Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті м. О.ӘУезов атындағЫ Әдебиет және өнер институты



бет46/50
Дата01.04.2023
өлшемі1,97 Mb.
#78283
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
treatise41326

Әлсейіт Оспан. «Шырағым менің» әңгімелер. «Бақыт» пен «Былғары күрте» әңгімелірінде қазіргі замандастарымыздың бейнелері суреттелген. Ер азаматтың қадірін білмейтін әйелдер мен отбасылық береке бірліктің әйел үшін басты екенін түсінген екі әйел кейіпкердің әңгімелері баяндалған. Қазіргі қаладағы қазақ әйелдерінің күйеулеріне бұйыра сөйлейтіндерін өздері байқамай осымен де отбасының берекесін кетіріп жатқандарына көздері жетеді. Шағын әңгімелерде жазушы қазіргі отбасындағы отағасы мен әйел ананың асығыстық өмірде бірінің-бірі қадірін білмей өтіп жатқан күндерін сөз еткен.
Ұзақов Бегабат. «Жантаза». Әңгімелер. Бұл жинақтағы «Балуан қыз» мәтіні көркемдігімен ерекше. Шағын әңгімеде автор нағашыларынан жұққан балуандыққа ие болған Бәтима мен ағасы Абылайдың балуандық тағдыры баяндалған. Ауылдағы тойдың бірінде Алдағұл балуанның қасақана ниетінен Абылай ел алдында мерт болады. Қарсыласы мойын омыртқасын үзіп жібереді. Осылай жеңіске жеткен Алдағұлды кейін Абылайдың ата-анасы кешіреді. Бірақ балуан Бәтима Алдағұлдың арам ниетін есте сақтап, қаншама жыл кәсіби түрде шынығып, қапыда кеткен ағасының кегін қайтарды. Қалай болғанда да жеңіске жетуді мақсат еткен Алдағұлды осылай жөнге салады. Балуан қызбен күресуге шыққан Алдағұл бұлай болады деп ойламаған еді. Жазушы күресті сөзбен бейнелеген кезде күресшілердің әр қозғалысына дейін мән берілген. Бұл кек алу емес, опасыздық жасаған Алдағұлды орнына қою еді: «Бәтима балуан жерде ыңырсып жатқан Алдағұл балуанның қайта тұра алмасын білді де ешкімге қайырылмай құрды қақ жарып шығып, бағанаға байлаулы тұрған күрең аттың шылбырын шешіп ап қарғып мінді. Батысқа қарай құйғыта жөнелді. Он бес шақырым жердегі Сұлтан Баба әулиенің қорымына ағасының қабіріне бармақ, шамасы».
Ыбырайымұлы Әділбек. «Зауқайыр» роман триллер. Бір отбасының тағыдыры арқылы қазірігі қоғамдағы қатігездік пен немқұрайдылық сөз етілген. Романның бейнелеу дәрежесі піспеген, жанрға қойылатын талаптарға жауап бермейді.
Қамбасов Сейіт. «Ел басына күн туса». Роман. Үшінші жақтан баяндалған оқиғалар бас кейіпкер Әбусейіт өмірінің қыспақтарын баяндаған. Романда саяси науқандардан көз ашпаған Қытай жеріндегі қазақтар көрген аласапыран қасірет бейнеленген.
Үсен Серік «Ақшаттың суы мөп-мөлдір. Әңгіме хикаялар. «Жарық дүние» әңгімесі 3-ақ беттік. Емхана ауласында ойнап жүрген бүлдіршіндерді көріп тұрған ауру қыздың қасіретін автор диалог арқылы берген. Гүлтекше шетінде бар дүниені ұмытып, емін-еркін ойнап жүрген сүйкімді қос бүлдіршінге телміре қарап тұрған науқас Сәулеге ақыл айтқан мейірбике кеін өзі де ойланып қалады. Оған себеп, Сәуленің бірауыз сөзі еді: әйел ана болғанда ғана бақытты болады деген пікір еді. Мейірбике Сәуленің сөздерінен өзі ауру, дімкәс деп кеміткен Сәуленің сөзінен кейін ғана өз баласының қадірін енді түсінгендей. Қысқа мәтіннің тілі көркем, ойы терең.

3. Ғылыми-танымдық құжаттық негізі бар эсселер мен жастар дискурсы.


«Хан Тәңірінің мұзбалағы». Естеліктер. Құрастырған Айтақын Әбдіқалов. Кітапта Мұқағали ақын туралы ең соңғы зерттеулер қамтылған. Осы ретте Ғаббас Қабышұлының мақаласында Мұқағали Жазушылар одағынан шығарылған жоқ деген ақпарат нақты құжаттармен дәлелденген. Бұл дерек Мұқағалитанудағы тың мағлұмат болып табылады.
Құлтөлеу Мұқаш. «Ақдариға». Хикаят, әңгіме, эссе. «Қас батырдың мінезі» атты эссе халық қаһарманы Қасым Қайсеновтен алған сұбхаттың автор ойымен толықтырылуы. Жазушы Құлтөлеу журналистің сұбхат кезінде ойлап отырған ішкі ойларын, халық қаһарманының тұлғасын оқырманға түсіндіруге тырысқан әрекеттері осы ретте баяндалған. Шынында да соғыста ерлік көрсету үшін қандай ер мінезге ие болу керек. «Кімде кім халқын сүйсе, Отаны үшін жан аямай соғысса, сол батыр болады. Өлсе батыр болып өледі, тірі қалса, батыр болып жүреді». Батырдың келесі ойы да бұл эссенің басты тақырыбы іспеттес: «Мың өліп, мың тірілген деп жатамыз. Сол дұрыс сөз. Оның үстіне рухымыз биік халықпыз. Көрмейсің бе, қазақтың анау екі қызының батырлығын. Әлия мен Мәншүкті айтам. Басқа халықтан неге шықпайды сол Әлия мен Мәншүктей ержүрек қыздар» (273). Автор үшін бұл эссенің ішкі тақырыбы келесіде: «Жалғыз ғана тілек бар: ата-баба қаны төгілген жер мен елдің дербестігінен айырылып қалмауымыз керек. Ол үшін жас ұрпақ мықты болуға тиісті». Құлтөлеу Мұқаштың бұл мәтінінде көбіміз айтып жүрген, нақты кім айтқаны белгісіз келесі мағлұмат берілген. Илья Эренбургтің «Истра жағасында» (Правда газеті, 1942) очеркінде былай делінген: «Один фриц мне сказал: против нас были странные солдаты – их не мог остановить никакой огонь, они бежали прямо на нас. Потом мне сказали, что это казахи. Я не знал прежде, что существует такой народ».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет