және этномәдени негіздер
талпынысы екендігі анық. Сондықтан Қ. Әбішев жақсылықты адами құн-
дылықтардың ең негізгісі деп есептейді [7, 256 б.]. Автор жақсылықты
адамның сәйкестікпен үйлесімді дамуындағы, әлемнің сәйкестігін дамы-
тудағы негізгі субстанциялардың қатарына жатқызады. Жақсылық жасай
білу – адамды адам еткен іс-әрекеттердің бірі, ол руханилықтың құрылы-
мын қалыптастырушы өнердің бірі. Ненің жамандық, ненің жақсылық
екенін айыра білу – бұл адамның күнделікті тіршілігінде алдынан үнемі
шығып отыратын мәселе. Ол адамның шығармашылық белсенділігін ту-
ындататын таңдау еркіндігіне жетелейді.
Ал кез келген мақсатқа қарай ұмтылыс адам үшін жақсылыққа қарай
барар жол емес, бірақ ол жаңылысқа толы «тар жол, тайғақ кешу» жолы
болса да Ақиқатқа қарай бағытталған жол болып табылады. Зерделі
әлем үшін ешқандай қисынға сыймайтын әрекеттер адам үшін рухани
қалыптасудың сатылары болып табылады. Әрине, ол пенденің тырысу,
қоғамдағы деструктивті, девиантты әрекеттерін ақтап алу емес, тек оған
адамзаттың мегатарихы тұрғысынан түсіндірме беруге тырысу, адам бол-
мысындағы қайшылықты екі бастаудың өзара байланысын көрсету. Бір
жағынан адамда табиғи инстинктерге негізделген өзімшілдік болса, екін-
ші жағынан қамқоршылыққа, мәрттікке, жомарттыққа ұмтылатын адам
жан дүниесінің жарқырауы бар. Ол махаббат түрінде көрініс береді.
Әрине, егер адам табиғи болмысына басымдық беретін болса, онда ол
өзіндік мәндік негіздерін барынша шектейді. Өйткені, пендешілік деңгейдегі
«мақсат – оған жетуге тиісті құралды ақтайды» деген қағида адами өлшем
тұрғысынан теріс және шектеулі түсінік болып табылады. Қоғамдағы әділ-
дікті ешқашанда күштеу, зорлау арқылы жүзеге асыруға болмайды. Бұл
рухани әлемнің заңдылығына қайшы келетін іс-әрекеттер. Тек адамға біт-
кен ішкі нұрдың күшімен, шыдамдылық пен мойынсұнушылық арқылы
барлық қайшылықты жеңіп шыққанда ғана шын мәніндегі руханилықтың
есігі ашылады. Адамның іс-әрекетінен байқалатын қатаңдық пен қатыгез-
діктің арасы жер мен көктей. Рухани дамуға қызмет ететін зерделі қатаң-
дық дамуға, үйлесімді қатынастарға қажетті нәрсе. Ал іштегі жылуы жоқ
әрекеттерден туындаған қаталдық – «қатыгездік» деп аталады және ол,
негізінен, адамның руханилығының таяздығын білдіреді.
Әрине, қателесу мен адасушылық әрбір әлеуметтік субъект үшін даму,
жетілу барысындағы міндетті кезеңдер. Мәселе қателікке деген қатынаста.
Одан (яғни қателіктен) тиісті қорытынды жасап, болашақты жаңа жасам-
паз бағытта қалыптастыру міндеті айшықталады. Сонымен руханилық
жолындағы адам үшін басқалардың қателесу жолымен жүрмеуін ескер-
те білу қабілетін дамытылуы сұранады. Жалпы басқа адамдарға жаса-
лынған жақсылық руханилыққа толы әрекет деп бағаланса, ал енді
өзгелер қиналған кезде оларға демеу болғаныңды үнемі еске салып отыру,
міндетсу – руханилыққа жатпайды, ол өз әрекетіңді құнсыздануға әкеледі.
Ол жақсылығын сатқанмен, міндетсінгенмен бірдей іс болып табыла-
ды. Жақсылықтың жасалуы – даңғазаны көтермейді, ол өз қайтарымын
1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы 11
руханият құбылысының қайнар көздері
күтпейтін және адамның рухани шынайылығынан туындаған өмірдегі
нұрлы қадамдары болып табылады. Бақыттылыққа апарар жол да осында.
Руханилықтың тағы бір келбеті – адамның өз бойындағы барлық
жақсы қасиеттерін әлемге паш етуге дайындығы, яғни ақылын, дарынын,
қабілетін, шеберлігін, ішкі нұрын, жүрек жылуын адамдарға, табиғатқа,
Ғаламға беруге ұмтылысы. Осындай ұстанымдар басымдық танытқанда
ғана адам рухани дамудың жолына түсті деуге болады. Ал енді, керісінше,
бұл өмірде, қоғамда, әлеуметтік дүниеде жеке басының қамы үшін қызмет
етуді негізгі ұстаным еткен пенде руханилық аясынан алыстай түседі, яғни
ол нәпсінің құлына айналады және өзін заманауи талаптарға сай өмір
сүретін «прагматикпін» деп ақтаумен болады. Қазіргі қазақ қоғамындағы
руханияттағы үрдіс осы жолға түсіп бара жатқандығы қынжылтады. Қоғам
дамуының төменгі гуманитарлық сатысында болғанда тұрпайы қоғамдық
пікір осындай пысықайлықты қолдауы да мүмкін. Осының бәрі қоғамның
рухани дамуының өлшемі, әмбебап көрсеткіші болмақ.
Қазақстандық философ І. Ерғалидің ізденістерінде «Руханилық деге-
німіз – барлық Әлемге (макрокосмосқа) эквивалентті (тең деп айтуға бола-
ды) адамның (микрокосмостың) Универсуммен (космоспен) жіктелмейтін
үйлесімділік (гармониялы) тұтастығы. Универсуммен бұл үйлесімділік
тұтастығын адам ең жоғарғы ерекше формаларда сезініп, онымен айрықша
бірігіп, ырғақты күйге бөленеді. Адамның өзінің Космоспен (универсум-
мен) үйлесімділік тұтастығын сезінетін, соған реалды енетін осы күйін
руханилық деп атауға болады» деген тұжырымдар келтіріледі [8, 17 б]. Ав-
тор бұл анықтаманың рухтық құбылысқа толық сипаттама бере алмайты-
нын да айта кетеді. Дегенмен де бұл құбылыстың кейбір қырларын ашу
мақсатында І. Ерғали келесі мақаласында руханилықты руханият дегейін-
де қарастырып, ол тек эстетикалық, этикалық, теоретикалық формалардың
байлығымен ғана анықталмайтындығын, ол сол формалардың түп негі-
зінде не тұр, қандай мән бар, олардың әмбебаптылығы, яғни адамдық
мағынасы қандай деген мәселемен астасатындығын ескертеді. Сонымен
қатар, осы құбылыста олардағы адамдық субъективтіліктің руханилану-
ын, махаббат, нұр және жақсылық шапағатын бейнелейтін көптүрліліктің
көріністерінің маңызы зор екенін айтады [9, 82 б.].
Автор бұл жерде руханилықтың адамды адам ете түсетін қасиетін
ашып көрсетіп, оны өзін-өзі қозғалтушы, дамытушы күш дәрежесіне
дейін көтерген. Бірақ рухани даму жолындағы саналы-ерікті әрекеттердің
маңызын төмендетуімізге болмайды. Расында адам руханилығынан айы-
рылса, онда ол эмоция мен сезімнен, ақниеті мен пәк пейілінен айыры-
лады, жалаң рационализм мен прагматизмнің құлына айналады. Әрине,
Ақыл мен Зердені басшылыққа алған адам өмірде көптеген мақсаттарға
жетуі де мүмкін. Бірақ, ондай адамның іс-әрекетінің нәтижесі бұл дүниеге
шапағатын түсіретін нұр әкелмейді, адамдардың жүрегін жылытпай-
ды, қоғамды рухани байытпайды. Руханилықтың табиғаты жайлы пікір
айтқан зерттеушілердің қатарындағы А.Г. Косиченконың тұжырымдары
12 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
және этномәдени негіздер
назар аударарлықтай. Ол руханилықты адам болмысының ерекше бір
белгісі дей келіп, бұл адамның әлемге қатынасының идеалды формасы
деп біледі және болмыстың рухани мазмұнын шығармашылығы арқылы
қалыптастыратынына тоқталады [10, 74-75 б]. Нақтырақ айтқанда, адамның
руханилығы адам іс-әрекетінің қалыпты, орташа үлгілерінен жоғарырақ,
адамды өзімен бірге оны қоршаған ортаны оңды жаққа өзгертетін құбы-
лыс екендігі айтылады.
Бұл жерде автор руханилықты адамның әлемге қатынасының бір бөлігі-
не ғана (интеллектуальдық, эмоциялық, зерделік, түйсіктік, шығармашылық
қатынасы тәсіліне, немесе олардың жиынтығы да емес) телінбейді деген
тұжырымды ұсынады. Олай болатын болса, онда руханилықтың табиғатын
қалай түсінуге болады? Оған А.Г. Косиченко былай жауап беруге тырыса-
ды. «Руханилық адамның өмір сүру тәсілінің нәтижесі еместігіне сенімдімін,
керісінше, ол адамнан бұрын пайда болған және адам сол өзінен тыс рухқа
барынша борыштар, өйткені ол оны адам етіп отыр. Адамның өзінің өмір-
лік іс-әрекетінің сан түрлі формасына өзінің рухани мағынасын іске асыра
алатын қабілеті бар. Сосын біздер олардың басын жинақтап, қордалап,
адамнан шыққан рухани дүние деп ұсынамыз» [10, 75 б.]. Автор бұл жерде
руханилық мәселесіне рухани дамудың ерекше заңдылығы бар екенін мой-
ындау арқылы, яғни оның табиғаттың материалдық әлем заңдылығымен
сәйкес келе бермейтін тұстарын ескертеді. Бұл тұжырымдардан рухани-
лықтың табиғатын жаңаша философиялық тұрғыдан қарастырудың белгі-
лері, нышандары байқалады.
Жаңа ғасырдың жаңа философиясы адамның Әлемге деген қатынасын
руханилық тұрғысынан қарастыратынына күмән келтіре алмаймыз. Бұл
мәселе жөнінде көп пікірталас туғанмен тарихи процесс барлық ауытқу-
ды жылдам орнына келтіреді. Бірақ кез келген жаңа бетбұрысты қабылдай
қою оңай емес екені де белгілі. Ескі ойлау таптаурындары, әдіснамалық
ұстанымдарының үстемдік етуі көптеген зерттеушілердің адам болмы-
сын жаңаша түсінуіне кедергі келтіретіндігі туралы соңғы уақытта жарық
көрген кейбір еңбектерде айтылуда [11]. Қазақстандық философ Соловье-
ва Г.Г. руханилықты адамның ішкі жарықты, нұрды қабылдай білу қасиеті
деп айшықтайды. Бұл құбылыстың негізін нақты адамдар әлемінен іздеу
қажеттігін айтып, материалды болмыстың заңдылығын мойындау керек
екендігін ескертеді [12]. Әрине, Ғаламның суық та, қатал, әрі үйлесімді заң-
дылығын мойындағанымыз жөн, бірақ ол Абсолюттің заңдылығы. Деген-
мен де адам негізінен руханилық арқылы ғана өзінің мәндік негізін анық-
тайды, ал таңғажайып әлем болса адам арқылы рухани құлпыра алады.
Әрине, әрбір адам мәдениеттің, қоғамдық қатынастардың өкілі екені
рас. Дегенмен де адамды қоғамдық қатынастардың жиынтығы (ансамблі) етіп
қана қабылдау, оның түпкі мәнін айқындауға жеткіліксіз. Өйткені, адамның
руханилығы ерекше қасиеттерге ие екені белгілі. Ал, енді руханияттың
негізгі қырларына В.С. Барулин төмендегілерді жатқызады: оның жалпыны
қамтитын сипаты, идеалдылығы және субъективті әлем екендігі [13]. Яғни
1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы 13
руханият құбылысының қайнар көздері
рухани өмірдің әртүрлі салаларына: рациональды, эмоциялы-аффекті,
гносеологиялық-когнитивті, құндылықтық-мотивациялы, ұстанымдарды
және басқа да рухани өмірдің салалары енеді. Руханиятқа ғылыми концеп-
циялар, адамгершілік құндылықтар, діни сенімдер, эстетикалық категория-
лар, қарапайым білімдер де жатқызылады. Осылардың бәрі бір-бірімен
байланысып, біріге адамның және қоғамның руханиятын құрайды делінген.
Бұл жерде айта кететін нәрсе қоғамның рухани өмірімен, яғни «рухани
өндірісімен» руханилық құбылысы толық сәйкестендірілгені байқалады.
Бұл руханилықтың жеке ерекшелігін бедерсіздендіруге әкелетін іс-әрекет.
Өйткені, қоғамның рухани өмірінде (кинода, ғылымда, қарапайым сана-
да) руханисыздықты, ұятсыздықты, деструктивті қадамдарды насихаттай-
тын, практика жүзінде рухани өнім ретінде ұсынатын іс-қимылдар көп.
Оларды да руханилықтың нағыз белгісі деп баға беру сыңаржақтылық де-
ген ойдамыз. Бірақ, бұл адам руханилығын ашудағы алғашқы баспалдақ
қана немесе механизмі, тетігі, немесе жағдаяты десек те болады. Кез келген
идеалдылық руханилық бола алмайды. Ол адамгершілік құндылықтарына,
қасиетті нұрға бөленгенде ғана оның ең жоғарғы түрі руханилыққа айна-
лады. Сөйтіп, руханилық дегеніміз адамның дүниені жасампаз, оң кейіп-
тегі образдар арқылы қабылдауы, рухани үйлесімдікті нығайта түсуі, өз
бойындағы рухани жылуын, жақсылығын әлемге риясыздықпен сыйлай
алуы екендігі айқын. Адамның руханилығы оның имманентті идеалдылығы
кеңістігінде және уақытында қалыптасады. Бірақ, оның өмір сүруі, қызмет
атқаруының нақтылығы – қоршаған ортамен түйісуі, қатынас жасауы кезінде
ғана айшықталады. Ал, енді өзіндік оқшаулықтағы, бөлектенген руханилық
(объективацияланбаған) тек потенциалды руханилық қана болып келеді.
Руханилық құбылысына берілген анықтамалардың ішінде: «Рухани-
лық – бұл сыртқы болмыс универсумын тұлғаның ішкі ғаламына этикалық
негізде айналдыру қабілеті, сол ішкі әлемді құрау қабілеті арқылы үнемі
өзгеріп отыратын жағдайдың алдында адамның өзіне сәйкестігі мен оның
еркіндігін жүзеге асыра білуі. «Руханилық ақыр аяғында өзіндік мағына-
лық космогонияға, әлем образының тұлғаның адамгершілік заңымен
бірігуіне әкеледі» деген тұжырым руханилықты ерекше мағынадағы құбы-
лыс ретінде руханияттан біршама ерекшелей түседі деген ойдамыз [14].
Сонымен, руханилық – медитациялық тәжірибе емес, сананың ауқымы
немесе деңгейі де емес, белгілі бір діни конфессияның өкілі болу ғана емес.
Руханилық – іс жүзіндегі Махаббат, барлығына және барлық нәрсеге де-
ген Махаббат, ол негізінен әрбір адамға тән және ол оның шынайы адами
дамуына қажетті дүние. Руханилықтың әлеуметтік салада көрініс беруіне,
рауаждануына негізгі тәсіл және тетік болатын сала өнер болып табылады.
Қазақ руханиятындағы әрбір шынайы өнер туындысы адам әлемін жаңа
рухани күшке, рухани атмосфераға айналдырғанын байқаймыз. Ондай
деңгейге көтерілмеген туындылар – жалған құндылықтар, үйлесімділікті
шайқалтушы теріс дүниелер. Негізгі саралаушы, електен өткізуші
тарихтың өзі. Адамдар сонау тарих қойнауынан негізінен өзінің руха-
14 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
және этномәдени негіздер
ни әлемін байыта түсетін дүниелерді, мәдени жәдігерлерді сақтауға ты-
рысады. Бұл барлық ұлттық мәдениетке тән құбылыс. Сондықтан халық
шығармашылығының, ұлы суреткерлердің туындыларының құдіретті
күші бар. Этнос мәдениетінің, руханиятының жарқын үлгілерін жоғалту,
немесе жеткілікті деңгейде қадірлемеу адами қалыптасуға қарсы жасалған
қылмыс болары анық.
Руханилықтың қыры мен сырын терең зерттеген ғалымдардың бірі
Б.К. Құдайбергенов оның ерекше қасиеттеріне, бағыт-бағдарларына тоқ-
талған еді. Ол өзінің еңбегінде руханилықтың тұлғаға бағдар беретін
құбылыс екенін және адам өзінің еркіндігін табиғи және әлеуметтік ор-
таны белсенді түрде жетілдіруге жұмылдыру арқылы танытатынын айта-
ды. Адамның қоғамдағы қызметтері шығармашылық сипатқа енгенде ғана
өзінің шынайы мәнін ашатындығына назар аударады [15, 103 б].
Бұл жерде зерттеушінің негізгі тұжырымдамасы руханилықтың баға-
лау қызметіне, құндылықтарды жіктеу қабілетіне басымырақ құрылған.
Біздің ойымызша, адамның дүниетанымы негізінен осы құндылықтар
әлеміне деген көзқарасқа байланысты қалыптасады. Әрине, қалыптасу
барысында кез келген адам жаңылысу, адасу, қателесу кезеңінен өтеді.
Бұл Ақиқаттың адамға берген еркіндігіне, таңдау құқығына байланысты
жүзеге асып отыратын құбылыстар. Бұл еркіндікті тек өзіне ыңғайлылық
пен қолайлылықты іздеуге қолданатын адам, рухани дамудан шеттеп
қалады, рухани құндылықтар әлемінің есігін де қаға алмайды, ол тарихтың
қоқысына айналады. Жоғарыдағы аталған зерттеушілердің көзқарастары-
на қосыла отырып, руханилыққа жетелейтін шығармашылықтың тағы бір
маңызды қыры бар екенін айта кетуді жөн көрдік. Ол шығармашылықтың
шынайылығы, прагматистік есепке құрылмауы, әрбір туынды шабыттың
шыңындағы дүние болуы қажеттігін атаймыз.
Сөйтіп, руханият құбылысы әлеуметтік дүниенің сан қырлы салала-
рымен байланысты болғанымен, әсіресе, ол жеке субъектінің және қауым-
дастықтың құндылықтық жүйесімен астарласып жататындығын байқай-
мыз. Ол енді адамдарды бір-біріне жақындататын руханилық құбылысы
болып табылатын және ол Жер бетінде әртүрлі ұлт өкілдерінен тұратын
біртұтас халықтың пайда болуына іргетас болады. Сондықтан әлеуметтік
дамудың әртүрлі сатысында халықтар қатынас жасағанмен, оларды шын
мәнінде біріктіретін бір керемет күш руханилық болып қала бермек.
Жалпы қазақ халқының өзіндік руханиятының тарихи бастаулары
жөнінде, оларды тарихи кезеңдері жайлы соңғы кезде біршама нақты
тұжырымдар айтылуда. Әсіресе, елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих
толқынында» деген еңбегінде халқымыздың өткенімен байланысты алты
мың жылдық тарихтың шеңберлерін зерделей келе төмендегідей маңызды
кезеңдердің болғанын атап өтеді: Бірінші кезең. Ежелгі арийлердің сансыз
көп тайпаларының бүгінгі Қазақстанның бүкіл аумағын игеруі. Екінші ке-
зең. Сақ патшалары қалдырған қоныстар мен қорғандар арқылы айғақ-
талады. Үшінші кезең. Көк Тәңірі мен Ұмайға сенген Ғұн тайпаларының
1. Қазақтың мәдени-философиялық ойы тарихындағы 15
руханият құбылысының қайнар көздері
рухани әлемінің таралуы. Төртінші кезең. Түркі қағанатының – Мәңгілік
ел руханиятының қалыптасуы. Оғыз, қыпшақ тайпаларының жаңа түркі
дүниесін құрай бастауы. Бесінші кезең. Орхон-Енисей құлпытастарында
руникалық таңбалардың пайда болған түркілік дәуір. Алтыншы кезең.
Қазақстан аумағында араб-ислам рухының тарала бастауы және әл-Фараби,
Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари секілді ойшылдардың әлемге таны-
ла бастау кезеңі. Жетінші кезең. Түркі халықтарына рухани ілім ретінде
сопылықтың таралуы және Қожа Ахмет Ясауи сияқты рухани тұлғаның
замандастары алдындағы беделінің асқақтауы. Сегізінші кезең. ХII–ХIV ға-
сырлардағы Шыңғыс әулетінің ықпалында болу дәуірі, түркі тайпалары
арасында Алаш ұғымының беки түсуі мен қазақ ру-тайпаларының тұрақты
этникалық құрылымдар ретінде қалыптасу кезеңі. Тоғызыншы кезең. ХV–
ХVII ғасырларда қазақ хандығы құрылды, алғашқы рет жалпыхалықтық
руханияттың негізі қаланды. Халық рухының ұшқыны ақын-жыраулардың,
би-шешендердің, данагөй көсемдердің шығармашылығынан көрініс таба
бастайды. Тәуке ханның тұсында қазақтың дәстүрлі құқығының өзіндік
үлгісі – «Жеті жарғы» тарихи құжаты дүниеге келді. Оныншы кезең.
ХVII–ХIХ ғасырларда қазақтың жауынгерлік рухының сынақтан өткен
шағы. Қазақ руханияты өзінің тұтастығын шыңдай түсті, дүниетанымдық
әмбебаптығын әрлей түсті, ұлттық бейнесін анықтай түсті. Шоқан, Ыбы-
рай және Абай сынды қазақ ағартушыларының халық руханиятын
жетілдірудің гуманистік жолдарын іздеген дәуір болды. Он бірінші кезең
– ХХ ғасыр. Бұл қазақ руханиятының қайшылыққа толы кезеңі еді. Қазақ
зиялы қауымы ұлттық ояну мәселесін алға ұсынып, тәуелсіздіктің саяси
мәселе ретіндегі маңыздылығын халық санасына орнықтырады. Халық
өзінің үштен бір бөлігінің айрылып, тарихи отанында азшылыққа түскен
ғасыр болды, тілінен, ділінен айрылып қала жаздаған заман болды. Он
екінші кезең – 1980 жылдардың ортасынан басталады. Кеңестік империя
құлағаннан кейін үлкен Еуразия аймағында тәуелсіз елдердің қалыптасу
кезеңі келді. Руханияттағы түбегейлі өзгерістер ене бастаған дәуір туды.
Жеке азаматтар да, қауымдастықтар да өмірдің мәніне Осы соңғы кезең
туралы елбасы «Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы
– тарихтың толқынында өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиетін түсінуге
тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр. ... Бірақ бұл мүмкіндік қана, ол
шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жап-
пай санасына орныққан фактіге айналуы қажет» [16, 45 б.] деген орынды
тұжырым жасайды.
Қазақтың ежелгі даласындағы түркі тілді мәдениеттің терең астарлы
тарихына үңілетін болсақ, онда әлемдік мәдениетке өзіндік үлесін қосатын
талай мәдени мұраның қорына тап боламыз. Оның өзара түсіністікті
құптайтын рухани табиғаты бар екенін қазіргі заманның көзі қарақты гу-
манитарлы саланың мамандары байқап отыр. Тек осы рухани байлықты
төкпей-шашпай, келесі ұрпаққа барлық қадірін түсірмей жеткізе білу
қазіргі заманның зерделі қоғамының тарихи міндеті екенін атап өте ала-
16 Қазақ руханияты: тарихи-философиялық
және этномәдени негіздер
мыз. Бұл рухани мұра жалпы түрік әлемінің ортақ құндылығы, оларды
біріктіре түсетін тарихи қайнар көздері екені де анық. Мемлекетіміздің осы
руханилыққа толы игілікті іс соңғы жылдары қолға алынуда. Мәдениет пен
өркениеттің тереңіне үңілген ғалымдардың, зерттеушілердің көмегімен үл-
кен бағдарлама жүзеге асырылуда. Бұл күрделі мәселе рухани болашақты
ойлаудан, қазіргі заманның диалогын орнықтыруға тырысудан туындаған
қадамдардың қатарына жатады. Ежелгі замандағы, орта ғасырлардағы түркі
тайпаларында таралған мәдениеттің, тіпті кешегі Кеңестік кезеңге дейінгі
қазақ мәдениетінің негізгі сипатттамасын көбінесе дәстүрлі қоғамның мәде-
ниетінің көріністеріне жатқызу ғылыми зерттеулерде орын алған.
Көне түркілік жазба ескерткіштері баяғы заманның өзінде түркі
мәдениетінің, руханиятының біршама биік деңгейге көтеріле алғанынан
хабардар етеді. Түркі мәдениеті кезеңіндегі руникалық жазулар арқылы
Күлтегін ескерткішінің мәтініне, оның мағынасына назар аударып, қазір-
гі кезеңде оның дүниетанымдық құрылымына талдау жасауға бет бұра
бастадық. Бұл ескерткіш түркілік хаткерлік мәдениетінің нағыз тари-
хи мұрасы екені белгілі. «Руникалық», яғни құпия жазулар деген атқа
ие болған ежелгі түркілердің жазулары сияқты көне заманның тари-
хи белгілері әлемнің көптеген халықтарының мәдениетінен табылған.
Мәселен, ежелгі Германия жерінде, Скандинавия елдерінде осындай тари-
хи ескерткіштердің табылғаны жөнінде кейбір деректер кездеседі. Әрине,
жазба ескерткіштерінің әлемнің сан алуан елдерінде, өркениеттерінде
әртүрлі формада, кейіптерде көрініс бергенін тарихи зерттеулер нәтиже-
лері көрсеткені де белгілі. Мәселен, Ежелгі Мысыр, Шумер, Ежелгі Қытай
және Ежелгі Үнді елдерінің жазба мәдениетіне назар аударып қарасақ,
онда бұл мәдениеттердің әрқайсысында жазуды қолданудың өздеріне ғана
тән сипаттағы әралуандықты байқаймыз.
Тарихтың даму логикасына сәйкес түркілік мәдениеттің эволюциясын-
да небір өзгерістер болып отырғаны қазіргі кезеңде белгілі болып отыр.
«Түркі жазуы – түрік хандығын кұрған Естемес, Түмен, Күлтегін сияқты ел
басшылары 552–744 жылдары кең қолданған жазу. Ал, енді қазіргі тәуелсіз
Қазақстан территориясының өзінің әр жерінде түрлі этнографиялық зерт-
теулер барысында замандастарымызға оқылуы жағынан бірталай қиын-
дықтар туғызатын руникалық сипаттағы жазба ескерткіштері кездесіп
қалатындығы жөнінде ғалымдар оқтын-оқтын ғылыми ортаға мәліметтер
беріп тұрады» [17]. «Уақыт өте келе қазақ қоғамының тарихында түрік жа-
зуын қолдану сиреп, ол кейін түріктердің өздері оқи алмайтын «өлі жазуға»
айналды. Дегенмен көне түрік жазуларының нышандары халқымыздың
рулық таңбаларында сақталды», деп жазады түркілік дәуірді зерттеуші
ғалымдар [18]. Яғни, көненің мәдени мұрасы түгелімен жойылып кетпей,
ғасырлар сабақтастығын сақтай отырып, қазіргі заманның мәдениетіне
де жетіп отыр. Әрине, ол таңбаларды, жазуларды қайтадан қолданысқа
енгізуді алға мақсат етпейтініміз белгілі. Дегенмен, қазіргі замандағы
зерттеу талпыныстарымыз тарих қойнауындағы бабаларымыздың ру-
|