68
Кҥтілетін нәтиже: сан қырлы ғажайып ақынның, ой
данасының мұраларын оқып-үйренген, саналы ой түйе
білген, ӛлеңді мәнерлеп оқи алатын және кӛркем
шығармалардан ләззат ала білетін шығармашыл тұлғалардың
шығуы.
Енді ӛз тәжірибеммен бӛлісетін болсам, мен 2016
жылдың мамыр айында «Абайтану» курсынан ӛттім. Сол
курстың сертификатын қолыма алғаннан кейін 9-сыныптарға
осы курс бойынша факультативтік сабақ беріп келемін.
Абайтану факультативтік курсы аптасына 1-сағат,
жылына 34- сағат.
Жыл бойы күнтізбелік жоспар бойынша жоспарланған
тақырыптардың барлығы толық ӛткізіледі.
Әр оқу жылының ІІІ тоқсанында лицейішілік «Абай
оқулары»ӛтеді. Абай оқуларын ӛткізуге,
аудандық Абай
оқуларына оқушыларды қатыстыруға, апарып-әкелудегі ӛмір
қауіпсіздігіне ӛзім жауаптымын. Былтырғы оқу жылындағы
«Абай оқулары» қорытындысы бойынша менің оқушым 9
«А» сынып оқушысы Мәлікақын Дамир «Жүйріктен жүйрік
озар жарысқанда» номинациясы бойынша І орынға ие болып,
ауданға жолдама алды. Аудан мектеп оқушылары арасында
ӛткізілген Абай оқуларының «Жүйріктен жүйрік озар
жарысқанда» бӛліміне қатысып, жүлделі І орынға ие болды.
Жыл бойы ӛткізілетін ӛз сабақтарымда алдын ала
дайындалған
слайдтармен,
теориялық
білімдерін
дәптерлеріне жазғызумен бекітіп отырамын. Арасында
оқушылар жазудан шаршаған
кездері сергіту мақсатында
ойын ойнатамын. Ол жерде де тек ойын ойнап қана қоймай,
осы Абайға байланысты сұрақтардың жауаптарын шешетін
еді.
9-сыныптарда
күнтізбелік
жоспар
бойынша
ІІІ
тоқсандағы бүкіл тақырыптар Абайдың қарасӛздеріне
арналған болатын. Осы әрбір сыныпта ӛткен әрбір сабақ
сондай қызықты, пікірталасқа толы.
69
ІҮ тоқсанда болашақта, 11-сыныпта мектеп бітіру
емтиханында эссе жазатындықтан «Абай жолы»
роман-
эпопеясын бүге-шүгесіне дейін талдау жұмыстарын жүргізіп,
оқушыларды эссе жазуға дағдыландырамын.
Қорыта келгенде, Абайдың отыз сегізінші сӛзінде,
ғылымды әл- Фарабидің үлгісімен сала-салаға бӛліп,
ұстаздарға ғылым негізін жоспарлы және жүйелі түрде бала
түсінігіне ұғымды, қызықты, тартымды етіп оқытуға, білімді
ӛмір талабымен ұштастыра беруге кеңес береді. Біздің
ұстаздарымыз ғалымның сол сӛзін ӛздерінің бойтұмары
ретінде алып, оқушыларда Абайды жан-жақты таныту
мақсатында біршама игілікті
жұмыстар жасалды деп толық
сеніммен айта аламын.
Достарыңызбен бөлісу: