Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі дәрістік кешен әлеуметтік педагогика



бет16/39
Дата14.10.2023
өлшемі239,7 Kb.
#115097
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Бірінші кезең – некеге тіркелуден және бірігіп өмір сүруден бірінші бала туғанға дейінгі уақыт.
Екінші кезең – ең соңғы баланың мектепке баруымен, ал, үшінші кезең баланың әлеуметтік ер жетуі (бой жетуі), табыс табуы мен оның экономикалық тәуелсіздігі, дербестігі, өз бетінше күн көруі арқылы анықталады. Отбасының тіршілік кезеңдері оның ең басты функциясын орындаумен, яғни адам санын көбейтумен байланысты болмақ. Отбасының бұдан да басқа өмірлік кезеңдері бар, бірақ, осы жоғарыда көрсетілгендер негізгі кезеңдерін құрайтындықтан осылармен шектелеміз. Кейінгі уақытта жас отбасын зерттеуге жете назар аударылуда. Көпшіліктің ұйғаруымен жас отбасы мынандай белгілен\рмен сипатталады: некеге отырғандардың жасы 30-дан аспайды, бірігіп өмір сүруі 5 жылдан артық емес. Ерлі –зайыпты адамдар бірінші рет некеге отырған. Бұл сипаттама жас отбасын басқалардан ерекшелеп көрсетеді. Жас отбасынан басқа мосқал, кексе адамдардың отбасы бар, ал, толық жетілген отбасы деп мосқал отбасы мен жас отбасы арасындағы отбасын айтамыз.
Индустриялық құрылымының дамуы, демографиялық құрылымының өзгеруі, қоғамдық топтардың, таптардың қайта құрылуы, әлеуметтік өзгерістер әр уақытта отбасының өзгеруіне тікелей әсер етіп отырады. Кейінгі бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдар аралығында жұмыр жер бетін мекендейтін көптеген халықтар мен мемлекеттерде отбасы дағдарысы белең алып бара жатыр деген пікірлер жиі айтылып жүр. Қазіргідей өркениеттің аса дамыған кезеңінде отбасы өзінің негізгі атқаратын әлеуметтік қызметі - өмірге ұрпақ әкелуді қойды, бұл құбылысты отбасын ыдыратушы, құлдыратушы институтқа (ұйым) айналдырды деп даурығады. Дегенмен, әрбір елде неке қидырғандар саны көбейіп келеді. Отбасының іштей байланыс-қатынастары күшеюде, мұның өзі сырт күштердің отбасын белгілі бір әлеуметтік институт ретінде жоюға шамасы жоқ деп батыл болжау жасауға, тұжырымдауға дәләл бола алады.


1.4 Дәріс
Тақырыбы: Оқу-тәрбие орны - өскелең ұрпақтың әлеуметтендіру институты
Егеменді еліміздің болашағы жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету – бүгінгі таңда ең басты мақсат болып табылады. Өйткені еліміздің болашағы жас ұрпақ-ұлттық сана-сезімі оянған, адамгершілігі және рухани ойлау дәрежесі жоғары дамыған, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, салауатты, бойында жоғары патриоттық санасы, өз елі үшін мақтаныш сезімі қалыптасқан азамат етіп тәрбиеленуі тиіс.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру- қазіргі міндеттердің бірі. Имандылық, ізгілік, адамгершілік, елжандылық және де толып жатқан кісілік қасиеттер мектеп қабырғасында қалыптасады.
Мектептегі өскелең ұрпақтар – болашақ Қазақстан азаматы. Олар ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып XXI ғасыр есігінен еркін еніп жүре алатын дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзін сыйлата алатын рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті әрі саналы, парасатты, жан-жақты мәдениетті, еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін патриот азаматтарымыздың көп болуы әбден керек-ақ..
Өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесін білім нәрімен сусындатып, халқының ерте заманнан жинақталған асыл мұрасымен байытып, ұлттық дәстүрлердің озық үлгілерін санасына сіңіріп «көкірек көзін оята тәрбиелеу» - ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып атсалысатын жауапты міндеттердің ең бастысы. «Егер баланы тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік, патриоттық тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды»-дей отырып, «Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады»-деген В.А. Сухомлинский сөзін басшылыққа алуымыз керек.
Елбасының «болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты-қоғамның нарықтық қарым – қатынасқа көшу кезінде рухани дағдарыстарын жеңіп шыға алатын елін, жерін қорғайтын азамат тәрбиелеу» - деген болатын.
Білім берудің қай түрі болмасын–тәрбие. Бүгінгі күні білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтауда әлі де нақты шешім табылмай, негізгі жолдары айқындалмай отырған жағдайлардың орын алып отырғанын ескеруіміз керек. Тәрбие саласындағы қордаланған мәселелердің қатарында өскелең ұрпақ тәрбиесіне тигізер қоғам мен мектеп байланысының ықпалы-ерекше ден қояр мәселелердің бірі. Әдетте жиі қолданып жүретін «қоғам мен мектеп» байланысы деген сөз тіркестерінің астарында - отбасы, баланың денсаулығы мен әлеуметтік ахуалы, оның өз өмірінде басшылыққа алатын адамгершілік құндылықтары жатыр.
Тәрбие – отбасынан басталады. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы., ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Босағасы берік отбасында әрбір адам өзара қамқорлық пен татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп тұтынуға, еңбекпен табылған ақша құнын бағалап, қадірлеуге үйренеді. Отбасындағы тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы балалардың еңбекқор болуы, әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарау, адамды құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қалыптасуы процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады.
Балаға үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы оларды дұрыс жола бағыттау – өмір заңы. Бала өсе келе көп нәрсеге үйренеді, халқының, ұлтының кім екендігін айқын түсіне бастайды, отаншылдық сезімі арта түседі. Кіндік қаны тамып, туып өскен мекенін, табаны тиіп тұрған топырағын аялай бастайды. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиеле, өз ұлтының тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу отбасынан басталады. Қазақ халқы балаға тәрбие берудің өзіндік әдет-ғұрып дәстүрлерін жинақтады. Әділдік, адалдық, имандылық, адамшылдық, бауырмалдық, шыдамдылық, парасаттылық, қамқорлық, кеңпейілділік. т.б. адамның рухани-моральдық нормаларын бала жанына сіңіре білді. Біздің халқымыздың отбасылық тәрбие дәстүрлерінде ежелден бері қалыптасқан тәлімді үлгілері, оңды салттары аз емес. Әр отбасы ұл-қызына атадан түйгенін үйретеді. «Ұядан не көрсен ұшқанада соны ілерсің», «Ата көрген оқ жанар», «Ұлың өссе – ұлы жақсымен көрші бол, қызың өссе – қызы жақсымен көрші бол», «Қызға қырық үйден тиым» деген мақалдар соның дәлелі. Біздің тәрбиеміздің ерекшелігі – қыз балаға қамқорлықпен қарау. Себебі халқымыз қыз тәрбиеіне баса назар аударған. «Ел боламын десең бесігінді түзе» дегендей, тәрбие бесіктен басталатыны бәрімізге белгілі. Ал бесік иесі – ана. Ал қазірге заманда қыз баланы, яғни болашақ бесік иесін тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлуіміз керек. Өйткені қыз бала – ертеңгі бойжеткен, ана, халқымыздың болашағы. Сондықтан да отбасының берекесі болмай, отанның мықты болуы мүмкін емес. Ұл бала тәрбиесіне де халқымыз зор көңіл бөлген. Мысалы: «Жігітке жеті өнер де аз», «Нағыз жігіт берік болар антына», «Нағыз жігіт қорған болар халқына» сынды ұлағатты сөздер осының айғағы. Халқымыздың ұлттық тәрбиесі негізінен жүйелі болған. Өйткені тәрбиеге әке-шеше, отбасынан бастап, ағайын-туыс, көрші-қоланың бәрі қамқорлық жасаған.Сол себепті ұлтымыз: «Балаң өзіңе тартса – жұбан, қоғамға тартса – қуан» деп бекер айтпаған. «Кәріге құрмет – үлкенге міндет» демекші, үлкендерді, қарттарды, ақсақалдарды сыйлау, тәрбиеміздің ең басты ерекшелігі деп санауға болады. Себебі, халқымыздың тарихына үңілсек, ұлттық танымды қалыптастырушы ата-анаға деген көзқарас пен құрмет ерекше болған. Яғни, халқымыздың ұрпақ тәрбиелеу үрдісі, отбасындағы қарым-қатынас үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету тәрізді ұлттық дәстүрлерді әрқашан сақталған және оның ұрпақ тәрбиелеудегі маңызы айрықша, халықтық мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық пен әділдік сияқты қошеметтеріміз ұлттық дәстүр ретінде қалыптасқан. Бұған дәлел «Үлкенді ұлықтап өскен ел ойсырамайды», «Атасыз үй – бассыз, анасыз үй – панасыз» деген ұлағатты сөздеріміз бекер айтылмаған болуы керек.
Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімділік заңы салтанат құруы шарт, яғни ол өзінің өсу есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, көкірек көзін ашқан ұстаздарымен де, қоршаған ортасы - табиғатпен де өзара үйлесім таба білуі тиіс. Әдетте, нәресте дүниеге келерде жақсы не жаман болып келмейді. Және де ол мүмкін емес. Жат қылық өсе келе жабысады. Ата-аналардың да, ұстаздардың да, қоғамдық ұйымдардың да басты міндеті - жас өскіндердің мөлдір шықтай таза, періштедей пәк жан дүниесін келеңсіз қылықтардан қызғыштай қорғай білуі дер едік. Көсегемізді көркейтіп, көрпемізді ұлғайтар, ел абыройын асқақтатар азаматтарымыз да өзіміз шыңдап жатқан бүгінгі балғындар. Салауатты өмір салтын орнықтырудың қазіргі таңда еркеше мән-мағынаға, зор мәртебеге ие болып отырғаны да осыдан. Адам баласын еңбекке, кәсіпке үйрету және оның еңбегін өнімді, жемісті ету адамзат қоғамы тарихымен бірге жасасып келе жатқан тәрбиенің нысанасы. Бүгінгі адамзат ие болып, мақтаныш тұтып отырған нәрсесінің бәрін ғасырдан-ғасырға ұласып, бірін-бірі ауыстырып келе жатқан ұрпақтар жасаған. Бұл орайда қоғам дамуының әрбір кезеңіндегі тиімді тәжірибеден үйреніп, оны дамыта беру керек.
Бүгінгі жас ұрпақ - ертеңгі ұлт болашағы. Ал, болашақ – ғылым мен техниканың шарықтау шыңы болса, сол болашақ қазіргі жас ұрпақ қолында. «Әрбір бала – бір жұлдыз, өзіндік жеке тұлға. Сол тұлғаны қалай қалыптастырсаң , қалай жарқыратсаң не өшірсең, ол сенің қолыңда. Сондықтан мүмкіндігінше, мұғалім әрбір оқушының жүрек кілтін тауып, аша білуі керек. Демек, егеменді еліміздің жас ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне – өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет