Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет15/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47
Байланысты:
annotation155587

Екіншіден, бұған дейін қалыптасқан оқу жүйесінен бас 
тартамыз, жаңашылдыққа ден қоямыз деп әдебиеттің аясын 
тарылтып алдық. Бағдарламада саннан сапаға кӛшуді 
үйлестіре алмадық. Қаламгерлерді іріктеу барысында 
бірсыпыра кӛрнекті ақын-жазушылар бағдарламаға енбей 
қалды. Мәселен: 
1. Сал-серілер 
мен 
халық 
ақындарының 
шығармашылығы ұлттық әдебиеттің басты ерекшелігі болып 
кӛрсетілу керек еді.
2. С.Сейфуллин, 
І.Жансүгіров, 
Б.Майлин 
сияқты 
әдебиеттің үш алыбы бірге жүру керек еді.
3. Сондай-ақ М.Әуезов оқытылған жерде С.Мұқанов 
қоса оқытылу керек. Ғ.Мүсірепов тұрған жерде Ғ.Мұстафин 
де жүруге тиіс. Оқулықтағы жүйесіздік міне осындай 
мысалдардан кӛрінеді.
4. Қазақ мектебінде оқитын балалардың тӛмендегі 
қаламгерлердің ӛмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет 
алмайтыны ӛкінішті. Олар:


30 
1. Спандияр Кӛбеев «Үлгілі тәржіма» (1910), «Үлгілі 
бала» (1912) жинағы мен «Қалың мал» романы; 
2. Мәшһүр Жүсіп Кӛпейұлының «Сарыарқаның кімдікі 
екендігі?», т.б. ӛлеңдері; 
3. Сәбит Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы, «Балуан шолақ 
повесі»; 
4. Ғабиден Мұстафин «Қарағанды» (1952)романы; 
5. Нұрпейіс 
Байғанин 
«Нарқыз», 
«Ақкенже» 
поэмасында; 
6. Иса Байзақов «Құралай сұлу», «Алтай аясында» 
поэмалары; 
7. Тайыр 
Жароков «Тасқын», «Жапанды орман 
жаңғыртты», «Тасқынға тосқын» поэмалары; 
8. Ғали Орманов «Қарағай», «Емен»; 
9. Әбу Сәрсенбаев «Сен құрметте оны»;
10. Дихан Әбілев «Сұлтанмахмұт» роман-трилогиясы; 
11. Қалижан Бекхожин «Науан батыр» поэмасы; 
12. Ғафу Қайырбеков «Дала қоңырауы» поэмасы; 
13. Мұзафар Әлімбаев «Аспандағы әпке» жинағы үшін 
Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілген
14. Оспанхан Әубәкіров «Сүзеген сӛз» жинағына енген 
ӛлеңдері; 
15. Шона Смаханұлы «Ұр, тоқпағым, ұр» жинағына 
енген ӛлеңдері;
16. Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасы; 
17. Сырбай Мауленов «Құлыншақ», «Бала жолбарыс» 
жинағы; 
18. Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным», т .б. 
5. 10-сыныптың 2-тоқсанында Жүсіпбектің «Ақбілек» 
романына қарағанда «Қартқожасы» дұрыс еді. Себебі 
«Ақбілек» романының ішінде әйел мен еркек арасындағы 
анайы оқиғалар жиі кездеседі.  
6. 11-сыныптың 
2-тоқсанында Қасым Аманжолов 
Смағұл Елубайдан кейін оқытылады. Қасымның «Жамбыл 
тойында» (1938) поэмасы немесе қазақ ақыны Абдолла 


31 
Жұмағалиев туралы «Ақын ӛлімі туралы туралы аңыз» 
(1943) поэмасы оқытылу керек. Қасым Аманжоловтың «Ӛзім 
туралы» ӛлеңін тапсырмамен де беруге болады. Болмаса 
«Туған жер» ӛлеңін беру керек:
Шықшы тауға, қарашы кең далаға
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға. 
О шеті мен бұ шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?..
7. Осы 
сыныптың 
4-тоқсанында 
Тұманбай 
Молдағалиевтың жалғыз ӛлеңін оқыту дұрыс емес. Дәуір 
суреті туралы «Хаттар, хаттар» поэмасы тақырыпқа сай 
келмесе, ел бірлігі, тұтастығы үшін күрескен батырлар 
туралы «Атантай ата» поэмасы оқылу керек. 
Үшіншіден, Бағдарламада жүйесіздікке жол берілген. 10-
сыныптың 
4-тоқсанындағы 
«Заман, 
дәуір 
тұлғасы» 
тақырыбы бойынша Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романы, 
Шахмардан 
Құсайыновтың 
«Томирис» 
драмасы, 
Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесі оқытылады. Жүйе 
қайда, қаламгерлерді әдебиетке келген уақытына қарай 
жүйелеу неге ескерілмейді? Ш.Мұртазаның бар ғұмырын 
арнаған «Қызыл жебе» роман-эпопеясы мен «Ай мен Айша» 
романы неге мектеп бағдарламасында жоқ? «Қызыл жебені» 
кеңестік дәуір тұсында мектеп оқушылары оқыды емес пе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет