Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


9-ТАРАУ АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ ОРТАСЫ



Pdf көрінісі
бет155/189
Дата17.05.2022
өлшемі1,08 Mb.
#34758
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   189
275
9-ТАРАУ АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ ОРТАСЫ
9.1 Ақпараттық білім ортасы: ұғымы, құрылымы, 
ерекшеліктері
Оқу мекемелеріне арналған əртүрлі ақпараттық-қатынастық 
технологиялар құралдарын құрастыру мен жинақтау педагогикалық 
сипаттағы бірқатар мəселелерді туындатады. Педагогикалық 
мақсаттағы ақпараттық ресурстардың жинақталуы мен прак-
тикалық қолдану жүйесінің жоқтығын ерекше айта кеткен жөн. 
Аталған құралдар өзара байланысты емес жəне бір ақпаратты 
бірнеше рет қайталайды. Бір оқу мекемесі аясында қолданылатын 
ақпараттандыру құралдары əртүрлі əдістемелік жəне технологиялық 
тəсілдерді талап етеді, оқу үдерісінің тиімділігіне кері əсерін 
тигізетін оқушылардың білімі мен біліктілігіне айтарлықтай талап-
тарды қояды.
Оқу мекемесіндегі ақпараттық технологиялар мен ресурс-
тарды дайындау мен пайдаланумен байланысты тағы бір 
мəселе, ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының 
мүмкіндіктерін оқу, оқудан тыс жəне ұйымдастыру-педагогикалық 
іс-əрекетте кешенді пайдалануға қабілетті педагогикалық кадрларды 
жан-жақты дайындауға практикалық мүмкіндіктің болмауы болып 
табылады.
Оқу мекемелеріндегі жалпы орта білім беру жүйесінің 
барлық салаларында қолданылатын ақпараттық ресурстар мен 
технологияларды бір жүйеге біріктіру қажет. Бұл жүйе жалпы 
біртипті əдістемелік талаптар жəне ұсыныстармен толықтырылуы 
тиіс. Ақпараттық білім ортасын қалыптастыру көптеген оқу 
мекемелерінде қолданылады. Ақпараттық білім ортасы жеке 
құралдар мен ақпараттандыру технологияларын өзара байланысты-
ру мақсатындағы техникалық мəселелердің шешілуіне мүмкіндік 
береді. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын пайда-
лануды сипаттайтын мазмұн мен əдістерді біріктіру мəселелері əлі 
күнге дейін шешімін тапқан жоқ.
Мұндай жүйенің рөлін, бірқатар жарияланымдарда оқыту іс-
əрекетін жүзеге асыруда пайдаланылатын компьютерлік құралдар 
жəне олардың қызметінің тəсілдері жиынтығы ретінде анықталатын 
оқу мекемесіндегі ақпараттық-білім ортасы атқара алады. 


276
Нақтырақ,  ақпараттық-білім ортасын оқушыларды, пе-
дагогтарды, ата-аналарды, оқу мекемесінің əкімшілігін жəне 
қоғамды бірыңғай технологиялық құралдармен өзара байланысқан 
мазмұнмен толықтыруды жүзеге асыратын компьютерлік техниканы 
программалық-телекомуникациялық ортада қолдануға негізделген 
орта ретінде анықтауға болады. Мұндай орта ұйымдастырушылық-
əдістемелік құралдар, педагогикалық маңызды ақпараттарға 
оперативті қолжетімділікті қамтамасыз ететін жəне педагогтар мен 
білім алушылар қарым-қатынасын жүргізуге мүмкіндік беретін, со-
нымен қатар ақпаратты сақтау, өңдеу, тасымалдауды қамтамасыз 
ететін техникалық жəне программалық құралдарының жиынтығын 
қамтуы тиіс.
Ақпараттық-білім ортасы кіріктірілген көпкомпонентті жүйе 
ретінде құрылуы қажет, оның компоненттері оқу, оқудан тыс, 
ғылыми-зерттеушілік іс-əрекет, оқыту нəтижелерін, оқу мекеме-
лерін басқару іс-əрекетін өлшеу, бақылау жəне бағалау. Мұндай 
орта барлық мүмкін болатын пайдаланушылардың дифферен-
циациясын қамтамасыз ететін максималды вариативтілікке ие болуы 
тиіс. 
Оқу мекемесінің ақпараттық-білім ортасын жоспарлау, 
дайындау жəне пайдалану жалпы орта білім беру жүйесін бірте-бірте 
бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігіне біріктіруді қамтамасыз 
етуі қажет. Ортаның маңызды компоненттерінің бірі оқу мекеме-
сінің оқу іс-əрекетін ақпараттандыруға бағытталған програм-
малық-əдістемелік кешен болып табылады. Оқу компоненттерін 
жоспарлау, құрылымдау жəне жүзеге асырулау психологиялық-
педагогикалық əдістемелік жəне технологиялық сипаттағы 
талаптар мен ұсыныстардың кең кешеніне сəйкестікте жүзеге асы-
рылуы тиіс.
Ақпараттық-білім ортасының ажырамас компоненті оқушылар 
мен абитуриенттердің білім, біліктілік жəне дағдысын өлшеу, 
бағалау жəне бақылау құралдары болуы қажет. Ортаның өзіндік 
компонентінде ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын 
ерекшелеуге байланысты білім алушының білім, біліктілік жəне 
дағдысын компьютерлендіруге қатысты бірнеше көзқарастар бар. 
Мұндай көзқарастар қатарына білімді бақылау мен бағалауды 
автоматтандыруға арналған компьютерлік сыныптардың тобын 
жатқызуға болады.


277
Кез келген оқу мекемесінің іс-əрекеті аясында маңызды бір 
сала, білім беру деңгейіне тəуелсіз педагогтар, кейде білім алушы-
лар қатыстырылған ғылыми жəне əдістемелік зерттеулер болып 
табылады. Оқу мекемелерінің іс-əрекетінің ғылыми-əдістемелік 
саласы қызметінің аспектілері ақпараттық-қатынастық техноло-
гиялардың құралдарын енгізудің жеке бағыттарын туындатады. 
Орта аясында педагогтар арқылы жүзеге асырылатын ғылыми-
зерттеу жəне əдістемелік іс-əрекетті ақпараттандыру құралдарын 
кіріктіретін арнайы компоненттерді ерекшелеу қажет. Ортаның 
сəйкесінше компоненті ғылыми іс-əрекет тұрғысынан маңызды 
ақпараттық ресурстарға қолжетімділік құралдарын көрсетіп 
қана емес, сонымен қатар кітапханатану, ақпараттық үзінділерді 
өңдеу, сақтау жəне есептеу құралдарын да көрсетуі тиіс. Мұндай 
құралдары ғылыми-зерттеулер нəтижелері аясында педагогтардың 
қашықтықтық өзара əрекетін ұйымдастыруда пайдалы болуы 
мүмкін.
Сонымен қатар ақпараттық-білім ортасының оқудан тыс 
компонентін ерекшелейді. Оқу мекемесінің оқудан тыс іс-
əрекетінің аясы практикада ақпараттық-қатынастық технология-
лар құралдарының артықшылықтарын жеткілікті түрде аңда-санда 
жəне жүйесіз қолданады. Ақпараттық технологиялар негізгі оқу 
іс-əрекетінің мазмұнымен байланыссыз оқудан тыс шаралардың 
деңгейін жоғарылатуға қабілетті. Компьютерлік телекоммуни-
кацияларды оқудан тыс қарым-қатынаста қолданудың мақсатқа 
лайықтылығы белгілі. Мұндай салада сəйк 
есінше ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарының мазмұндық-əдістемелік 
деңгейі мен сапасынан оқудан тыс іс-əрекеттің оқу-тəрбиелік 
тиімділігі тəуелді.
Ақпараттық-білім ортасының оқудан тыс компонентін құрайтын 
негізгі ақпараттық ресурстар: оқушылар мен педагогтардың 
жоспарланған немесе өткізетін оқудан тыс шараларынан хабар-
дар ететін құралдарды, сынып жетекшілері іс-əрекетін қолдайтын 
ақпараттық құралдарды, жаппай мəдени жəне спорттық шараларды 
өткізуге қажетті ақпараттық құралдарды, оқу мекемесіндегі оқудан 
тыс іс-əрекетті басқару құралдарды, оқушылардың оқудан тыс 
қарым-қатынасын ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын қамтуы 
тиіс.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын кеңінен 
қолдану саласы оқу мекемелерінің ұйымдастырушылық-басқару 


278
іс-əрекеті болып табылады. Оны автоматтандыруға бірқатар 
программалық жүйелер жəне шаблондар, сондай-ақ білімді жо-
спарлаушы, бухгалтерлік есеп жүйелері, оқу жүктемесін жəне та-
рификацияны есептеу құралдары, мұғалімдер, оқушылар, оқыту 
құралдары жəне т.б. туралы электронды мəліметтер қоры пайдала-
нылады. Модельдеуде, жобалауда жəне ақпараттық білім ортасын 
құрастыруда ақпараттық ресурстарды кіріктіретін оқу мекемесінің 
ұйымдастырушылық-басқару іс-əрекеті аясында ақпаратты өңдеу 
мен тасымалдауды автоматтандырылған арнайы компоненттерді 
ерекшелеу маңызды. 
Ақпараттық-білім ортасын қалыптастыру оқу мекемесінің 
барлық саласын қамтиды, білім беру үрдісінің көрсеткіштерін жан-
жақты талдау үшін қосымша жағдайлар жасайды, жалпы орта білім 
беру жүйесінің жағдайы туралы, ондағы сандық жəне сапалық 
өзгерістер туралы біртұтас түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік 
береді.
Ортаны құруда мамандармен ақпараттық ресурстарды 
біріктіру үшін арнайы ерекшелену жүйесі дайындалуда. Мұндай 
ерекшелену ақпараттандыру-білім беру ортасында қамтылатын 
барлық Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын 
практикалық дайындауда есепке алынуы тиіс. Мұндай ерекшеле-
ну ақпараттық ресурс басқа да жалпы қабылданған талаптармен 
бірге меңгеруге тиісті оқу мекемесінің ақпараттық білім ортасы-
на толықтай енуіне арналған талаптар жүйесі болып табылады. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының осындай 
талаптарға сəйкес келмеуі оның сапасыздығының куəлігі болып та-
былмайды, оның орта аясындағы толыққанды қолданысқа енгендігін 
қиындатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет