Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


 Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы



Pdf көрінісі
бет9/49
Дата16.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#4223
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      61
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
ойшылдар  сөздің  аткаратын  рөлін  өзектендіру  және  маңыздандыру 
қажеттігін  ұсынады.  «Сөз  ерекше  әлеуметтік  феномен  ретінде  адамдар-
ды  өзара  жақындатуы  да,  алыстатуы  да  мүмкін»  деген  ойды  әлеуметтік 
субъектілердің жеке жауапкершілігін маңыздандыруы құбылысымен ас-
тастыруы руханияттың қалыптасуы мен дамуы тұрғысынан алғанда құнды 
болып  табылады.  Сөздің  құдыреті  руханиятқа  арқау  болуы  моральдік 
ұстанымдарға  басымдық  берудің  көрінісі  болып  табылады.  Міне,  сон-
дықтан  дәстүрлі  қоғамда  құқықтық  реттеу  екінші  қатардағы  әлеуметік 
күшке айналғаны байқалады.
Ойшылдардың  дүниетанымының  өзегін  құрайтын  аксиологиялық 
ілім түркілік дәстүрлі мәдениетте, тіптен, қазіргі кезеңдегі қазақи дүние-
ге көзқараста рухани сабақтастығын тапты. Әсіресе, жақсылық пен жаман-
дық, шынайылық пен екіжүзділік арасындағы күрес адамның зердесінде, 
дүниеге  қатынасында  орын  алатыны  туралы  ойларды  қазақ  даласының 
көптеген  ойшылдарының  шығармашылығынан  көрініс  бергені  белгілі. 
Міне,  барлық  ғұламаларға  ортақ  өзек  болған  осы  рухани  концепт  және 
оның жалпы түркілік әлемге көбінесе сәйкес келуі парасаттылық негіздің 
іргетасы біртұтас дүние екендігін білдіреді.
Түркілік  дәуірдің  руханилық  сипатындағы  дүниетанымын  тарихи-
философиялық талдаудан өткізу тек қана теориялық тұрғыда қазақстан-
дық философиялық дәстүрге үлесін өзінің қосып қана қоймайды, ол соны-
мен қатар руханият қоймасында қордаланған дана сөздердің әлеуметтік 
саланы, қазіргі ұрпақты жетілдіруге, тұлғаның рухани даму жолына түсуге 
жөн сілтейтін қасиеттері бар екенін байқатады. Сондықтан даналыққа толы 
философиялық  ойды  тарихи-философиялық  зерделеудің  гуманитарлық 
кеңістік пен әлеуметтік практика үшін маңыздылығы зор.
Еуропалық  білім  мен  ғылым  көбінесе  тарихта  рационалдық  жол-
мен дамыды. Ол өмір сүрудің, тіршілік етудің құралы, механизмі, әлеу-
меттенудің көмекшісі, немесе ерекше құралы ретінде адамаралық бәсеке-
лестікті  алға  шығарды.  Ғылым  мен  техниканың  өзі  осы  негізгі  мүддені 
қанағаттандыруға  қарай  бейімделді.  Міне,  сондықтан  қазіргі  заманның 
ерекшелігін  танытатын  жаһандану  процестерінің  біржақты  сипатына 
келіп  отырмыз.  Ал  адамзат  үшін  рухани  дамудың  даңғыл  жолына  бет 
бұрудың заманы келді. Тұтынушы психология мен дарашылдықты, өзгені 
бөтенсуді  алға  ұстаған  қауымдастық  рухани  даму  жолында  бола  алмай-
ды, ол бірте-бірте жатсынудың ащы өнімінен дәм тата бастайды. Барын-
ша дамыды, көркейді деген өркениетті елдердің өзі дараланған жеке тұл-
ғалардың  жиынтығына  айнала  түсуде.  Адамдар  бір-бірінен  бөлектеніп 
өмір  сүре  бастаса,  онда  әлеуметтік,  касталық  жіктелу  басталады,  яғни 
руханият келбетіндегі адами қатынастардың сұрықсыздануына, біршама 
қашықтануына жол беріледі.
Ал енді қазіргі заманға дейінгі қазақтың әлемді қабылдауы батыстық 
үлгілерден  айрықша  принциптерге  негізделген.  Бұл  да  өзінше  филосо-
фиялық  зерделеудің  түрі.  Ол  даналықты  жоғары  қоюшы  жүйе  десе  де 

62                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
болғандай.  Ал  қазақ  халқының  даналық  тағылымдары  аталған  тарихи 
үлгіні,  мәдени  парадигманы  сабақтастықпен  жалғастырып  келе  жатқан 
бірегей мәдениет болып табылады. Қазіргі кезеңдегі елімізде жүзеге асы-
рылып  жатқан  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  көрсетілген 
осы  ерекшелікті,  ұлттық  даралылығымызды  барынша  екшей  түсетініне 
сенімдіміз. Бағдарлама ауқымындағы көптеген томдардың жалпы мазмұны 
мен  құрылымы  осы  жетекші  идеяға  қызмет  етеді  және  оқырманды  та-
рихи  оқиғалардың  желісімен  бойлата  отырып  философиялық  сұхбатқа 
шақырады. Яғни қазіргі жаһандану заманындағы философиялық пайым-
даудың ұлттық сипатын айшықтауға біршама қызмет етуге тырысады деп 
бағалауға  болады.  Философиялық  зерделеудің  ұлттық  сипаты  түркілік 
ойшылдардың рухани мұрасын шынайы ғылыми игеруден басталады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазіргі заманғы руханилық мәселесі. Алматы: Сага, 2007. – 560 б.
2. Религии в Казахстане: Хрестоматия. Часть I. 2-е изд., испр. и доп. – Алматы, 
2011. – 380 с.
3. Гегель Г.В.Ф. Философия духа // Энциклопедия философских наук. Т. 3.– М.: 
Мысль, 1977. – 345 с.
4. Омаргазин Р. Дух как онтологическая основа духовности // Адам әлемі – Мир 
человека. 2006. № 3. – 69-76 с.
5. Капышев А.Б., Колчигин С.Ю. Онтология духа. – Алматы: Сага, 2005. – 204 с.
6. Хамидов А.А. Человек и его абсолюты: к архитектонике духовности// Қазіргі 
заманғы руханилық мәселесі. Алматы: Сага, 2007. – 128-137 бб.
7. Әбішев Қ. Философия (жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған). 
Алматы: Ақыл кітабы, 1998. – 259 б. 
8. Ерғалиев І. Адамның жаңа тарихи кезеңдегі рухани қалыптасуы // Известия 
Министерства науки – Академии наук Республики Казахстан. Серия общественных 
наук. 1998. № 4. – 57 б. 
9. Ергалиев И.Е. Формирование духовности человека и философия // Казах-
станская философия в канун ХХІ века. Алматы: Ақыл кітабы, 1998. – 207 с. 
10. Косиченко А.Г. Духовный путь: от существования к осмысленному бытию 
// Проблемы духовного развития. Алматы: Ақыл кітабы, 1998. – 195 с.  
11. Қапышев А., Колчигин С. Философия Грядущего (Истинный Путь Челове-
ка). – Алматы: ТОО (Комплекс), 1999. – 184 с.; Последний Завет. Санкт-Петербург, 
1997-2000 г. І-ІV т. 
12. Соловьева Г.Г. Вл. Соловьев: вера и любовь // Проблемы духовного разви-
тия. Алматы: Ақыл кітабы, 1998. – 193 с. 
13. Барулин В.С. Социальная философия. Учебник. – Изд. 2-е. – М.: ФАИР-
ПРЕСС, 1999. – 560 с. 
14. Крымский С.Б. Контуры духовности: Новые контексты индивидуальности 
// Вопросы философии. 1992. № 12. – 213 с.
15. Кудайбергенов Б.К. Социально-философские поиски духовности: традиции 
и современность. – М.: Изд-во МГАП – «Мир книги», 1995. – 218 с. 

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      63
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
16. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999. – 263 с.
17. Аманжолов А.С. История и теория древнетюркского письма. Алматы, 2003. 
– 368 с.
18. Оразбайұлы М. Көне мәдениет көзі: Сан ғасырлық тарихы бар жазуымыз 
туралы ғылыми деректер не дейді? // Ана тілі. 1991. 17 қыркүйек. 
19. Орынбеков М.С. Қазақ философиясына кіріспе//Қазақстан Республикасы 
Ұлттық ғылым академиясының хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. 1993. 
№ 3. – 16-24 б.
20. Қорқыт Ата кітабы. Түрік тілінен ауд. Б.Ысқақов. – Алматы: Жазушы, 1994. 
– 160 б.
21. Габитов Т.Х. Соображения о тюркской философии // Тюркская филосо-
фия: десять вопросов и ответов. – Алматы, 2006. – 131-140 с.
22. Аюпов Н.Г., Нысанбаев А.Н. О тюркской фальсафе // Тюркская философия: 
десять вопросов и ответов. – Алматы, 2006. – 5-130 с.
23. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т. 4, Алма-Ата: Главная 
редакция Казахской советской энциклопедии, 1985. – 463 с.
24.  Кастанье  И.А.  Древности  киргизской  степи  и  Оренбургского  края  // 
«Қорқыт Ата» энциклопедиялық жинақ. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. 
– 89-91 с.
25.  Акатай  С.Н.  Великий  Коркыт  и  его  учение  //  «Қорқыт  Ата»  энцикло-
педиялық жинақ. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – 688 с.
26. Ауэзов М.О., Соболев Л.С. Эпос и фольклор казахского народа // Мысли раз-
ных лет. По литературным тропам. Алма-Ата: Казгослитиздат, 1961. – 544 с.
27. Акатай С., Толысбай К. Великий Коркыт и его роль в тюркском возрожде-
нии // Аль-Фараби, 2006, № 1. – 50-56 с.
28. Марғұлан А.Х. Қорқыт Ата және оның эфсаналары // Жұлдыз, 1983, № 3. 
– 155-169 с.
29. Орынбеков М.С. Духовные основы консолидации казахов. – Алматы: ИД 
«Аркаим», 2001. – 252 с.
30.  Книга  моего  деда  Коркута.  Пер.  Бартольда  В.В.  //  «Қорқыт  Ата»  энци-
клопедиялық жинақ. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – 355-456 с.
31. Бес ғасыр жырлайды. Екі томдық. Алматы: Жазушы, 1989. Т.1. – 385 б.
32. Құдайбердиев Шәкәрім. Шығармалары (Өлеңдер, дастандар, қара сөздер). 
Алматы: Жазушы, 1988. – 560 б.
33. Жұмабаев М. Шығармалары: Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер. – Алматы: 
Жазушы, 1989. – 448 б.
34. Жирмунский В.М. Огузский героический эпос и «Книга Коркута» // «Қорқыт 
Ата» энциклопедиялық жинақ. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – 476–572 с.
35. Молдабеков Ж.Ж. Қазақтану: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 
2003. – 459 б.
36. Мұқтарұлы С. Қорқыт Ата (Қорқыттануға баспалдақ). – Түркістан: Мұра, 
1997. – 68 б.
37. Аташ Б. Қорқыт Ата философиясындағы адам және әлем проблемалары 
// Iзденiс/ Поиск. 1999 №2. – 77 б. 
38. Философия тарихы: Оқулық /Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетали – Ал-
маты: Жетi жарғы. 1999. – 204 б.

64                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
39. Орта ғасырдағы түркі ойшылдары. Жиырма томдық. 5-том. Астана: Ау-
дарма, 2005. – 43-115 бб.
40.  Нұрмұратов  С.Е.  «Оғызнама»  мәтініндегі  мәдени-тарихи  маңызды 
тұжырымдар// Орта ғасырдағы түркі ойшылдары. Жиырма томдық. 5-том. Аста-
на: Аударма, 2005. – 124-129 бб.
41. Әл-Фараби философиялық көзқарастары // Әл-Фараби Философия-лық трак-
таттар. Алматы: Ғылым, 1973. – 446 б.
42.  Әл-Фарабидің  әлеуметтік-этикалық  көзқарастары  туралы  //  Әл-Фараби 
Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы: Ғылым, 1975. – 420 б.
43.  Қабылова  А.С.  Әл-Фараби  философиясындағы  мәдениеттер  синтезінің 
орны. Алматы. 1999. – 24 б. Автореферат (10-21).
44.  Әл-Фараби.  Қайырымды  қала  тұрғындарының  көзқарастары// 
Философиялық трактаттар. Алматы: Ғылым, 1973. – 446 б.
45. Сатыбекова С.Х. Гуманизм аль-Фараби. Алматы: Наука, 1975. – 138 б. 
46. Кенисарин А.М. Аль-Фараби: Философия и проблемы просвещения // Из-
вестия МН-АН РК. 1998. N4. Серия общественных наук. (10).
47. Нысанбаев Ә.Н. Қазақстан. Демократия. Рухани жаңару. – Казахстан. Демо-
кратия. Духовное обновление. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1999. – 416 б. 
48. Баласағұн Ж. Құтты білік. Алматы, 1986. – 196 б.
49. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі («Диуани лұғат ат-түрк»). Алматы, 1993. – 
452 б.
50. Әлжанов Қ. М.Қашқари: дүиетаным айшықтары // Қазақ даласының ой-
шылдары (ІХ-ХІІ ғғ). Алматы: Ғылым, 1995. – 160 б.
51. Иүгінеки Ахмед. Ақиқат сыйы. Алматы: Ғылым, 1985. – 96 б.
52. Ерғали І. Ахмед Иүгінеки философиясы – адам әлемі туралы ой-толғаныс 
// Адам әлемі. 2000. № 2. (5).
53. Батищев Б. Белсенділік? // Шаһар. 1993. № 1. – 53-74 б.
54. Раев Д.С. Қазақтың шешендік өнері: философиялық пайымдау. Алматы: 
Ценные бумаги, 2001, – 228; Қазақ шешендігі философиясы. Оқу құралы. Алматы, 
Қарасай, 2011. – 264 б.
55. Ақатай С.Н. Інжу-маржан секілді. Алматы: Ана тілі, 1995. – 145 б. 
56. Идрис Шах. Суфизм. М.: Наука, 1994. – 340 с.
57. Бертельс Е.Э. Суфизм и суфийская литература. М.: Наука, 1965. – 320 с.
58. Бартольд В.В. Соч., Т.ІІ. Часть І. М., 1963. – 341 с.
59. Ясауи Қожа Ахмет. Диуани хикмет. Алматы: Мұраттас, 1993. – 325 б. 
60. Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың белгісі. Алматы: Қазақстан. 1991, – 
125 б.
61.  Рабғузи  қисса-сүл-әнбийя-й.  Адам-Атадан  Мұхаммед  ғалайһи-уәссәләмға 
дейін. Қазақ тіліне аударған Роза Мұқанова. Алматы: Санат, 2001. – 248 б.
62. Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. Алматы: Ана тілі, 2002, – 136 б.
63. Екімыңжылдық дала жыры / Бас редакторы Ә.Нысанбаев. Алматы: Қазақ 
энциклопедиясы, 2001. – 5 б.
64. Есім Ғ. Хакім Абай. – Алматы: Атамұра, Қазақстан, 1994. – 220 б.

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      65
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
1.2. Сопылықтағы руханилықтың рәміздік көріністері 
және дәстүр сабақтастығы
Қазақ ойшылдарының даналықтарындағы адамның өзін-өзі тануы мен 
рухани-интелектуалдық кемелдікке ұмтылу аңсарлары түркі мұсылмандық 
дәстүрдің  асыл  мұраттарымен  бой  түзеп,  өзіндік  құндылықтар  жүйесін 
түзген.  Бүгінгі  күні  сол  құндылықтарға  жүгініп,  өзінің  рухани  мұрасы 
арқылы  ұрпақтар  арасын  жалғастырған  тарихи  тұлғалардың  сара  жо-
лын  бағамдап,  төл  мәдениетіміздің  келбетін  қайта  танып,  саралауға  де-
ген  ұмтылыс  бар.  Сондықтан  да,  сопылықтағы  руханилық  көріністерінің 
философиялық-этикалық,  танымдық,  моральдық,  эстетикалық,  теология-
лық,  философиялық  тұрғыдан  сарапталуы  маңызды.  Елбасы  Н.Ә.  Назар-
баев: «...Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ 
уақыт құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз 
жөн. Оған бара жол халық даналығының негізінде жатыр» [1, 5 б.] деп, мемле-
кеттіліктің берік негізі ретінде халықтың рухани мұраларын анықтап, халық 
даналығын жаңғыртып, оны бүгінгі ұрпақтың да болашақтың да игілігіне 
жаратудың  маңызын  көрсеткен.  Бұрында  діни  ілімнің  рухани  танымдық, 
діни имандылық, адамгершілік, тәрбиелік, ғибраттық насихаттық мақсатта 
насихатталуына сай, дін адамның өзінің жан дүниесін танып, рухани мұқ-
таждығын өтеуге қызмет еткен болса, кейінгі ғасырларда дін насихаты сол 
үрдісінен айырылып, идеологиялық құралға айналғаны рас. 
Бүгінде дін адамның имандылығына негіз болар ілім жүйесі ретінде 
емес, содырлық пен төзімсіздіктің бастауы ретінде танытылып, шабуылға 
ұшырауда. Бұл тек кеңестік кезең мен кеңістікке ғана емес тән емес, жал-
пы әлемдік құбылысқа айналып отыр. Адам мен құндылық арасындағы 
қатынастың  бұзылуы,  тарих  пен  дәстүрдің  үзілуі,  діннің  тұтастырушы 
қызметі бұрмаланып, керісінше әралуан идеологиялық мақсатты көздеуші-
лердің мүддесіне пайдаланылуы бүгінгі күннің шындығы. Ал, уақыт пен 
кеңістіктің алшақтығын жеңіп, өзінің үзілмес рухани сабақтастығын паш 
етіп  отырған,  өз  бастауын  Ясауи  ілімінен  алатын  қазақ  топырағындағы  
сопылық дәстүрдің елдестіруші, тұтастырушы қызметін халқымыздың ру-
хани мәдениетінің қай кезеңінен болсын анық көреміз. «Қазір өтпелі ке-
зеңде қазақ үшін жаңа сынақ күні туды. Өрелі, өркениетті ел болу үшін 
ынтымақ,  бірлік,  адамгершілік  қадіріміз  бен  қасиетімізді,  ата-бабалары-
мыздан мұра етіп жаңғыртып, бүгінгі күннің керегіне жарататын кез кел-
ген  сияқты»  [2,  125  б.].  Әрбір  бодан  елдің  тағдыр-талайына  ұқсас  біздің 
халқымыз  да  өзінің  рухани  бастауларынан  бағдарлы  саясат  нәтижесінде 
алыстатылды, көп жылғы бодандық құрсауында мемлекеттік тәуелсіздігі-
нен  бір  айрылса,  рухани  егемендігінен  де  айрылуға  жақындады.  Рухани 
бастауларынан,  тілінен,  салт-дәстүрінен  мүлдем  ажырап  қалмай  тұрып, 
қол  жеткен  тәуелсіздіктің  шарапатымен  сан  ғасырлық  құндылықтарын 
бағамдап, өткен мен болашақтың жанды байланысын бекемдеу – халқы-
мыздың алға зор үмітпен, нық сеніммен қадам басуының кепілі. 

66                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Халық  даналығы  «Өзін-өзі  билеген  ел  бақытты,  өзін-өзі  таныған  ер 
бақытты»  дегенде  ел  мен  ердің  бақыты  егіздей  айтылып,  ел  бақытының 
шартын егемендікпен, ал ер бақытын өзін-өзі тану арқылы рухани кемел-
дікке жетуімен байланыстыруы айрықша назар аударарлық, бүгінгі біздің 
күйімізді  айшықтап,  бет-бағдарымызды  айқындайтындай.  «Алланың 
елшісі айтты: «Кімде-кім – өзін өзі таныса, сол – өз Раббысын (жаратып 
тәрбиелеуші Иесін, Хақты) да таниды» деген пайғамбар хадисы бар екені 
белгілі. «Өзін білгені – Хақты білгені, Құдайдан қорқып, ынсапқа келгені» 
[3,  435  б.]  деген  хикмет  жолдарының  осы  хадиспен  үндестігі  Қожа  Ах-
мет  Ясауидің  пайғамбардың  жолын  жалғастырғанын  және  оның  руха-
ни  ұстаздығының  танымдық  қырын  анықтайды.  Осы  хадистің  Әзірет 
Сұлтан кесенесінің  солтүстік қақпасына  әсем безендіріліп бедерленуі [4, 
77  б.]  және  халық  жадында  жаңғырып,  ғасырлар  бойы  көнермей  жетуі 
де  бұл  танымның  халықтың  санасындағы  терең  таңбаланғандығының 
айғағы.  Сопылықта  «өзін-өзі  тануды»  –  екі  дүние  бақытын  иеленіп,  ру-
хани  кемелдікке  жетудің,  ақиқатқа  ұласып,  мағрипат  (ғылым)  дариясы-
на  шомудың  басты  қағидасы  деп  біледі.  Адам  рухани  ізденісінің  басты 
бағдары болған, жалпы адамзат баласына ортақ осынау хақиқат ұстаным, 
өз сабақтастығын үзбей жалғастық тапқанын қазақ рухани мұраларының 
қай  кезеңінен  болсын  көреміз.  Қазақ  философиялық  ой  кешу  үрдісі, 
ондағы  этикалық  ұстындар  ұлттық  мәдени  және  әдеби  мұраларда  ай-
шықты бейнеленіп, астарлы рәміздермен таңбаланған, сондықтан да қазақ 
философиясы  тарихын  зерттегенде  әдеби  һәм  мәдени  мұраларға  жүгі-
нуіміз  заңды.  Қазақ  философиясы  тарихында  сопылықтағы  этикалық-
философиялық көзқарастардың  маңызы мен мәнін ашудың практикалық 
пайдасы зор. Өйткені, оның негізгі идеялары моральдық құндылықтарға 
табан тіреуімен қатар, өз өміршеңдігін жоғалтпастан, елдіктің сынға түсер 
әрбір шешуші сәтінде бой көрсетіп, өзектілігі артып отырады. 
Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  «Тарих  толқынында»  атты 
еңбегінде: «Біздің бәріміздің де мақтаныш етуімізге тұрарлық мол мұра-
мыз бар. Өйткені ата-бабаларымыз адамзат тарихында өшпес із қалды-
рып кеткен, Еуразия құрлығындағы халықтардың тағдырына орасан зор 
күшті  әсер  еткен»  [5,  94  б.]  деп  жазады.  Сопылықтағы  руханилықтың 
ұғымдық,  танымдық  әлеміне  ену  және  сопылықтағы  образдардың 
философиялық  қырларына  үңілуде  герменевтика,  яғни  эмпатиялық 
түсіндіру  формасы  қолданылды.  Герменевтиканың  әдіснамалық  негізі 
сопылықтағы  тауил  әдісіне  орайластығымен  ерекшеленеді.  Талдау 
(анализ),  салыстыру  (компаративистік)  әдістері  арқылы  –  сопылық 
ілімінің  қолданылу  формасы  ретіндегі  символдар  әлемін,  тауилдік 
танымдық әдіспен пайымдау арқылы – этикалық ұстындарды саралауға 
мүмкіндік  туады.  Қазақ  философиясының  қайнары  ретіндегі  түркі-
ислам философиясы тарихындағы онтологиялық, гносеологиялық және 
психологиялық  тұтастықтағы  танымдық  негіздердің  сабақтастығын 
тарихи-салыстырмалық тұрғыда зерттеудің де маңызы зор. 

                   1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы                      67
руханият құбылысының қайнар көздері                                   
Сопылық  ілімнің  қалыптасуындағы  негізгі  қайнар,  бастаулар  Құран 
кәрім мен пайғамбар хадистері болып табылады. Сопылық жолдың көрнек-
ті  өкілі  Қожа  Ахмет  Ясауидің  ілімі  мен  рухани  ықпалымен  қалыптасқан 
мәдениет жалпы түркі дүниесінде оның ішінде қазақ философиясы тари-
хында маңызды рөл атқарып, философиялық ұғымдар мен мәнділіктердің 
және этикалық қағидалар мен ұстанымдардың қалыптасуында зор маңызға 
ие болды, күні бүгінге дейін өзектілігін жойған жоқ. Қожа Ахмет Ясауидің 
хәл  ілімі,  хикмет  дәстүрі  –  адамның  ар-ождан  үні,  жеке  тұлғанының  өз 
ішіне үңіліп, өз бойының мінін түзететін ар ілімін қалыптастыруымен, осы 
ұстаным арқылы қоғамның сауығуын қамтамасыз ете білуімен ерекшеленді. 
Ал, жалпы діни ілімнің рухани мәні – адам жанының мұқтаждығын іздеуіне, 
яғни  рухани  кемелдікке  ұмтылуына  жолбасшылық  жасау.  Кемелденудің 
алғышарты – тазалыққа жету болса, ол үшін – кемшілікті өзгеден емес, өз 
бойыңнан табу, өзгеге сүйіспеншілікпен, кешіріммен қарау, қоғамды яки, 
адамды  түзетемін  деумен  өз  мініңді  ұмыт  қалдырмай,  өзіңе  сын  көзбен 
қарап, жан дертіңе дәру іздеу. Қоғам мүшелерінің бойында бар кемшіліктің 
түп-тамыры  өз  бойымда  бар,  содан  арылсам  ғана,  ол  дерттің  емін  таба-
мын  деудің  маңызы  зор.  Осындай  адамды  жауапкершілікке  жүгіндіретін 
берік  ұстаным  ғана  діннің  идеологиялық  құралға  айналуына,  мүдделі 
топтардың көпті тобырлық күш ретінде пайдалануына тосқауыл болады. 
Себебі, өз бойындағы мінді көрмей, өзгенің қателік кемшілігін көруге, оны 
діни  өлшемдермен  безбендеуге  бейім  адам  түбінде  дінді  белгілі  бір  мүд-
делерге  пайдаланатын  жат  пиғылды  топтардың  жетегіне  кетуі  ықтимал. 
Қоғамда  бар  дерттен  өзі  де  ада  емес  екенін  түсініп,  оны  өз  бойынан  тау-
ып, одан арылуға ұмтылған адам, нәтижесінде қоғамның да сауығуына да 
игі ықпал етері анық. Діннің идеологиялық құралға айналуы – қоғамдағы 
жіктелуге,  ымырасыздыққа  соқтырса,  керісінше  діннің  рухани  мәніне 
ұмтылу – тыныштық пен бірлікке әкеледі. Рухани, мәдени мұраларды та-
рихи-салыстырмалы тұрғыдан зерттеу арқылы, қазақ қоғамының тарихи-
өркениеттік дамуындағы рухани дәстүрдің сабақтастығын және қоғамдағы 
тұтастырушылық орнын анық бағамдауға болады.
Исламда кәлам, сопылық және философия өзара тығыз байланысты. 
Әрбір сала өзара бір-бірін толықтырып тұратын танымдық, әдіснамалық 
мән-мағынасы  мен  ұстанымдары  арқылы  ерекшеленеді.  Міне,  осы  ерек-
шеліктерді қасақана ескермеу немесе білместік қате тұжырымдарға себеп 
болды. Осының негізінде тарихта сопылықты исламнан тыс ағым ретінде 
көрсеткісі келгендер де болды. Ал, ислам танымы мен философиясы тари-
хында сопылықтың алар орны ерекше.
Бастауында  Қ.А.  Ясауи  тұрған  түркілік  сопылық  мектеп,  Құран  мен 
хадисті  негізгі  танымдық  өлшем  ретінде  ұстанып,  Алланы  оның  аятта-
ры  мен  сипаттары  арқылы  зерделейді,  ислам  дінінің  ішкі  мәніне  жетуді 
мақсат  етеді.  Сондықтан,  сопылық  исламнан  тыс  ағым  емес.  Адамның 
рухани-интелектуалдық  дамуын  мұрат  еткен  сопылық  оның  танымдық 
мүмкіндіктерін  исламның  аксиологиялық-құндылықтық  жүйесі  аясында 

68                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
жүзеге асыруымен сипаталады. Сопылық ілімнің орталық өзегін құрайтын 
тақырыбы адам десек, сол адам мәселесі Құранда кеңінен қамтылған. Адам-
ның өскелең рухқа, иман қазынасына ие болуы, оған сол рухын өсіріп, има-
нын сақтап байыту үшін ақыл, ой сана берілуі оның жауапкершілігін айқын-
дайды. Құран әрдайым адамды терең ойлауға, танымдық ізденіске үндейді. 
Таныммен  –  өркен  жаятын,  сеніммен  –  тамыры  тереңдейтін  өскелең  рух-
ты  иеленгендіктен  адам  өзінің  рухын  өсіруге  жауапты.  Рухани  кемелдену 
арқылы  ғана  бақиға  ұласатын,  мәңгілік  бақытты  иеленетін  болғандықтан 
ол  рухын  өсіруге  мүдделі  саналы  болмыс.  Сондықтан  оның  білуге  деген 
құштарлығы табиғатында бар. Адамның осы ізденісін бағыттайтын Құран 
– Алла, әлем және адам туралы аянның бастауы. 
Адамзаттың ғақлиятық тарихында Алла, әлем және адамды таным ны-
саны  деп  белгілеп,  олар  жайлы  Құраннан  бұрын  және  Құраннан  кейін  де 
ой толғаған адамның интеллектуалдық тәжірибесін философия тарихынан 
көреміз. Құран – адамның жаратылыс сыры, оның болмысы, өмірінің мәні 
мен  мағынасы,  әлемдегі  орны,  тіршіліктегі  мақсаты  не?  –  деген  көптеген 
сұрақтарға жауап бере отырып, адам болмысын тұтастай жинақтап қарас-
тырған. Бұл жауаптардың барлығы да адамның көкейіне қонатын, бейнелі 
көркем  тілмен  берілген.  Құранның  үндеуі  адам  жүрегіне,  санасына,  рухы 
мен  ақылына  бағытталып,  оны  Ақиқат  рухани  әлеммен  байланыстыруды 
көздейді.  Сондықтан,  адам  әлеміне  барар  жол  жүрек,  көңіл  арқылы  өтеді. 
Міне, Ясауи бабамыздың философиясының басты мәселесінің көңіл болуы 
да  сондықтан.  Қасиетті  Құранда  Тәңір  адамның  тіршілік  әлеміндегі  орны 
мен  маңызын  оған  алғаш  есімдерді,  яғни,  феномендерді  үйрету  арқылы 
көрсеткен. Адам осы үйретілген есімдер арқылы өз әлемін қалыптастырған, 
мәнге толтырған. Жеке тұлға – адам өмірінің мәнмен толығуы ол өмір сүріп 
отырған қоғамның, қоршаған мәдени ортаның, жалпы адамзат өркениетінің 
мәнге ие болуына негіз болған. 
Рәміздік мәнге ие жәдігерлерді зерттеу арқылы адамның өзін қорша-
ған ортасын, тұрмыс салтын, қоғамды, мәдениеті мен әдет-ғұрпын, бүкіл 
болмысын  уақыт  пен  кеңістіктің  ауқымына  симайтын,  әмбебап  рухани 
мәнділіктермен толтырғанын көреміз. 
Ислам  философия  тарихында  кәлам,  сопылық  және  философия 
арасындағы  ортақ  және  қарама-қайшы  пікірлер  үнемі  туындап  отыр-
ған,  Себебі,  олардың  әрқайсысы  мәселеге  өзіндік  танымдық  тұрғыдан 
қарағанын  көруге  болады.  Бұл  үш  таған  ислам  философиясында  өзара 
ықпалдаса  отырып,  параллель  дамыды.  Соның  ішінде  сопылық  фило-
софияның танымдық негізде алдыңғы екі танымнан өзіндік ерекшелігі бар. 
Тақырыптары  бір  және  ортақ  болғанымен  Алла,  әлем  және  адам  қаты-
насын  әрқайсысы  өзіндік  сұрақтар  мен  ұстанымдар  арқылы  әдіснама-
лық  негізде  тұжырымдаған.  Таным  және  әдіснамалық  тұрғыдан  сопылық 
танымның  ислам  философиясы  тарихындағы  орны  айырықша.  Кәлам, 
философия  және  сопылық  салаларындағы  ойшылдардың  Құдай  тура-
лы  тұжырымдарын  тарихи  тұрғыдан  салыстырғанымызда  сопылардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет