Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы


Алтыншы қадам – шешендік сӛз ҥлгілерін



Pdf көрінісі
бет37/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47
Байланысты:
annotation155587

Алтыншы қадам – шешендік сӛз ҥлгілерін 
қажетіне жарату. Тіл ғылымының атасына айналған 
А.Байтұрсынұлы кӛрнек ӛнерінің 5 түрін атап келіп, соның 
ішінде ең бастысы – сӛз ӛнері деп тұжырымдайды. Себебі 
сӛз арқылы суретті де, мүсінді де, сәулетті де, әсерлі 
музыканы да жеткізуге болады. Яғни, әр оқушы болашақта 
қандай мамандықты таңдаса да сӛз ӛнерін жетік меңгеруі 
тиіс. Жауыменен алысып, дұшпанымен қарпысқан заманда 
жер мен жесір дауын, ел мен елдің қарым-қатынасын екі-ақ 
ауыз сӛзбен шешіп отырған би-шешендеріміздің сӛзі ұрпаққа 
үлгі, болашаққа ӛнеге. Осыған орай, шешендік сӛз үлгілері 
пәнінің мұғалімі Жарқын Сәленұлының ұсынуымен жалпы 
білім беру ұйымдарының оқушыларына қазақ тілінің қадірін 
ұқтырып, сүбелі сӛздің тереңіне сүңгітіп, шешендерден 
қалған құдіретті ӛнерді дәріптеу мақсатында Абай атындағы 


92 
Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға 
арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта 
мектеп-интернаты мен «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет» 
қорының ұйымдастыруымен І республикалық «Ділмар» 
шешендік ӛнер байқауы ӛткізілді. Байқауға еліміздің 10 
облысы, 3 қаласы мен Республикалық мектеп-интернатынан 
іріктелген 27 оқушы қатысып, 3 кезең бойынша бар білгені 
мен жиған білімін таразыға салып, шешендік шеберлігін 
кӛрсетті. Топ жарған дүлдүлдер алғашқы кезеңде би-
шешендер сӛзін жатқа мәнерлеп оқыса, екінші кезеңде 
тұрақты сӛз тіркестері, бүгінде санамыздан ӛше бастаған 
кӛнерген 
сӛздерден 
сауатты 
сӛйлем 
құрап, 
ой 
ұшқырлықтарын танытты. Екінші деңгей бойынша қойылған 
сұрақтарға жауап беру арқылы теориялық білімдері 
байқалды.
Бастапқы екі кезеңнің сынынан сүрінбей ӛткендер де, 
мүлт кетіп мүдіргендер де болды. Соңғы кезеңде 
қатысушылар шектеулі уақыт аясында берілген тақырып 
бойынша шешен де шебер сӛйлеп, шешендіктерін кӛп 
алдында кӛрсетті. Нәтижесінде оқыған-тоқығаны мол, сӛздік 
қоры бай, ойы еркін, тілі таза һәм жатық жүйріктер оза 
шауып, тыңдаушылардың айызын қандырып мәртебелі 
мәреден кӛрінді. Атап айтсақ, Бас жүлде мен оған тиеселі 50 
000 теңге ақшалай сыйақыны Жамбыл облысынан келген 
Әбілда Бегзат еншілеп, байырғының жолымен ардақты 
ағаларының ақ батасын алды. 1-орынды (40 000 теңге) Абай 
атындағы 
Республикалық 
мектеп-интернат 
оқушысы 
Айтпанбет Айым жеңіп алды. 2-орын иегерлері (30 000 
теңге): Алматылық Самғат Нұрланұлы мен Шығыс 
Қазақстаннан келген Тілеухан Баян. 3-орындар (20 000 теңге) 
Түркістан облысының атынан қатысқан Абудуалиева 
Аягӛзге, Маңғыстаулық Ұзақбаев Жанболатқа және Ақмола 
облысының үкілеген жүйрігі Боранбай Аягүлге бұйырды. 
Сондай-ақ 5 қатысушы 10 000 теңге мен Арнайы жүлдеге ие 
болды. Сӛз сайысында бақ сынаған жүйріктерге белгілі 


93 
тілші-зерттеушілер, ақын-журналистер Серік Қалиев, Береке 
Жумакаева, Бақыт Жағыпарұлы, Ботагӛз Дәулетханқызы, 
Жанарбек Ашимжан әділ қазылық жасады. Жарыс соңында 
қатысушылардың артықшылығы мен кемшілігін айтып, 
келесі жылы жалғасын табар додаға бағыт-бағдар берді. 
Бітпес дауын бидің бір ауыз сӛзімен тоқтатып, тентегін түзу 
сӛзбен түзге салып отырған қазақ үшін сӛздің қадірі ерек. 
Бұл ата дәстүр, ұлттық таным бүгінгі жас шешендердің 
ойында қылаң беріп, тілінде кӛрініс тапты. «Ӛнер алды – 
қызыл тіл» деп ұрандатып, ата-баба мұрасы мен ана тілдің 
абыройын асқақтатқан бұл игі шара дәстүрге айналып, 
жалғасын табары сӛзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет