Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


Процесс жағдайлары және реакторлар типтері



бет6/11
Дата30.04.2023
өлшемі452,44 Kb.
#88573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ (2)

Процесс жағдайлары және реакторлар типтері
Оттегінің әлсіз типті болмайтын ингибиторлық әсеріне қарамастан, газфазалы хлорлау кезінде сұйық хлорды буландырумен алынған хлорды қолданады, себебі өзгермеген хлорсутектің реакциясы кезінде электролитті хлор газының инертті қоспалары рұқсат етілмеген сатыға дейін тез жиналады.
Температураны және реагенттер қатынасын таңдау маңызды жағдай болып табылады. Аллил және металлил хлоридті алуда бір хлор атомын енгізу өнімдері мақсатты болып табылады. Сол себепті процесті сәйкес көмірсутектердің артық, бірақ дихлоридтер де қолданыс табатындықтан тым артық емес мөлшерде өткізеді.
Егер аллилхлорид синтезінде көмірсутектердің хлорға қатынасы 5:1 болса, аллилхлорид синтезінде 2:1 құрайды. Металлил хлоридті алуда бұл хлортуындылардың шығымы 80%-ға жетеді. Сонымен қатар көмірсутектердің артық мөлшерін реакцияға қайта қайтарады. Аллилхлорид өндірісінде температураны таңдау орынбасудың қосылумен салыстырғандағы жоғары селективтілігімен шартталған және реакция 500-520Cде өткізіледі. Металлилхлорид жағдайында қосылу маңызды емес, процесс 150-200С де өтеді. Сондай дихлорбутендер синтезі шамамен 300Сде бутадиен -1,3 тің артық мөлшерінде өткізеді.
Метанды хлорлау кезінде мақсатты өнім әдетте, метиленхлорид, хлороформ, тетрахорметан немесе олардың туындылары болады. Метанды хлорлауды таза термиялық 500-550С және термокаталитикалық  350-400С жолмен жүзеге асырады.
Процестің технологиясы. Газ фазасында хлорлаудың технологиялық сызбанұсқасы сұйық фазалы хлорлаудағы сатылардан тұрады.
Аллилхлориді өндірудің технологиялық сызба нұсқасы 1-суретте көрсетілген. Сұйық хлорды бір аппаратта буландырып, қыздырғышта (2) буларын шамалы қыздырады. Содан соң олар расходаметр арқылы хлораторға (4) түседі. Пропиленді құбырлы пеште 350Сге дейін қыздырып, араластырғыш рөлін ойнайтын хлоратордың жоғарғы жағына жібереді. Ыстық реакционды газдар циклоннан өтіп, энергетикалық пар алады да буландырғыш конденсациялы колоннаға (7) өтеді. Колонна жоғарыдан сұйық пропиленмен суландырып тұрады, оның булануы есебінен газ суып, одан барлық хлортуындылар конденсацияланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет