Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті м. О.ӘУезов атындағЫ Әдебиет және өнер институты



бет48/50
Дата01.04.2023
өлшемі1,97 Mb.
#78283
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
treatise41326

Сәуле Досжан. «Үлкен үйдегі үрей». Роман. Қарқаралыдағы ХХ ғасыр басындағы татар көпесі Ахметов салған қос қабатты үйдің үрейлі тарихы және оны мекендеген адамдардың түсніксіз жағдайда қайтыс болу себептері романда сөз етілген. Кейіпкерлері ай толған кезде бұл үйде жүретін елестен үрейленеді. Ресейде қазір көп оқылатын Донцова, Толстая сияқты Сәуле Досжан да өз тақырыбын тапқандай. Бұл тарихи ғимараттың бірінші иесінің жоғалып кетуі, одан кейнігі тұрғындардың да бақытсыздыққа ұшырап жату себептері нақты отбасының тарихы, заманмен ғасырлық оқиғалар шеңберінде сөз етілген. Қазан төңкерісінен кейін қазақ жеріне келген тарихи оқиғалар бір үйдің тарихы ретінде қамтылған. Ахметов деген татар саудагер салған үйді мекендеген қазақ әйелдері, совет үкіметінің белсенділері, қарапайым адамдардың бәрі қазақ ауылының тарихын бастан кешушілер: сатқындық, опасыздық, тексіздік, нәпсіқұмарлық осы ретте кейіпкерлерге сын болып табылады.
Сәуле Досжанның «Екі күйеулі келіншек» атты хикаяты қазіргі заман шындығы. Атауына қарағанда бұл еркектерге ерегіс емес, қазіргі көп балалы ананың басына түскен тағдыр тәлкегі. Анасынан ерте жетім қалған ауыл қызы Гүлжанның тарихы: жетімдік, жоқшылық, менингит, өгей шеше алдын көру, қалаға келгенде еркектерден көрген қорлығы. Біз қазіргі маңайымызда күнде көріп жүрген ауылдан келген балалардың басына түсетін қасіреттер. Үйдің үлкені Гүлжан тұрмыс қиыншылығына қарсы тұра біліп, бауырларының келешегі үшін қалаға келіп, асханаға даяшы болып жұмысқа тұрады. Білімі жоқ қыз адал еңбегімен бауырларына қамқоршы болуды көздейді, бірақ қалада басына түскен қиыншылықтарға да қарсы тұра алатын әрекеттерге тап болады. Хикаятта көрсетілгендей, дұрыс адамдар Гүлжанның өмірінде көбірек кездеседі. Гүлжанның басынан өткізген оқиғалар күнде теледидардан көретін: зорлық, алдау, арбау, қол астындағыларға құл ретінде, қызға тек еркектің көзімен қарау. Бас кейіпкердің тағдырын қазіргі замандағы қорғансыздың күні деуге де болады. Қалай болғанда да Гүлжан о бастағы жан тазалығын сақтап, өзі сүйген қалалық жігіт Ерікке тұрмысқа шығып, отбасылы болып, ана болады. Бірақ кейін де ішімдікке салынып кеткен қала баласы Ерік отбасына ие болудан қалады. Топты баланы асырау үшін Гүлжан қазіргі заманның жалғыз басты ананың басына түсетін қиыншылықтарын басынан шегеді. Хикаяттың соңында екінші рет тұрмысқа шыққан Гүлжан өзін іздеп келген тозып кеткен бірінші күйеуіне жаны ашып, бес баласының әкесі ретінде оны асырауды өзіне жүктеп алады. Жазушы бұл сюжетті кабинетте отырып ойдан шығармағаны анық. Қазіргі ер азаматтардың заман қиыншылығына төзе алмай өз бала шағаларын асырауға қауқарсыз болып жатқандығын жазушы хикаятта мәселе етіп көтере алған.
Сәуле Досжанның «Жатқа туған бала» шығармасында қазіргі прозада тұңғыш рет құрсағын жалға берген ана мен ұрпақсыз қасірет шеккен отбасы бейнеленген. Автор қазіргі заман кейпкерлерін тауып, қарапайымауыл қыздарының көріп жатқан қасіреттерін, нарық заманының әйел мен еркектерге салған сынағын нақты сюжеттер арқылы алдымызға тартқан. Сондықтан бұл шығармалардың оқырманы бар екені анық.
Жанар Әбдішева «Өмір сүргім келеді» әңгімелер. Жазушының әңгімелері қысқа, шағын, нақты қазіргі заман оқиғаларын қамтыған.
«Хобби», «Аққуана», «Қорқыныш», «Кәрі қыздың хикаясы» әңгімелерінде қазіргі заман шындықтары бейнеленген: жемқорлық, алдау, арбау, сонымен қатар қазақ салт-дәстүрі, ырымдары да бар. Басты кейіпкерлері – әйелдер. Күнделікті күйбең тіршіліктегі көрген қуаныштары, күйініштері, қасіреттері сөз етілген. «Сырты бүтін, іші түтін» қазіргі әйел бейнесі нақты суреттелген. Маған әсер еткен «Интернет» әңгімесі. Өмірде мен тура осындай сюжет естіген едім. Жазушы қазіргі қазақ атқамінерлердің екінші әйелге ие болып, бұрынғы отбасын тастап кетіп жатқан мәселесін жақсы көтере білген. Есейген балалары тоздың деп тірі жесір болып жүрген сол балалардың анасы, тоқалдыққа алған қыздың туған нәрестесінің кемтар болып туылуы сияқты оқиғалар қамтылған. Әкесінің бұл «сатқындығынан» күйзелген балалардың іс-әрекеттері де сөз етілген. Интернеттен өзімді сіз сияқты қор қылып, қартайғанда тастап кетпейді деп кемтар күйеу тауып, шетелге соған әйел болуға кеткен үлкен қызының күйін көрген әкесі ұрпағы алдындағы зор кінәсін сезінеді. Автор қазіргі қоғамдағы осы мәселерді батыл көтере білген.
Мира Шүйіншіәлиева «Өкініш» (повесть әңгімелер). Жазушының «Адасқан ару» әңгімесінің сюжеті бүгінгі өмірде жиі кездесетін оқиға. «Райханның Нүкіс деген молдаға ерте тұрмысқа шығып, бөгде дінді қабылдап, өзге жанды таңдағанына сырттай тістерін қайрап жүрген құрбылары ашуымен екеуін де сыбап-сыбап алды...» (557). «Қатын! Бөтен үйде неғып жүрсің» деп сөйлейтін бұл молданың кім екенін бірден түсінесің. «Төбеңді оямын. Қаныңды сорамын!» деп жалғасатын диалогтан қазіргі ерлі-зайыптылардың отбасылық сырын аңғарамыз.
«Өзіңнен жасы кіші жігітті отағам деп не болды сонша?! Сегіз бала тусаң да әйелім деп сыйлап жатқан ол жоқ!». Құрбыларының осы сөздерінен кезінде бәрінен де сауатты, әдепті, жақсы оқитын Райхан осындай күйге қалай түскеніне ойлауға мұршасы жоқ кейіпкер. Әке-шешесімен де араласуға тиым салған күйеуіне қарсы тұруға дәрмен жоқ. Шариғат заңын өзіне ғана икемдеп алған: «Отағасының айтқаны заң. Оның алдында әйел – күң. Әйел – құл!» деген «молданың» іс-әрекеттері оқырманды бей-жай қалдырмайды. Бұл сюжет өмірде жоқ деп айта алмаймыз.
Өріс Әшүкірқызы. «Ескі қоныстағы ел». Әңгімелер. Бұл шағын кітапта қазіргі ауылдағы әкесін сағынған, әжесінің сырғасын көзінің қарашығындай сақтап жүрген балалардың қылықтары қарапайым түрде бейнеленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет