Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет35/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   145
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

ПАЙДАЛАНУДЫҢ ƏДІСТЕРІ
4.1 Оқушылардың мультимедиа ерекшеліктерін 
оқып-үйренуі
Көп жағдайда мультимедиа оқыту құралынан оқу обьектісіне 
айналуда. Осыған қарамастан оқушылар мультимедианы емес 
оның жасалу ерекшеліктерін, қолданылған ресурстарын əртүрлі 
жинақталған ақпараттарды меңгереді. Ереже бойынша, мұндай 
оқыту мектептегі информатик курстарында жəне информатика жəне 
қатынастық технологияларында қарастырылады. Осындай оқыту 
əдістерінің мүмкін деген этаптарын қарастырамыз.
Мультимедияны оқыту үшін оның ақпараттары жəне 
ерекшеліктерінен бастау керек екені белгілі.
Ақпарат (латын тілінен аударғанда «infarmatio»-мазмұндау, 
білу) – бұл “химиялық зат”, «энергия»сөздерімен қатар тұра алатын 
қазіргі ғылымның ең басты түсінігі. «Ақпаратты» түсіну үшін ең ба-
сты 3 интерпретация бар.
Ғылыми интерпретация. Ақпарат-бастапқы жалпы ғылыми са-
нат, ұғымдардың құрылымын жəне оны тану əдістерін оңай түсіну.
Абстрактілі интерпретация. Ақпарат-кейбір символдардың 
тізбектілігі, сондай-ақ орындаушыларға бірге жəне бөлек жүктелетін 
жүктелімдер.
Қазіргі кезде ақпарат термині терең жəне көп мағыналы. Көбіне 
ол əртүрлі салаларда əртүрлі мағынаға ие:
- күнделікті өмірде адамдар қоршаған ортада болып жатқан 
əрекеттер деп немесе кез келген арнайы құрылғылар деп 
түсінеді.
- техникада ақпаратты хабалама ретінде немесе белгі, сигнал 
деп түсінеді.
- ақпарат теориясында маңыздысы кез келген мəлімет емес, 
белгісіздікті азайтатын мəлімет.
- кибернетика саласында Винердің айтуы бойынша, ақпарат-
ориентир жасауға қолданылатын, белсенді əрекет, сақтау 
мақсатымен, шарықтау шегіне жету, дамудағы білімнің бір 
бөлігі.
- хабарлама теориясы бойынша бұл – ашылулар мəліметі деп 
түсіндіреді.


95
Оқушыларға ақпарат келесілердей буындарға бөлінетінін жеткізу 
қажет: визуальді, аудио, сүйіспеншілік, дəмдік, түйсіну. Бұлай 
бөлінудің себебі, адамдар ақпараттарды сезіну арқылы қабылдайды. 
Мысалы: көрік, есту, дəм, сүйіспеншілік. Ғылыми зерттеулер бо-
йынша ақпараттың 90% сыртқы ортаны есту мен көру арқылы, 
ақпараттың 10% дəм жəне сүйіспеншілік арқылы беріледі екен. 
Осыған орай тіршілік əлемі көптеген мысал келтіре алады: бүркіт 
көзінің көрегендігі, инеліктің жан-жағын қамтуы, хайуандардың 
есту қабілеті. Ал кейбір аңдардың сезім мүшелері адамдарда мүлдем 
кездеспейді. 
Мультимедияны меңгере отырып, оның көп мағыналы екенін 
есте сақтау керек. Көп мағыналы мультимедиа терминін былай 
түсінуге болады:
- əртүрлі құрылғылардың ретін сипаттайтын, қызметтері жəне 
қолдану аясы туралы ақпараттар;
- мультимедялық технологияда жасалған өнім;
- мультимедиалық бағдарлама;
- компьтерлік құрылғымен қамтамасыз ету (CD ROM Drive ком-
пьютерде бар болу – дисктердi оқу үшiн арнаулы құрылғы, 
дыбыстық жəне жаңғырту көмегiмен мүмкiн дыбыстық 
бейнетақша, жəне бейнемəлiмет, джойстик жəне басқа арнаулы 
құрылғылар);
- (сөз, музыка, бейне, бөлiктер, анимация тағы сол сияқтылар) əр 
түрлi түрлердi динамикалық ақпаратты да, дəстүрлi статикалық 
көз мөлшерiмен де өзiме бiрлестiретiн ақпараттың ерекше жал-
пылауыш түрi; 
Осындай мəлімет арқылы оқушы мультимедианы кең көлемде 
түсініп, қолданушы қауымға жақсы жағынан əсер етеді. 
Практиканың нəтижесі бойынша мультимедианың өзіндік 
ерекшеліктері мен қасиеттері ақпараттық іздеуге ұласады жəне бұл 
мектеп оқушылары үшін информатика сабағында жүзеге асырыла-
ды.
Оқушыға бұл іс-əрекетті орындау үшін оған ақпараттық іздеуді 
анықтау қажет жəне не арқылы іздеу керек, сонымен қатар іскерлік 
ақпараттарды іздестіру жəне іске асыру жоғарғы, интербелсенді 
түрде қамтамасыз етілуі керек. Дегенмен, оқушы өзіне қажетті 
бірдей мультимедиа-ақпаратты іздестіру үшін əртүрлі жолдармен 
шешуге мүмкіндігі бар.


96
Оқушылар қолданатын ақпаратты іздеу əлемдік телекомуни-
кациялық Ғаламтор желісінде жарияланған мультимедиа-ресурс-
тарын іздеумен байланысты. 
Қазіргі Ғаламтор желісі оқушыларға, шынымен де, мол əр 
түрлі қырлы мультимедиа-ақпараттарын ұсынуға дайын жағдайда. 
Бұл жерде жаңалықтармен танысуға, уақытты қызықты өткізуге, 
əртүрлі анықтамаларға қол жеткізуге, энциклопедиялық жəне оқыту 
ақпараттарын қарауға болады. Интернеттегі, мектептегі жəне үйдегі 
көптеген тапсырмаларды шешу үшін тиімді қолдануға болады. 
Интернетпен қолданған кездегі ең басты мəселе – керекті 
мультимедиа-ақпаратты тез табу жəне қажеттілігін анықтау, оның өз 
мақсаты үшін колданылатын ақпараттық құндылығын анықтау.
Адамзаттың ақпараттық жүгіне деген жол, кітапханалардағы, 
фонотекалардағы, фильмотекалардағы, сақталатын ақпарат 
тізімдемелердегі карточкаларда жатыр. Ғаламтордағы керекті 
ақпаратты табу үшін ұқсастық механизмі қолданылады. Мəселен, өз 
қолданушыларына жіберу көзі болып табылатын іздеу серверлерінде. 
Мазмұнды көзқараста олар туралы Ғаламтор желісінде арнайы 
қызмет көрсетеді деп айтуға болады, бірақ олар Дүниежүзілік Торап 
механизмдерін қолданады жəне техникалық көзқараста сол шектен 
аспайды. 
Іздеу серверлері өте көп жəне əртүрлі. Ізденіс əріпсандары 
мен тізімдемелері арасындағы айырмашылықтарын білу керек. 
Сервер-əріпсандары келесідей жұмыс істейді: Ғаламтор желісіндегі 
көптеген веб-беттерді тұрақты оқиды (оларды “индекстейді”) жəне 
оларды толығымен немесе бөлшектеп жалпы мəліметтер базасы-
на салады. Ізденіс серверлерінің қолданушылары осы мəліметтер 
базасындағы толық мəтінді ізденісті түйінді сөздер қолдану арқылы 
өздеріне керекті тақырыпты табуға мүмкіндіктері бар. Ізденістегі 
қорытындыларды беру əдетте қолданушыға назар аударуға 
қажет ұстаулардан жəне олардың гиперсілтеме түрінде берілген 
адрестерінен (URL) тұрады. Егер өзіңе қажетті ақпаратты нақты 
білетін болсаң, осы типті ізденіс серверлерімен жұмыс істеу өте 
ыңғайлы.
Қызықты сілтемелер, бетбелгілер (bookmarks) арқасында 
тізімдемелер саны өсті. Олар негізінде “жалпыдан жекеге” де-
ген принцип бойынша құрастырылған көпдеңгейлі мағыналы 
жіктеу сілтемелерін көрсетеді. Кейде сілтемелер қысқаша муль-
тимедиа-ресурстарымен қамтылады. Əдетте, іздеу айдарлардағы 


97
(санаттардың) атаулар жəне ресурстарды сипаттайтын түйінді 
сөздер бойынша мүмкін. Іздеген ақпараттарын толық білмеген кез-
де, тізімдемелермен қолданады. Жалпы санаттардан жекеге көшу 
арқылы, Ғаламтор желісіне қандай мультимедиа-ресурстарымен 
танысуға болатынын анықтауға болады. Ізденіс тізімдемелердің 
тақырыптық кітапханалық тізімдемелермен, тезаурус сөздіктермен 
жəне жануарлар мен өсімдіктердің биологиялық жіктеулермен 
салыстыруға болады. Ізденіс тізімдемелерін жүргізу, сəйкесінше, 
автоматтанадырылған, бірақ əлі де ресурстарды жіктеу, көбінесе 
қолмен жасалады. 
Ізденіс тізімдемелері ортақ мақсатқа жəне мамандандырылған 
болып келеді. Ортақ мақсатты ізденіс тізімдемелері өзіне əртүрлі 
қырлы мультимедиа-ресурстарын қосады. Мамандандырылған 
тізімдемелер белгілі тақырыпқа арналған мультимедиа-ресурстарын 
ғана қамтиды. Оларға жақсы ресурстарды игеріп жəне адекватты 
айдарлауға өз саласында жиі қол жеткізуге болады. 
Əлемде Ғаламтор желісіндегі əртүрлі қолданыстағы көптеген 
мультимедиа-құраладары бар. Арнайы құралдарсыз үлкен көлемдегі 
ақпараттардың ішінен керекті ақпаратты табу мүмкін емес. Бұл 
мəселені ізденіс серверлері шешеді, миллиондаған сілтемелердегі 
əртүрлі тақырыптардың ішінен қолданушыға керекті ақпаратты 
документтердің ішінен іздейді.
Мультимедиа-ресурстардың іздеуін жеңілдету үшін Web-
сервер мен ізденіс машиналары жасалған. Көп жағдайда тізімдеме 
тақырыптық жинақтаулар сілтемелері Web-ресурстардында көрініс 
табады (медицина, саясат, программалау жəне т.б.). Ізденіс маши-
налары терілген сөздер бойынша парақшаға жол табады. Əр ізденіс 
машинасы өзінше спецификалық мүмкіндіктермен, артықшылықтар 
мен кемшіліктерімен қолданады. 
Егер оқушы іздейтін мультимедиа-ресурсы орыс тілді 
Ғаламтор желісінде орналасқан болса, онда орыс ізденіс сервер-
лерін қолдану дұрыс болады. Олар орыс тілді ізденіс сұраныстары 
мен жабдықталған орыс тілді интерфейспен өте жақсы жұмыс 
істейді.
Индекстелетін қазақстан серверлерінің Ғаламтор желісіндегі 
буыны:
– http://www.rambler.kz/
– http://www.aport.kz/
– http://www.yandex.kz/


98
Мультимедиалық құралдардың ақпараттық толықтырулармен 
жұмыс істеу кезде, оқушылар ресурстары өздерінің ақпараттармен 
қолдану типтерін жаңа ақпараттық жағдайға қосады. 
Мультимедиа-ақпаратты іріктеу фильтрация принципі бо-
йынша жүргізу тек қана жоғары тиімді емес, корректті, шынайы 
ақпаратты табуға болады. Мультимедиалық құралдардың көмегімен 
оқушы өзіне ақпараттық ресурстарды елестете алады. Жинақталған 
мультимедиа-ресурстары таңдаулы серверлердегі атақты басы-
лымдардағы көп көлемдегі толық емес, анық емес жəне 
корректті емес мультимедиалық ақпараттан арылуға көмегін тигізеді. 
Жарнама ақпаратының қауіптілігі байқалады, өйткені қолданушы 
жиі ойдан шығарылған қателер мен фактілермен жеткілікті еркін ай-
налысуда.
Интернеттен алынатын мултимедиалық ақпараттық ғылыми 
дəлелсіздігі автордың біліп не білмеуінің нəтижесінде толық 
берілмеуінен туындайтын көптеген мысалдармен негіздеуге не 
түсіндіруге болады. Бір материалдық объектінің бір құбылысына, 
болмаса бір ғана қасиетіне назар аударылады. Кейде ғылыми 
білімнің беделін арттыру үшін дұрыс қолданбаудан болуы 
мүмкін. Толық дəлелденбеген жəне бұрыс ақпараттар əрдайым 
тиісті баяндамалар мен түсініктемелер арқылы түсіндірілуі 
мүмкін. Мультимедиалық ақпараттық қорлардың құрылысы мен 
мазмұнындағы ең негізгі мəселелердің бірі үйренушілерге нақты 
телекомуникациялық ортада негізгі мультимедиалық интербелсендік 
араласу түрлерімен таныстыруды енгізу болып табылады. Ол ортаға 
бірінші кезекте чаттар мен телеконференциялар жəне электрондық 
пошталар жатады. 
Телеконференцияларда пікірлесу белгілі бір заттың неме-
се тақырыптың маңайында өрбитінін, ал чаттаның негізінен өз 
тақырыбының болмайтынын ұмытпауымыз керек. Бірақ кейде 
қатысушыларға алдын ала тақырыбы мен өткізілетін уақыты белгілі 
чаттарға қызығушылық көрсеткен адамдар шақырылуы мүмкін.
Мектеп оқушылары қазіргі заманғы қорлар жəне мультимедиалық 
интернет сайттарының қызық мүмкіндіктерімен таныс болуы ке-
рек. Əңгіме соңғы кезде жиі формалды емес интернет ақпараттарды 
қолданылып жүрген қуаныш, таңғалу, қайғыруды білдіретін 
сандық белгілер-(смайликтер) туралы болып отыр. Үйренушілерді 
мултимедиалық ақпарат қорларының ішкі мазмұны мен 
интербелсендік таныстыру жəне телекомуникациялық қорлардың 


99
арқасында өзара араласуға үйрету. Бірақ нағыз желілерді пайдалану-
да коммуникацияларда физикалық қатысушылар нағыз қатынастық 
істерде жоқ. Ол əрине араласу барысында негізгі сезімді білдіруге 
сондай-ақ жасыруға əкеледі. 
Мултимедианы оқып үйрену кезеңінде жəне мултимедиалық 
ақпарат əдістерін іздеудің империкалық тексерілген əдістері 
ұсынылуы мүмкін жəне уақыт пайдаланып назар аударуға 
көмектесетін мултимедиалық əдістерді ұсынуы мүмкін жəне т.б. 
Үйренушілерге ұсынылатын кейбір ұсыныстар:
1) ізденісті бастамай тұрып, қағазға қандай тақырыпта ақпарат 
керек екендігін жазып, алдыға қою керек. Бұл бағыттан ауытқымас 
үшін керек. 
2) Медиахормен бірараласуға немесе пікірлесуге қанша уақыт 
керектігін ойлану керек.
3) түрлі сайттардағы əртүрлі медиахорлардан ақпаратты табу 
үшін белгісіз тақырыпқа жақынырақ негізгі сөзді не сөз құрамын 
табу керек. Ол үшін:
- іздеу системалары мен каталогтердің тізімін жасау. 

нақты тақырыпқа қатысты мультимедиалық қорлардың 
тізімінің жобасын жасау.
- берілген тақырып бойынша ақпараттарды жинақтау.
- табылған материалдарға қосымша бейне-, аудио- материал-
дар мен телеақпараттардың статьялардың аттары мен 
тақырыптарын ұсыну.
4) Жұмыс барысына қатыссыз бірақ қызықты мағлұматтар 
кездеседі, оларды есепке алмау керек болмаса «қосымша» деген 
тізімге қосу керек. Келесі жолы оған қайтып оралуға болады. 
5) Əрине ең жақсысы қызықтыратын мультимедиалық 
құжаттарды толығымен зерттеу керек, сосын барып тақырыпқа 
қатысты қосымшалармен танысу керек.
Мектеп оқушылары үшін мультимедиалық ақпарат-
тарды олардың ұйымдастырылуы мен құрылысы тұрғысынан 
бағалауды үйренгені қымбат. Ақпараттармен жұмыс істеудің əртүрлі 
əдістері мен тапсырмаларды орындаудың мүмкіндігін үйреніп, 
жинақтау.
Осыған байланысты медиаақпараттың синтаксистік құрылысын 
мақсаты мен оны құрудың негізін зерттеудің ғылыми негізделген, 
дəлелденген жəне дəлелсіз, негізсіз ақпараттарды ажыратуға үйрету 
керек. 


100
Бұл жағдайда педагогтардың басты мақсаты – негізсіз 
мултимедиалық ақпараттың санынан қорғап, оларға бағыт беру 
арқылы оқушыларға керекті ақпараттық қорғауды қамтамасыз ету 
əдістерін үйрету.
Оқушылар өздерінің мультимедиалық жобалары үшін ақпарат 
іздегенде жəне жинағанда кейбір жағдайларға ерекше назар аудару 
қажет.
Оқушылар баяндама немесе кейбір жобалар үшін ақпарат 
жинағанда мынандай негізгі этаптарға назар аударуы керек:
- іздеудің негізгі мақсаттарын жасау;
- мультимедиалық ақпараттарды іздеу жəне оның нəтижесін 
бағалау;
- тақырыпты зерттеудің аясында табылған ақпараттарды енгізу;
Мұндай мультимедиалық ақпараттық 3 кезеңді бағытты 
сұрыптау оқушылардың аналитикалық творчествалық ойла-
уын жоғарылатады жəне мынандай жағдайларда қолданылуы 
мүмкін:
- оқушылар талқылағанда нақты дəлел ретінде;
- оқу материалдарымен алмасқанда;
- оқытушылармен ара қатынасында ;
- мультимедиалық ақпараттық іздеу бағыттарын қолданғанда;
- тақырыптарды таңдағанда;
- кейбір мультимедиалық ақпараттарды толықтырғанда;
- оқушылардың танымдық белсенділіктерін мультимедиалық 
құралдар арқылы дамыту. 
Жоғарыда аталған əдістер мектеп оқушыларын мультиме-
диа-ресурстарын іс-əрекеттерінде сауатты жəне нақты қолдану 
əдіснамасының негізі болып табылады жəне оқушылардың муль-
тимедиа-ресурстарды іздеу жəне дайындау біліктілігінде жағымды 
бейнеленеді. Əр жыл сайын білім берудегі электрондық басылым-
дар мен ресурстарға таралған жəне тиімді негізделген ақпараттық 
технологиялардың қолданылу аясы айқындала түсуде. Ондай 
технологиялардың бірі мультимедиа технологиясы болып табыла-
ды. Осыған байланысты электрондық басылымдар жəне ресурстар-
ды оларды жасау жəне қолдану тəсілдерін бөлшектеп, қарастырудан 
бұрын оқытудың электрондық құралдарын жасау жəне пайдалану 
негізіне жататын ақпараттық технологиялармен танысқан ақылға 
сай келеді. 


101
Демек, мультимедиа. Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету-
де сипаттамалық ерекшелігі, өңдеу мүмкіндігі жəне компьютерлік 
техниканың даму көзқарасы бойынша салыстырғанда жаңа болып 
есептелетін əртүрлі типтегі ақпараттарды беруге болатын құралдар 
болып табылады. Расында да, соңғы жылдары осындай құралдар са-
нына мультимедиа құралдары деген атқа ие болған жазу үшін жəне 
дыбыс шығару, фото жəне бейне бейнелер үшін құралдар кіргізілген. 
Егер жақын аралықта тиісті сандық өңдеу үшін құрылымдар пай-
да болып, кең таралса, осы құралдар мультимедиа құралдарына 
жатқызылады.
Мультимедиа құралдарының ерекшелігін ақпараттық түрлерін 
жəне оны беру тəсілдерін білмей түсіну мүмкін емес. Оқытудағы 
электрондық басылымдары мен ресурстарын оқып үйрену үшін 
мəні зор ақпаратты жіктеудің тек негізгі қырларына тоқталамыз. 
Ақпаратты жіктеуге мүмкін болатын бірнеше көрсеткіштері бар. 
Бірінші көрсеткіш түрінде көру, есту, сезу, дəмін тарту, сияқты 
адамның ақпаратты қабылдау кең таралған бөлудің принципін 
қолдануға болады. Білім берудің электрондық басылымдары мен 
ресурстарын оқып үйрену көзқарасы бойынша компьютерлік жəне 
коммуникациялық техникамен жұмыс істегенде мүмкін болатын, 
адамға ақпараттық əсер ету түрлерін ғана қарастырған дұрыс бола-
ды. Осылайша, барлық ақпаратты қабылдау түрлері бойынша негізгі 
үш топқа бөледі:
1. 
Адам көзімен қабылданатын ақпарат, ол көздік неме-
се визуалдық ақпарат деп аталады. Бұл ақпаратқа мəтін, 
графикалық бейнелер жəне суреттер, фотографиялар, мульт-
фильмдер, бейнефильмдер жатады.
2. Дыбыстық ақпарат деп аталатын адамның есту аппаратымен 
қабылданатын ақпарат. Бұл ақпаратқа шулар, əуендер, сөз жа-
тады.
3. Сенсорлық немесе тактильдық ақпарат деп аталатын, арнайы 
техникалық құралдармен жұмыс істегенде адамның сенсорлық 
жүйесімен қабылданатын ақпарат.
Ақпараттың аталған түрлерін басқа көрсеткіштері бойынша да 
жіктеуге болады. Олардың бəрі адамның ақпаратты қабылдау тəсілі 
болып табылады. Осыған байланысты келіп түсетін оқытылатын 
ақпаратты ассоциативті жəне туралауға бөлуге болады. Оқушылар 
ботаниканы оқығанда танысатын өсімдікте мəтіндік немесе сөздік 
суреттерді мысалға келтіруге болады. Бұл жағдайда мəтінді оқу не-


102
месе педагогтың сөзін тыңдау, оқушыда бұрыннан бар өсімдіктер 
туралы түсініктер мен алынған ақпараттың ассоциациясына алып 
келеді. Мəтінді оқу немесе сөзді тыңдауда барлық оқушылардың 
өсімдіктерді бірдей түсінуіне мүмкіндік бермейтінін түсіну керек. 
Əрбір оқушы оқытылатын өсімдікті өзінше қабылдайды.
Тура ақпарат тікелей маңызды, соның қатарында оқыту 
мақсаттарының назары бойынша объектілердің қасиеттерін 
береді. Мұндай ақпарат түріне фотосуреттер, бейнефильмдер, 
ғылымда шу деп аталатын дыбыстар жатқызылады. Мультимедиа 
құралдарының өзгеше ерекшеліктерінің бірі тура ақпаратты беру 
жəне өңдеу мүмкіндігі болып табылады. Мысалы, ботаника курсын-
да өсімдіктерді оқып-үйренгенде мультимедиа құралдарын пайда-
лану, оқушыларға өсімдікті жəне онда болатын үдерістерді көруге, 
мүмкін болған дыбыстарды естуге мүмкіндік береді.
Осылайша, мультимедиа түсінігі жалпы мультимедиа құралдары 
түсінігі, бір жағынан компьютерлік өңдеу жəне ақпаратты əртүрлі 
типте көрсету мен тығыз байланыста болса, екінші жағынан, 
білім алу тиімділігіне əсер ететін электрондық басылымдар мен 
ресурстарға байланысты. Мультимедиа құралдарының білім беру 
саласына енгізілуі сəйкестендірілген компьютерлік бағдарламалық 
құралдардың пайда болуына жəне олардың мазмұндық ар-
туына, оқытудың жаңа əдістері жəне педагогтардың кəсіби 
шығармашылығының ақпараттану технологияларын өндіруге 
ықпалын тигізеді.
Мысалы, бейнефильмдерді сақтауға, өңдеуге жəне өндіруге 
мүмкіндік беретін мультимедиа құралдарын білім беру жүйесіне 
енгізу, оқытуда қолданылатын компьютерлік бағдарламаларды 
жасауға алып келеді. Демек, оқушылар компьютер мен жұмыс істей 
отырып, оқу уақытының бір бөлігін оқыту мақсатының көзқарасы 
бойынша маңызды болған бейнеүзінділерді көруге жұмсайды.
“Тілдің басқа көптеген сөздері сияқты” “мультимедиа” сөзі 
бірден бірнеше əртүрлі мəнге ие болатындығын түсіну маңызды. 
Мультимедиа – бұл:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет