Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



Pdf көрінісі
бет30/68
Дата11.01.2017
өлшемі5,18 Mb.
#1675
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68

А. Ғ. Ибраева 

Астана қ. 

 

ЗАМАНАУИ УАҚЫТ ТАЛАБЫ ЖЕЛІСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТАРИХ 

 

Отан  тарихын  зерделеу  Ұлы  даланың  қай  дәуіріндегі  болмасын  маңызды 



оқиғаларымен байланысты жүзеге асырылуға тиісті. Тәуелсіздік алғалы Қазақстан тарихы 

жан-жақты  ғалымдар  тарапынан  жан-жақты  зерттелуде.  Тарихи  кезеңдердің  бейтаныс 

беттері  ашылып,  дара    тұлғаларымыздың  есімдері  мен  ерен  еңбектері,  халқымыздың 

тарихында алатын өзіндік рөлі көпшілік назарына ұсынылды. Мұндай игі бастама Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың  «Тарих  толқынында»  кітабының  жарық  көруімен,  қатпарланған 

тарихымыздың келелі мәселелерін әлемдік және ұлттық зерделеудің, жаңаша әдіснамалық 

ізденістің тамаша үлгісі болып табылады. 

Бұл бастаманың лайықты жалғасы ретінде ұлт тарихын зерттеуге жаңа серпін берген 

маңызды  іс-шара  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінде  Қазақстан 

Республикасының  Мемлекеттік  хатшысы  М.М.Тәжиннің  төрағалық  етуімен  болған 

алқалы  кеңес.  Ұлттық  тарихтың  құндылықтары  «Нағыз  ұлттық  қадір-қасиет  ұлттық 

тарихтан  басталады» 

  деген  қағидалы  көзқарас  пен  түйінді  тұжырым  батыл  білдірілді. 



Сонымен  қатар,  тарих  ғылымының  рөлінің  өзгергендігі  баса  айтылып:  «Біздің 

тарихнамамыз өзінің әдістемелік және тілдік құралын қатты өзгертуге тиіс. Қазақстанның 

тарих  ғылымының  алдында  нақты  сынақ  тұр,  ол  сынақтың  жауабын  табуға  әбден-ақ 

болады»,  –  деген  Марат  Мұхамбетқазыұлы  ұлттық  тарих  мәселелерін  танымдық 

ұстанымдардың биігінен қарастыру қажеттігін жиылған қауымға жеткізді. Бұл қағиданың 

өзі  Елбасының  «Біз  ұлттың  тарихи  санасын  қалыптастыру  жұмысын  жалғастыруымыз 

керек»  деген  дәйегінен  туындап  отырғандығын  аңғару  қиын  емес.  Ендігі  мақсат 


 

228 


ғалымдарымыз  ұлттық  тарихымыздың  шынайы  беттерін  ашу  арқылы  «Қазақстан-2050» 

стратегиясын жүзеге асыруға баға жетпес үлестің қосылатынына сенімдіміз.   

Осы  уақытқа  дейін  біздің  ғылыми  тарихымыз  бірнеше  рет  талқыға  салынып,  үнемі 

басқа  біреулер  тарапынан  жазылып  келді.  Осыншама  талқыға  салынатындай  тарихымыз 

соншалықты  біреулерді  қызықтырды  ма?  Әрине,  мұның  бәрі  отарланған  халықтың 

санасын  улап, дүбәрә ету, түп-тамырымен жойып жіберудің амалы болатын. Сондықтан, 

бүгінгі  күнге  дейінгі  жазылған  тарихымызға  қайта  қарау,  ғылыми  танымның 

заңдылықтарымен  дәйектелген,  деректік  негізі  тыңғылықты  тарихты  жазу  күн  тәртібіне 

қойылып  отырған  маңызды  мәселе.  Осы  тұрғыда  Мемлекеттік  хатшы  М.Тәжиннің 

баяндамасында:  «Тарих  ғылымына  феноменология  мен  герменевтика  әдістерінің  енуі 

тарихи  зерттеулердің  сипатының  өзін  едәуір  өзгертіп  жіберді.  Ендігі  жерде  тарихшы 

фактілерді  тізбелеп,  суреттеп  отырушы,  оқиғаларды  тек  «тіркеуші»  емес.  Ендігі  жерде 

тарихшы  «пайымдаушыға»  –  зерттелетін  уақыттың  ішкі  мағынасына  ой  жіберетін 

ғалымға, фактілерді жай зерттеп қана қоймайтын, нақты қоғамның құндылықтарын, жөн-

жосықтарын,  моралін  «түсінуге»  қол  жеткізетін  ғалымға  айналуға  тиісті»,  –  деп  ерекше 

атап көрсетілді. 

Ұлттық идеялар мен этникалық ұқсастықтың даму жағдайы мемлекеттігіміздің даму 

ырғағы  мен  тарихын  зерттеуге,  терең  жан-жақты,  саудаға  салынбаған,  абстрактілі  және 

қарапайым қадамдарды қолдануды талап етіп отыр. Сонымен қатар, тарихшыларымыздың 

көпшілігі  әлі  де  өзінің  зерттеу  ғылыми  қызығушылығынан  шыға  алмай,  тек  сол 

тақырыптың  көлемінде  айналшықтап,  тарихи  таным  теориялары  мен  әлемдік  және 

аймақтық тарихтың аралас мәселелерінен тыс қалғандығын да баса айтып кетуге болады. 

Осыған орай, ұлттық тарихты зерделеудің теориялық негіздері ретінде мына бір мәселелер 

зерттеушілердің назарынан тыс қалмауы керек деп ойлаймыз.  

Біріншіден, тарихшының зерттеу тақырыбының нақты таңдалуы. Тақырыптың дұрыс 

таңдалуы бүкіл  зерттеу жұмысының барысында маңызды болып табылады. Тақырыптың 

аясы  кең,  тың  мәселені  қамтуы  қажет.  Бүгінгі  магистрлік,  PhD  докторлық 

диссертациялардың  тақырыптарының  маңыздылығын,  қайталанбауын  қадағалап 

отыратын  ҚР  БжҒМ-і  жанындағы  Ғылым  комитетінің  құзырында  болатын  үйлестіруші 

Кеңес  қажет  деп  ойлаймыз.  Себебі,  бұл  диссертациялар  ғалымдар  тарапынан  талқыға 

түсіп,  көпшілік  алдында  қорғалатындықтан,  таңдалған  тақырып  тың,  терең  әрі  маңызды 

болуы  қажет.  Сондықтан,  бұл  мәселеге  министрлік  және ЖОО-ы  тарапынан  ерекше  мән 

берілген жөн.      

Екіншіден,  өзектілігі  –  кез  келген  тарихи  зерттеу  өзектілігінің  теоретикалық 

негіздемесі  терең  әрі  толық  ашылған  мазмұнды    болуы  тиіс.  Өйткені  таңдалған 

тақырыптың  өзектілігін  неғұрлым  терең  түсіну,  әрі  пайымдау  негізінде  оның  мазмұны 

толық дәйектеледі.   

Үшіншіден,  мәселелігі  жоғарыда  айтылған  ұлт  тарихының  тарихи-мәдени 

құндылықтары  ескеріле  отырып,  этномәдени  ерекшеліктеріне  сай  жан-жақты 

пайымдалған, Ұлы даланың тарихи оқиғалары қазақ мемлекеттілігінің даму эволюциясы 

көшпелілер  өркениетінің  даму  заңдылықтарына  сай  сараланған  мәселелі  тарих  жазылуы 

тиіс.  


Төртіншіден,  шынайылығы  –  тарихи  зерттеуде  мәселенің  қойылуына  байланысты, 

соның  ішінде  Отан  тарихының  уақыт  өлшеміне,  яғни,  ежелгі  дәуірден  қазіргі  кезеңге 

дейінгі  тарихи  межемен  байланысты  жекелеген  мәселелерімен  (қоғамтану,  түркітану, 

исламтану, қыпшақтану, алаштану, қазақтану, тұлғатану) байланысты пайымдалған жөн.  

Бесіншіден,  әдіснамасы.  Ұзақ  жылдар  бойы  тарихымызды  зерделеуде  кеңестік 

идеологияның  шеңберімен  құрсауланған  формациялық  методология  қолданылып  келді. 

Осыған  орай,  ұлт  тарихының  этномәдени  ерекшеліктері  мүлдем  ескерілмей,  жалпылама 

әмбебап  тарих  түрінде  түсіндірілді.  Онда  қазақ  мемлекеттілігі  генезиссіз,  эволюциясыз, 

мемлекеттік  құрылымдар  типологиясының  дамуынсыз,  жанамалай  сипатталды.  Ежелгі 


 

229 


дәуірден  бүгінгі  тәуелсіз  тарихымыздың  баяндалуына  үңілсек,  үзілді-кесілді  тарихи 

оқиғалар желісі баяндалады.  

Бүгінгі  Отан  тарихын  зерделеу  мәселесінде  дүниежүзілік  ғылым  оның  өркениеттік, 

ментальдық,  логикалық,  реконструктивтік  әдістердің  тиімді  қолданылып,  жоғарыда 

айтылған  мәселелерді  жаңаша  көзқараспен,  жан-жақты,  терең,  мазмұнды  пайымдау  Ұлт 

тарихына  деген  қызығушылықты  арттырып,  болашақ  ұрпақтың  бойында  патриоттық 

сезімді сіңіру  мақсатында жұмыс істеуге мүмкіндік беріліп отыр. 

Осы тұста айта кететін бір маңызды мәселе кезінде Елбасының атсалысуымен қолға 

алынған  «Мәдени  мұра»    бағдарламасы  аясында  бұрын  соңды  беймәлім  болған  жаңа 

шығыс  және  батыс  еуропалық  жазбаша,  мұрағаттық,  ауызша  дереккөздер  мен 

материалдар,  артефактлер  ғылыми  айналымға  енгізілді.  Осындай  көлемді  жұмыстың 

нәтижесінде  Қазақстан  тарихы,  этнографиясы  мен  өнеріне  тиесілі  5  мыңға  жуық  жаңа 

қолжазбалар мен баспалық басылымдар анықталған екен.   Енді елімізге жеткізілген жазба 

деректерді  ғылыми  айналымға  енгізіп,  болашақ  ұрпаққа  құнды  Отан  тарихының  құнды 

оқулықтары мен ғылыми еңбектерін жазу қажет.   

Көңілге қонымды жайт биылғы оқу жылынан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық  университетінде  тарих  факультеті  ашылып,  көпшілікке  арналған  тарихи-ғылыми 

журнал жарыққа шығатын болады. Әлемдік ғылым шеңберінде өзіндік лайықты орны бар 

классикалық мамандық болып келген тарихымыз біраз уақыт бойы біресе филологияның, 

біресе әлеумететтік ғылымдардың құрамына енгізіліп, өзінің атын жоғалтып ала жаздаған 

еді.  Тарих  факультетінің  ашылуы  алдағы  уақытта  тарихшы  мамандардың  көбеюіне, 

арнайы  жаңа  кафедралардың  ашылуына,  кәсіби  мамандардың  қалыптасуына,  Отан 

тарихының  іргелі  мәселелерін  зерттеумен  тыңғылықты  айналысуға  зор  ықпал  ететіні 

сөзсіз.     

Бүгінгі  таңда  қоғамды  оқулық  мәселесі  алаңдатады.  Тұтастай  алғанда,  отандық 

оқулықтар  қалай  жазылады,  оны  кімдер  жазуы  тиіс?  –  деген  сұрақтар  әрбіреуімізді 

толғандырмай қоймайды. Біздіңше, қалай жазылу керек дегенде отандық оқулықта ұлттық 

мұрат,  елдік  мүдде  алдында  тұруы  тиіс.  Онда  арғы-бергі  тарихымыз  шынайы  тарихи 

заңдылықтарға  негізделіп,  танымал  тұлғалардың  тағдыры  мен  тағылым,  қозғалыс-

көтерілістердің себеп-салдары анықталған шынайы шындығы, империялық-отаршылдық, 

әкімшіл-әміршіл  жүйенің  түп-төркіні  кеңінен  ғылыми  тұрғыда  дәйектелуі  қажет.  Осы 

тұрғыда,  осы  ұлан-ғайыр  территорияда  өзінің  мемлекетін  құрған  рухы  биік  қазақ 

халқының  дәріптелуі,  қазақ  қоғамындағы  гуманизм  мен  демократиялық  ерекшеліктер 

ескерілуі  керек.  Оқулықтар  жазу  барысында  бүгінгі  таңда  ашылып  жатқан  деректік 

материалдар  орынды  пайдаланылып,  кез  келген  тарихи  кезеңдер  мен  оқиғалар  желісі 

терең,  әрі  мазмұнды  берілуге  тиіс.  Оқиғалар  желісі  үзілген,  жұлмаланған  тарихымызды 

толық,  тыңғылықты  баяндау  оқулық  жазушыларға  үлкен  жауапкершілікті  жүктеп  отыр. 

Сырттағы  Отан  тарихына  қатысты  талай  деректер  аударылды.  Енді  сол  деректерді 

ғылыми айналымға енгізіп, тарих тілімен сөйлету тарихшылардың міндеті. 

Ойымызды жинақтай келсек, бүгінгі  тәуелсіз  елімізде ешкімге жалтақтамай беріліп 

отырған мүмкіндікті пайдаланып, болашақ ұрпақтарымызға ұлтымыздың тұңғиығы терең, 

қатпарланған шынайы тарихын жеткізуіміз қажет. Осы бағытта жұмыла еңбек етсек, зор 

нәтижелерге қол жеткізерміз деген сенім мол.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

230 


А. Оразбайқызы  

Астана қ. 

 

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ІІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ДЕМОКРАТИЯШЫЛ ОРЫС ЖӘНЕ 

ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ САЯСИ 

КӨЗҚАРАСТАРЫ 

 

ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  революциялық  жағдай  Ресейдегі  әршенділер 



азаттық  қозғалысының  жаңа  кезеңінің  басталуына  негіз  болды.  Бұл  әлеуметтік  топтың 

өкілдері  самодержавиеге  қарсы  шығып,  оның  ең  басты  қатысушыларына  айналды. 

Әршенділер  кезеңі  азаттық  қозғалыс  территориясы  аясының  кеңеюімен  сипатталады. 

Революциялық-демократиялық қозғалыстар тек Петербург, Мәскеуде ғана емес, сонымен 

қатар  Украина,  Прибалтикада  етек  ала  бастады.  Революциялық  демократия 

идеологиясының Сібірге енуіне қолайлы жағдай туындады. Жергілікті жастардың азаттық 

қозғалысқа  араласуы  екі  жолмен:  революциялық-демократиялық  ұйымдарға  кіру 

(И.А.Худяков,  П.З.Елисеев,  М.Н.Загибалов,  С.Я.Капустин,  И.Н.Орлов,  В.В.Чуйко)  және 

сібір  облысшылары  секілді  қоғамдық  пікірдің  спецификалық  ағымында  болумен  жүрді. 

Бұл екі топтың арасында ешқандай да шекара болмады. 60-шы жылдардағы облысшылар, 

атап айтқанда, Г.Н.Потанин мен Н.М.Ядринцев қозғалыстың бағдарламасын жасап шығу 

үшін А.П. Щаповтың облысшылдық-федералистік теориясын қолданды. Қозғалыстың ең 

белсенді  жақтастары  Г.Н.Потанин,  А.П.Щапов,  Н.С.Щукин,  М.В.Загоскин,  И.М.Федоров 

–  Омулевский,  В.И.Вагин,  Ф.Н.Усов,  А.Нестеров,  А.Д.Шайтанов,  С.С.Попов, 

Н.Н.Пестерев,  Е.Я.Колосовтар  болы.    Әлеуметтік  жағдайлары  бойынша  бұлардың 

арасында тумысынан дворян ешкім жоқ, барлығы әршенділер еді. Өздерінің мүмкіндіктері 

мен қажырлы еңбектеріне қарамастан олардың көпшілігі жоғары білім ала алмады, басты 

себеп  қаржы  жетіспеді.  Олардың  биографиясымен  танысу  барысында  көзге  ілінетіні  –

олардың  дарындылығы,  жазу  ісіне,  әдебиетке  бейімділіктері.    60-шы  жылдардың 

ортасында  Г.Н.Потанин,  А.П.Щапов,  Н.С.Щукин,  М.В.Загоскин,  И.М.Федоров  – 

Омулевский, В.И. Вагин демократиялық басылымдарда өздерінің шығармаларын жарыққа 

шығарды. 

Облысшылардың  қоғамдық-саяси  көзқарастары  мен  пікірлері  бірінші  революция 

жылдарында  қалыптасты.  Сонымен  қатар  қозғалыс  бағдарламасының  жасалуына 

декабристер,  петрашевшілер,  поляк  саяси  қуғындары  мен  П.А.Словцовтың  жұмыстары 

әсерін  тигізді.  Облысшылардың  идеологиялары  мен  бағдарламаларының  қалыптасуына 

себепкер болған алғашқы орыс утопистік социалист-петрашевшілердің ықпалын айта кету 

керек. Сібірде айдауда болған (М.В.Буташевич- Петрашевский, Н.А.Спешнев, С.Ф.Дуров, 

Ф.Н.Львов) олар облысшыларға ықпал жасады.  

Біріншіден,  петрашевшілер  Ресейдегі  азаттық  қозғалыс  тарихында  алғашқы  болып 

социалистік  революция  жеңісінен  кейін  өзін-өзі  басқару  мен  федерализм  принциптерін 

қалыптастырды.  Теориялық  тұрғыдан  олар  бірнеше  республикалардың  өз  еркімен 

бірігуіне жол берді. 

  Екіншіден,  алғаш  рет  Р.А.  Черносвитов  Шығыс  Сібірдің  Ресейден  бөлініп, 

болашақта өз алдына бөлек мемлекет болып шығуы туралы пікірді айтты. 

Үшіншіден,  Р.А.  Черносвитов  басты  рөлге  Сібір  ие  болған  қарулы  көтерілістің 

жоспарын жасап, дайындады. 

Төртіншіден,  алғаш  рет  петрашевшілердің  жоспарында  облысшылар  атап 

көрсеткендей,  қозғалыстың  негізгі  күшіне  айналу  керек  болған  аймақтағы  әлеуметтік 

топтар пайда болды. 

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің дамуын көрсеткен П.А. Словцов 

"Сібірге  тарихи  шолу"  еңбегі  арқылы  облысшылардың  Сібір  аймағын  зерттеуге  деген 

қызығушылықтарын арттырды. Осындай қоғамдық-саяси ағымдардың әсерінің арқасында 

50-ші  жылдардың  соңында  декабристер  мен  перташевшілердің  революциялық  және 



 

231 


ағартушылық  тәрбиесін  көрген,  қарапайым  халық  пен  патша  әкімшілігінің  қызметін 

бақылаған облысшылардың көзқарасы нақты түрде рефолюциялық-демократиялық болып 

қалыптасты. Одан әрі қарай көзқарастарының дамуына себеп болған ХІХ ғасырдың 50-ші 

жылдарының  соңы  –  60  жылдардың  басындағы  сібір  жастарының  Петербург,  Мәскеу, 

Қазандағы жоғары оқу орнына келуі [1].  

Еуропалық  Ресейдегі  сібір  жастарының  қоғамдық  қызметі  Г.Н.Потанин  мен 

Н.М.Ядринцев  дайындаған  Петербургтегі  сібір  жерлестері  ұйымы  арқылы  жалғасын 

тапты.  Дәл  осындай  ұйымдар  Қазан  мен  Петербургте  1859  жылға  дейін  жұмыс  жасады. 

Қатысушы  жастардың  идеясын  дамыту  мақсатында  өз  кітапханаларын  ашты  және 

пәтерлерде  бас  қосып  Сібірдің  өзекті  мәселелерін  талқылады.  Осылайша,  1861  жылы 

қыркүйекте А.Н.Балакшин мен А.Н. Урбановский студенттер толқуларына қатысқандары 

үшін университеттен шеттетілді.  

1860 жылдың соңына қарай Г.Н.Потанин мен Н.М.Ядринцев ұйымды қайта ашып, 20 

шақты  студентті  жинады.  Г.Н.Потанин,  Н.М.Ядринцев,  Ф.Н.Усов,  Н.И  Наумов, 

С.С.Шашков  демократиялық  журналдармен  бірігіп  жұмыс  жасай  бастады.  1860-1861 

жылдары  Г.Н.  Потаниннің,  1863  жылы  "Искра"  газетінде  Н.М.Ядринцевтің  мақалалары 

жарық көрді. 60 жылдардағы буржуазиялық реформаларға революциялық-демократиялық 

көзқараста болды.  

1861  жылдың  күзіндегі  студенттер  көтерілісінде  Г.Н.Потанин  ұсталып  Петропавл 

бекінісіндегі  түрмеде  2  желтоқсанға  дейін  қамауда  болды.  Жалпы  алғанда,  1861  жылғы 

студенттер  толқулары  революциялық  бағытта  болды.  Бірақ  бұл  студенттердің  үкіметпен 

алғаш соқтығысуы еді. Қозғалыс жақтастарының көпшілігі федерализмді рефолюциялық-

демократиялық  позицияда  қабылдады.  Студенттердің  Петербургтегі  кезеңі  олардың 

қоғамдық-саяси өмірмен танысуына алып келді. Г.Н.Потанин өз естелігінде: «Петербургте 

Н.М.Ядринцевпен  өткізген  3  жыл  біздің  саяси  тәрбиеленген  жылдарымыз  болды.  Бұл 

жылдары  біздің  жеке  тұлғамыз  айқындалып,  саяси  көзқарастарымызға  бағыт  берілді, 

қоғамдық қызметтегі орнымыз айқындалды»,- деп көрсетті [2].  

Жиырмасыншы ғасырдың басында Қазақ елі Ресей империясының аграрлық-отарлық 

шет  аймағы  еді.  Отарлаушылар  қазақ  халқының  жері  мен  оның  табиғи  байлығының 

айтарлықтай  бөлігіне  иелік  етіп  қана  қойған  жоқ,  олар  қазақтарды  рухани  жағынан  да 

отарлады:  халықты  тілінен,  дінінен,  ділінен  айыру  бағытында  қатыгездікпен 

ойластырылған шаралар жүйесін жүзеге асырды.  

Қазақстан 

тарихынан 

Ресейдің 

отарлық  езгісіне  қарсы  жүргізілген  сан  түрлі  ұлт-азаттық  қозғалыстар  мен  күрестер 

белгілі.  Алайда,  ХХ  ғасырдың  басында  саяси  сахнаға  шыққан  Алаш  қозғалысы  өзінің 

саяси топ басшылары, қозғаушы күші мен алдына қойған мақсаты және қамтыған аумағы 

жағынан  қазақ  тарихындағы  қозғалыстардың  ең  маңыздысы  әрі  жоғары  деңгейде 

ұйымдастырылғаны еді. Бұл қозғалыстың басқа ұлт-азаттық қозғалыстардан ерекшелігі  - 

жер  және  билік  мәселесімен  қатар  ұлттық  болмыс  пен  құндылықтарды  сақтау  және 

оларды заман талабына сай етіп бейімдеу мәселесін көтеру болды. 

ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басында  қалыптасқан  қазақ  зиялыларының  

көпшілігі  әртүрлі  мамандық  иелері  ретінде  қызмет  етті:  олар  оқу-ағарту  ісімен,  қазақ 

тілінде  басылымдар  (кітап,  газет,  журнал)  шығару  әрекетімен  де,  жан-жақты 

шығармашылық  жұмыспен  де  қатар  айналысты.  Ұлт  зиялыларының  басшылары  бірінші 

орыс  революциясы  жылдарында  империяда,  оның  ішінде,  Қазақстанда  да  қалыптасқан 

қоғамдық-саяси  жағдайда  орталықтық  (центристік)  көзқарасты  ұстануға  тырысты.  Бірақ 

өз  бастамаларын  халыққа  түсіндіру  барысында  сол  және  оң  саяси  күштердің  тарапынан 

сынға  ұшырап,  қарсылыққа  кездесті.  14,5  мың  адам  қол  қойған  Қарақаралы  петициясын 

Әлихан  Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов,  Жақып  Ақбаев  сияқты  ұлттық-демократиялық 

қазақ  зиялылары  дайындағаны  белгілі.  Зиялылар  петицияда  қазақ  өлкесінің  жер 

жағдайының  әділ  шешілуін,  қазақтарға  өзін-өзі  басқару  құқығын  беруді,  жеке  муфтият 

құру, жергілікті чиновниктерді алыстатуды, қазақ тілінде ұлттық басылымдар шығаруды 

талап  етті.  ХХ  ғасырдың  басында  зиялылар  І  және  ІІ  мемлекеттік  думаға  сайлауға 


 

232 


дайындалып,  белсенділік  танытты.  ІІ  мемлекеттік  думаға  сайланған  депутаттардың  бірі 

Б.Қаратаев  1907 жылы 16 мамырдағы мәжілісте сөйлеген сөзінде столыпиндік аграрлық 

реформаны  айыптап,  орыс  шаруаларының  Қазақстанның  далалық  облыстарына 

көшірілуін халықтарды тонау және отарлау деп көрсетті [3]. 

1907  жылы  3  маусымдағы  ІІ  Мемлекеттік  думаны  тарату  және  сайлаулардың  жаңа 

жүйесін  енгізу  жөніндегі  Заң  бойынша  қазақтар  мен  өлкені  мекендеген  басқа  шағын 

халықтар  сайлау  құқығынан  айырылды.  Патшалық  әкімшілік  тарапынан  қудалау  мен 

тұтқындау  әрекеттеріне  қарсы  саяси  күрес  толастаған  жоқ.  Дегенмен  Алаш  басшылары 

империялық  саясатқа  қарсылықты  жүйелі  етіп  көрсету  мақсатында  ұлт  мәселесін 

батылырақ  көтеру  үшін  газет-журнал  шығару,  азаттыққа  үндеген  кітаптар  бастыруды 

қолға  алды.  Зиялылардың  еңбектерінен  Қазақстанда  сипат  алған  оқиғаларға  қоғамдық-

саяси  көзқарастары  көрініс  тауып  отырды.  Мәселен,  1909  жылы  Уфада  жарық  көрген 

М.Дулатұлының "Оян, қазақ" атты өлеңдер жинағы Ресейдің отаршыл саясатынан қысым 

көрген  қазақ  халқының  сана-сезімін  оятуға  бағытталды.  Жаңадан  өріс  ала  бастаған  ұлт-

азаттық  қозғалысқа  бұқаралық  сипат  беріп,  міндеттерін  айқындау  мақсатымен 

Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсынұлы,  М.Дулатұлы  газеттерге  ерекше  көңіл  бөлді.  Осылайша, 

1911 жылдан бастап "Айқап" журналы және 1913 жыл мен 1918 жыл аралығында "Қазақ" 

газеті шығарыла бастады.  1914 жылы басталған І дүниежүзілік соғыс пен 1916 жылы 25 

маусымдағы  "Қазақтарды  тыл  жұмысына  алу  туралы"  жарлығы  қазақ  даласын  қамтыған 

ұлт-азаттық  көтерілісті  туғызып,  алаш  қозғалысын  жаңа  белеңге  шығарды.  Алайда,  бұл 

көтеріліс  жөнінде  партиялар  пен  топтардың  көзқарастары  әртүрлі  болды.  "Айқап" 

журналының редакциясы қазақстардың әскерге алынуына қарсы шығып, халықты қарулы 

қарсылыққа үндесе, "Қазақ" газетінің маңайына топтасқан Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, 

М.Дулатұлы  жарлыққа  қарсы  шығу  қантөгіске  апаратынын  айтып,  екі  жақтың  күші  тең 

емес деп көрсетті. 

Ә.  Бөкейханов  бастаған  қазақ  зиялылары  1905  жылы  кадеттер  үлгісіндегі  қазақтың 

ұлттық-либералдық саяси партиясын құруға әрекеттенсе, олардың 1905-1917 жылдардағы 

көзқарастарының эволюциясы 1917 жылғы Ақпан революциясы жеңісінен кейін ұлттық-

демократиялық  мүдделерді  көздейтін  "Алаш"  саяси  ұйымын  (партиясын)  құруға  алып 

келді.  Алаш  зиялыларының  құлатылған  патша  үкіметінің  саясатын  жүргізумен  болған 

Уақытша  үкіметке  деген  сенімдері  әлсіреді.  Қазақстанның  өз  алдына  ұлттық-

территориялық автономия болу, ұлт және аграрлық мәселелерді Уақытша үкімет шешпеді, 

талпыныс  та  жасамады.  Осыдан  соң  Уақытша  үкіметтегі  кадеттерге  деген    

Ә.Бөкейхановтың  көзқарасы  өзгеріп,  кадет  партиясынан  ат  құйрығын  үзісті.  Мұның 

себебін  Ә.Бөкейханов  "Мен  кадет  партиясынан  неге  шықтым?"  деген  ашық  хатында 

негіздеді.  

Атап  айтқанда,  ол  қазақ  қауымы  үшін  маңызды  болған  үш  мәселе  бойынша  –

аграрлық, ұлттық-мемлекеттік құрылыс және дін мәселесі бойынша келіспегендіктен деп 

түсіндірді. Сондықтан ол осы мәселелерді талқылау үшін бүкілқазақтық съезд шақыруды 

дұрыс  деп  тапқанын  мәлімдеді.  Бұл  оның  көзқарасының  либералдық-демократиялықтан 

ұлттық-демократиялыққа өзгергенін көрсетті.   Бірінші  бүкілқазақтық  съезд  1917  жылы 

21-26  шілдеде  Орынборда  болып  өтті.  Күн  тәртібінде  қоғамдық-саяси  және  әлеуметтік-

экономикалық  жағдайларға  қатысты  14  мәселе  қаралды:  мемлекеттің  билеу  түрі;  қазақ 

облыстарының автономиясы; жер мәселесі, халық милициясы, земство; оқу мәселесі; сот 

мәселесі, дін мәселесі, әйел мәселесі; Бүкілресейлік Құрылтай сайлауына дайындық; Ресей 

мұсылмандарының кеңесі (шураислам); қазақ саяси партиясын құру; Жетісу облысындағы 

оқиғалар;  Киев  қаласында  болатын  Ресей  федералистерінің  съезіне  және  Петроградта 

болатын оқу комиссиясына қазақтардан өкіл жіберу. 

Съезде  А.Байтұрсынов  пен  М.Дулатов  "автономиялы  тәуелсіз  қазақ  мемлекетін 

құру"  идеясын  ұсынды,  ал  Ә.Бөкейханов  "демократиялық,  федеративтік  және 

парламенттік  Ресей  республикасының  құрамындағы"    қазақтың  ұлттық-территориялық 

автономиясы  болуды  қолдады.  Сонымен  съезд  басым  көпшілікпен      Ә.  Бөкейхановтың 



 

233 


ұсынысымен келісті. Съездің күн тәртібіндегі 14 мәселе кейіннен Алаш партиясының  10 

баптан  тұратын  бағдарламасына  айналып,  1917  жылғы  5  –  12  желтоқсанда  Орынбор 

қаласында  өткен  Бүкілқазақстандық  екінші  съезде  қазақ  халқының  әртүрлі  әлеуметтік 

топтары  өкілдерінің  бірігуіне  саяси  негіз  болды.  Съезд  қазақ  авиономиясы  мен  милиция 

туралы Халел Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап, "Алашорда" деп аталатын Уақытша 

Ұлттық Кеңес құрып, уақытша тұратын орны  - Семей қаласы болып, Алашорда қырғыз-

қазақ  халқының  билігін  қолға  алады  деп  қаулы  қабылдады.  Алаш  автономиясының 

Алашорда  деп  аталатын  ұлт  кеңесінің  құрамына  15  адам  сайланып,  Ә.  Бөкейханов 

Алашорданың төрағасы болып сайланды.  

Алайда, 


Алашорданың 

Дутовпен 

жақындасуы  салдарынан  Алашорда  үкіметі  бірлігінен  айырылып,  Кеңес  өкіметі 

Қазақстанның  барлық  облыстарында  күшейіп  жатқан  уақытында  кеңес  өкіметімен 

байланыс  орнатуға  мәжбүр  болды.  Жаһанша  және  Халел  Досмұхамедовтер  мен  Халел 

Ғаббасовтың В.И. Ленин және И. Сталинмен жасаған келіссөздерінен байқалғаны – Кеңес 

үкіметі  ұлттық  тұтастық  негізіндегі  қазақ  мемлекетін  мойындамайтындығы  және 

керісінше кеңестік тұрпаттағы автономия беруге дайын екендігінде еді [4]. 

Осылайша  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  Сібірде  және  ХХ  ғасырдың  басында 

Қазақстанда  орын  алған  жағдайлар  орыс  және  қазақ  зиялыларын  айналып  өтпеді.  Өз 

кезегінде  Н.М.  Ядринцев  империяның  ықпалындағы  Қазақстан  мен  Сібірде  тәуелсіз 

экономиканы нығайту, аз халықтардың құқықтық статусы, білім беру саясаты, Қазақстан 

мен Сібірдің жер қорын басқару мәселелерін қозғау арқылы зиялылардың саяси-құқықтық 

көзқарастарына  әсер  етті.  Ол  Патша  үкіметінің  енгізген  (1822,  1867-1868  жылдардағы) 

әкімшілік-құқықтық  реформалары  Қазақстаның  әлеуметтік-экономикалық  дамуына  кері 

әсерін  тигізді  деп  баға  берді.  ХІХ  ғасырдың  60-шы  жылдарында  Қазақстан  пен  Сібірді 

серпілтіп  өткен  "облысшылар"  қозғалысының  замандастары  болған  Ш.Уәлиханов, 

А.Құнанбаев,  Ы.Алтынсариндер  Қазақстандағы  демократияның  жақтастары,  әрі  қазақ 

интеллигенциясын  қалыптастырушы,  саяси  партиялар  мен  қозғалыстарды  дамытушы 

фактор  бола  отырып,  саяси-құқықтық  көзқарастарында  бір-біріне  жақын  екендерін 

көрсетті. 

 

Әдебиеттер 



1.Шиловский М.В. Сибирское областничество во второй половине ХІХ – начале ХХ 

в. Новосибирск, 1992 г. 446 с. 57-79 б. 

2.Таңатарова  Ж.С.  Г.Н.  Потанин  және  қазақ  зиялылары:  саяси  және  рухани 

көзқарастарды талдау. Автореферат. – Алматы, 2008. 13-23 б. 

3.Біләл Ә.Қ. Алаш қозғалысы топ басшыларының әлеуметтік көзқарастары. –Астана, 

2008. - 156 б. 14-21 б. 

4.К. Нұрпейісов. Жұлдыз. - 2007. №12. 149-161 б. 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет