Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі дәрістік кешен әлеуметтік педагогика



бет19/39
Дата14.10.2023
өлшемі239,7 Kb.
#115097
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
Байланысты:
Курс лекций по дисциплине Социальная педагогика

1.2 Дәріс
Тақырыбы: Әлеуметтік ауытқулар, оны болдырмау себептері мен жолдары
Мінез-құлық ауытқушылығын сипаттау үшін арнайы терминдер қолданылады - делинквенттілік және девианттылық. Делинквентті мінез-құлық - заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптылықтар. Девиантты мінез-құлық дегеніміз - қоғамда қабылданған ержелерге бағынбау, ауытқу.
Бұл ұғым өте кең, оған делинквентті мінез-құлық және т.б. мінез-құлық ауытқушылықтары (ерте маскүнемдіктен суицидті мінез-құлыққа дейін) жатады. «Мінез-құлық ауытқушылығы» ұғымын «дамудағы ауытқушылық», «дамудың жеткіліксіздігі» ұғымдарынан айыра білу керек. Соңғы екі термин ғылыми әдебиеттерде синонимдер ретінде қолданылады.
Бұл терминдер дамуында ауытқушылықтар бар балаларды бейнелейді. Көптеген ғылымдарда «қалыпты» және «аномалды» құбылыстар деген ұғымдар бар. Сөздің тура мағынасында «қалыпты», «аномалды» мінез-құлық түсініктерінің анықтамасы қиындай түсуде. Бірақ ғылымда және үйреншікті өмірде бұл түсініктер барлық жерде қолданылады. Қалыпты мінез-құлықты көптеген адамдарға тән, ауру бұзылыстарға байланысты емес, нормативті-қабылдаулы мінез-құлық деп түсіндіреді.
Психологтың жұмысы келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Психопрофилактикалық жұмыс - ата-аналармен оқушылар, ұстаздардың психологиялық білімінің қажет екендігін, әрі оны өз жұмыстарында пайдалану мен жеке басының дамуына септігін тигізетіндігін, әрбір баланың жас кезеңдеріне байланысты жан-жақты дамуына жағдай жасау, интеллектуалдық және жеке тұлғалың қалыптасуына кедергі болатын жәйттарды анықтау, әрі олармен жұмыс жүргізу.
Оқу-тәрбие орталықтарының типтеріне байланысты психологтың өткізетін психопрофилактикалық жұмысы төмендегілерді қамтиды;
1.Кабинетке келген балаларды психологиялық-педагогикалық тексеруден өткізу;
2.Жасөспірімдердің жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін, бейімділігін, ынтасын ашу мақсатында баланың тәртібіне дамуына психологиялық анализ жасау;
3. Баланың психикалық дамуында кедеңсіз құбылыстарды болдырмау үшін жүйелі жұмыстар жүргізу;
4. Тілін дамыта отырып, психологиялық өзгерістерді дамыту.
5. Баланың балабақшаға үйренуі(адаптация) бойынша ата-аналарға кеңестер беру.
6. Жоғарғы топтан мектепке баруға дайындық кезеңінде кездесетін проблемаларды шешуге тырысу, әрі ата-аналарға кеңестер беру (болашақта мектептегі өзінің қатарынан қалып қоймас үшін).
7. Коррекциялық бағдарламалардың, әдістердің дамуына психикалық ауытқушылығы бар балаларман жұмыс істеу бағытында пайдалану, әрі көмек беру.
8. Көкейкесті кездейсоқ жағдайларда балаларға, жас жасөспірімтерге психологиялық көмек көрсету.
Психодиагностика барысында анықталған және қатаң индивидуальды, нақты өзгешелігі бар баланың жас ерекшелік және дара ерекшеліктері бойынша жетілдіру және психологиялық зерттеу жұмыстарының бағдарламалары мен жоспарлары құрылады.
1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінің дамуын есепке алғанда, пси-хикалық дамудың бөлек жақтарын және жеке тұлғаның толықтай дамуына бағытталған бағдарламаларды өңдеп жүзеге асырады.
2. Психолог баланың психикалық дамуында ауытқуларды болдырмау бағытында түзету бағдарламасын өңдеп жүзеге асырады.
3. Жетілдіру және психологиялық коррекция жұмыстарының бағ-дарламасына психологиялық және педагогикалық бөлімдер кірістіріледі. Психолог психологиялық бөлімді жоспарлап, жүзеге асырады. Педагогикалық бөлімді мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп өңдейді және оны психолог көмегімен жоғарыда аталған адамдар орындайды. Жұмыстың бөлек формаларына ересек балаларды, қоғамдық өкілді және т.б. адамдарды кірістіруге болады.
4. Жетілдіру және психологиялық коррекция жұмыстарын төмендегі бағыттар бойынша өткізуге болады:
- жеке балалармен арнайы жұмыс жүргізу процесінде;
- балалар тобымен арнайы жұмыс жүргізу процесінде;
- тәрбиелік іс - шаралар бағытында;
- баланың ата - анасының және басқа туыстарының қатысуын қажет ететін формада өткізуге болады.
Ауытқулар мен бұзылулар орталық жүйке жүйесінің немесе пси-хологиялық аурулардың ағзалық зақымдануы болып табылмайтын жағдайда ғана психологиялық-педагогикалық түзету жұмыстары жүзеге асады және саралау (дифференциальдық) диагностикасының барысында белгілі болатын әкімшілік - тәрбиелік сипаттағы қатаң шараларды қолдануды талап етпейді.
Дамыту және психокоррекциялық бағдарламалар екі бөлікті қамтиды. Біріншісі психологиялық, екіншісі педагогикалық. Психологиялық бөлік психолог арқылы жүзеге асырылады, әрі жоспарланады.Ал педагогикалық бөлік ұстаздармен, ата-аналармен психолог біріге отырып жүзеге асырады.
Дамыту және психокоррекциялық жұмыстар психологтың арнайы жұмыстарында, ата-ананың қатынасымен әр баламен жекеленіп немесе топпен жүзеге асырылады.
Дамыту және психокоррекциялық жұмыстар жүзеге асырылады, егер ол жүйке-жүйенің немесе психикалық ауытқулардың нәтижесінде пайда болмаған болса.
Психокоррекциялық және дамытушылық жұмыстар:
1. Баланың психикалық дамуындағы кемшіліктерді жоюға бағытталған коррекциялық бағдарламаны жасау және жүзеге асыру;
2. Дамыту және психокоррекциялық бағдарлама психологиялық және педагогикалық бөлімдерден тұрады: а) жеке баламен арнайы жұмыс; ә) топ баламен жұмыс.
3. Бала психикасының және жеке басының дамуына бағыттлаған бағдарлама жасау.
Кеңестер беру жұмысы-бала тәрбиесі мен оқыту мәселелері бойынша мектеп әкімшілігін, ұстаздар мен ата-аналарға кеңестер беру;
Кеңес беру жұмыстары:
1.Баланың мектепке келуі, бейімделуі, бір сыныптан екінші сыныпқа көшуі туралы ата-аналарға, ұстаздарға кеңестер беру.
2.Балалардың әлеуметтік-психологиялық реабелитациясы туралы сұрақтарды қамту (ата-анасынан айырылған жетім балалар), осы аталмыш жұмыс орнында істейтін адамдар үшін берілетін кеңестер.
3.Балаларды оқыту-тәрбиелеу, мамандық таңдауында өзін-өзі анықтауға жөн сілтеу, үлкендер мен қатарлас құрбыларының арасындағы қарым-қатынасы туралы топтық әрі жекеленген кеңестер беру.
4.Оқу-тәрбие жоспарын құруға мектеп әкімшілігіне баланың жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып құруларына кеңестер беру.
5.Баланың оқу-тәрбие\сі жөніндегі мұғалімдеріне, ата-анасына кеңес беру; т.б. сай оқу-тәрбие іс-шараларын жоспарлауға кеңес беруші ретінде қатысу.
Психодиагностикалық жұмыстар:
1. Кабинетке келген баланың психологиялық –педагогикалық картасын толтыру;
2.Келген баланың ата-аналарына психологияның теорияларымен таныстыру;
3. Баланың ересектер арасында кикілжің болса, оның себептерін анықтау;
4. Бала психикасының дамуындағы кемшіліктерге тиісті мамандармен бірігіп дифференциалдық диагностика жасау.
Оқу-тәрбие жоспарын құруға мектеп әкімшілігіне баланың жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып құруларына кеңестер беру. Психолог өз қызметін ұйымдастырғанда баланың жан-жақты және үйлесімді дамуына жағдай жасауды көздейді. Оқушылар мен оқытушыларды психологиялық жетелеу барысында психолог өз жұмысын медициналық, дефектологиялық қызмет түрлерімен тығыз байланысты ұйымдастырады.
Психологиялық қызметті ұйымдастырушының тәжірибиелік психолог квалификациясы бар болуы қажет. Оның дәлелі ретінде арнайы жоғары оқу орнының дипломы немесе даярлық курсынан өткен кәлікпен тұжырымдалуы қажет.Психологиялық қызметті жүргізу барысы, әр іс-шараларды өткізу уақыты алдын ала жоспарланғанда ғана, психолог өз жұмысын талаптарға сай ұйымдастыруға мүмкіндік туады.
Қазіргі кезде кәмелетке толмаған балалардың қылмысқа баруы бүкіл әлемді толғандырып тұрған басты әлеуметтік-педагогикалық мәселе болып отыр. Дамыған капиталистік мемлекеттерде қылмыстың көбеюінің басты себептерінің бірі-әлеуметтік теңсіздік, жұмыссыздық және адамдардың ертеңгі күнге сенімінің жоқтығымен түсіндіріледі. Мұндай әлеуметтік теңсіздік біздің елімізде де орын алып, жастардың нашар жолға түсуі себебіне кедейшілік, материалдық қамсызданудың жеткіліксіздігі екені анықтаып отыр.
Дамыған мемлекеттердің бірі АҚШ-тың Құқық бұзудың алдын алу және Құқық қорғау федералдық бюросының жетекшісі А.Ренгери жастар мен жеткіншектердің қылмысқа баруының басты себебін отбасының күйреуі, балаға деген қарым-қатынастағы қаталдық, баланы отбасыннда жәбірлеу, ұру, қорлау, отбасы жағдайынан нашарлығымен байланыстырады. Америкада қылмысқа барған балалардың 75% осындай себептердің түрткісінен болғанын көрсеткен. Ал Жапонияда жеткіншектер мен кәмелетке толмаған балалардың қылмысқа баруын тұрмыс нашарлығымен емес, жақсы тұрмыстың салдары ретінде оқудағы стрестермен, тәрбиенің жеткіліксіздігімен, отбасындағы құндылықтардың нашарлауы, жек меншіктің нығаюы, адамның жеке басының мүддесін ғана ойлайтын «өзімшілдіктің» күшеюімен түсіндіріледі.
Кейінгі кездерде Ресейде және ТМД елдерінде жеткіншек жастағы балалардың қылмысқа баруы сан жағынан күрт өскен.Қылмысқа тосқауыл қою үшін Ресейдің қылмыс кодексі бойынша 14 жастан бастап құқық бұзғандар жауапқа тартылады. 18 жастан кейін жасөспірімдер, бойжеткендер мен бозбалалар 10 жылға дейін жазаланады деп көрсетілген.
Қазақстанның «Қылмыстық кодексі» (1995ж.) адамның өміріне қауіп төндіргені не болмаса оған зиян келтіргені, денсаулығына нұқсан келтіргені, ар-намысына тиіп, абыройын, қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені үшін жаза түрлері анықталады. Онда адамның құқығын бұзбау, еркіндігіне қол сұқпай оны қорғау ең мағыналы іс екені белгіленген.
Қоғамдық тәртіпті бұзғандар және адам құқығына қол сұққандар, заңсыз тауарлар мен зиянды заттарды тасымалдау, сату, таратумен шұғылданғандар наркобизнесмендер, өсімқорлар мен алаяқтар тағыда басқа зиянды істермен шұғылданғандар қылмыскерлер болып саналады. Қылмыс кодексінде 16 жастан бастап балалар жауапқа тартылады деп көрсетілген. Ал мәмелетке толмаған балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескертулер беру, ата-анасының қадағалауын талап ету, не болмаса құқық қызыметкерлеріне тапсыру қарастырылған. Егер бұл шаралар көмектеспесе сот жауабына тартылатыны көрсетілген. Ондай балалар жалпы білім беру,не болмаса тәрбиелеу колониясына, жабық мекемелерге, пенитенциар мекемелеріне жіберіледі. Ондай мекемелердің бірнеше түрлері бар:

  • Жалпы білім беретін арнайы мектептер

  • Кәсіптік арнайы колледж, техникум, лицей т.б оқу орындары

  • Қатарға қосу, түзету, бйімдеу орталықтары т.б

Бұл мекемелердің негізгі қызметі әлуметтік – педагогикалық, әлуметтік психологиялық, медициналық тұрғыдан қалыбына келтіру, түзеу, қазіргі қоғамға сай өмір сүруге бйімдеу боп есептеледі. Кәмелетке толмаған балаларға базалық білім беру, кәсіп таңдауға, болашақта бір кәсіп иесі болуға, өмірде өз орынын табуына көмектесу осы мекемелердің қызыметі болып табылады.Әр түрлі себептермен күйзеліске ұшыраған соның ішінде бәңгілікке берілген балалар, жеткіншіктер мен жасөспірімдер үшін ашық типтегі мекемелер алдын алу іс-шараларын ұйымдастырады. Ондай мекемелерге мынадай балалар қабылданады:

  • Жүріс – тұрыс күмәнді, мінез-құлқында тәртіпсіздіктер байқалған баллалар;

  • Психологиялық теріс ықпалдарға ұшырап, ішкі жан дүниесі мен рухани әлемі ауытқуға душар болғандар;

  • Әр түрлі себептермен мектепке барудан бас тартқан балалар;

  • Үйінен қашқандар, отбасынан безгендер;

Ондай мекемелер муниципалдық, мемлекеттік және жеке меншікті болуы мүмкін. Осындай мекемелердің типтеріне және қызметі ондағы тәрбиеленушілердің сипатына қарай анықталады.Жабық типтегі мекемелер жүріс – тұрысы делинквитті, қоғамдық тәртіпке қайшы келетін істерге бпрған жеткіншіктерге арналып үйымдастырылады. Ондай мекемелер тек мемлекет карауында болып, олар құқық бұзған, осындай істерме бірнеше рет ішкі істер органдарына түскен балаларға көмектесу міндетін атқарады. Бұл мекемелерде балаларды түзету, қайта тәрбиелеу, бақылау, қадағалау, оқыту және тәрбиелеу, еңбектену арқылы қоғамға бейімдеу шаралары жүзеге асады. Кейбір жағдайларда баланы мұндай мекемеге өзі секілді жолдастарының қастандығынан сақтау үшінде жіберіледі. Сонымен қатар, кәмелеткет толмаған, бірақ қылмысты істерге барған балалар уақытылы бөлістіру мекемелеріне түсіп, онда 2 айға дейін бағуға алынады.мерзімі толған соң қылмыс дәрежесіне байланысты қандай бөлістіру керек екені шешіліп, баланы тиісті орнына жайғастырады. Егерде бала барған жерінде жақсы жүріп, тәртіп бұзбаса оны 3 айдан 6 айға дейін үйіне не ашық мекемеге ауыстырады. Бірақ ол осы уақыт аралығында үнемі ішкі істер органы қызметкерінің бақылауында болады. Егерде бала белгіленген уақыт аралығында жақсы құлық, жағымды мінез, пайдалы істермен өзін көрсете алса, оны арнайы мекемеден босатып, “ қоғамға қауіпсіз” деген анықтама беріп отбасына қайтарады. Оның басқа балалар секілді өз құрбыларымен араласып, жалпы білім беретін мектепте оқып, не жұмыс істеуге құқы болады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі бойынша қылмысқа барған 14-16 жастағы жеткіншектер мен кәмілетке толған жасөспірімдер қамауға алынып, сотталған соң арнайы балалар колониясына жіберіледі. Мұнда олар оқиды, еңбектенеді, мерзімі біткенше бақылауға алынады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері балаларды қалыбына келтіру, түзету, қатарға қосу жұмыстарын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында жасөспірімдер мен жеткеншектер, жастар тарапынан жасалатын қылмыстардың мынадай түрлері тіркелген:
Наркобизнес; Экономикалық, банк-кредит, қаржы-қаражатқа байланысты қылмыстар;
Заңсыз жолмен тапқан ақшаларды жұмсау, Қарақшылық пен қорқытып тартып алу,
Ұрлық; Құмар ойнау; Қаскүнемдік, Заңсыздық көшірулерді ұйымдастыру(миграция);
Қару-жарақ сату және сатып алу; Сирек кездесетін заттарды контрабанда жолымен тасу және сату; Жабайы хайуандарды сату; Лаңкестік(терроризм);Жұмыс бабын пайдалану т.б.,
Сонымен қатар мемлекеттің құрылымы, саяси-әлеуметтік ахуалына байланысты ұйымдастырылған қылмыс түрлерінің өзіндік ерекшеліктері бар:
1. Мемлекетаралық ұйымдасқан қылмыстық топтардың серіктестігі. Мысалы , Алматы облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының бір топ жастары бірігіп мал ұрлап сатумен шұғылданған;
2. Жерлес болып топтасқандар;
3. Туысқандық топтар. Аға-інісі, туысқандары бірігіп топ құрып қылмыстарға баруы;
4. Спортпен шұғылданып жүрген жастар мен жеткіншектердің біріккен топтары (боксер, күрес) қорқыту, қарақшылық жасау және алдау жолымен баюды көздегендер. Олардың ісіне беделді адамдар араласқан жағдайлар да кездеседі.
5. Бұрын сотталып еркіндікке шыққандардың топ құрып қылмысты істерге баруы.
6. Бұрын құқық қорғау органдарында жұмыс істегендер не болмаса істеп жүргендердің біріккен топтарының қылмыстық істерге баруы.
Жастар мен балалардың ұйымдасқан қылмыстық істерге араласуы ең алдымен солардың өздері үшін зиянды болса, екіншіден, мемлекет, қоғам үшін де аса қауіпті. Сондықтан мемлекеттің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-шаралар- нарықтық экономиканың қалыптасуының мағыналы бір бөлігі. Бұл жұмыстарды арнайы және сенімді құқық берілген құрылымдар жүргізеді. Оларды қажетті құралдармен, әдіс- тәсілдермен қамтамасыз ету, кадрлар даярлауда әлемдік тәжірибелерді ескеру, білімдерін үнемі жетілдіріп тұру аса маңызды. Оларға қаржылай көмек беру, тәжірбиелі мамандарды тарту, жұмыс нәтижелеріне қарай марапаттау, еңбекақысын татымды төлеу қылмысқа қарсы күрестің нәтижелі болуына әсер ететін факторлар.
Әлеуметтік педагогика, әлеуметтік психология, әлеуметтану секілді тағы басқа халықтың жай-күйі мен қоғамдағы «адам» мәселесіне байланысты еңбектердің барлығында жеке адамның басындағы көптеген проблемалардың болуы кедейлік пен жұмыссыздық, еңбек ақының тұрмыс қажеттіліктерін өтеуге жетпеуінен деп көрсетілген.
Жеткіншек жастағы балалар қылмысы және оның себептері. Өсіп жетілу кезеңінде ішкі жан дүниесі әлі қалыптасып болмаған, психикасы әлсіз, икемді де тұрақсыз, сол себепті еліктегіш, санасы әлі пісіп жетілмеген баланың жеке тұлғалық қасиеттері оның күнделікті тұрмыста өзін ұстауы, көзқарасы мен іс-әрекетіне өзіндік әсерін тигізіп отырады. Сол себепті олар жақсыға да, жаманға да көп ойланып жатпастан жылдам еліктейді. Ал бұған тұрмыстағы келеңсіздіктер қосылғанда әрбір жеткіншек оған төтеп беріп, табандылық көрсете алмауы мүмкін. Міне осындайлар өзі не басқа біреудің жетегіне кетіп, артын ойламастан, қылмысты істерге тартылған білмей де қалады.
Жеткіншек жастағы балалардың қылмысты істерге душар болуының басты себептерінің бірі- материалдық ахуалының төмендігі, әлеуметтік жай-күйінің нашарлығы. Бойындағы қабілеттері мен қызығуы енді ғана көрініс беріп, байқала бастаған кезде оны қанағаттандыруға қаражатының жетпейтінін қатты түйсінген олар осы кемшіліктерді толтыру мақсатында заңсыз істерге барып, қылмыстық жолға түседі. Осының кесірінен ұрлық, қарақшылық, біреуді жәбірлеп қолындағысын тартып алу, қорқыту, сұрағанын бермесе ұрып-соғу, қолындағысын ала қашу, кейде өлтіру секілді жаман істерге барады.
Мұндай істерге барудағы негізгі мақсат-ақшалы болу, құрбыларынан қалыспай соңғы үлгімен киіну, әр түрлі көңіл көтеретін техника құралдарын сатып алу, өш алу, өзінің батылдығын сынап көру, басқслардың алдында ешнәрседен қорыкпайтын батырлық, ерлігін көрсету, құмар ойнап не басқа себептермен болған қарызын өтеу. Егер алғашқыда істеген қылмысынан олар пайда тауып, жазаланбай қалсаолар енді екінші рет шабуылға шығуға ниеттенеді.олар жастығы, өмір тәжірибесінің жоқтығынан, тағы да пайда табу үшін екінші рет қылмысқа барады. Мұндай «суыт жүрістің» әйтеуір бір күні жазалауға алып келетінін байқамайды. Баланың қылмысқа баруы қылмысты жолмен тапқан заттарды сатып пайда табу, көсемдерінің мақтап-мадақтауына татығаны, өзіне сенімінің артуы, кездескен қиыншылықтарды оп-оңай жеңуімен түсіндіріледі.
Көп жағдайда жеткіншек балалар қылмысқа спирт ішімдігін ішкен соң, не бәңгі заттарын қабылдаған соң баратыны анықталған. Өйткені мұндай ахуалда істеген қылмысты жазалаудың жеңілдіктері бар екенін олар біледі, білмесе оны ересек қылмыскерлер түсіндіреді. Арнайы мекемелерде жазасын өтеп жүрген көптеген жеткіншектердің көпшілігі ерте шылым шегіп, масайту ішімдігіне әуестенген, тәрбиесі нашар оқуға қызықпайтын, тәртіпсіз ересек адамдардан үлгі алғандар. Олардың көпшілігі қылмысты істерге ересек адамдармен бірге барып, солардың жетегінде болады. Осындай балалармен әңгімелесу барысында, ересек қылмыскерлердің жеткеншек балаларды арнайы даярлап,үйреткені, қылмысты жүзеге асыру жолдарын алдын ала жоспарлағаны, жеткеншек балалардың жауапқа тартылмайтыны және ант берген соң оны бұзуға болмайды деген ұғымды олардың санасына орнықтыра біледі. Сөйтіп жеткіншек жастағы баланың өз бетінше,жалғыз ешқашан қылмысқа бармайтыны, олар тек өзі секілді балалармен топтасып қылмыс істейтіні анықталды.Өздерінің заңсыз әрекеттерінің салдарын ойлауға ақылы да, тәжірбиелі де жетпейді. Осыған орай жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде олардың 50% өз қылмысын және оған барған себептерін мойындаған, 20%тек болжай алады, ал қалған 30% қылмысты істерге баруды, ерлік, батылдық деп санайды.
Қылмысы дәлелденіп, жазаға тартылған жеткіншектердің бір бөлігі ынталы оқып, жұмыс істеп,тәртіпті жүріс-тұрысымен ерекшеленсе, тағы бір бөлігі оқуға зауқы жоқ, жұмыс істегісі келмей, әр түрлі іс-шараларға пайда табу үшін, беделге ие болу үшін қатысып, тәртіпке бойұсынбай, талапқа сай келмейтін жүріс-тұрысымен байқалады. Мұндай орындарға түскен балалардың мынадай теріс мінездерін байқауға болады:

  • Тәртіпсіз, дөрекі, майда-шүйде қылмыс істегендерді қорлап күн көрсетпейді, өзінен кіші жастағы, не әлсіздерді басынып, өзіне бағындыруға тырысады, теріс ниеттегі топтарға жылдам қосылады;

  • Төбелес, ұрыс-керіске жақын, өзіне жақпай қалғандарды ұрып-сщғатын, рақымсыз, ұрлыққа әдеттенген істерге бейімді балалар;

  • «Ақылын сезімге жеңдірген» ашулы балалар. Олар бұзақылар тобын ұйымдастыруға әрекеттеніп, бар ойы әлдекімдерден өшін алу ниетіндегі, тәртіпке бағынбайтын, тәрбиешілерге үнемі қарсы шығатын, өзін басқалардан күшті деп санайтын, қайткенде де барлығын бас идіруді көздейтін жекеленген адамдар,жеткіншектер, жастар.

Психикасының ерекшеліктеріне, көрген тәрбиесіне байланысты кейбір жеткіншектердің елдің жақсы атақ алу үшін білдірмей, жымысқы, жасырын істер істеп жүретіндері де кездеседі. Арнайы мекемеде тәрбиеленіп жатқан балалардың ішінде психикасы бұзылған не болмаса осы мекемеге келгенге дейін психдиспансерде есепке алынған балалар да кездеседі. Оларды жеке ұстауға жағдай болмауы себепті жалпы колонияда мерзімін өтеуіне тура келеді.
Осындай арнайы тәлім-тәрбие мекемелерінің басты мәселелерінің бірі- жеткіншек жастағы балалардың алғаш келгенде ондағы тәртіпке үйренуі, қоршаған ортамен келісімге келуінің күрделілігі. Мекемедегі тәртіпке кейбір балалар тез үйренсе, ал кейбір балалар үшін қиындықтар туындатады. Осыған орай балалар әр түрлі бейімделу кезеңдерін бастан өткізеді. Кейбіреулері ондағылармен тез арада тіл табысып, шұрқырасып араласып кетсе, кейбіреулері оқшауланып, өзін байқатпай, берілген бұйрықты орындап, көп сөйлемей, бұйығы өмір сүреді. Тағы біреулері келе салс «көсем» болуды аңсап басқслармен жауласады.
Мұндай мекемелерде балалардың шүйіркелесіп, үйірлесіп кетуін мынадай екі сипатта көруге болады: бірінші, ресми түрде орнайтын қарым-қатынас, бұл ішкі ережелер мен тәртіпке бағынып, сондағы талаптарды орындап, іс-шараларға араласу; екінші, бейресми қарым-қатынас, сондағы тәрбиеленушілер арасында жасырын түзелген кішігірім топтар, алқалар, оларды біріктіретін белгілі бір ындындар (мотивтер) болады. Олар «біз» және «басқалар» болып топтасып сайланбаған көсемге бағынады. Олар түрмеде отырған, қылмыс тәжірбиесі мол, атақты рецидивистерге «үнсіз» бағынады.
Арнайы мекемелерде не болмаса абақтыда отырған жеткіншеуктер мен ересек адамдар жалпы мынадай екі топқа бөлінеді:
- тұрақты, жоғары мәртебеге ие топтар
- тұрақсыз, мәртебесі төмен топтар
Осы екі топтың да әрқайсысының өзіне тән ереже, қағидалары бар. Мысалы, ондағы бірнеше рет абақтыда отырып тәжірибелі болып қалғандар жаңадан келген жеткіншектерді өз тәсілдерімен текскріп, кімнің қай топқа лайықты екенін анықтап, бөлістіреді. Бұлардың барлығын айтып отырудағы басты мақсат, әлеуметтік педагогтардың тәлім- тәрбие жұмысы осындай шектен тыс, қалыптан шығып кеткен әр түрлі жекеленген тұлға немесе топпен осындай мекемелерде жұмыс істеуіне тура келеді. Демек, олардың осындағылармен бірге жүелі жұмыс істеу жолдарын да меңгерулері керек. Сондықтан жеткіншектерді мұндай қылмысқа алып келетін себептерді білу- оның салдарын жщю әдістері мен тәсілдерін дұрыс таңдап, әлеуметтік педагогтың өзінің де іштей дайын болуын талап етеді. Енді жеткіншектерді қылмысқа алып келетін себептерді қарастырамыз. Олардың түр-сипаты өте көп:
1. Жас ерекшеліктеріне байланысты:
- денесінің, бұлшық еттері мен сүйектерінің жылдам өсуі, жүйке жүйелерінің даму үстіндегі кризисі;
- мінез-құлқының тұрақсыздығы;
- өзін-өзі бағалауының адекватты болмауы, өзін не артық не кем санауы;
- ырық-эмоциясының қалыптасу барысының интенсивтілігі, жылдам және тез жүруі;
- көзқарасындағы қарама- қайшылықтар мен тұрақсыздығы;
2. Теріс ықпал ету, педагогикалық қателіктен құлқынның дұрыс қалыптаспағаны;
- бос уақытын дұрыс пайдалана алмауы;
-барлық уақытын деамлысқа, ойын- сауық пен көңіл көтеруге жұмсауы;
- білімінің кемдігі, мәдени деңгейінің төмендігі, кәсіп қылуға, еңбектенуге пейілінің жоқтығы;
3. Отбасы тәрбиесіндегі мәселелер:
Отбасының толық болмауы, не болмаса әке- шешесінің жоқтығы,
Ата – анасының жүріс – тұрысының теріс ықпалы;
Туысқандық, жанашырлық қарым-қатынастың болмауы
4. Қылмысты істерге баруының жеке, ішкі түрткілер немесе қозғаушы күштер;
Өзінде жоқ, бірақ көңілі аңсаған нәрселерді алуға мүмкіндігі жоқ болғандықтан, соны өзі тауып алуын көздеуі;
Ересек адамдарға еліктеу арқылы топтың мақтауына, ілігу;
Өз ісінің қылмыс екенін түсінуі не сезбеу
5. Девиантты жүріс-тұрысқа жақындығы.
6. Өзінен күштілерге, ересек адамдарға бағыну.
7. Құқықтық мәдениетәнің қалыптаспағандығы.
8. Тәртіпке, ережеге бағынып үйренбеуі,сол себепті тәртіпке бас имеу.
9. Бейімделіп, басқалармен тіл табысып кетіуінің қиындығы.
10. Өмір жоспарының жоқтығы, тұрмысқа қызығуының басқа сипат алуы.
Осылардың барлығын жинақтай келе, жеткіншек жастағы балалардың қылмыстық бйімділігінің себептері-әлі тұлға болып қалыптасуы, өсіп-жетілу үстінде болуы, олардың теріс қарым – қатынасқа, нашар жағдайларға душар болуы деп саналады.
Қылмыс – әлуметтік мәселе. Оны жою не азайту үшін әлуметтік, саяси, мәдени, ең бастысы экономикалық жақтан халықтың, соның ішінде әр жеке адамның тұрмыс жағдайын жақсарту керек.Елімізде осы мәселеге байланысты үкімет арнайы заңдар қабылдап, нұсқаулар, қаулы-қарарлар алынып, оны жүзеге асыру үшін көптеген бағдарламалар түзілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет