Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



Pdf көрінісі
бет28/68
Дата11.01.2017
өлшемі5,18 Mb.
#1675
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68

А. З. Еслямова 

Астана қ. 

 

XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ 



СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНДЕГІ МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗДІҢ ДАМУЫ 

 

XIX  ғасырдың  60-шы  жылдарының  ортасында  Қазақстанның  Ресей  империясының 



қол астына толығымен енуіне байланысты өлкеде болып жатқан күрделі өзгерістер қазақ 

қоғамының саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінің дамуына үлкен әсерін 

тигізді.  Сонымен  қатар,  аталған  уақытта  қазақтың  ақын,  жазушы,  педагог-

ағартушылардың,  яғни  қазақ  зиялы  қауымының  қалыптасуы  мен  олардың  әлеуметтік-

саяси  көзқарастарының  дамуы  ең  алғаш  қазақтың  ұлттық  баспасөзінің  дүниеге  келуіне 

өзіндік әсерін тигізді.   

Солтүстік өлкеде ең алғаш 1888-1902 жылдары Омбы қаласында «Дала уалаятының 

газеті»  (орысшасы  –  «Киргизская  степная  газета»)  деген  баспасөз  шығып  тұрған.  Ол 

қазақ-орыс  тілдерінде  тәулігіне  бір  рет  жарияланып  тұрды.  «Акмолинские  областные 

ведомости»  газетіне  қосымша  шыққан  болатын.  Газет  сол  кездегі  Далалық  өлкенің 

генерал-губернаторының  ресми  баспасөзі  еді.  Газеттің  редакторлары  болып:  И.  Козлов, 

К.Михайлов,  Г.Абаза,  А.Попов,  Д.Лавров  қызмет  атқарған.  Қазақ  тілінде  шығатын 

номерлерін  басқарушылар    Ешмухамед  Аблайханов,  Дінше  Сұлтанғазин,  Рахымжан 

Дүйсембаевтар болатын  [1, 15 б].     

Газет  бетінде  орыс  ғалымдары  солтүстік  өңірдің  тарихына,  мәдениетіне, 

этнографиясына  байланысты  мақалалармен,  қазақ  халқының  ауыз  әдебиеті  нұсқаларын 

жинап,  бай  материалдар  қорын  жариялаған.  Қазақ  халқының  арасында  газеттердің 

беделінің  өсуіне  шығыс  классиктері  шығармаларының  үлгілерін  басып  шығару  да  өз 

ықпалын тигізді. Бұл жайлы  Ү.Субханбердина былай деп жазған:«газет үкімет тарапынан 

шыққан  ресми  газет  болса  да,  көп  уақыт  Сібірге  айдалып  келген,  бостандықты  көксеген 

адамдардың  ықпалында  болып,  олар  мұны  халық  газеті  етуге  тырысты.  Газетке  дұрыс 

бағыт берген сондай жандардың қатарында Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев, Л.К.Чермак т.б. 

бар.  Потанин,  Ивановский,  Добромыслов,  Обручев,  Алекторов  газет  бетіне  мақала-

хабарларымен қатар өздерінің жинаған ауыз әдебиет нұсқаларын да жариялады»

 

[1, 5 б.].  



Дала  уалаяты  газетінің  беттерінде      қыздарды  оқыту,  медресе  жағдайы,  мектеп-

медресе салу, мұғалімдер жағдайы, орысша оқудың қажеттілігі,     бала тәрбиесі  туралы   

мәселелер  көтерілді. 

«Дала уалаятының газеті» отаршылдық империяның жергілікті 

әкімшілік  орыны  бола  тұра,    мерзімді  басылымның  бетінде  қазақ  халқының  тарихы, 

мәдениеті, әдебиеті туралы материалдар шығып тұрған.  

XIX  ғасырдың  аяғында  Омбы  қаласында  –  «Степной  край»  газеті  шықты.  Газет 

бетінде ресми хабарлардан басқа  қарастырып отырған өлке туралы этнографиялық және 

өлкетану  жайлы  көптеген  материалдар  басылып  тұрды.  Қазақ  ауылдарының  әлеуметтік-

экономикалық  дамуы  мен  көші-қон  поселкілері  жайлы,  шаруалар  мен  жергілікті 

халықтардың ауылшаруашылық мәселелері туралы мақалалар көп жарияланып тұрған [2, 

139-п ]. 

Облыстағы  оқу-ағарту  мәселесі  жайлы  да  газет  бетінде  көптеген  мақалалар 

жарияланды. Мәселен, 1905 жылғы 15 ақпанда шыққан «Степной край» газетінің санында 

Петропавл қаласында осы жылдың 26 қаңтарында ашылған бірінші ер балаларға арналған 

училище  туралы  мақала  жарық  көрген.  «Училище  үшін  қаладан  1000  сом,  мұғалімдерге 

баспана  және  300  сом  көлемінде  төлемақы  бөлінген.  Училище  кешені  қала  сыртындағы 

жаңадан  салынған  үйде  орналасқан»  деген  жаңалықтар  жазылған  [2,  28-п  ].  Ақмола 

облысында  өткізіліп  тұрған  жәрмеңкелік  сауда  туралы  да  газет  бетінде  мақалалар 

кездеседі.  Газеттің  1894  жылғы  №  59,  62  сандарында  облыстағы  сауда-саттық  және 

жәрмеңкелер, әсіресе Тайыншакөл жәрмеңкесі жайлы материалдар берілген [2, 23-30 пп].   


 

215 


XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  өлкеде  басқа  да  орыс  және  қазақ  тілінде 

«Сельскохозяйственный  листок»,  «Епархиальные  ведомости»,  «Областная  ведомости» 

және әртүрлі қоғамның «Труды» атты жеке басылымдары жарық көрген. 

 «Епархиальные ведомости» атты мерзімді басылымда да оқу-ағарту жайлы көптеген 

материалдар  жарияланған.  Газеттің  1911  жылғы  санында  Ақмола  облысы  бойынша 

бастауыш шіркеу мектептері туралы статистикалық деректер береді. 

Ресейдің  орталық  аудандарында  болып  жатқан  саяси  толқулар  мен  бас  көтерулер 

жайлы ақмолалықтар газет беттерінен оқып, біліп отырған. 

1905  жылы  24  қараша  айында  мерзімді  баспасөздерге  арналған  уақытша  ережеден 

кейін,  Омбы  баспасөзі  «Иртышский  вестник»,  «Степь»  атты  газеттермен  толықтырылды

 

[3, 99, 172 б.]. Бір жылдың ішінде Омбы қаласында жаңадан 10 газет және журнал жарық 



көрген.  Олардың  ішінде  әлеуметтік-саяси  бағыттағы:  «Да  будет  свет»,  «Сибирский 

приказчик» және партиялық емес, сатиралық, әдеби-юморлық «Сибирская язва» журналы 

бар  еді.  Бірақ  та  бұл  басылымдардың  сол  кездегі  болып  жатқан  саяси  жағдайға 

байланысты    қызметтері    қысқа  болды 

 

[3,  173  б.].  «Сибирский  приказчик»,  «Да  будет 



свет»   атты апталық журналдарының тек қана 10 саны шығып үлгерген.   

Осы  жылдары  шыққан  мерзімді  баспасөздің  барлығы  дерлік  қудалаудың  құрбаны 

болды.    1906  жылы  18  қазанда  Н.В.Бурдина  редакторы  болған  «Степной  пионер»,  13 

қарашада  Далалық  генерал-губернатордың  жарлығымен  «Иртыш»  газеттерінің 

шығарылуы  тоқтатылды.  Газеттің  22  санынан  кейін  «Омич»  газеті  де  өз  жұмысын 

тоқтатты. Ал «Степной вестник» басылымы бірінші санынан кейін-ақ, жабылып тасталды

 

[3, 174 б.]. 



Революциядан  кейінгі  жылдары  Петропавл  қаласында  Қазақстан  бойынша  ең 

алғашқы заңды түрдегі газет  «Степная жизнь» жаңа өмірге келген болатын. Бұл газеттің 

нақты редакторы және шығарушысы В.В.Куйбышев болған.   Бірақ  бұл  газеттің  төртінші 

санынан кейін шығаруға тыйым салынды. Өйткені газеттің үшінші санында II-ші Думаны 

таратып жіберу мен депутаттарды қамауға алуына байланысты қарсылық білдіріп жазған 

мақала жарияланған еді.  

Дегенмен осы кезде өлкенің қала тұрғындары қазақстандық және ресейлік баспасөз 

басылымдарынан  қол  үзбеуге  тырысқан.  Солтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  мұрағатының 

деректерінде 1912-1913 жылдар аралығында  Петропавл қаласының  тұрғындары киоскіде 

сатылатын газеттер санын қоспағанда 1500 данамен 200-ге жуық әртүрлі газет, журналдар 

алып  тұрған.  Мәселен,  «Нива»  атты  басылымға  127  оқырман,  «Русское  слово»  -  115, 

«Биржевые ведомости» - 73, «Новое слово» - 65, «Родина» - 51, «Копейки» - 42, «Природа 

и  люди»  -  25,  «Известия  по  народному  образованию»  -  22,  «Ранее  утро»  -  18,  «Утро 

России»  -  12,  «Речь»  -  10,  «Колокол»  -  10,  «Россия»  -  10,  «Русское  богатство»  -  9, 

«Сибирьская  жизнь»  -  7,  «Сибирьские  вопросы»  -  6  және  «Новое  время»  -  1  оқырман 

жазылған


 

[2, 58-п ].  Ал мұсылман газеттеріне 76  ғана оқырман жазылған.     

ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  халқының  ой-санасын  оятуға  ұран  салған  ресми  емес, 

қазақ  мерзімді  баспасөзінің  қалыптасуы  1905-1907  жылдардағы  жалпы  азаттық 

қозғалыспен  байланысты  болды.  Бірақ  та  бұл  басылымдардың  жарық  көруі  көптеген 

қиындықпен келді. Мысалы, 1907 жылғы 28 наурызда II Мемлекеттік Думаның депутаты 

Шаймерден  Қосшығұловтың  бастамасымен  «Улфат»  газетіне  қосымша  ретінде  «Серке» 

газетінің бірінші саны жарық көрген болатын

 

[4, 21 б.]. 



«Серке»  газетінің  негізгі  бағытын  оның  «Біздің  мақсатымыз»  деген  мақаласы 

айқындап береді. Бұл мақалада елден жиналған салық қаражатының көбісі халыққа керек 

емес  нәрселерге  жұмсалатыны,  ал  орыс  шенеуніктерінің  әбден  дандайсып,  кедей 

қазақтарды  ұрып-соғып,  мал-мүлкін  тартып  алатыны,  енді  оның  тілі  мен  дініне,  әдет-

ғұрпына  қол  сала  бастағаны,  бұқараның  бұндай  теңсіздігі  мен  құқықсыздығы  халықтың 

ыза-кегін туғызып отырғаны айтылып, «Қазақ жеріне бұл мұжықтарды не үшін көшіреді? 

Әлде Ресейде жер аз ба? Жоқ, аз емес. Ресей патшасы ұлан-байтақ қазақ жерінің үстіндегі 

малға, астындағы кенге қызығады. Қару жұмсамайды, оқ шығармай, білдірмей алдап алу 



 

216 


саясатын  көздеп  отыр»,  -  деп  көрсетеді.  Үкімет  цензурасы  бұны  «қазақ  халқына  үндеу 

ретінде айтылып, үкіметке қарсы қоюға бағытталған әрекет» деп танып, газеттің үшінші 

санын жапқызып тастады

 

[4,100, 21 б.]. 



ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  қазақ  халқының  мәдени-саяси  өмірінде  болған  елеулі 

оқиғалардың бірі – «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының шығуы еді.  

Қорыта айтсақ,  ұлттық баспасөздің дүниеге келуі, қазақ халқының қоғамдық-саяси 

мәдени өмірінде және даму тарихында  елеулі оқиғалардың бірі болды. Өйткені баспасөз 

беттері,  оның  ішінде  газет,  журналдар  негізгі  ақпарат  көзі  ретінде  сол  кездің  өзінде 

сауатын  енді  аша  бастаған  қазақ  халқы  үшін  жалпы  дүниежүзінің  ғылым-білімінен, 

мәдениетінен хабар алу мүмкіндігін берді. Сол ұлттық баспасөздер бетінде жазылғандай, 

қараңғылықта  жатқан  елді  оятуды  басты  мақсат  етіп,  қазақ  халқына  жол  сілтейтін, 

болашақ күнін болжауға тырыстыратын, қазақтың ең үлкен қорғаушысы, әлем, біліммен 

таныс  қылатын  дүниенің  өткен  істері  мен  қазіргі  істерін  жұртқа    түсінікті  тілмен 

жеткізетін құрал ретінде болды. 

 

Әдебиеттер  



1.Субханбердина  Ү.  Қазақтың  революциядан  бұрынғы  мерзімді  баспасөзіндегі 

материалдар. А: Қазақ ғылым академиясының баспасы, 1963. -292 б. 271-272 бб 

2.СҚО ММ 158-қор, 1-тізбе, 16-іс, 139-п. 

3.Воробьев В.В. Периодическая печать Омска в 1905-1907 гг. Омск, 2005. -  172-176 

б. 

4. Айқап.  А.У.Суханбердинаның  кіріспе  мақаласы.  Қазақ  баспасөзі  тарихынан.  – 



Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1995. - 367 б. 

 

 



 

 

Ф. Қ. Ильясова 



Астана қ. 

 

ӘЛЕУМЕТТІК КЕҢІСТІК: АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТҰТЫНУ 



МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР 

 

Адамдар  өмірдегі  мақсатын,  іс-әрекет  үлгісін  өздері  таңдадық  деген  жалған  оймен 



өмір сүреді. Бір елде және бір заманда өмір сүріп жатқан сан алуан мәдениет өкілдерінің 

қажеттіліктері  және  сол  қажеттілікті  тұтыну  мәдениетінен  ерекшеліктерді  байқауға 

болады. Себебі, мәдениет – әлеуметтік әрекетті алдын-ала анықтайтын орта. Әр мәдениет 

–  микроәлем.  Тұлғаның  қалыптасуында  мәдениет  маңызды  рөл  атқарады,    адамдар 

арасындағы ынтымақтастықты сақтайды және өзара түсіністікті орнатады.  

Ақпараттық технология арқылы алыстағы достармен, туыстармен байланыс орнатуға 

болады. Яғни, Л.Витгенштейн атап өткендей, қазіргі қоғамда қарым-қатынастың вербалды 

және вербалды емес түрлері пайда болды. «Адам және адам» жүйесіндегі қарым-қатынас 

«адам және технология» жүйесіндегі қарым-қатынасқа айналды [1, 85-102 бет.] 

Осы мақаладағы мақсатымыз – ақпараттық технологияның тұтыну әрекетіне ықпалы 



және  ақпараттанған  қоғамдағы  тұтыну  мәдениетінің  өзгеріске  ұшырауы.    Мақалада 

заманауи  адам  қалай  және  қандай  ақпараттық  технологияны  тұтынады,  кірістің  әртүрлі 

деңгейіне  қарай  ақпараттық  технологияны  тұтынуда  ерекшеліктер  бар  ма,  қолдан 

келгенше  барлық  технологияны  иеленуге  не  себеп,  қоғамдағы  ақпараттық  теңсіздіктің 

салдары неде, неге кейбір әлеуметтік кеңістіктерде қымбат ақпараттық технологиялар қол 

жетімсіз болып табылады деген сұрақтарға жауап беріледі.   



 

217 


Зерттеуде  визуалды  бақылау  әдісін  қолданудың  басты  себебі  –  оның  заманауи 

ғылымда  кеңінен  пайдаланылып  келе  жатқан  жаңа  әдіс.  Қабылдауға  мүмкіндік  беретін 

визуалды  аспектілер  қазіргі  таңда  аса  қызығушылық  тудырып  отыр.  Қазақстанда  осы 

бағыттағы зерттеулер аз және бұл зерттеу әдісі сапалы мәлімет алуға зор мүміндік береді. 

Зерттеу барысында визуалды бақылау жүргізіліп, суретке түсірілді. Зерттеудің мақсаты – 

ақпараттық  технологияның  тұтыну  мәдениетінің  кеңістікке  сай  ерекше  мазмұнға  ие 

болуын көрсету.  

Адам  төменгі  деңгейдегі  қажеттіліктерге  қол  жеткізген  соң,    жоғарғы  деңгейдегі 

қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  ынталанады.  Қазақстан  тәуелсіздікке  қол  жеткізген 

сәттен  бастап,  елімізде  біршама  өзгерістер  болды.  Яғни,  «тұтынушы  қоғам»  бейнесі 

қалыптаса бастады. Зерттеу барысын айтпас бұрын «тұтыну қоғамы»  ұғымына анықтама 

беріп өтелік.  

Тұтыну  қоғамы  –  (ағылшын.  consumer  society)  жеке  тұтыну  принципі  негізінде 

ұйымдастырылған  қоғамдық  қарым-қатынастың  жиынтығын  білдіретін  саяси  метафора. 

[2, 3 бет]. 

Қоғамдағы  ақпараттық  технологияны  тұтыну  ерекшеліктерін  анықтау  мақсатында 

Астана  қаласында  екі  әлеуметтік  кеңістікте  визуалды  бақылау  жүргізілген  болатын. 

Жалпы 


әлеуметтік

 кеңістік  адамның  өмір  сүретін,  табиғи  және  әлеуметтенген  ортасы, 

табиғи  ортаны  игеру  барысында  адамдар,  әлеуметтік  топтар  өзара  қарым-қатынаста 

болады.  Біріншісі,  мәртебесі  жоғары,  беделді  әлеуметтік  кеңістік  ретінде  ««Керуен» 

ойын-сауық орталығы» алынды. Екінші, көбінесе статистикалық орташа тұтынушыларға 

негізделген,  мәртебесі  төмен  әлеуметтік  кеңістік  ретінде  белгілі  «Астаналық  базар» 

алынды.  Бір-біріне  қарама-қайшы  екі  әлеуметтік  кеңістікті  салыстыра  отырып, 

ақпараттық  құралдарды  тұтыну  мәдениетіндегі  ерекшеліктер,  екі  кеңістік  арасындағы 

ақпараттық теңсіздік деңгейі анықталды.  

Визуалды  бақылау  жүргізу  барысында  негізгі  индикаторлар  ретінде:  ұялы  телефон 

маркасы,  ақпараттық  технологияны  тұтынудағы  жиілік,  уақытты  өткізу,  байланыс  типі, 

киіну  ерекшеліктері  назарға  алынды.  Бақылау    2013  жыл,  9  қараша,  сағат  15:00-17:00 

аралығында  «Керуен»  ойын  сауық  орталығында  және  10  қараша,  сағат  16:00-18:00 

аралығында «Астаналық базарда» жүргізілді. 

«Керуен» ойын-сауық орталығында ауқатты, қымбат киінген, қымбат ұялы телефон 

немесе  планшет  ұстаған  тұтынушыларды  жиі  кездестіруге  болады.  Сонымен  қатар, 

«Астаналық  базары»  тұтынушыларына  қарағанда  «Керуен»  ойын-сауық  орталығы 

тұтынушылары сауда жасауды белгілі бір демалыс ретінде қабылдайды. Асығыссыз, баяу 

қимылдайды  және  қай  зат  ұнаса,  соны  сатып  алуға  келгендей.  Яғни,  қаражат  жағынан 

шектеу  жоқ.  Тұтынушылар  қымбат  маркалы  киім  киген  және  қала  тұрғындары  екені 

байқалып  тұр.  Ең  бір  ерекше  жағдай,  «Астаналық  базар»  тұтынушыларына  қарағанда 

өздерін  еркін,  қауіпсіз  сезінетінде.  Ұялы  телефонмен  еркін  сөйлеседі,  сөмкелерін  бос 

ұстайды, яғни, ұрлықтан қауіп жоқ.  

«Астаналық  базар»  әлеуметтік  кеңістігіндегі  жағдай  «Керуен»  ойын-сауық 

орталығынан мүлде ерекше екені айқын байқалады. Біріншіден, тұтынушылар қарапайым, 

арзан  киінген.  Екіншіден,  қымбат  телефон  тұтынушылар  саны  сирек  кездеседі. 

Үшіншіден,  тұтынушылар  сауданы  демалыс  ретінде  емес,  жұмыс  ретінде  қабылдайды. 

Төртіншіден,  жүру  және  қимылдау  жылдамдығы  тез,  асығыстық  байқалады.  Бесіншіден, 

ұялы  телефонмен  сөйлескен  соң  қалталарына  немесе  сөмкелеріне  салып,  тықпалау 

байқалады, яғни, ұрлықтан қауіптенеді. Алтыншыдан, тұтынушылардың басым көпшілігі 

–  ауылдан  қоныс  аударғандар.  Мұның  айғағы  ретінде  ауылдан  қалаға  жұмыс  іздеп 

келушілердің  басым  бөлігі  Астаналық  базар  маңынан  ең  арзан  пәтер  жалдайды  және 

сауданы сол маңнан жасайды.  

Бақылау  ауылдан  келген  тұтынушыларға  қарағанда,  қала  тұрғындары  бір-бірінен 

арта түсуге тырысатынын көрсетеді. Мұның барлығы қала тұрғындарының салыстырмалы 

түрде көп шығын жұмсауына, қымбат ақпараттық технологияны иеленуге банктен кредит 



 

218 


немесе қарызға ақша алуына алып келеді.   Осындай әрекетке барудың бірден-бір себебі –  

жоғарғы сапалы тауарды тұтыну материалдық жағдайының жоғары екенін көрсетеді және 

өз  ортасында  құрметке  ие  болады  немесе  керісінше  төменгі  сапалы  тауарды  тұтыну 

материалдық  жағдайының  төмендігін  көрсетеді.  Өзінің  дәрежесін  түсіріп  алу 

қорқынышынан  қоғам  талабына  сай  өмір  сүруге  тырысады.  Әлеуметтану  ғылымының 

тілімен  айтқанда,  бұл  –  демонстрациялық  тұтыну.  Т.Веблен  көрсеткендей, 

«Демонстрациялық тұтыну – (мәртебелі  тұтыну) жеке байлығын көрсету немесе  белгілі 

әлеуметтік мәртебені ұстап тұру  мақсатында тауарларды бейберекет тұтыну». Ағылшын 

тілінде  «keeping  up  with  the  Joneses»  («басқалардан  кем  болмау»)  сөйлемі  қолданылады 

немесе ғылыми тұрғыда  «Invidious consumption» термині  бар, яғни, қызғану сезімін ояту 

мақсатында бейберекет тұтыну [3, 12-14 бет]. 

Зерттеу  барысында  тек  ұялы  телефон  немесе  планшет  сынды  қолда  жүретін 

ақпараттық  технологиялар  емес,  сонымен  қатар,  кеңістіктің  ақпараттық  технологиямен 

жабдықталуына  да  назар  аударылды.  Екі  әлеуметтік  ортада  ақпаратқа  қол  жетімділік 

деңгейі  ерекше.  Себебі,  екі  орталықтың  сол  жағалау  мен  оң  жағалауда  орналасуында. 

«Керуен»  ойын-сауық  орталығы  ақпараттық  технологиямен  толық  қамтамасыз  етілген. 

Мысалы,  ғимаратта  видеокамералар,  теледидарлар,  банкоматтар,  терминалдар  және 

ғимарат  сызбасын  көрсететін  электронды  карта  орналасқан.  Келген  тұтынушылардың 

сұрақтарына  жауап  беріп,  ақпараттандыратын  арнайы  анықтама  орталығы  да  бар. 

Ғимараттың  төртінші  қабатында  кинотеатр  орналасқан.  Жеті  залдан  тұратын  кинотеатр 

соңғы  үлгідегі  ақпараттық  технологиямен  қамтамасыз  етілген.  Ал,  «Астаналық  базар» 

кеңістігіне  келетін  болсақ,  ғимараттың  бірінші  қабатында  банкоматтар  мен  терминалдар 

орналасқан.  Әр  қабатта  қолданыстан  шыққан,  сөнулі  бір  теледидардан  орналасқан. 

Ғимарат  сызбасын  көрсететін  электронды  карта  мүлде  жоқ.  Әр  қабаттын  жоғарғы 

жағында  ақпарат  беруші  қысқа  мәтінді  плакат  ілінген.  Технологиялық  құралдар  арқылы 

емес,  қарапайым  сызба  арқылы  ақпараттандырып,  келушілердің  бағытын  плакат  арқылы 

реттеп тұр. Екі түрлі әлеуметтік кеңістіктің ақпараттық технологиямен қамтамасыз етілу 

сипаты әртүрлі болуы тікелей сол орта мүшелерінің тұтыну мәдениетіне әсер етеді.  

Жалпы  зерттеу  барысын  қорытындылайтын  болсақ,  Астана  қаласындағы  әртүрлі 

әлеуметтік 

кеңістіктерде 

жүргізілген 

зерттеу 

жұмысы 


барысында 

алынған 


әлеуметтанулық  мәліметтер  келесі  нәтижелерге  қол  жеткізуге  мүмкіндік  берді. 

Біріншіден,  ақпараттық  технологияның  тұтыну  мәдениетіне  ықпал  етуде  ерекшелігі  бар, 

әртүрлі.  Тіптен  кей  қоғам  мүшелері  үшін  ақпараттық  технологияның  еш  маңызы  жоқ. 

Мысалға,  «Астаналық  базар»  маңындағы  өмір  сүру  деңгейі  өте  төмен  қоғам  мүшелері 

үшін  технологияның  ықпалы  жоқ.  Екіншіден,  кеңістіктің  статусы  жоғары  болған  сайын, 

сол  кеңістік  мүшелерінің  ақпараттық  технологияны  демонстрациялық  тұтынуларына 

тікелей  әсер  етеді.  Үшіншіден,  ұялы  телефон  арқылы  сөйлесу  барысында  өзін-өзі  ұстау, 

дауыс  ырғағы,  жест,  қимыл  тікелей  сол  адам  туралы  бірнеше  ақпарат  береді.    Мысалы, 

«Астаналық  базар»  тұтынушылары  ұялы  телефонмен  эмоцияға  беріліп,  қатты  сөйлейді. 

Ал, «Керуен» ойын-сауық орталығындағы тұтынушыларынан белгілі бір ұстаным, ақырын 

мәдениетті  сөйлеу  байқалады.  Сонымен,  тек  ұялы  телефон  маркасы  арқылы  ғана  емес, 

адам іс-әрекеті арқылы да бірнеше мәлімет алуға болады. 

Адамдардың  ақпараттық  технологияны  жиі  қолдануы,  жиі  қоңырау  шалып 

жатқандары  «адам  және  технология»  тұжырымын  дәлелдей  түскендей.  Қазақстан 

қоғамындағы  ақпараттық  революция  немесе  коммуникациялық  революция  (интернеттің, 

ұялы  телефон  байланысының  кең  тарауы)  жаңа  ақпараттық  кеңістіктің  пайда  болуына, 

байланыс  аясының  кеңеюіне  алып  келді  және  бұл  кеңістікке  кіру  үнемі  байланыста 

болуға, яғни, қоғамнан тысқары қалмай, заман талабына сай жаңашылдықпен өмір сүруді 

талап етеді.  

 

 



 

 

219 


Әдебиеттер 

1.Марков Б.В. История философии, культура и мировоззрение. Л. Витгенштейн: язык 

— это «форма жизни» Санкт-Петербургское философское общество, 2000. с.85-102 

2.Baudrillard, J. The Consumer Society. Myths  &  Structures. —  L., Thousand Oaks,  N.Y., 

Delhi: SAGE Publications, 1998. — ISBN 0-7619-5691-3 

3.Т. Веблен. Теория праздного класса. М.: Прогресс, 1984. стр.12-14 

 

 

 



 

Т. Н. Лысакова 

г. Петропавловск 

 

ПЕРСПЕКТИВЫ СОЗДАНИЯ ИНДУСТРИИ ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЧИСТОЙ 



ПРОДУКЦИИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН 

 

Учитывая,  что  в  последнее  время  интенсивность  химического,  радиационного  и 



других видов антропогенного влияния на окружающую среду существенно возросла, а это 

отрицательно сказывается на здоровье людей, вопрос производства экологически чистой 

продукции приобретает повышенную актуальность.  

Условия  и  порядок  включения  предприятий  и  продукции  в  реестр  экологически 

чистой продукции установлены законодательно в нормативно-правовых актах Республики 

Казахстан.  Задача   производителей  – гарантированно  обеспечить  её  экологическую 

безопасность.  Приоритетным  направлением  этой  работы  является  внедрение  и 

эффективное  функционирование  систем  менеджмента  качества  и  менеджмента 

безопасности,  соответствующих международным стандартам [3]. 

Конкурентоспособность  национальной  продукции  –  основа  рыночной  экономики 

современного  государства.  Производство  конкурентоспособных  товаров,  а  также  их 

умелое  продвижение  на  внутреннем  и  внешнем  рынках  способствует  стабильности 

национальной экономики, занятости населения и, кроме того, повышает престиж страны 

на международной арене.  

Особенное  значение  приобретает  выращивание  экологически  чистой  продукции, 

поскольку    продукты  питания  имеют  ярко  выраженные  диетические,  полезные  и 

здоровые  свойства.  При  сравнительно  низкой  энергетической  ценности  эти  продукты  в 

большом количестве содержат  витамины, минеральные вещества, ферменты, фитонциды 

и  другие  важные  для  поддержания  и  сохранения  здоровья  людей  элементы.  Продукция, 

выращенная  в  Казахстане  по   экологически  чистым  технологиям,  может  стать  важным 

стимулом  для  оздоровления  жителей  не  только  больших  городов,  но  и  сельского 

населения [1].  

Органическое  (экологическое  или  биологическое)  сельское  хозяйство  -  это  форма 

ведения  сельского  хозяйства,  при  котором  не  используются  синтетические  удобрения, 

пестициды,  регуляторы  роста,  кормовые  добавки,  генетически  модифицированные 

организмы  и  т.п.  По  оценкам  экспертов  объем  торговли  и  спрос  на  органические 

продукты  питания  увеличивается  во  всем  мире,  что  объясняется  повышением  уровня 

экологической культуры потребителей и заботой о своем здоровье.  

Главное 

конкурентное 

преимущество 

казахстанского 

сельхозпроизводства 

заключается  в  экологической  чистоте  производимой  продукции,  которую  отечественные 

фермеры  не  могут  ничем  подтвердить.  В  Казахстане  понятие  «экологически  чистый 

продукт»  законодательно  не  закреплено  и  не  регулируется.  Между  тем,  по  оценке 

экспертов,  в  настоящее  время  большинство  произведенной  продукции  на 

сельскохозяйственных  участках  страны  по  своим  свойствам  близко  к  органическим 

продуктам [1]. 


 

220 


В  ст.  32  Экологического  кодекса  Республики  Казахстан  определены  задачи  и 

объекты  экологической  маркировки.  Целью  экологической  маркировки  продукции 

является  доведение  до  потребителя  надёжной,  точной  и  достоверной  информации  об 

экологических  аспектах  продукции  и  услугах,  способствование  удовлетворению 

потребностей  в  такой  продукции  и  услугах,  которые  оказывают  меньшее  отрицательное 

воздействие  на  окружающую  среду.  Тем  самым  стимулируется  воздействие  рынка  на 

непрерывное улучшение окружающей среды [4]. 

Первичными  источниками  товарной  информации  и  одновременно  исполнителями 

услуг  по  информированию  продавцов  и  потребителей  о  продаваемых  товарах  являются 

производители.  От  того,  насколько  качественны  эти  информационные  услуги,  зависят 

скорость  продвижения  товаров  по  каналам  распределения,  интенсивность  сбыта, 

стимулирование  продаж,  создание  потребительских  предпочтений  и,  в  конечном  счете, 

жизненный  цикл  товара.  В  то  же  время  изготовитель  не  является  единственным 

источником информации. Производственную информацию может дополнять продавец.  

Для того чтобы узнать насколько осведомлены жители нашего региона по вопросам 

экологической  маркировки,  было  проведено  анкетирование  у  различных  социальных 

групп: пенсионеров, госслужащих, студентов и учащихся средних школ.  

При  анализе  результатов  анкетирования  было  выявлено  следующее:  56  человек  из 

100  респондентов  ответили  положительно  на  вопрос  «Знаете  ли  Вы  что  такое 

экологическая маркировка?».  

Среди  знаков  экологической  маркировки  наиболее  знакомыми  для  опрошенных 

оказались  знаки  Казахстанского  и  Российского  стандарта  качества.  Только  17% 

опрошенных  верно  определили  знак  вторичной  переработки,  22%  -  знак  Германской 

программы  по  переработке  отходов.  Знак  Международного  экологического  фонда  знают 

52% опрошенных. 

При  ответе  на  вопрос  «Обращаете  ли  Вы  внимание  на  маркировку  товара  при 

покупке» «да» ответили 67% опрашиваемых, среди которых преобладают госслужащие и 

учащиеся школ. 

Готовы ли Вы покупать экологически безопасные продукты по более высокой цене? 

На данный вопрос  «да» ответили 50% опрошенных пенсионеров, 90-100% госслужащих, 

студентов и учащихся. 

На  вопрос,  «Какие  факторы  имеют  для  Вас  наибольшую  значимость  при  выборе 

продукции?»  были  предложены  следующие  варианты  ответов:  информация  о  составе; 

удобство использования; цена; наличие экомаркировки; внешний вид; известность бренда; 

реклама  в  СМИ.  75%  респондентов  интересует  информация  о  составе,  70%  отдают 

предпочтение  цене  и  60%  обращают  внимание  на  внешний  вид  продукции.  На  наличии 

маркировки на продукции обращают внимание 35% опрошенных. 

При  ответе  на  вопрос  «Ассоциативные  характеристики  понятия  «экологическое 

качество  продукции»?»,  были  предложены  следующие  варианты  ответов:  вкуснее  чем 

другие  виды  продукции;  отсутствие  генетически  модифицированных  продуктов; 

отсутствие  консервантов  и  искусственных  добавок;  полезно  для  здоровья;  отсутствие 

токсичных  материалов  в  процессе  производства;  безопасность  для  здоровья;  отсутствие 

вредных веществ в процессе производства. Среди пенсионеров, госслужащих и учащихся 

школ  ассоциативные  характеристики  вызываются  с  такими  ответами,  как:  отсутствие 

консервантов,  полезно  для  здоровья  и  безопасность  для  здоровья.  Среди  студентов, 

отсутствие  генетически  модифицированных  продуктов  и  отсутствие  токсичных 

материалов. 

Таким 


образом, 

среди 


опрошенных 

социальных 

групп 

наименьшей 



осведомленностью  в  области  экологической  маркировки  владеют  пенсионеры,  затем 

учащиеся школ. По результатам проведенного опроса, видно, что люди хотят заботиться о 

своем  здоровье  и  здоровье  своих  близких,  для  этого  они  обращают  внимание  на 

маркировку при покупке, готовы покупать экологически безопасные продукты по высокой 



 

221 


цене.  Различные  знаки  маркировки  продукции  знают  слабо,  так  как  экологическая 

маркировка молодая отрасль в экологическом законодательстве.  

Основные  принципы  экологической  маркировки  заложены  в  международном 

стандарте  ISO  14020.  В  Казахстане  экомаркировка  –  добровольный  маркетинговый 

инструмент,  свидетельствующей  о  том,  что  товар  протестирован  и  документирован  на 

соответствие критериям. 

Правительства развитых стран активно поддерживают экопроизводство, так как оно 

способствует  укреплению  внутреннего  рынка,  увеличению  экспорта  и  помогает  решить 

экономические и экологические проблемы. Но мировой опыт показывает, что государство 

поддерживает  тот  или  иной  проект  только  тогда,  когда  он  начинает  приносить  деньги, 

становится частью экономики. 

Одним  из инструментов  обеспечения  достойного  места  отечественной  продукции в 

конкурентной  среде  свободного  рынка,  большего  доверия  потребителей  является 

производство и поставка населению Казахстана экологически чистой продукции [2]. 

В  реестр  «Экологически  чистая  продукция»  уже  введены  более  70  предприятий  по 

республике Казахстан, это молокоперерабатывающие, предприятия по производству мяса 

и  колбасных  изделий  и  др.  А  также  производства  плодоовощной,  цветочной  и  других 

видов продукции. 

Основной  задачей  формирования  Казахстанского  рынка  экологически  чистой 

продукции  является  обеспечение  охраны  окружающей  среды  и  экологической 

безопасности  в  соответствии  с  международными  стандартами.  Для  этого  необходимо 

создание и реализация специальных программ, ориентированных на выпуск качественной 

и безопасной продукции. 

 

Литература 



1.  Архипов  В.  Экологически  чистые  продукты  питания.  //  Казахстанская  правда,  2009.  - 

№33. 


2. Иевлев В. Товарный знак и продвижение товара на рынке. // Эксперт, 2010. - №3. - С. 9. 

3. Фомин В.Н. Качество продукции и маркетинг. // Стандарты и качество, 2010. - №2. - С. 12. 

4. Экологический кодекс Республики Казахстан от 9 января 2007 года № 212-III. 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет