28
бет бұрдық. Кеңестік дәуір тұсында тарихымызды Қазан
тӛңкерісінен бастағанымыз есімізде болса,
бұл бағдарлама
сан ғасырлық тарихымызды түгендеуге мүмкіндік берді.
Үшіншіден, саннан сапаға кӛшу негізге алынды.
Оқулықтың бағдарламасын жасаушылар кӛптеген ақын-
жазушылардың шығармашылығын қамтуды қажет деп
таппай, әр дәуірдің кӛрнекті ӛкілдері арқылы ұлттық
әдебиеттің тұтас тарихын сақтап қалуды кӛздеді.
Тӛртіншіден, пәнішілік, пәнаралық байланысқа арнайы
кӛңіл бӛлініп, тапсырмалар берілді. Бұл үрдіс ХХ ғасыр
басында алаш арыстары шығарған мектеп оқулықтарында да
бар болатын. Оған
жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеу, жаңаша
білім
беру
мақсатында
жазылған
А.Байтұрсынов,
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, Е.Омаров,
Н.Тӛреқұлов,
М.Дулатов,
С.Қожанов,
Ә.Ермеков,
Ф.Ғалымжанов, Б.Сәрсенов, И.Тұрғанбаев, Қ.Кемеңгерұлы,
Т.Шонанов, т.б. оқу құралдарынан мысалдар келтіруге
болады.
Бесіншіден,
Блум
таксономиясы
бойынша
қарапайымнан күрделіге қарап оқыту кӛзделген. ««Қазақ
әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны түсіну және жауап беру,
анализ
және интерпретация, бағалау және салыстырмалы
анализ, дағдыларды қалыптастыратын бӛлімшелерден
тұрады».
Бұл
айтылғандар
жаңартылған
білім
беру
бағдарламасының жетістіктері ретінде танылмақ. Осы
айтылған мәселелердің жүзеге асуы қалай? Білім жүйесінде
неден ұттық, неден ұтылдық? деген сауалға үңілетін болсақ,
ұтқанымыздан ұтылғанымыз кӛп болып тұр:
Біріншіден,
пәннің
мақсатында
кӛрсетілген
қарапайымнан күрделіге қарай оқыту бағдарламада
сақталмаған. Халық ауыз әдебиеті тұрмыс-салт жырлар
сияқты
шағын жанрдан басталып, эпосқа қарай оқытылу
керек еді. 5-сыныпта «Қобыланды батыр» жырын, 7-сыныпта
Орхон-Енисей ескерткіштерін оқыту балалардың жас
29
ерекшелігін ескермегендікті байқатады. Сол сияқты орта
сыныпта поэма, роман оқыған
оқушылар жоғары сыныпқа
барғанда шағын ӛлең мен әңгіме оқиды (7-сыныпта
М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын, 9-сыныпта
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы оқыған бала 10-сыныпта
Ұ.Есдәулетовтің
«Біз
түркілерміз»,
11-сыныпта
С.Сейфуллиннің «Сыр сандық», Қ.Аманжолов «Ӛзім
туралы», Т.Молдағалиевтің «Бауырлар» ӛлеңін оқумен
шектеледі. 8-сыныпта М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал»
романы оқытылса, 10-сыныпта Ш.Мұртазаның «Тәуекел
той» әңгімесі оқытылады).
11-сыныптың «Пайым мен парасат» атты 2-тоқсанында
С.Елубайдың
«Жалған
дүние»
романы
мен
Қ.Аманжоловтың «Ӛзім туралы» ӛлеңі оқытылады.
Жоғары
сынып оқушысының бір тоқсан бойы бір роман, бір ӛлең
оқуы тым аз екені ескерілмеген.
Достарыңызбен бөлісу: