§ алкандар (метаннан С15С40 парафиндерге);
§ алкендер (этиленнен пентендерге дейін);
§ ароматты көмірсутектер (бензол, толуол, ксилол, нафталин);
§ ацетилен;
§ көмір (II) оксиді және синтез-газ;
Енді органикалық синтезінің маңызды өндірістерін төмендегілердің негізінде қарастырайық:
§ синтез-газ (метанол, формальдегид);
§ алкандар (органикалық қышқылдар және спирттер, бутадиен мен изопрен);
§ алкендер (этанол, изопропанол);
§ ацетилен (құмырсқа қышқылы, сірке қышқылы және оның ангидриді);
§ ароматты көмірсутектер (этил бензол, стирол, фенол);
§ нафтендер (капролактам);
Ыңғайлы болу үшін олар сәйкес органикалық кластарға біріктірілген.
Органикалық синтезінің шикізат өнімін қайта өңдеу процессін нақты таңдау табиғи қосылысқа бағынады, шикізат жеткіліктілігі мен құрылымы, мақсаттағыдай экономикалық өндіріс. Органикалық синтез процесінде қолданылатын барлық реакциялардың дерлігі препараттық органикалық химияда көбісі катализаторлардың қатысуымен, жоғары температура мен қысымның әсерінен, фото және радиациялық сәулелендіру жағдайында жүреді.
2.1- сурет - Мұнай, газ және қатты отын қолданылуы
Қатты жанармай қазбаларына мінездеме беру - шикізат негізінде термиялық қайта өңдеу, көрсеткіштерді қолдану, әрқайсы белгілі бір көрсеткішті сипаттайтын, берілген жағармайды басқаларынан бөлектейді. Жиынтықтың көрсеткіші жағармайдың сапасын толықтай негіздейді және оны термиялық жағдайда қайта өңдеудегі мүмкін әрекеттерін жорамалдайды, технологиялық процесте жарамды және белгілі бір шығу мүмкіндігін болжауға қолданылады, алынған азықтың құрамы мен қасиеті процестің шартына байланысты.
Өндірісте жартылай кокстегенде шайырдың бөлінуінде бензол экстрактының құрамына, органикалық ерітінділерге тау-кен талшығын орынды қолданып, синтетикалық сұйық жағармай алады.
Мұнайхимиялық және негізгі органикалық синтездің өндірісі. Өндіріс классификациясы. Негізгі органикалық синтез және мұнай химиясының негізгі шикізат көзі. Мақсаты: мұнайорганикалық синтез негізінің теориясымен танысу.
Қазіргі замандағы органикалық заттардың негізгі өндіріс технологиясы және материалдары химиялық процестердің негізін терең білуді талап етеді. Бұл өндірістің барлық этаптарында жүріп жатады. Бұл процестің тиімді жүру үшін келесі химик технолог терең білім алу керек. Ол органикалық заттар және материалдар технологиясын жете білуі керек.
Бұл курс міндетті оқытылатын пәндердің мемлекеттік ВУЗдардағы химик технолог мамандарын дайындау үшін қажет, себебі ол негізгі салалардағы ауыл шаруашылық және медицинада пайдаланылады. Бұл курсты оқу барысында теориялық және кейбір өндірістердің дамуына теорияда және практикада өте қажет, себебі мұнайхимия синтезі, фарм припараттары, химиялық талшытар, пластмассалар, пленкалар және бояғыш заттар, жарылғыш заттар, тері өңдеуде, парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады.
Бұл курстың мақсаты химиядан және органикалық заттар технологиясынан негізгі фундаментальді білім беру керек, және оның маңызын, ролін химия өндірісінде теориялық негізін білу керек.
Мұғалімнің мақсаты осы пән оқыту барысында шикізат көзіменен – органикалық зат – материал арасындағы байланысты көрсете білу. Негізгі органикалық зат пен материалдардың алудың технологиялық схемасын түсіндіре білу. Оның экономикалық және күнделікті тұрмыста пайдалану. Практикалық жағынан болашақтағы өндірістерде ұтымды пайдалану.
Негізгі органикалық синтез және мұнай өндірісі химиялық өндірістің негізгі саласы болады. Негізгі органикалық синтезге жататындар әртүрлі синтетикалық органикалық өнімдер. Бұл каучук синтезінің жартылай өнімдері, пластмасса өндірісі, синтетикалық талшықтар өндірісі, бояғыш заттар, т.б. жатады.
Олар жеке пайдалануы да мүмкін ауыл шаруашылығында майсыздандырғыш заттар, экстракциялаушы агенттер, ауыл шаруашылық өсімдіктерін қорғау үшін гербицидтер, жуғыш заттар, ПАВ, фладагенттер, антифриздер, антидетонаторлар, жоғары октанды мотор майларына қоспалар, майлушы заттар, т.б.