Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы


оқушының туындыны қабылдауы, әсері



Pdf көрінісі
бет31/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47
оқушының туындыны қабылдауы, әсері, 
эмоциясын тану, 
- эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу, 
- таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін 
ҧштау, 
- ең бастысы, кӛркем туынды бойынша талдау 
жасау, пікір айту жолдарын меңгерту /тақырыбы, 
авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық 
ерекшелігі, кӛркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде 
қарастыру/.
Кӛркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол 
жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін 
әрбір деталь, кӛркемдік тәсілді дәл танып, жазушы 
шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек. Енді 
6-сынып 
қазақ әдебиеті пәніне тоқталайық: Абай Құнанбайұлының 
«Ғылым таппай мақтанба», «Бірінші сӛз», «Жетінші сӛз» 
«Отыз бірінші сӛз» шығармаларын оқытуға тӛмендегідей оқу 
мақсаттары қойылған: 
6.Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, 
сюжетін анықтау. 


75 
6. А/И1. Шығарма композициясындағы белгілі бір 
эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау. 
6.Т/Ж4. Кӛркем шығармалардан орта кӛлемді 
үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту 
6.Б/С4. Шығармада кӛтерілген мәселенің әлеуметтік 
рӛлі туралы сыни хабарлама жасау. 
6.Т/Ж4. Кӛркем шығармалардан орта кӛлемді 
үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту; 
6.А/И1. Шығарма композициясындағы белгілі бір 
эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау; 
6.Т/Ж2. Әдеби шығармада кӛтерілген әлеуметтік 
қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру; 
6.Б/С3. Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын 
отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; 
6.Т/Ж4. Кӛркем шығармалардан орта кӛлемді 
үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту; 
6.А/И1. Шығарма композициясындағы белгілі бір 
эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау; 
6.А/И4. Әдеби кӛркемдегіш құралдарды пайдаланып 
шығармадағы табиғат кӛрінісін, оқиға орнын, кейіпкер 
бейнесін сипаттап жазу; 
6.Б/С3. Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын 
отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; 
6.Т/Ж2. Әдеби шығармада кӛтерілген әлеуметтік-
қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру; 
6.А/И1. Шығарма композициясындағы белгілі бір 
эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау; 
6.Т/Ж4. Кӛркем шығармалардан орта кӛлемді 
үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту; 
6.А/И2. Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор 
бейнесін анықтау; 
Міне, ӛздеріңіз кӛріп отырғандай бағдарлама мақсаты, 
кӛркем әдебиеттің мазмұнын меңгеруден гӛрі теориялық 
талдау жасау жағын молынан қамтыған. Бұл мақсаттар 
кӛркем мәтінді толық оқытудан гӛрі, оқушыны ӛзге пікірді 


76 
қабылдауды кӛздейді. Әрине, ғалымның пікірі құнды. Бірақ 
оқырманның кӛркем туындыдан алатын әсері қашан 
қалыптасады. 6-сыныпта оқитын баланың ұғымы осыны 
қабылдауға әзір ме?! 
10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) «Қазақ 
әдебиеті» пәні бойынша (жылына 102 сағат, аптасына 3 
cағат) дәл осы тақырыптар мен мақсаттар қайталанады. Бұл 
сыныпта Абайдан «Сегіз аяқ» ӛлеңі, «Ӛлең – сӛздің патшасы, 
сӛз сарасы», «Кӛңілім қайтты достан да, дұшпаннан да», 
«Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Қалың елім, қазағым, қайран 
жұртым», «Болыс болдым, мінеки», «Лай суға май бітпес қой 
ӛткенге», «Он жетінші қарасӛзі», «Отыз екінші қарасӛзі», 
«Отыз үшінші қарасӛзі», «Ескендір» поэмасы, «Әлем және 
қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтар» деген тақырыптар 
берілген. Оқу мақсаттары: 
­ 10.1.1.1 Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық 
құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең 
түсіну; 
­ 10.2.2.1 Шығармадағы авторлық идеяның ӛмір 
шындығымен байланысын айқындау; 
­ 10.1.2.1 Әдеби шығармадағы кӛтерілген мәселелерді
ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; 
­ 10.1.4.1. Кӛркем шығармалардан алған үзінділерді 
ғаламдық 
тақырыптағы 
ӛзекті 
мәселелермен 
байланыстыру; 
­ 10.2.3.1 Шығармадағы кӛркемдегіш құралдар мен 
айшықтау амалдарының қызметін талдау; 
­ 10.3.2.1 
Кӛркем 
шығармадағы 
кӛтерілген 
мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға 
беру; 
­ 10.2.1.1 Әдеби шығарманың композициясын уақыт 
пен кеңістік тұрғысынан талдау; 
­ 10.2.4.1 Кӛркем шығармадағы кӛтерілген мәселелерге 
талдау жасау арқылы ӛзіндік пікірін қосып, 


77 
шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, ӛлең, әдеби 
және еркін тақырыптарға шығарма) жазу; 
­ 10.1.5.1 Шығармадағы ұлттық құндылықтардың 
әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу; 
­ 10.3.4.1 Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас 
туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу; 
­ 10.3.1.1 
Шығарманы мазмұндас туындылардың 
үлгілерімен салыстырып, тарихи және кӛркемдік 
құндылығын бағалау; 
­ 10.3.2.1 
Кӛркем 
шығармадағы 
кӛтерілген 
мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға 
беру; 
­ 10.2.1.1 Әдеби шығарманың композициясын уақыт 
пен кеңістік тұрғысынан талдау; 
­ 10.1.4.1. Кӛркем шығармалардан алған үзінділерді 
ғаламдық 
тақырыптағы 
ӛзекті 
мәселелермен 
байланыстыру. 
Оқу материалы мен оқу мақсаттарына қарап отырып, 
игерілетін материалдың оқушы ұғымына қаншалықты сай 
екендігіне ойланып қаласың. Мазмұн мен идеяны меңгеретін 
шығар, ал қалған талдаулар болашақ журналист, әдебиет пен 
тіл маманы болатын оқушыға ғана қажет екені анық, ал 
алдына ондай мақсат қоймаған оқушыға артық жүк екені де 
рас. Материалдың мұндай күрделі болуы кӛпшілік оқушыны 
құр жаттауға итермелейді. Мұның аты – білім негізін 
түсінбеу деген сӛз. Ал жеңіл материалдың тез ұмытылу да 
мүмкін. Себебі, оны оқушы оңай игереді де, кейін оған 
оқушы кӛп назар аудармайды. Бұл сияқты кӛріністермен 
күресуде кӛптеген әдіс-тәсілдер қолданылып келеді. Оқушы 
білімінің тиянақты болуы, түсінігінің дұрыс қалыптасуы 
үшін жаңа сабақты түсіндіру процесінде оларды үнемі 
тартып, әрекетке араластырып отыру қажет. 
9,10,11-сыныпта «Қазақ әдебиеті» деген оқулық 
әңгіме, хикаяттан бастап, атышулы роман, дилогия, 
трилогия, драмалық жанрларды, поэма, дастандарды, жырлар 


78 
мен айтыстарды түгел қамтиды. Былай қарағанда бәрі дұрыс 
сияқты, бірақ осы пәнді оқыту үрдісі мектептегі оқушының 
сӛздік қорын дамытуға қаншалықты үлес қосады?! Отыз жыл 
сабақ берсем де, ӛзегімді ӛртейтін бір ӛкініш бар. 
Оқушыларым сол кӛркем шығарманың ӛзін, түп негізін 
оқымайды. «Отыз жыл сабақ беріп, енді неге оқыта алмай 
отырсың?» деген сұрақ кӛкейлеріңізде тұрғанын білемін. Бір 
сӛзбен айтқанда, бағдарлама да оқулық та тек теорияға 
негізделген. Оны игеру үшін кӛркем шығарманың ӛзін оқып, 
негізінен нәр алу керек. Әр сабақта кӛркем шығарманы 
ғалымдардан кем талдамайтын оқушылардың ойында бірде 
бір жазушының, не ақынның бейнесі қалмайтыны қалай? Бұл 
аз ғана уақытта кӛп нәрсені оқытудан шығып отырған жоқ 
па?! Ары бармай-ақ, мынаған кӛз жүгіртейік. 1980 жылдары 
5-сыныпта қазақ тіл мен әдебиеті пәнін аптасына 8 сағат 
оқыттық. Қазақ тілі 5 сағат, қазақ әдебиеті 3 сағат оқытылды. 
Оқыту әдебиеттік оқуға негізделді, бала ұғымына сай ғана 
талдаулар жасалды. Ал қазір 5-сыныпта 5 сағат оқытылады, 
оның 3 сағаты қазақ тілі, 2 сағаты әдебиет. Сол 2 сағатта 
кӛркем әдебиетті емес, әдебиеттің тарихы мен теориясын 
және әдебиет сынын оқытып кеттік, стандарт та, бағдарлама 
да, оқулық та соған негізделіп жасалып отыр. «Әдебиет» 
дейтін ғылымның кӛркем әдебиет, әдебиет теориясы, әдебиет 
тарихы, әдебиет сыны деген салаларын түгел осы 2 сағатта 
қамтитын болдық та, кӛркем әдебиет ысырылып шетте 
қалды. Әр аптадағы қазіргі 80 минут оқушыға не береді?! 
Қазіргі баланың ӛздігінен кӛркем шығарма оқымайтыны 
бәрімізге белгілі. Әр жыл сайын қазақ балаларының туған 
әдебиеттің нәріне қанатын уақытын неге қысқартып 
жатырмыз? Балаға таза кӛркем туынды оқытатын уақытты 
мектеп бағдарламасына енгізетін күн туа ма? Бұрынғы 80 
жылдардағы 8 сағаттың бәрін орыс тілі мен ағылшын тіліне 
үлестірдік. 8 сағатты қысқартып, ӛзге пәндерге бердік. 
Сабақтан кейін түрлі спорттық үйірмеден (баскетбол, 
воллейбол, күрес, дзюдо, каратэден) шықпайтын балаларға 


79 
дене қимылы қажет деп, тағы осы пәндердің есебінен сағат 
үлестірдік. Себебі ағылшын тіліне, орыс тіліне, дене 
шынықтыру пәндерінің сағаты кӛбейтілгенімен, оқу 
жоспарына артық сағат қосылған жоқ. Қосылған сағаттар 
қазақ тілі мен әдебиетінің бұрынғы 8 сағаттық апталық 
сағаттарды қысқарту есебінен жүрді. Ал, бүгінгі бала рухани 
жүдеулікке ұшырады десем артық айтпаймын. Енді аздан 
соң, бар ақыл-ойынан тоналғандарды отызында бесікке 
таңып отырмасақ жарады. Осы келеңсіздікті жою үшін 
мектептің оқу жоспарын қайта қарап, оқу жоспарына 
«Кӛркем әдебиет» пәнін енгізіп, бағдарлама жасау керек-ақ. 
Біз мектепте кӛркем әдебиетті емес, әдебиет тарихын, 
әдебиет теориясын, әдебиет сынын оқытып жүрміз. Ӛйткені 
«Кӛркем әдебиет» пәні оқу жоспарында жоқ, бағдарламада 
да жоқ, оқулықтар тек теорияға негізделіп жасалған. Бұл 
бағдарламаның оқу мақсаттары тек арнаулы тереңдетілген 
мектеп пен мектеп лицейлерінің оқушыларына лайықты. 
2,3,4-сыныптарда да бұл бағдарламаны меңгеретіндей негіз 
жасалмаған. Қала оқушыларының ойы орысша, тілі қазақша 
екенін ескерсек, 5-сыныпқа келеген оқушы кең кӛлемді 
шығармаларды 40 минутта ежіктеп оқып үлгермейді. Сӛздік 
қоры аз болғандықтан, кӛркем туындының мазмұнын да 
меңгере алмайды. Олай болса, біздің алдымызда бірнеше 
міндет тұр: 
1. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы 
орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандартына сай мектептің оқу жоспарына 
«Кӛркем әдебиет» пәні енгізіліп, бағдарламасы 
жасалуы керек; 
2. «Қазақ әдебиеті» пәні 2, 3, 4-сыныптардан 
оқытылып, ертегі, аңыз, мақал-мәтел, шағын 
кӛлемді 
әңгіме 
(Ы.Алтынсарин 
әңгімелері)
жанрын қамтыған, тек мазмұнға құрылған, 
тыңдалым, 
айтылым, 
оқылым, 
жазылым 


80 
дағдыларымен жасалуы керек (теориясыз, тек 
мазмұн, сӛздік қор, кейіпкер); 
3. 5-6 сыныптың жас ерекшелігіне қарай ертегінің 
түрлері, аңыз, шағын кӛлемді хикаяттар, ӛлеңдер 
кӛркем мәтін мазмұны, оқиға желісі, жоспар құру; 
4. 7-8 сыныптарда кӛлемді әңгіме, хикаят, тарихи 
жырлар мен эпостық жырлар; 
5. 9, 10, 11 сыныптарда қазақ әдебиеті туындыларын 
кезең-кезеңімен кӛркем мәтін және теория, әдеби 
сынды алуға болады. Оқу мақсаттары да соған 
негізделуі керек. 
Білімді жаңғыртудың басты мақсаты білім беру 
жүйесінің тұрақты дамуынан және оны ХХІ ғасыр 
қажеттілігіне сай қамтамасыз етуден тұрады. Қазіргі таңдағы 
білім беру саясатының ең бірінші міндеті – жоғары сапалы 
білім беруге қол жеткізіп әрі оны тұлғаның, қоғамның және 
мемлекеттің ӛзекті де, ӛміршең қажеттілігіне сәйкестендіру. 
«Білім – дүниенің ең үлкен қазынасы» екенін ескерсек, 
баланың кӛркем әдебиетті оқып, ӛзі талдап, ӛзі ойлауына, ӛзі 
шешім шығаруына жағдай жасайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет