Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті м. О.ӘУезов атындағЫ Әдебиет және өнер институты



бет43/50
Дата01.04.2023
өлшемі1,97 Mb.
#78283
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50
Байланысты:
treatise41326

Дулат Исабеков. Әңгімелер. «Шойынқұлақ» әңгімесінде бір қарағанда мін жоқ, әдемі. Жүсіпбек Аймауытовша қырағылық пен сөзді орынды пайдалана білу бар. Мен деп, І-жақтан баяндалған әңгімеде жас механизатор жігіттің жұмыс бабында ұстазы болған Шойынқұлақпен ара қатынасындағы шынайылық пен ер азаматтар арасындағы сөзге сараң, бірақ сезімдерін білдірмей түсінісу сияқты оқиғалар суреттелген. Д.Исабеков кейіпкері туралы жетім бала деп айтпайды. Диалогта біреуге жауап беру арқылы бұл туралы мағлұмат береді. Өзінен үлкен Шойынқұлақтың ұстаздығын көрген жасөспірім шығарманың соңында өзі де есейіп қалады. Сұлтан мен Алданыш (Шойынқұлақ )трактормен жер жыртып жүріп өмірді және бірін-бірі тани түседі. Бұл шығармада қарапайым ауыл тіршілігі нақты бригададағы ер азаматтар тірлігі арқылы ашыла түседі. Екеуінің Назираға хат жазуы, жауаптың үзіліп күтулері, Сұлтанның хат тасып, Шойынқұлақтың құсалануы, жұмысын тастап қоштаспай кетіп қалуы, бірақ соңында қайта оралуы – негізгі оқиғалар. Соңғы сөйлемдер: «Адамда осындай мінез бен махаббат кездесе береді екен-ау!»... «Шынын айту керек, анада «ауылға жүрсеңші» деп келіп кеткен ағамды мен мұншалықты сағынышпен құшақтамаған едім» дейді кейіпкер. Д.Исабеков осындай детальдар арқылы ер азаматтардың есейгенін, өмірді танудағы таза қарым-қатынастардың бар екенін шағын әңгімеде жаңғыртып берді.
Әлібек Асқаров «Алтайда алтын күз еді». Поэма деп атау қойылған кітапты бастаған бетте соңына дейін бір деммен оқып шықтым. Нағыз қазір оқылатын постмодернистік проза екен. Шынында да поэма деген атауға сай мәтін, жеңіл оқылады. Бас кейіпкер суретшілер әулетінен, Алматы көркемсурет училищесін бітірген. Өзі туралы: «Өнертанушы бір замандасым менің бітіміме «жазушылар ішіндегі суретші, суретшілер арасындағы жазушы» дейді. Алматыға кезекті іссапармен бір келгенде жалбыр шаш әлгіндей бір таныс суретшімен күн ұзақ сырласқаным бар. Жалпы әдебиетке қатысты менің басымда да бір жағдай өтіп еді», - деді күмілжіп. «Олай болса, айт» деп, мен де тілінен тартып, жетелей түстім. Айтар әңгімесін арқан жұтқандай ыңыранып ауыр бастап еді, артынша ағыл-тегіл ақтарылды-ай дерсің».
«Астанаға келісімен бұл әңгімені ақ қағазға түсірдім» деп оқырманға ұсынған: « Сондағы Жәнімқан атты суретші жерлесімнің айтқан әңгімесі мынау еді» деп бастайды баяндаушы (4).
Шығарманың хронотопы нақты көрсетілген – 1998 жыл: «Шығармашылық дәуреннің жалыны түгілі шоғы да сөне бастады»деген кез. «Шақша басым шарадай болып, бір нәрсені шарқ ұрып іздегендеймін, бірақ нені іздеп, нені аңсайтынымды өзім де білмей дал ұрам» (5) дейді бас кейіпкер.
Алматыда отбасылық және шығармашылық дағдарысқа ұшыраған суретшіні туған жеріне кездейсоқ кезіккен әкім ауылдасы шақырады. Жүсіпбек Аймауытұлының суреттеген қасиетті Алтай тауының етегінде суретші замандасымыздың басынан өткен бүгінгі оқиғаларына куә боламыз. Аршат ауылындағы қаладан келген суретшінің таза табиғат аясында демалып, ауылдағы адамдармен араласып, күйзелістен шығуы сөз етілген. Алтайдың айлы түні кейіпкерге Куинджидің суретін еске салуы да орынды, себебі басты кейіпкер көркемсурет училищесін тәмамдаған маман иесі.
Тауға шығу, табиғатты тамашалау, маңайындағы жан-жануардың дыбыстарын ажырата білу, аңшылықтың қыр-сырымен таныс болу сияқты оқиғалар әдемі келтірілген. Суретші кейіпкердің маңайына этюд ретінде қарауы да сөзбен сурет салғандай берілген. Алтай күзінің сұлулығы ғана емес, тек өсімдік аттары ғана емес, мал мен аң-құстар туралы да неше түрлі танымдық мағлұматтар келтірілген. Аңшылық туралы түсінік те осы ретте ашыла түскен. Алтайдағы аңдардың әдеттері мен тіршілігі туралы да деректер бар. Осы ретте күзгі Алтай туралы былай делінген: «Ауада танау жарғандай бір хош иіс сезіледі. Шайыр иісі ме екен? Жоқ, шайыр болмаса керек-ті, ол жоғарыдағы тау белдеуінде ғана. Әлде балдың иісі ме? Оған да келмейді. Құдай біледі, мынау хош иіс Алтай күзінің иісі...» (33).
Баяндаушы Алтай күзінің суретін ғана тамашаламай өзі де шым-шытырық оқиғалардың куәгері болады. Жазушы суретшінің басынан кешкен оқиғаларды адам тағдырының оң мен солды таңдауынан тұратынын сөз еткен. Бұғылар сайысының жекпе-жегі оқырманның көз алдында болып жатқандай суреттелген. «Өнер жолын мұрат етем деп жүріп әйел затын, махаббат деген ұғымды саналы түрде тәрк еткенім шындық-ты... Сағымдай арбап, сабындай құбылған мынау алақұйын заманның бұралаң соқпағы көп екен...» (175) дейді кейіпкер.
«Дариға, дәурен-ай, бұл тірліктің тұрлауын енді қайдан іздеймін, қайда барам, қайдан табам?» (180). Суретшінің осы сапардан кейін туған суреттерін көрмеден көрген баяндаушы ол суреттерге келесі сараптама береді: «Бұл алып сурет шын мәнінде табиғат Анаға арналған гимн еді». Шығарманың тілі жеңіл, кейіпкердің сөздері, оның қасында жүрген нарратордыңкінен ерекшеленіп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет