Байланысты: Бижанова М.А. Қазақ философиясы тарихы 2 том (1)
III тарау. Қазақтың халық философиясының дүниетанымдық ерекшеліктері арманы мен эстетикалық түсініктері шынайы бейнеленген. Олардың
шығармашылығында сұлулық пен әсемдікті, ерлік пен елдікті
жырлау басым болып келеді.
ХV ғасырдың ортасында пайда болған Қазақ хандығы ұлттық
мәдениет пен әдебиеттің өрістеп-өркендеуіне орасан ықпал етіп,
ерекше жағдай жасады. Алтын Орда заманында ертеден бері
жалғасып, әрі дами түскен жалпы түркілік руханияттың мұрагері
ретінде ұазұа халқы мен мемлекеті енді бабалардан қалған мирасты
сақтап ғана емес, оны байытып, жаңғыртуға міндетті болып, соған
күш салды. Бұл дәуірдегі мәдениет өзінің түр сипаты, мазмұны мен
тақырыбы жағынан алғанда алуан түрлі болды.
Жеке отау тігіп, өз мемлекеттігін құрған қазақ елі үшін ХV–ХVІ
ғасырларда ең басты мәселе – жаңа құрылған мемлекетті күшейту
мен қорғау болды. Бүкіл қоғамдық ой-сана, елдің аңсары – ұлттық
тұңғыш мемлекетті сақтап қалу болды, елді жұмылдырып, бір
жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын, барлық румен тайпаларды
бір орталыққа қаратып, ішкі алауыздық тиятын әрі сыртқы
дұшпандарға тойтарыс бере алатын, яғни елдің қамын ойлап, ел
үшін аянбай еңбек ететін әмірші керек екенін жақсы түсінген халық
мемлекет күшті болу үшін ақылды да абыройлы хан керек деп, осы
идеяны дәріптеді. Халық арасындағы, қоғамдық санадағы осындай
этикалық идеяны, хандық идеологияны барынша жақтап, елді соған
үгіттеуге ерекше күш салған қайраткерлердің ішінде ақындар мен
жыраулар, би-шешендер өздерінң құдіретті сөзімен, үлгілі ісімен өз
үлестерін қосып, орасан еңбек сіңірді.
Шешендік сөздер қашанда әрбір халықтың күнкөріс кәсібі
мен тұрмыс салтына, дүниеге деген көзқарас-танымы мен тілек-
мұраттарына, эстетикалық талғамына сәйкес туып қалыптасады.
Шешендік сөздер заман дәуір талабына сай ғасырлар бойы сан
түрлі өзгеріске ұшырап отырған. Олардың ішінен жұрт жүрегіне
ұялағандары ғана сақталып бізге жеткен. Бұл ұзақ дәуірлер
бойындағы өмірлік тәжірибе мен білімнің, ой толғамның жиынтығы,
қар ақылды қақ жарған әділдіктің, шындықтың жыршысы болып
келгени жанр.
Қазақ еліне шешендік өнердің қалыптасқан, өзге халықтарда
кездесе бермейтін дәстүрлі өз мектебі болған. Қазақ елінде дер
кезінде тауып айтылған тапқырлық пен аталы сөзге қарсы уәж
айтылмаған. шешендік сөздің ел өміріндегі орны мен мәні ерекше
болған. Ру арасындағы кішігірім дау жалдан бастап, ел ішіндегі жер
дауы, жесір дауы, тіпті барымта, адам өлімі мен құн дауларын білікті
билар шешіп отырған екі жақтың даугер билері не бір күрделі,