Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет11/42
Дата03.03.2017
өлшемі2,34 Mb.
#6131
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
96
кейінгі ғылым дамуына оның ғылыми теориялық мұраларының 
игілікті ықпал-әсері тигенін көптеген зерттеушілер айтқан.  
ХХ  ғасырдың  басында  Қазақ  ағартушылығы  өзіндік  руха-
ни  мән  иеленіп,  жаңа  қоғамдық-саяси  жағдайға  сәйкес  әдеби, 
ғылыми, білім алу салаларына тың серпіліс беруімен  қайта өрлеу 
сипатындағы  айырықша  құбылысқа  айналды.  Қазақстанның 
қоғамдық-саяси,  мәдени-әлеуметтік  өмірін,  елін  білім  және 
ғылым  нұрымен  өркениетті  жағдайға  жеткізуді  мақсат  еткен 
тұлғалар  айқындады.  Осы  заманның  аса  көрнекті  өкілі,  қазақ 
зиялыларының  рухани  көсемі  аталған  А.  Байтұрсынұлының  за-
манауи ғылыми-теориялық  білімнің бастауында тұрып атқарған 
қызметінің маңызы мен ауқымы аса зор. Қазақ халқы сан ғасырлық 
көшпелі  өркениеттің  мұрагері  ретінде,  қордаланған  бай  рухани 
мәдениетті иеленген еді. Бұл мол қазына негізінен ауыз әдебиеті 
түрінде сақталып және күнделікті қолданымдағы, халыққа жақын 
жанды  құбылыс  ретінде  өмір  сүріп,  кеңінен  таратылғандықтан 
зор  рухани-мәдени  құбылыс  болды.  ХХ  ғ.  жалпы  көшпенділік 
өркениеттегі дағдарыспен ұштас мәдени күйзеліс ауыз әдебиетінің 
бұрынғы әлеуетінен айырылып, «сөз қадірі» төмендеуімен, қоғам 
мүшесінің әрбірінің жүрегіне жол тапқан  жалпы халықтық си-
патынан,  жанды  күйінен    ажырай    бастауымен  көрініс  берді. 
Осы қауіпті терең сезінген қазақ ағартушылары ауыз әдебиетінің 
қадірін терең түсініп, рухани, әдеби мұраларды жинап сақтауға 
зор  мән  берді.  Ұлттық  рухани  құндылықтардың  бұрынғы  ауыз 
әдебиеті  дәстүрінде  қалыптасқан  көркем  образдық  әлемі  мен 
көркемдік  құралдары,  жаңа  жазба  әдеби  дәстүр  арнасында  - 
А.  Байтұрсынұлы  «Сындар  дәуір  әдебиеті»  деп  атаған  арнада 
қайта  жаңғыртылып,  дамытылуының  өзектілігі  артты.    Ұлттық 
төлсаналықтың  артуымен  сипатталатын  бірегейлік  белгілері, 
XX  ғасырдың  басында  жетекші  орынға  шыға  бастады.  Осы 
сарындағы  саяси  күрескерлік  үрдісі  және  Алаш  идеясы,  ұлттық 
жаңғыру  мұратын  көксеген  Ахмет  Байтұрсынұлы,  Міржақып 
Дулатұлы,  Сұлтанмахмұт  Торайғырұлы,  Мағжан  Жұмабайұлы, 
Ғұмар Қарашұлы. Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай сияқты т.б. 
Алаш арыстарының шығармашылығынан айқын көрінді. Ұлттық 
бірегейлікке  ұмтылыс  ел  басына  күн  туған  шақтарда  өзектілігі 
арта  түсетін  ұлттық  және  жеке  тұлғаның  төлсаналылығының 
шарықтауымен  сипатталатын,  ұлттың  өміршеңдігінің  кепілі  бо-
лып  табылатын  табиғи  құбылыс  ретінде,  А.  Байтұрсынұлының 
ғылыми ізденістерінен айқын көрініс тапты.

97 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
Туған  жер,  Отан,  елінің  рухани-мәдени  мұрасы  –  кез  кел-
ген  этностың  тәуелсіз,  егеменді  тұрмыс-тіршілігінің  кепілі  ғана 
емес,  оның  тамырын  тереңнен  тартқан  таным-түсінігіндегі  ең 
қадірлі,  қастерлі  ұғымдардың  ұйытқысы.  Сондықтан  да,  А. 
Байтұрсынұлының  қазақтың  асыл  сөз  өнеріне  айырықша  көңіл 
бөліп, оның теориялық негізін, ғылыми аппаратын, әдіснамалық 
үрдісін қазақ тілінде зерттеп қалыптастыра бастауы түсінікті бол-
са  керек.  Алаш  қайраткерлері  қазақ  әдебиеті  мен  мәдениетінің 
қалыптасуындағы шешуші кезең болған кеңестік дәуірдің алғашқы 
жылдарында  күрделі  де  қайшылықты  жағдайда  өмір  сүріп, 
халықтың рухани мұраларын сақтау, заманауи қалыпқа сай наси-
хаттау, зерттеу және сонымен қатар, заман талабына сай көркем 
шығармашылықты да дамыту бағытында тынбай еңбектенді. «...
Құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлттық намысын 
жыртып, ұлттық арын жоқтаған жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың 
кейбір оқығандары арларын сатып, ұлықтық іздеп жүрген кезде 
Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды. Қазақ халқының 
арын намысын жоқтап, «Маса» атты өлең кітабын және «Оқу һәм 
тіл құралын» жазып шығарды.  Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын 
сүйетін, шын ұлтшыл. Өз ұлтын ғана сүйетін Ахаң, өзі айтқандай 
«қызыл»  бола  алмады»  [1,  9  б.]  деп  жазады  С.  Сейфуллин  1923 
жылы  Ахмет  Байтұрсынұлының  50-жылдық  мерейтойына  орай 
жазған мақаласында 
Ұлттық  сананың  нығаюын,  өркениет  керуеніне  ұлттық 
төлтумалылығын сақтай отырып көш түзеуін мұрат тұтқан Алаш 
арыстарының  ғылымға,  білімге  ерекше  көңіл  бөліп,  өскелең 
ұрпақты  осыған  баулуы,  халқына  риясыз  қызмет  жасауға, 
отансүйгіштікке  тәрбиелеуі,  Абайдан  жалғастық  тапқан  үлгі-
өнеге еді. Отарлық езгіден соң  ұштаса келген қызыл террордың 
қатыгездігіне қарамастан «қанаты қатая бастаған ұлттық сананың 
басты қаруы – әдебиет» деп білген   А. Байтұрсынұлы әдебиеттің 
асыл  мұраларын  жинап  сақтаудан  бастап,  оның  сөз  өнері 
ретіндегі мән-мағынасын ашатын теориясын  зерттеуге де, оның 
құрылымын түзетін тіл білімінің негізін зерттеуге де айырықша 
қажыр қайратпен еңбек сіңірді. Оның әлеуметтік-философиялық 
көзқарастары  қоғамдық-саяси  бағыттағы  көсем  сөзінен  анық 
көрінетін. 
Қазақ  тарихындағы  ақтаңдақтар  ашыла  бастаған  кезеңде 
А.  Байтұрсынұлының  қазақ  әдебиеті  мен  тіл  білімі  ғылымын 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
98
дамытудағы    қызметі  мен  оның  мұраларының  ғылыми 
құндылығын  ғалымдар  жоғары  бағалап,  ой-пікірлерін  білдіре 
бастады.  Алғашқылардың  бірі  болып  Академик    Р.  Нұрғалиев 
«Алып  бәйтерек»  атты  ғылыми  зерттеуінде:  «Қазақтың  ұлттық 
әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, ба-
сты-басты  терминдері  мен  категориялары  түп-түгел  «Әдебиет 
танытқышта»  қалыптастырылған»  деді  [2].  А.  Байтұрсынұлы 
әдебиетті  «асыл  сөз  өнері»  деп  танып,  оның  танымдық, 
көркем  бейнелік,  терең  рәміздік  қасиеттерін  ашуға,  ұлттық 
ерекшелігі  мен  халықтық  сипатын  көрсетуге,  эстетикалық  әсері 
мен  этикалық  ғибратын  бағамдауға  назар  аударып,  пәндік 
ұғымдарды,  терминдік  атауларды,  категориялық  түсініктерді, 
стильдік  айырмашылықтарды  саралап,  жүйелеп,  талдап,  нақты 
атаулары мен анықтамаларын берді. «Мұндай еңбек бізде бұған 
дейін де, бұдан кейін де қайталанған жоқ, ... Көркемдік әлеміндегі 
сөз  өнерінің  сай-саласын  ұғындыратын  «Әдебиет  танытқыш»  - 
қазақ  әдебиеттануының  негізін  қалаған  қондырғы  фундамент» 
деп жазған Т. Кәкішев «Әдебиет   танытқыштың» гуманитарлық 
ғылымдар саласындағы маңызын жоғары бағалады [3, 210-211 б.]. 
Академик  З.  Қабдолов  тәуелсіздік  дәуірдегі  жаңаша 
көзқараспен жазған ғылыми зерттеуінде «Әдебиет танытқышты»  
қазақ тіліндегі тұңғыш қомақты теориялық зерттеу еңбек ретінде 
анықтай  отырып,  «...Егер  Лессинг  өзінің  «Гамбург  драматургия-
сында» Аристотель «Поэтикасын» мінсіздік тұрғысынан «Евклид 
элементтерімен» қатар қойған болса, біз бүгін Ахаңның «Әдебиет 
танытқышын»  Аристотель  поэтикасымен  салыстырар  едік. 
Мұның мәнісі    екеуі де: бірі – грек әдебиетінің, екіншісі – қазақ 
әдебиетінің алғашқы «әліп-билері». Асылы, үздік қасиеттер бір-
бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-біріне соғұрлым ұқсас бола-
ды» [4, 68 б.] дейді. Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш», 
«Қазақтың бас ақыны», «Тіл құрал» және т.б. ғылыми-теориялық 
еңбектері ұлттық мәдени мұраның өзіндік ерекшеліктеріне назар 
аудара отырып, басты қасиеттерін ашып, ғылыми объективтілікті 
сақтап, әлемдік озық тәжірибені пайдаланып теориялық тұрғыдан 
зерттеудің бүгінге дейін өзектілігін жоймаған озық кәсіби үлгісі.
«...В  результате  научно-педогогических  трудов  Ахмета 
Байтұрсынова мы имеем казахскую азбуку, фонетику, синтаксис 
и этимологию казахского языка, теорию словестности и историю 
культуры.  Этим  кропотливым  трудом  Ахмет  Байтурсынов  под-

99 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
нял казахскую словестность на высокую ступень и заложила проч-
ную фундамент для национальной школы и родной литературы» 
[5,25б.]  деп  жазған  Міржақып  Дулатұлы  А.  Байтұрсынұлының 
мерейтойына арнайы жазған зерттеу мақаласында.
Ахмет Байтұрсынұлының атақты «Маса» жинағындағы /1911/ 
жетекші  сарындардың  бір  –  ұйқыдан  ояту  тақырыбы  болуы, 
қазақты ояту, яғни, ғылым білімге үндеу сарынымен байланысты.  
«Баяғы  қалпы,  //  Баяғы  салты,  //  Бұл  неткен  жұрт  ұйқышыл?!»; 
«Талауда малың, // Қамауда жаның, // Аш көзіңді оянып». Тіптен, 
жинақтың  атауы  «Үстінде  ұйықтағанның  айнала  ұшқан  «Маса» 
болуы да «оятушы» образына меңзеп, рәміздік мән иеленіп тұр. 
Масаның әлсіздігі мен мазасыздығы, қақы жеген нәзік дәрменсіздігі 
ғұламаның инемен құдық қазғандай надандыққа қарсы толассыз 
еңбегіне меңзейді. «Жиған-терген» атты өлеңінде ақын, біріншіден 
қазақ халқының терең ұйқыдағы халіне қамығып, ашына айтады. 
«Ұйқышыл жұртты // Түксиген мұртты // Обыр обып, сорып тұр. 
// Түн етіп күнін, // Көрсетпей мінін, // Оятқызбай қорып тұр. // 
Обыр болса қамқорың, // Қайнағаны сол сорың! – десе, екіншіден
ол,  -  Оянған  ерге  //  Ұмты  лған  жерде  //  Еруші  аз  да,  серік  кем» 
[1,  56  б.],  деп,  бостандық  аңсарын,  отаршылдың  озбырлығын, 
бірегейліктің ұйтқысы болар ердің етекбасты болған қайғысын да 
айтады. 
Ағартушылық  дәуірінің  ағымында  Ахмет  Байтұрсынұлы, 
Міржақып Дулатұлы секілді - жаңа сападағы қайраткер-қаламгер 
тұлғасы туып, танылды. Ағартушылықтың күрескерлері де ұйқы, 
ұйқыдан ояну тақырыбын көп қозғады. Бұл Дулат Бабатайұлынан 
бастау  алатын  «Ұйқы  басып,  сезбедің,  Шырмағанын  жаудың 
сырт»  деген  ұйқы  және  ояту  сарыныны  еді.  Осы  идеяның  әрі 
қарайғы  жетіліп-жаңғыруы  да  ұлттық  серпіліске,  надандықтан 
шығуға  үгіттеудің  нышаны  болып,  сергектікке,  белсенділікке, 
енжарлықтан  құтылуға,  ғылым-білімге  ұмтылуға  шақырумен 
көрініс  табады.  Поэтикалық  тұрғыдан  парықтағанда,  ұйқы  – 
құлдық  құрсауындағы  елдің  қауқарсыз,  қамсыз,  қараңғы,  ғапыл 
қалпының  бір  символы  еді.  Ояну  –  рухани  серпілу,  бойдағы 
қате-кемшіліктен арылу үшін сілкіну, ғылым-білімді игеру, өнер 
меңгеру, ұлтық сананы сергіту, ең бастысы санадағы ояныс.
Міржақып  Дулатұлы  қазақтың  азаттық  қозғалысының 
манифесі  «Оян  қазақ!»  атты  жинағында  /1909/  ұлтты  ұйқыдан 
тұрғызу  мәселесін  концептуалдық  дәрежеге  көтеріп,  оны  нақты 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
100
білім мен білікке арқа сүйейтін қауырт қимылға құштарлықпен 
саяси  күрескерлікпен  сабақтастырды.  Әдебиеттегі  ояну,  ғылым-
білімге  талпыну  мотивінің  күрт  күшейіп,  жаппай  жайылуына 
1905–1907 жылдардағы бірінші орыс революциясынан кейін озық 
ойлы  қауымның  ортасында  қалыптасқан  мемлекетшілдік  көңіл-
күй  себеп  болды.  ХХ  ғ.  қазақ  ағартушылары  «Ояну»  мотивін 
ұлттық  жаңғыруға,  өркениет  көшіне  ғылыммен  және  біліммен 
ілесуге  шақырудың,  бірегейлікке  ұмтылыс,  серпілуге  тұтасуға 
шақырудың ұраны етті. Мысалы: «Серпілмей тағы біраз ұйықтай 
түссек,  //  Басқаның  құл  болармыз  қаласына»  (Сұлтанмахмұт), 
«Пыр-пыр ұйықтап сорлы қазақ тек жатыр, // Қанды жаспен екі 
көзін  шылатпай»  (Мағжан),  деген  сөзде  сол  кезеңнің  көкейкесті 
сарынын сездіреді.
Ағартушылар надандық атты «темір тордың, қараңғылықтың 
ішінде шынжырлаулы жатқан» /Міржақып/ қазақты тығырықтан 
шығарудың  ең  ұтымды  да  ұтқыр  жолы  есебінде  ояну  арқылы  - 
оқуды, оқу арқылы оянуды ұсынды. Толық тәуелділіктегі  отарлық 
қамытын  киген,  бодан  жұрт  үшін  бір  сәттік  баянсыз  бұлқыныс 
пен қарулы қақтығысқа, болашаққа бағдар алған іштей ширығу 
мен  шыңдалудың,  түлеу  мен  толысудың,  жаңару  мен  жетілудің 
күш-қуат  жинаудың  маңыздылығы  зиялыларымызды  осындай 
тиянақты тұғырнамаға табан тіретті. Сондағы басты қағида: ғылым 
мен  білімді  насихаттау  еді.  Осы  күрестің  алғы  шебіндегі  Ахмет 
Байтұрсынұлы  үшін  сөз  өнерінің  теориялық  метеодологиялық 
негізін зерттеу басты мақсат болғаны сөзсіз.
Ұлттық  жаңғыру  жағдайында  тарихи  генеалогия  шешуші 
шарт, нық негізге айналады. Мемлекеттің атауы ғана емес белгілі 
бір  нәсілдік  қауымдастықтың  бірегейленуі  этнонимнен  яғни, 
ұлттың  атауынан  көрініс  табады.  Қазақ  ағартушылары  осы 
заңдылықтың  ортақтығын  зерделеді.  Ахмет  Байтұрсынұлы  1913 
жылы үлкен еңбекпен ашқан алғашқы газет, «Қазақ» газетінің жа-
рияланымдарында: «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың 
аруақты аты деп, газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық» (1913. №1); 
«Біздің  газетіміздің  таңбасы  «Қазақ»,  яғни  қазақтығымызды 
сақтау.  Қазақтық,  әрине,  аты  мен  тілі  жоғалмаса  сақталады»; 
«Тарих кітаптарындағы көп қатенің бірі – тарих жазушылардың 
ешбірі қазақ пен қырғызды айырмайды. Қазақ – қазақ! Қырғыз – 
өз алдына қырғыз. Түрікмен мен башқұрт қандай басқа-басқа ел 
болса, қазақ пен қырғыз да сондай басқа ел (1913. № 2) [6],  т.б. 

101 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
тақырыптар кеңінен қозғалды.  Қазақтар да өздерін атам заман-
нан  «қазақ»  деп  келгенін,  «қырғыз»,  «қайсақ»,  «қырғыз-қайсақ», 
«қазақ-қырғыз»  тәрізді  жанама,  жалған  есімдер  халқымызға  от-
арлаушылар  жағынан  жөн-жосықсыз  таңылғандығын  дәлелдеп, 
қоғамдық пікір туғызып, ұлтымыздың тарихи атауын халық сана-
сында қайта жаңғырту, оңтайлы сәтте өз жемісін берді. Қазақ ата-
уы ресми түрде Кеңес заманында 1925 жылы қайтарылған еді. Ах-
мет Байтұрсынұлы өзінің осындай белсенді қоғамдық қызметімен 
қатар, ғылымға да зор мән беріп өзінің сүбелі еңбектерін қалдырды.
Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» атты зерттеуінің 
кіріспе бөлімі «Аңдатуда» қысқа, нұсқа тұжырымды түрде, өнер 
түрлерін талдайды. «Өнер түрлі болады. Біреулер үй салады, арық 
қазады, етік тігеді, арба істейді, киіз басады, ыдыс істейді. Тағысын 
тағы шаруаға керек нәрселерді жасайды. Біреулер көрікті мешіт, 
көрнекті там, көркем сүгірет салады. Әдемі ән, әсерлі күй, ажарлы 
сөз шығарады. Алдыңғы өнер мен соңғы өнердің арасында айы-
рым бар. Алдыңғы өнерден шыққан нәрселер күн көру ісіне қажет 
шаруа керек-жарақтары. Мұны істегенде «Сұлуынан –  жылуы» 
дегендей көркем болу жағын көздемейді, тұтынуға қолайлы, жай-
лы, берік болу жағын көбірек көздейді. Екінші өнерден шыққан 
нәрселер – жылуынан гөрі сұлу болу жағы көбірек көзделінгеннен 
көзге көркем, көңілге жағымды болып істелген нәрселер: алдыңғы 
нәрселер  адамның  мақұлықтық  жан  сақтау  керегінен  шыққан 
нәрселер,  соңғы  нәрселер  адамның  жан  қоштау  керегінен 
шыққан  нәрселер.  Сондықтан  алдыңғы  нәрселерді  жасауға 
жұмсалатын өнер – тіршілік үшін жұмсалатын тірнек өнері бо-
лады да соңғы нәрселерге жұмсалатын өнер – көркемшілік үшін 
көрнек  өнері  болады»  [7,  6б.]    Ойшылдың  адамның  тән  қажеті 
мен  жан  қажеттілігін  ажыратып  айтып,  осыны  басты  ұстаным 
етуі  аса  маңызды.  Адамның  мақұлұқтық  жан  сақтау,  тіршілік 
қажеттілігіне  байланысты  «тірнек  өнерінен»  басқа,  жан  қоштау 
қажеттілігіне,  яғни  рухани  сұранысынан  туатын  өнер  түрін 
көрнек өнері деп анықтауы – автор сөз өнерінің эстетикалық си-
патына  басты  назар  аударып  отырғанын  көрсетеді.  «Поэзия  өз 
бойына ішкі рухани әлемнің барлық ерекшеліктерін жинақтаған, 
пластикалық  өнер  түрлері  мен  музыкаға  да  тікелей  байланысы 
бар сөз өнерінің түрі. Бір қырынан алып қарағанда, поэтикалық 
өнерде музыкадағы сияқты сәулет, мүсін, кескін өнерінде мүлдем 
көрінбейтін  ішкі  әлем  мазмұны  көрінеді.  Екінші  жағынан,  ру-

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
102
хани  дүние  ауқымында  поэзияның  өзі  көңіл-күй  алмасуларын, 
сезім әуендері мен үрейді, қандай бір оқиғаның шиеленісуі мен 
шешімін бейнелейтін, басқа өнер түрлеріне тән емес кең түрдегі 
объективті әлемді туындатады.
Өзге  өнер  түрлеріне  қарағанда,  сөз  өнерінің  мазмұнға 
қарым-қатынасында  еркін  тыныс  бар.  Кез  келген  мазмұн,  рух 
пен  табиғаттың  барлық  белгілері,  оқиға,  тарих,  қарым-қатынас, 
сыртқы  және  ішкі  қалып  поэзияда  түрленіп,  мазмұнға  ие  бо-
лады.  Өмірді  бейнелеу  тұрғысынан  ақын  суретшіден  жоғары 
тұрады. ...Ақынның үнінен естілер әуенді музыка да жеткізе ал-
майды,  картина  да  бейнелей  алмайды.  Бұл  –  поэзияның  ешкім 
аңғармас  мүмкіндігі»  [8,  21  б.]  деген  Гегельдің  эстетика  туралы 
лекцияларындағы пікірінен сөз өнерін басқа өнер түрлері сияқты 
адамның рухани шығармашылығының жемісі деп біле тұра, оның 
танымдық-мазмұндық байлығына мән бергенін көреміз. Осымен 
үндес  пікірді  Ахмет  Байтұрсынұлы  әдебиет  теориясы  туралы 
тұжырымдарынан кездестіреміз. «Көрнек өнері» деп атау арқылы 
олардың  эстетикалық  сипатына  басты  мән  бере  отырып,  яғни 
көркем шығармашылықты  бес тарауға бөледі. Оларды: «сәулет 
өнері» (архитектура), «сымбат өнері» (мүсіншілік), «кескін өнері» 
(живопись), «әуез өнері» (музыка), «сөз өнері» (қазақша – асыл сөз, 
арабша – әдебиет, Еуропаша – литература). Әрқайсысына қазақ 
тілінде  нақтылы  атауы  мен  тұжырымды  сипаттамасын  беріп, 
«Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шамаларынша сөз өнері 
атқара алады. Қандай сәулетті сарай болсын, қандай сымбатты я 
кескінді сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын – сөзбен 
сөйлеп, сүгіреттеп көрсетуге, танытуға болады, Бұл өзге өнердің 
қолынан  келмейді»  [7,  7  б.]  деп    әдебиеттің  мүмкіндігі  жайлы 
ойын тұжырымдайды. 
«Жалпы  алғанда  поэзиялық  өнерді  түрлі  табиғи  себептер 
туғызған  сияқты.  Біріншіден,  еліктеу  адамдарға  бала  кезден  тән 
нәрсе,  осынысымен  олар  өзге  хайуандардан  ерекшеленеді,  адам 
әрі  еліктеуге  өте-мөте  бейім  келеді,  соның  арқасында  алғашқы 
ұғым-түсініктерді  жинақтайды,  екіншіден,  еліктеудің  нәтижесі 
барлығын  да  рақат  сезіміне  бөлейді...  Атап  өткен  жайлардан 
айқын  аңғарылатын  нәрсе:  ақынның  міндеті  –  ақиқат  болып 
өткенді  әңгімелеп  беру  емес,  болуы  мүмкін  жайларды,  яғни 
қажеттілік  немесе  ықтималдық  бойынша  мүмкін  жайларды  ай-
тып  беру.  Осы  себепті  де  поэзия  тарихқа  қарағанда  неғұрлым 

103 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
философиялық  мәнге  ие  және  байыптырақ:  поэзия  неғұрлым 
жалпыға ортақ жайларды айтса, тарих дара, жекелік жайларды 
сөз етеді.
Бұдан  шығатын  қорытынды:  ақынның  белгілі  бір  өлшемді 
ұстанғанынан гөрі неғұрлым фабула түрлендіруші творчестволық 
тұлға болғаны жөн, өйткені ол өзінің еліктеуі арқылы өмірді қайта 
танытатын  ақын,  ол  қимыл-әрекетке  еліктейді.  Ол  тіпті  ақиқат 
болған жайды бейнелеген жағдайда да ақын болып қала бермек, 
өйткені, ақиқат болған оқиғалардың кейбірінің ықтималдық және 
мүмкіндікке орай өзгеріп, басқаша сипат алуына ештеңе де бөгет 
бола алмайды, міне осы тұрғыда ол (ақын) – сол өзгерістерді жасау-
шы творчестволық тұлға» [9, 9 б.] деген Аристотельдің поэзия өнері 
туралы пікіріне қарасақ поэзияның еліктеушіліктен туатындығына 
баса назар аударатынын, алайда, ақынның шығармашылық тұлға 
екендігін де жоққа шығармайтынын көреміз.  Жалпы бұл еліктеу 
теориясы  өнердің  тегін  анықтау  тұрғысында  туындаған  сонау 
антикалық кезеңдерден бастау алатын түсінік. Алғашқы әдебиет 
пен  өнер  ертедегі  адамдардың  табиғат  құбылыстарына,  хайуа-
наттар әлеміне еліктеуінен туындаған деген ұғымынан шығатын 
бұл көзқарас батыстық дүниетанымның көрінісі. Мәселен, Демо-
крит: «Біз өрмекшіден ән салуды, аққу сияқты әнші құстардан ән 
шырқауды  үйрендік»  дейді.  Аристотельдің  «Поэтикасында»  да 
әдебиет пен өнердің еліктеуден бастау алатынына ден қоятынын 
көреміз.
Ал, Ахмет Байтұрсынұлының өнердің рухани бастауына ден 
қойып, асыл сөз өнерінің де «жан қоштау» қажетінен шығатынын 
негізгі  қағида  ретінде  алға  тартуы  оның  теориялық  ізденісінің 
өзіне тән ерекшелігі болып табылады.  Бұл жалпы мұсылмандық  
шығысқа  тән  өнер  –  жаратылыс  көркемдігінің  сырлы  әлеміне 
бойлау  арқылы,  оны  көркем  шығармашылық  игеру,  адамның 
рухани  әлемімен  үндестігін  түйсіну және  осы әсерді өнер  туын-
дысына сиғызу көрінісі деген түсінікпен үндес. Жалпы өнертану 
тарихында  өнердің  шығу  төркіні,  шығармашылықтың  оның 
ішінде сөз өнерінің табиғаты жайлы теорияларды Аристотель, әл-
Фараби, Гегель, Лосев,  В.Г. Белинский, Н.Г. Чернышевский, т.б. 
ғылыми еңбектерінде сипатталған. Ал, Ахмет Байтұрсынұлының 
еңбектерінде  көптеген  ғалымдардың  теориялық  ізденістерін 
меңгеріп,  кейбір  талдаушылық,  әдіснамалық  негіздерін 
қолданғанымен  қатар,  қазақ  әдебиетінің  теориясын  қазақ  әдеби 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
104
үдерісінің ауқымында, оның нәзік ішкі иірімдерін терең түйсіне 
отырып,  арналары  мен  салаларының  таралымын,  сабақтастығы 
мен өрілімдерін анық ажыратып, нақтылы төлтума қазақы ұғымға 
сай  атауларын  беріп,  рухани  бастауларымен  етене  байланыста 
түсіндірілген.  Ол қолданған кейбір  атаулар пән сөздері бүгінгі 
қолданымдағы атауларлармен сәйкес келмеуі мүмкін, сөйте тұра 
«Әдебиет  танытқышта»  қолданылған  ұғымдар  өзінің  ұғымға 
қонымдылығымен және табиғи  түрде қазақ тілінің ойқазанында 
қорытылған  төлтумалылығымен  ерекшеленеді.  Көптеген 
пікірлері  мен  қисындары  қағидалары,  ой-тұжырымдары  өзінің 
сонылығымен  және  тереңдігімен  шығармашылықтың  психоло-
гиясы,  өнертану,  адамтану  мәселелері  бойынша    тың  ойларға 
жетелейді, ой-пікірге қозғау салады. 
Ахмет  Байтұрсынұлы  «Әдебиет  танытқыштың»  «Сөз  өнері» 
атты бөлімінде сөз өнерінің адам санасының үш негізіне: 1. Ақылға, 
2. Қиялға 3. Көңілге  табан тірейтінін айта келіп, «Ақыл ісі – аңдау, 
яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі 
– меңзеу, яғни ойдағы нәрсені белгілі бір нәрселердің тұрпатына, 
бейнесіне ұқсату, бейнелеу суреттеп ойлау, көңілісі – түю, талғау. 
Тілдің міндеті  - ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін 
меңзегенше,  көңілдің  түюін  түйгенше  айтуға  жарау»    [7,10б.]   
деп  түйіндейді.  Осыдан  байқайтынымыз  Ахмет  Байтұрсынұлы 
шығармашылықты табиғатын адамның рухани ізденісінің жемісі 
деуімен қатар, оны адамның психологиялық қалыбына да байла-
ныстыра зерттейді. Тұжырымды, жұмыр оймен адам санасының 
басты  шығармашылық  қызметі  сөз  өнерінің  бастау  алатын 
психологиялық негіздерін сипаттап береді. Ахмет Байтұрсынұлы 
атаған жоғарыдағы үш тірек туралы «Ақыл, қиял, көңіл зерттел-
мей, адам табиғаты жан-жақты танылып, оның ішкі жан дүниесіне 
тереңдей ену мүмкін емес. Демек, әдебиетті – сөз өнері арқылы 
адамды зерттейтін ғылым, яғни адамтану ғылымы деп алғаш рет 
Ахмет Байтұрсынұлы айтып ғылыми айналымға енгізген» [10, 8 б.] 
деген зерттеушінің пікіріне қосыла отырып, шындығында да сөз 
өнері адам жанын танитын ғылым болғандықтан оның теориялық 
қырларын  адамның  рухани  әлемімен  және  психологиялық 
жан  жүйесіндегі  үдерістермен  байланыстыра  зерттеген  Ахмет 
Байтұрсынұлы  ізденісі  сол  кезеңнен  бүгінге  дейін  өзектілігін 
жоймаған аса маңызды жаңалығы деп білеміз.
«Ішіңдегі  пікірді,  қиялды,  көңілдің  күйін  тәртіптеп, 
қисыны, қырын кестесін келтіріп, сөз арқылы тысқа шығаруды» 

105 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет