Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет49/49
Дата16.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#4223
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49

                                                      және этномәдени негіздер
Жүсіп  Көпейдің  және  т.  б.  рухани  мұрасын  жан-жақты  байыптауда  бо-
лып отыр. Олардың философиялық көзқарастары мен идеялары Шығыс 
халықтарының  рухани  мәдениеті  мен  діни  ойының  тарихында  қомақты 
орын алғандығы айғақталды. 
7.  Руханилық  тұрғысынан  кеңінен  зерттелінбеген  қазақ  зиялылары-
ның  философиясына  үлкен  теориялық  көңіл  бөлінуі  –  шын  мәнінде, 
зерттеушілерді  құндылықтық-мағыналық  сипаттағы  жаңаша  пайымдау-
ларға әкеледі. Себебі, қазіргі кезеңдегі жаһандану арқылы қоғамда жап-
пай  нигилистену  процестері  жүріп  жатқанда  ұлттық  руханилықты 
өзектендіру – этностық келбетті дараландыру және еліміздегі ұлттық руха-
ни қауіпсіздік нығайту мақсатындағы игілікті қадамдар қатарына жатады. 
8.  Қазақтың  ұлы  ойшыл-философтарының  шығармашылығында 
этикалық,  діни-эстетикалық  және  гуманистік  идеялар  тұнып  тұрғаны 
белгілі. Барлық әлем мен адамның өзара рухани байланысы, бүкіл болмыс-
тың  тұтастығы,  оның  ішінде  адам  болмысының  да  ерекше  деңгейлілігін 
анықтау  үнемі  көрініс  табады.  Адамзаттың  рухани  дамуына  үлкен  үлес 
қосқан,  руханилығының  баюына  ықпал  еткен  факторлар  сараптаудан 
өткізілді.  Оның  ішінде  Шығыстың  да,  Батыстың  руханилық  үлгілері  са-
лыстырмалы  зерделенді.  Әсіресе,  өзге  философиялық  жүйелермен  та-
рихи үндес келетін тұстарымыз бен өркениеттік мағынадағы айырмашы-
лықтарымыз анықталды.
9.  Қазақтың  антропологиялық  философиялық  ойының  дамуының 
тұтастанған картинасының бүгінгі қоғам болмысы мен қазіргі құндылық-
тық парадигмалар тұғырын ескере отырып қайта қалыптастыру, оларды 
жан-жақты  ғылыми  зерттеу  –  бұл  бүгінгі  гуманитарлық  ғылымдардың 
мүдделеріне сәйкес келетін философиялық танымның мүлдем жаңа қыр-
ларына  жатады.  Сондықтан,  аксиологиялық  талдаулардың  көмегімен 
халқымыздың  рухани  әлеміндегі  басымдылық  танытатын  рухани  ұста-
нымдарды бір жүйеге келтірілді.
10.  Түркі  әлемінің  ұлы  философтарының  шығармашылығы  арқылы 
ислам философиясының жетістіктері, оның ерекше руханилығы ашыла-
ды, ол жалпы адамзаттық тарихтың бір ерекше қыры екендігі көрсетіледі. 
Әртүрлі  тарихи  кезеңдердегі  қазақ  ойшылдарының  дүниетанымын 
жалпы  тарихи-мәдени  және  рухани  аядан  оқшау  қарастыруға  болмай-
ды.  Біздің  пікірімізше,  Асан  қайғыдан  бастап  Шәкәрімге  дейінгі  тарихи 
кезеңдерде қазақ ойшылдарының дүниетанымынының қалыптасуындағы 
руханилықтың рөлі зор болғандығы зерделенеді. Кеңестік кезең біршама 
саясаттанған руханиятты бекітуге тырысқаны белгілі, ал қазіргі замандағы 
тәуелсіздік  кезеңі  күрделі  мәселенің  шешімін  табуға  жаңа  мүмкіндіктер 
ашты, мәдени және өркениеттік бірегейлікті қалпына келтіре бастады.
Дегенмен өткенімізді, әсіресе, көптеген ғасырларға созылған дәстүрлі 
қоғамдағы қазақ философтарының рухани мұрасын оқшауланған, тұйық 
күйінде емес, бүкіл түркі өркениеті кешенінде, үздіксіз әлеуметтік мәдени 
даму  процесінде,  жалпы  құндылықтар  аясында  зерттелгені  абзал.  Міне, 

                                                       Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы                                                           369
сонда ғана қазақ халқының руханиятының өзіндік ерекше сипаттамалық 
белгілері мен айрықша қауымдастыққа тән қырлары айқынырақ, дәлірек 
ғылыми мағынада ашылады. Олар жоғалтқанымыздың орнын толықтыру-
ға көмектесетініне күмән келтірмеуге болатынын тұжырымдауға болады. 
Сонымен, қазақтың философиялық ойы мен мәдениетіндегі рухани-
лық дәстүрінің қалыптасуы мен дамуын зерттеу – қазіргі Қазақстандағы 
зияткерлік кеңістікті нығайту дәуірінде аса маңызды болып саналатын ру-
хани мұраны, рухани байлықты зерделеумен астасып жатады. Жаһандану 
үрдістері басқа қисынды, ықпалдасуды басымдық ететінін ескерсек, онда 
оған  баламалық  дамудың  нұсқасын  этностық  руханияттың  дамуы  мен 
асқақтауынан табуымыз шарт екен.
Ал, енді ұлттық қауіпсіздіктің қайнар көзі болатын Қазақстан халқы-
ның рухани бірлігі мәселесі осы ұлттық философияның қалыптасуы мен 
дамуы,  яғни  халқымыздың  руханиятының  үйлесімді  өрбуі  құбылыста-
рымен  тікелей  астасып  жатады.  Халқымыздың  этнофилософиясының 
мазмұнды  тұстарын  жақсы  көрсете  білген  сайын  ұлтымыздың  руха-
ни  әлемі  байи  түседі.  Ол  өз  кезегінде  еліміздегі  әрбір  азаматының  жеке 
дүниетанымында  сапалы  өзгерістер  әкеліп,  оларды  даналық  әлеміне  де 
жақындата  түседі.  Жалпы  қоғамдағы  дағдарысты  процестерді  жеңудің 
тереңінде  қоғамдағы  рухани  тіректердің  нығайту  проблемасы  тұрады. 
Сондықтан,  ұлттың  өзіндік  философиялық  жасампаз,  руханиланған  да-
налық әлемін көркейте түскен сайын еліміздегі өркениетті және орнықты 
дамудың  іргетасын  нығайта  түсеміз,  әрбір  құбылыстың  және  әрекеттің 
терең  мағынасын  анықтай  аламыз,  мәдениеттер  арасында  көпір  орната-
мыз.  Бұл  тәуелсіздіктің  барлық  қырларын  бекітіп  жатқан  еліміз  үшін 
маңызды және қазіргі заманда қазақ руханияты үшін идеялар мен түсінік-
тер бәсекелестігіне түсетіндей  мүмкіндіктер ашады.
Қазіргі  кезеңде  Қазақстан  өзінің  болашағын  анықтау  үстінде,  соны-
мен  бірге  әрбір  қазақстандықтың  көңілінде  жатқан  көптеген  сұрақтар-
дың  шешімі  табыла  бастауы  мүмкін.  Ал,  енді  экономиканы,  әлеуметтік 
мәселелерді  бір  жүйеге  келтіру  арқылы  қоғамға  тиімді  рухани  құнды-
лықтар жүйесін қалыптастыруға болады деген үстірт пікір. Себебі рухани-
лық  қолайлылықтан  туындамайды.  Керісінше,  ол  қиындықты  адамдар 
жұмыла отырып бірге жеңе білуге үйрену, ешкімді шыққан тегі мен түр-
түсіне, өмір сүру салтына қарамай шеттетпеуден басталады. Ал, рухани-
лық ұстанымдары орныға бастаған қоғамда құндылықтар әлемі өзінің на-
ғыз шынайы бейнесінде, өз формасында болмысын көрсетеді және адам 
үшін қызмет етеді, жеке тұлғаны бұл өмірде шынайы бақыттылыққа жет-
кізеді.  Қазақ  ойшылдарының  шығармашылығында  және  қазақ  рухания-
тында осындай бағыттағы даналық үлгілері көптеп кездесетіні ұжымдық 
еңбекте тұжырымдалады. 

370                 
   Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                         және этномәдени негіздер
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және 
дінтану институты туралы мәлімет
Философия  және  саясаттану  институты  1999  жылдың  ақпан  айында 
1958  жылы  ашылған  Философия  және  құқық  институтының  және  1991 
жылғы  Философия  институтының  негізінде  құрылды.  Ол  2012  жылдың 
мамыр  айында  ҚР  Үкіметінің  қаулысымен  Философия,  саясаттану  және 
дінтану институты болып қайта аталды.
Институттың  мемлекеттік  ғылыми-зерттеу  мекеме  ретіндегі  негізгі 
міндеттері  қазіргі  қазақстандық  қоғамның  зияткерлік  және  рухани-
адамгершілік  әлеуетін  дамытуға  бағытталған  философиялық-дүниета-
нымдық,  философиялық-әдіснамалық,  саясаттанулық,  дінтанулық  және 
әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу болып табылады. 
Бүгінде Философия, саясаттану және дінтану институты жоғары кәсіби 
ғылыми-зерттеу  орталық  болып  табылады.  Институт  оның  құрылымын 
айқындайтын үш басты бағыт бойынша жұмыс істейді: философия, саясат-
тану және дінтану. Онда ҚР ҰҒА 1 академигі, 2 корреспондент мүшесі, 21 
ғылым докторы, 13 ғылым кандидаты, 9 PhD докторанты ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын жүргізеді. Институт 2012-2014 жылдарға арналған гранттық 
қаржыландыру шеңберінде «Елдің зияткерлік әлеуеті» басым бағыты бой-
ынша 25 ғылыми-зерттеу жобасын орындап, «Ғылыми қазына» салааралық 
ғылыми бағдарламасы аясында зерттеулер жүргізіп келеді. 
Институт  қызметкерлері  саясат,  ғылым,  білім  беру,  мәдениет,  дін, 
қазақ және әлемдік философия мәселелері бойынша монографиялар мен 
мақалалар  жариялайды.  Институт  қызметкерлерінің  ғылыми  жарияла-
нымдары  таяу  және  алыс  шетелдердің  ғылыми  рейтингтік  басылымда-
рында сұранысқа ие.
Институт  «Мәдени  мұра»  бағдарламасының  шеңберінде  «Шығыс 
Аристотелі»  –  әл-Фарабидің  шығармалар  жинағын  (10  том),  «Әлемдік 
философиялық мұраны» (20 том), «Қазақ халқының философиялық мұрасын» 
(20 том) шығарды. 
Институт  екі  журнал  шығарады:  «Адам  әлемі  –  Мир  Человека»  (1999 
жылдан  бері)  және  «Әл-Фараби»  (2003  жылдан  бері).  Қазақ,  орыс  және 
ағылшын тілдеріндегі Институттың өз сайты бар. 

                                                                                                                                                     371
                                                         
ҚОРЫТЫНДЫ
                                                  
Институт  үнемі  халықаралық  ғылыми  конференциялар,  дөңгелек 
үстелдер,  семинарлар,  пікірталас  алаңдарын  өткізіп  тұрады.  Бұл  іс-
шараларға  қазақстандық  және  шетелдік  ғалымдар  қатысады.  Инсти-
тут  Ресейдің,  Белорустің,  Әзірбайжанның,  Қырғызстанның,  Қытайдың, 
Германияның,  АҚШ-ң,  Түркияның,  Иранның,  Өзбекстанның,  Тәжікстан-
ның  және  басқа  да  елдердің  ғылыми-зерттеу  құрылымдарымен  тығыз 
ынтымақтастық орнатқан.
Философия,  саясаттану  және  дінтану  институтының  базасында  әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Абылай хан атындағы 
ҚазХҚжӘТУ,  ҚазКжҚҚА  және  т.б.  тәрізді  басты  қазақстандық  жоғары 
оқу орындарының студенттері, магистранттары және PhD докторанттары 
тағылымдама мен диплом алдындағы практикасын өткізеді. 
Институтта қызметкерлердің кәсіби және ғылыми тұрғыда өсуі үшін 
барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Философия,  саясаттану  және  дінтану  институты  туралы  анағұрлым 
кең ақпаратты мына мекен-жайдан алуға болады: 
Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы,
Құрманғазы көшесі, 29 (3 қабат)
Тел.: +7(727) 272-59-10
Факс.: +7(727) 272-59-10
E-mail: iph@iph.kz
http://www.iph.kz

372                 
   Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                         және этномәдени негіздер
Информация об Институте философии, 
политологии и религиоведения Комитета науки 
Министерства образования и науки Республики Казахстан
Институт философии и политологии был образован в феврале 1999 г. 
на базе  созданных в 1958 г. Института философии и права и в 1991 г.  Ин-
ститута философии.  В мае 2012 г. постановлением Правительства он был 
переименован в Институт философии, политологии и религиоведения. 
Основной  задачей  Института  как  государственного  научно-иссле-
довательского  учреждения  является  проведение  философско-мировоз-
зренческих,  философско-методологических,  политологических,  религи-
оведческих и социологических исследований, направленных на развитие 
интеллектуального  и  духовно-нравственного  потенциала  современного 
казахстанского общества. 
Сегодня  Институт  философии,  политологии  и  религиоведения  яв-
ляется  высокопрофессиональным  научно-исследовательским  центром. 
Институт работает по трем ключевым направлениям, определяющим его 
структуру:  философия,  политология  и  религиоведение.  Здесь  проводят 
научные исследования: 1 академик, 2 члена-корреспондента НАН РК, 21 
доктор и 13 кандидатов наук, 9 докторантов PhD. В Институте выполняется 
25 научно-исследовательских проектов в рамках грантового финансирова-
ния на 2012–2014 гг. по приоритету «Интеллектуальный потенциал стра-
ны»,  ведется  работа  в  рамках  междисциплинарной  научной  программы 
«Ғылыми қазына».
Сотрудниками  издаются  монографии  и  научные  статьи  по  пробле-
мам политики, науки, образования, культуры, религии, казахской и миро-
вой философии. Научные публикации сотрудников Института востребо-
ваны в научных рейтинговых изданиях ближнего и дальнего зарубежья.
В  рамках  программы  «Культурное  наследие»  Институтом  изданы  со-
брание сочинений «Аристотеля Востока» – аль-Фараби (10 томов), «Мировое 
философское наследие» (20 томов), а также исследование «Философское насле-
дие казахского народа» (20 томов). 
Издаются  два  журнала:  «Адам  әлемі  –  Мир  Человека»  (с  1999  года)  и 
«Аль-Фараби» (с 2003 года). Институт располагает собственным сайтом на 
трех языках: казахском, русском и английском.
Институт  регулярно  проводит  международные  научные  конферен-
ции,  круглые  столы,  семинары,  дискуссионные  площадки,  в  которых 

                                                                                                                                                     373
                                                         
ҚОРЫТЫНДЫ
                                                  
принимают участие казахстанские и зарубежные ученые. Институт тесно 
сотрудничает с научно-исследовательскими структурами России, Белорус-
сии, Азербайджана, Кыргызстана, Китая, Германии, США, Турции, Ира-
на, Узбекистана, Таджикистана и других стран. 
На  базе  Института  философии,  политологии  и  религиоведе-
ния  проходят  стажировку  и  преддипломную  практику  студенты,  ма-
гистранты  и  PhD-докторанты  ведущих  казахстанских  высших  учеб-
ных  заведений,  таких,  как  КазНУ  им.  аль-Фараби,  КазНПУ  им.  Абая, 
КазУМОиМЯ им. Абылайхана, КазАТиСО и др.
В Институте созданы все необходимые условия для профессиональ-
ной работы и научного роста сотрудников.
Более подробную информацию об Институте философии, политоло-
гии и религиоведения можно получить по адресу:
Республика Казахстан, 050010 
Алматы, ул. Курмангазы, 29 (3 этаж)
Тел.: +7(727) 272-59-10
Факс.: +7(727) 272-59-10
E-mail: iph@iph.kz
http://www.iph.kz

374                 
   Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                         және этномәдени негіздер
Information on the Institute for Philosophy, Political Science and Religion 
Studies of Science Committee of the Ministry of Education and Science оf 
the Republic of Kazakhstan
Institute for Philosophy and Political Science was established in February 
1999 on the base of established in 1958 the Institute for Philosophy and Law, and 
the Institute for Philosophy in 1991. By the Decree of Kazakhstan Government 
in 31 May, 2012 , Institute was re-named to Institute for Philosophy, Political 
Science and Religion Studies.   
The  main  objectives  of  the  Institute  of  Philosophy  and  Political  Science 
as  a  public  research  institution  are  conducting  of  philosophical-world 
outlook,  philosophical-methodological,  political  studies,  religion  studies  and 
sociological studies aimed at social-cultural and social-political development 
and strengthening the independence of Republic of Kazakhstan, development 
its intellectual and spiritual-moral potential.    
Institute for Philosophy, Political Science and Religion Studies is a highly 
skilled scientific research center. Institute has a three key directions that define 
its  structure:  philosophy,  political  science  and  religion  studies.    Currently,  1 
academician, 2 correspondent member of National Academy of Science of RK, 
21 doctors of Science, 13 candidates in science, 9 PhD doctorate candidates are 
conducting research works. 25 scientific-research projects within the framework 
of  grant  financing  for    2012-2014  years  on  priority  of  «Intellectual  potential  of 
the  country»  are  being  conducted,  also  the  works  within  the  framework  of 
interdisciplinary scientific program «Gilimy kazyna» are being carried out.
 Institute employees publish the dozens of books and hundreds of scholarly 
articles  on  important  issues  of  politics,  science,  education,  religion,  culture, 
Kazakh and world philosophy, etc. The quality of scientific publications of the 
Institute is determined by the demand for scientific articles in journals of rating 
of near and far abroad.
Under  the  «Cultural  Heritage»  state  program  ten-volume  collection  of 
works called «Aristotle of the East» – al-Farabi, twenty volume «World philosophical 
heritage»,  twenty  volume  «The  philosophical  heritage  of  the  Kazakh  people»,  and 
other books were published by the Institute.
Institute publishes two magazines: «Adam alemi – The World of Man» and 
«Al-Farabi» (in Russian and Kazakh). The Institute has its own website in three 
languages: Kazakh, Russian and English. 

                                                                                                                                                     375
                                                         
ҚОРЫТЫНДЫ
                                                  
Institute  for  Philosophy,  Political  Science  and  Religion  Studies  science 
regularly  organizes  international  scientific  conferences,  seminars,  «round 
tables», where not only leading Kazakhstani political scientists and philosophers, 
but  also  by  scientists  from  foreign  countries  take  place.  Institute  has  close 
cooperation with scientific-research establishments of  Russia, China, Germany, 
the  USA,  Turkey,  France,  Britain,  Iran,  Azerbaijan,  Uzbekistan,  Tajikistan, 
Kyrgyzstan, Belarus and others.
Undergraduate  students,  Master’s  degree  and  Doctorate  students  from 
leading Kazakh universities, such Al-Farabi KazNU, Abai KazNPU, Abylaikhan 
KazUIR& WL, KazATiSO are conducting their research work and are trained at 
the Institute for Philosophy, Political Science and Religion Studies.
The  Institute  has  created  all  necessary  conditions  for  professional  and 
scientific development of employees.
More detailed information on the Institute for Philosophy, Political Science 
and Religion Studies can be found at: 
The Republic of Kazakhstan, 050010 
Almaty, str. Kurmangazy, 29 (3rd floor)
Tel.: +7 (727) 272-59-10
Fax.: +7 (727) 272-59-10
E-mail: iph@iph.kz
http://www.iph.kz

376                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Ғылыми басылым
ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫ: ТАРИХИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ 
ЖӘНЕ ЭТНОМӘДЕНИ НЕГІЗДЕР
Редактор: Г.А. Турлина
Мұқабаның дизайнын жасаған және беттеген  Л.Н. Тоқтарбекова
«Ғылыми қазына» логотипінің идеясы – Аяған Б.Ғ., т.ғ.д., профессор
«Ғылыми қазына» логотипінің дизайнын жасаған – Бекенова М.С., Нұрғожина Ж.Е.
Монографияның сыртқы бетінде «Women Art Дизайн» (Орал қ.) ұжымының 
кескіндеген «Тұмар» декоративті панносы бейнеленген. «Тұмар» – қазақ дәстүрінде 
құт-береке дарытып, рухани күш-қуат сыйлайтын киенің белгісі.
     
 
Басуға 20.12.2012. Пішімі 70/100
1
/
16
Шартты баспа табағы 23,5. Офсеттік басылым.
Таралымы 500 дана. 
«ИП Волкова Е.В.» баспасында басылды.
Райымбек даңғ., 212/1, оф. 319. Тел.: 330-03-12, 330-03-13


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет