кітап оқу» жобасы қолға алынған. Кӛркем шығарма оқуға
баулудың ҥшінші қадамы – «100 кітап оқу» акциясы. Бұл
жоба бойынша мектеп қабырғасында білім алып жүрген әр
оқушы бір оқу жылына бағдарламадан тыс 100 кӛркем
шығарма (қазақ тілінде) оқып шығады. Оқу жылының
басында оқитын шығармалар тізімі беріледі. Жартыжылдық
соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мамандарымен
бірге әр кітаптың мазмұны мен идеясы талқыланады.
Оқылған кітаптар тізімі оқушылардың «Мен оқыған кӛркем
шығармалар» атты дәптеріне тіркеліп отырады. Осы дәптер
бойынша жыл соңында есеп беріледі. 2018-2019 оқу
жылында 8-сыныптар бойынша оқушылардың 85%-ы жалпы
саны 25 кітап, 9-сыныптар бойынша оқушылардың 92%-ы 53
кітап, 10-сыныптар бойынша оқушылардың 95%-ы 80 кітап,
11-сыныптар бойынша оқушылардың 97%-ы 100 кітапқа
жуық оқыған. В.И. Даль: «Цивилизацияның жалпы
кӛрінісінде әрбір халықтың орны оның оқыған кітаптарының
санымен анықталады»[3],
–
дейді. Ендеше, бұл жоба кез
келген мектеп үшін таптырмас әдіс, тиімді тәсіл деп білеміз.
88
Кӛркем шығарма оқытудың тӛртінші қадамы – тҥрлі
жарыстарға оқушыларды қатыстыру. Дарындылық тек
жақсы оқумен, үздік болумен шектелмейді. Дарынды
балаларды анықтау — баланың дамуын таңдаумен
байланысты ұзақ процесс. Жас жеткіншектің бойындағы
табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу,
оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу – ерекше
қиын іс. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына
қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту,
қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу
–
ұстаздардың басты міндеті. Бұл бағыттағы жұмыстар
мектепте тӛмендегі реттілікпен жүзеге асырылады:
І. Пәндік олимпиадаларға дайындау:
8-сынып: LS арқылы оқушының бейімділігін анықтау.
Пән
мұғалімдерімен
бірлесе
отырып,
мектепішілік
олимпиадаға дайындау, қатыстыру;
9-сынып:
Мектепішілік
олимпиада
нәтижесін
сараптау, жіберілген кемшіліктерді түзету бағытында пән
мұғалімімен, қолданбалы курс ғалымдарымен бірлесе жұмыс
жасау;
10-сынып: Облыстық, республикалық олимпиадаларға
қатысу, нәтиже кӛрсету; ҚР Ұлттық кітапханасымен және
ғалымдармен байланыс жасай отырып, білімін толықтыру;
11-сынып:
Республикалық,
халықаралық
олимпиадаларға қатысу, нәтиже кӛрсету.
ІІ. Ғылыми жұмыстарға дайындау
8-сынып: LS арқылы оқушының бейімділігін анықтау.
Қолданбалы курс ғалымдарымен, пән мұғалімдерімен
бірлесе отырып, тақырып таңдау, бекіту. Мектеп
бағдарламасы аясында тақырыппен танысу;
9-сынып: Тақырып бойынша зерттеу жұмыстарымен,
ғалымдардың еңбектерімен танысу, саралау. ЖОО-дағы
ғылыми жетекшіден кеңес алу;
10-сынып: Ғылыми жұмысты аяқтау, мектепішілік
ғылыми жобалар сайысына ұсыну, қорғау, нәтиже кӛрсету.
89
Кемшіліктерін толықтыру. ЖОО-дағы ғылыми жетекшіден
кеңес алу;
11-сынып: Республикалық, халықаралық ғылыми
жоба сайыстарына ұсыну, қорғау. Нәтиже кӛрсету.
Жоғарыда
кӛрсетілген
жұмыс
нәтижесінде,
оқушылардың пәндік және ғылыми сауаттылығы артып,
ӛзіне деген сенімі күшейіп, нәтижеде сапалылыққа ұмтылуға
бейімделуде. Соның нәтижесі болса керек, Абай атындағы
мектеп-интернат соңғы 3 жылда Республика бойынша «Ең
үздік олимпиадалық мектеп» атағына және ғылыми жобалар
сайысында «Ең үздік команда» атағына ие болып келеді.
Сонымен қатар, мектепте 2019 жылдың наурыз айында
тұңғыш рет қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен Абай
атындағы
республикалық
олимпиада
ӛткізілді.
Бұл
олимпиаданың мақсаты – Абай ӛлеңдерінің мән-маңызы мен
қадір-қасиетін оқушының түсінуіне бейімдеу, хакім
қарасӛздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгерту,
Абайша ойлауға ұмтылып, сӛйлеу мәдениетін үйрену, тіл
тазалығын сақтауға және күнделікті ӛмірде қолдануға
дағдыландыру. Олимпиаданың салтанатты ашылуында алғы
сӛз сӛйлеген «Дарын» РҒПО зертхана жетекшісі Аманова
Зәуре Малгаждарқызы, абайтанушы, «Хакім Абай» ғылыми-
зерттеу институтының директоры Жабал Шойынбет қазақ
руханиятының бастауында тұрған дана Абайға арналған
мұндай олимпиаданың маңызы зор екенін атап ӛтіп, дәстүрлі
жалғасы боларына сенім білдірді. Үш күнге созылған
олимпиадаға республикадан, ӛңірлік іріктеу турынан ӛткен
білім беру ұйымдарының 9-11-сыныптарынан 73 оқушы
қатысып, 7 оқушы І дәрежелі дипломмен, 11 оқушы ІІ
дәрежелі дипломмен, 15 оқушы ІІІ дәрежелі дипломмен
марапатталса, 6 оқушы «Хакім Абай» ғылыми-зерттеу
институтының, 12 оқушы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Филология факультеті және А.Байтұрсынұлы атындағы
мұражай үйінің Арнайы жүлдесімен марапатталды. Барлық
қатысушы оқушыларға ынталандыру сыйлықтары, Алғыс
90
хаттар мен Грамоталар, жеңімпаз оқушыларға бағалы
сыйлықтар табысталды. Бұл – республикадағы әр оқушының
Абай шығармашылығынан сусындап, Абай мұрасын
дәріптеуге деген ынтасын арттыру мақсатындағы ұтымды
жоба.
Мектеп-интернаттың кӛркем шығарманы оқып қана
қоймай, ӛмірінде қажетіне жарата біліуіне жасаған бесінші
Достарыңызбен бөлісу: |