жұмыс  жасауға, 

тақырыпты өмірмен байланыстыруға мүмкіндік туғызады. 

Сабақта  интерактивті  əдіс-тəсілдерді  қолдану  арқылы  жеткен  нəтижелерім  мынадай: 

оқушының  білім  деңгейі  түсінуден  басталады  да  алған  білімін  қолданып,  қорытындылауға 

дейін  жоғарылайды.  Қабылдаған  жаңа  ақпаратты  саралап,  мəселені  өзі  шеше  алуға  мүмкіндік 

болады. 


Əдебиет  сабағында  оқушының  тілдік  құзыреттілігін  қалыптастыру  мақсатында  жиі 

қолданылып  жүрген « Оқырман  семинары»  тəсілі  бойынша  сызба  түрінде  талдау  жасадым. 

Сабақта меңгерілетін көркем шығарма мынадай топтардың көмегімен жүзеге асады: 

1.  Сұрақ  қоюшылар.Б.Блумның  сұрақ  қою  өлшемі  бойынша  қарапайым  сұрақтан 

шығармашылық  сұрақтарға  дейін  қамтылады.  Сұрақтар  қою  арқылы  оқушы  өз  бетімен 

шығармашылық қабілетін дамытады. 

2.  Сөз  тапқыштар.  Қойылған  сұрақтарға  нақты,  дəлелді  жауап  беру  үшін  өз  бетінше 

ізденеді, дағыдыланады. 

3.  Аудармашылар.  Мəтін  бойынша  түсініксіз  сөздер  тізбегін  жасайды,  тұрақты 

тіркестерді анықтап жазады. 

4. Жазушылар. Поэзиялық шығарма болған жағдайда прозаға айналдырып жазады, мəтін 

бойынша жоспар құрады. 

5. Суретшілер. Мəтін кейіпкерлерінен, белгілі бір эпизодтарынан сурет салады. 

6. Кейіпкерлерді сөзбен суреттеушілер. Кейіпкердің, оқиғаның, мəселенің суретін сөзбен 

салады. 

Қазақ  əдебиеті  сабағында  оқушының  құзыреттілігін  қалыптастыруға  бағытталған 

тапсырмаларды 4 бағытқа бөліп дайындаймын:  

Ақпараттық құзыреттілік 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет