ЕКІНШІ АКТ
Екінші сурет
Майдандағы армия. Төбеде шүйіліп жүрген самолеттердің мотор үні
естіледі. Бірде жақындап, бірде алыстағандай. Жым-жырт сахнаның
орта тұсында, алысырақ төрінде бір кішілеу шырша тұр. Сол жақ
шетте кішкене көкшіл төмпешік бар. Шөмеле сияқты. Оң жақ шетте
алысырақта аласалау ақ қайың. Бұлардың бәрі де зеңбіректердің ма-
скировкасы. Сахнаның орта тұстары қалың көк шөп. Орылған шөп
сияқты. Төрдегі шыршадан әрі солға таман бір түп үлкен қарағай. Соның
бұтағының арасында бір ғана командир жасырынып, бинокльмен қарап
тұр. Ол – Малышев. Басы, бойын қарағай бұтағымен шырмап, қалқалап
алған. Сахнаның ең бергі шеті батарея адамдарының паналау орны
сияқты. Барлық осы жер зеңбірек дивизионының оң жақ флангасы. Сол
жаққа қарай батареялар созылып кетіп жатқандай болуы керек.
М а л ы ш е в. Аспан соғысы да аяқталды. Самолеттер
қайтысты. Қатты ұрыстың артынан өзеннің екі жағасы
371
да әзірше жым-жырт. Қыбыр еткен қимыл жоқ. Тек қана
қаусаған танк, құлаған самолет, ойран болған транспорттың,
жай транспорттың бықсып өртенген түтіні көрінеді... Біздің
участоктегі соғыс уақытша саябыр тартты...
Ербол, Шаршен, тағы бірнеше лейтенанттар Нұрланның қасына
жиылған. Бәрі де паналау орнында.
Н ұ р л а н. Жаудың екі күннен бері бізбен алысқан
27-ші танк дивизиясы бүгін қосымша күштер алып, қайта
құралып шабуыл жасады. Мынау өзеннен өтпек еді. Танк
дивизиясының командирі, фашист генерал Гольц осы өзенді
алуға әлі де барын салмақ. Мотоколоннасы танктердің
алдынан, 41-ші жаяу полкі артынан қозғалып еді. Біздің
341-ші жаяу полктің міндеті – қатарындағы өзге полктермен
қанаттасып, ауыр танктер колоннасымен қатар қимылдап,
жау дивизиясын жайрату болатын. Жаяу полкін жоқ қылу
еді. Қазір болған соғыста ер летчик, командир Звездов...
Д а у ы с т а р. Звездов!
Н ұ р л а н. Звездов бастаған истребительдер эшелоны
осы біздің участоктегі соғысқа қатысты. Бізбен бір міндетті
атқарысып, генерал Гольцтің бомбардировщиктерін жоқ
қылуға көмек, қайрат көрсетті. (Ерболға қарап.) Лейтенант
Датов Ербол басқарған бірінші, екінші батарея, жаудың
танк колонналары бері шығысымен мықтап тұрды. Өзенге
жеткізбей тойтарды. (Өзге командирлерге қарап.) Лейтенант
Смирнов басқарған төртінші батарея жау самолетін, зенит-
касын аңдыған еді. Жаудың зеңбірек оты шыққан жерлерін
дәл тауып, соны таптады. Үшінші батарея шрапнель мен мо-
токолоннаны көп шығындатты. (Шаршенге.) Пулемет мото-
колоннаны тосқын отпен, семсер оқпен жапырды. Бүгінгі
жау шабуылын тойтаруда біздің дивизионның ұжымдасқан
оғы мен оты осындай қарекет етті. Түсінікті ме тегіс!..
Д а у ы с т а р. Түсінікті, жолдас майор!..
– Түсінікті, жолдас Нұр!
– Түсінікті, жолдас Нұр! Жолдас майор!
Н ұ р л а н. Есте болсын, алдыңғы күн, кешегі күн біз
Гольц дивизиясын, фашист танктерін дәл байлап, бек ұруда
бүгінгідей бола алмап ек. Бүгін ғана дәлдік, шапшаңдық
таптық. Осы бүгінгі угломер, бүгінгі уровень, осы ныса-
372
налар ұмытылмасын, ескерілсін! Осы өлшеу жазуларды
қайта қарап, қатты аңғарыңдар. Келер шабуылдың жауабы
қапысыз болсын! (Осыдан кейін жай кеңесіп кетіседі. Нұрлан
барлық жолдастарына қарап.) Жолдастар, Звездов, ер лет-
чик Звездов қандай? Жау самолеттері бізге беттеген еді.
Міндеті біздің оттарды жою, біздің оқтарды басу еді. Звездов
жеткізбей араласты.
С к и б а (сақшылықтан ауысып келген). Жолдас Нұр,
жаудың бомбардировщигін дәл Звездов өзі, өз оғымен
құлатты.
Е р б о л. Кешегі қимылы қалай?!
Ш а р ш е н. Соны айтсаңшы! Мен масқара боп өзі
құлады ма деп ем. Аңғарсам, дәл бидайықтай төбесінен
шаншылып, жаурынынан ұра бүріпті кеп фашисті. Аспанда
лашын тепкен дуадақтай, тетігі тегереп кеп күрс берсе, қане
бір фашист!
Н ұ р л а н (посылкалар келген соң). Ал, енді міне,
посылкаларыңды алыңдар. Мезгілімен жақсы кепті.
Ә с к е р. Жолдас командир, мынау сізге.
Н ұ р л а н (қарап). Жоқ, бұл Бектасовқа емес, Бегешев-
ке. Шаршен, саған! Сәлемдеме!
Ш а р ш е н. Сәлемет болсын... Әб-бәле!..
Н ұ р л а н. Шаршен, сен Қырғызстанның қай жерінде
туғансың?
Ш а р ш е н. Талас... Таласта туғам, жолдас Нұр! (Посыл-
каны ашып жатады.)
Н ұ р л а н. Ер Манастың Таласы ма? Шоң Таластың
бойы ма?
Ш а р ш е н. Дәл өзі.
Жерібіз Кеңқол, кең Талас
Атабыз өткен Ер Манас, –
дейтін, деміне тоқош пісетін қызу қырғыз біз тұрбайбы,
жолдас Нұр! (Күлкі.)
Е р б о л. А, а! “Ал бақи, а дегенде әнім салты” – деп өзің
түп-тегіңнен ер екенсің ғой, Шаршен аға!
Ш а р ш е н. Е, фашисті ойрандағалы келмесем, ойнағалы
келгем жоқ.
Е р б о л. Шынымды іркер жайым жоқ де!
373
Ш а р ш е н. Ал міні, алыңыздар! Жауды жаман атсам,
мынау дәм-аманаттан ұят та!
Н ұ р л а н. Ербол, мынау саған! Тоқта, сен Қарағандыдан
келіп пе ең?
Е р б о л. Содан келгем. (Посылканы алып жатады.)
Н ұ р л а н. Қарағанды!... Шахтер ма едің?
Е р б о л. Дәл өзімін, жолдас Нұр!
Н ұ р л а н. Забойщик пе ең?
Е р б о л. Навалотбойщик... бригадир ем.
Н ұ р л а н. Стахановшы едің ғой, солай ма?
Е р б о л. Десуші еді.
Ш а р ш е н. “Ал бақи, а дегенде әнім салты!” – деп, Ер-
бол ботом-ай, шын жақсы өзің тұрбайсың бұ?
Н ұ р л а н. Қарағанды... (Ойланады.)
Е р б о л. Болған ба едіңіз?
Н ұ р л а н. Жай... Естігенім көп еді. (Ойланып қалады.)
Ш а р ш е н (Ерболға). Бұ Қарағанды Қазақстанның қай
жері деп аталады?
Е р б о л. Сарыарқа делінеді... Есіткенің бар ма?
Ш а р ш е н. Ұққаным бар еле...
Сарыарқаны жайлаған,
Келістіріп кермеге
Кер төбелді байлаған... –
деп біздің ыршылар ырдаушы еді!...
Е р б о л. Бұ да Манаста бар ма, Шаршен аға!
Ш а р ш е н. Манаста бар, әбден...
Е р б о л. Япыр-ай Манас не деген ен жойқын еді...
Мұндай дауласкер әңгіме естіп көрсемші. Кәне, Шаршен
аға, шерт тағы... аяғын, айтшы шоң шабуылдың. Өзі осы
күндер сондай бір керек асыл екен... (Екеуі бөліне береді.
Осы кезде сахнаға Звездов шығады. Нұрланға қарай қуанып,
ұмтыла басады.)
З в е з д о в. Нұр! Қымбат досым!
Н ұ р л а н. Звездов! Саша! Сашенька! (Екеуі сүйіседі.)
Алғыс... мен саған айтам бір дивизион атынан.
З в е з д о в. Ну-ну... ну! Ол емес, мен үш күннен бергі
ер қимыл, дәл оқтарың үшін ең әуелі сенің өзіңе қуаныш
білдірем. Екінші, бүгін маған көмек еткен, айта берсең, мені
374
құтқарған екі кісіге айрықша алғыс айтқалы келдім. Мино-
метпен жау зениткасын жойған кім?
Н ұ р л а н. Смирнов, мына төртінші батареяның стар-
ший лейтенанты Смирнов.
З в е з д о в (Смирновтың қолын сілкіп). Мен алғашқы
самолетті қуып, зенитканың қайшы оғына оқыс барып қап
ем. Мезгілімен өшірдіңіз. Рақмет. Екінші, соңғы самолетті
түсірген пулеметчик кім?
Н ұ р л а н. Ал, ол міне, Бегешев Шаршен... Бір өшіреті
бос кетпеді.
З в е з д о в. Білесіз бе! Байқадыңыз ғой, осы самолет, мен
анамен алысып жүргенде, соңымнан қатты қадалып келіп
қап еді. Жақсы қақтыңыз... Мені ажалдан да сіз қақтыңыз.
(Сүйіседі.)
Ш а р ш е н (Ерболға). Ақ келте! Ошондой тұрбайбы ақ
келте! Мен өзімнің ақ келтеме ырза болдым ендеше. (Екеуі
бірыңғай сөйлеседі.)
З в е з д о в (Нұрланға). Білдің бе, Нұр, дивизия
командованиесі сенің дивизионыңның үш күннен бергі
қайратына, әсіресе сенің сенімді, қатесіз командаңа сондай
ырза. Генерал Потапенко сені қазір аузынан тастамай отыр.
(Нұрланды қолтықтап алып оңашалау басып.) Онан соң,
Нұр... тағы бір жаңалығым бар.
Н ұ р л а н. Кәне, айтшы...
З в е з д о в. Үйден, үйімнен, әйелімнен хат алдым.
Соншалық қымбат, сағынышты сый!..
Н ұ р л а н. Жақсы... Жақсы екен, түсінемін, Саша!
З в е з д о в. Тоқта, әйелім өз хатының ішіне саған
арналған мына бір хатты салып жіберіпті. Хат алмағаныңа
көп болып па еді?
Н ұ р л а н. Маған жолдастардан хат бар. Ал үй, әйел...
менде жоқ қой. Алар-ақ ем, қуанып алар ем осы күндерде...
Бірақ жоқ қой!... (Хатты ашып қарап.) Тоқта, мынау менің
әйелімнен... Айрылысып кеткен әйелімнен... Қызымнан
сәлем. Сағынышты сәлем! Баламнан, қызымнан! Мен де
соншалық ойлаушы ем, сағынушы ем өзін.
З в е з д о в. Тоқта, Нұр, бұ қалай? Қалай кеп шықты?
Н ұ р л а н. Соғыс алдында шекараға жүрерде бір хат жа-
зып ем... Сіздің үйдің адресін беріп ем... Көп-көп жылдан
бері алып отырған жалғыз хатым...
375
З в е з д о в. Оқы... Оқысаңшы ендеше.
Н ұ р л а н (асығып оқып). Майданға... ол да майданға кел-
мек. Доктор... Жүрерде жазған. О-о, көрісер ме екем? Таба
алар ма ем! Қайдан, қалай іздесем екен, Саша?!
З в е з д о в. Жаз ендеше, тез телеграмма соғайық біздің
үйге... Адресін, майдандағы адресін жазған болар ендігі!
Н ұ р л а н. Солай, Сашенька! Рас, дұрыс. (Жазбақ бола-
ды. Сол кезде адъютант келеді, хабар береді. Нұрлан тез ко-
манда береді.)
Команда, қатарлан!
Жұрт тез қатарланады.
Ш а р ш е н. Ербол, қатарға!
Е р б о л (атқып кеп тұра қалып). О не?
Ш а р ш е н. Генерал... Біздің дивизияның генералы
келеді.
Д а у ы с т а р. Генерал-лейтенант... Дивизия командирі...
генерал Потапенко!..
Аздан соң генерал Потапенко шығады. Қасында кейінірек Звездов,
Нұрлан және штаб адамдары.
П о т а п е н к о. Амансыздар ма, жауынгерлер, коман-
дирлер!
Д а у ы с т а р. Амансыз ба, жолдас генерал-лейтенант!
П о т а п е н к о. Үш күннен бергі қатты соғыста 141-ші
зеңбірек дивизиясы көрсеткен ерлік-қайрат үшін командо-
вание атынан барлық жауынгерлерге, барлық командирлер-
ге, политруктерге алғыс айтам! Дивизия командованиесінің
айрықша атап, приказбен алғыс жариялайтын кісілері:
бірінші, батареяның отын дәлдікпен, тапқырлықпен тура
есеппен жақсы жұмсап, қатесіз басқарғаны үшін дивизион
командирі майор Бектасов Нұрланға алғыс жарияланады.
Екінші, сақшылық ісін жақсы басқарған командир-лейте-
нант Малышевқа! Үшінші, жау танктерін дәл байлап, көп
жайратқаны үшін бірінші батареяның старший лейтенан-
ты Датов Ерболға! Төртінші, пулемет отын қатесіз, шапшаң
басқарған сержант Бегешев Шаршенге! Бесінші, зеңбіректің
нысанасын дәл ұстағаны үшін, бірінші зеңбірек командирі
376
кіші лейтенант Скибаға алғыс жарияланады. (Нұрлан аты
аталғандарға белгі етеді. Олар ілгері шығады. Потапенко
бәрінің қолдарын алады. Аздан соң еркін әңгімелесіп, жаңағы
адамдардың пішіндеріне қарап алып.) Бегешев, сіз қай жерден
едіңіз?
Ш а р ш е н. Мен Қырғыздың Алатауынан едім, жолдас
генерал-лейтенант!
Е р б о л. Мен Қазақстанның сахарасынан едім, жолдас
генерал-лейтенант!
П о т а п е н к о (Скибаға). Сіз ше?
С к и б а. Мен Белоруссиядан, Борисовтан едім, жолдас
генерал-лейтенант!
П о т а п е н к о. Дұрыс! (Нұрланға.) Сіз ше?
Н ұ р л а н. Мен Батыс Сибирьден, Омск округінен
келдім, жолдас Потапенко.
П о т а п е н к о. Дұрыс, дұрыс. Біріңіз орыс, біріңіз бело-
русс, біріңіз қырғыз және бірлеріңіз қазақ... Ал менің туысым
украин. Өскен жерім Батыс Сибирь еді. Совет зеңбірегінің
айналасында, Отан туының қаhармандық намысының
жолында, біздің бәріміз бірігіппіз. Білектер біріккенде,
жүректер шын табысып туысқан... Қандай бірлік! Сіздер ол
уақытта жасырақсыздар. Бірақ менің есімде, ұмытылған жоқ.
Жас бала күнімде патшалық үкіметі біздің әке-шешемізді,
барлық қаласымен аз жердің өзінен қуып, Украинадан Ба-
тыс Сибирьге айдап салып еді. Сонда көршілес қазақ ауыл-
дары мен біздің крестьяндар арасында жалғыз-ақ десятина
шалғын үшін төбелес боп, екі жақтан кісі өліп, көп жан жа-
раланып еді. Менің әкем сонда қаза тапты. Кішкентай по-
селка, азғантай ауыл алақандай жер үшін бір-біріне жат бо-
лып, жау болып, асыл қандарын арман емес, болымсызға,
тырнақтай татымсызға төгіп еді. Сол аталардың нәсілдері
біз... Аз дүние үшін алысамыз ба? Білесің, бәрін түсінесің.
Күңгірт күнге көнерміз бе біз? Жарқын күннің игі нұрын
қаптал құшқан халықтарымыз: “Қара түн қайтпақ емес,
қайта батыр қарасын” – деп аттандырды бізді. Біздің бірлік
барлық халықтарымыздың айнымас достығынан туған.
Арысы, асыл нұрлы күнімізден туған... Берісі, осы майдан-
да ер ұлдардың ақ өлімі, адал қанымен суарылып, сонымен
қайнасып нығайған. (Тоқтап.) Қазір біздің қарсымызда
шендесіп тұрған жаудың ерекше тасыр, омырау бір диви-
377
зиясы бар. Фашист генерал Гольц бастаған танк дивизиясы,
Гитлердің имперский дивизиясы деп аталады. Талабы зор.
Осы фронттағы шабуылдарының ең мықты деген ұрынғыш
тобы сол. Ол әлі де омырау жасап келеді. Қатты қимыл
жасайды. Біздің міндет – сол шабуылқұмар жандарды бар
штабымен тұтқын ету. Міне, осы жолда бірнешең емес,
бәріңнің де өзгеше боп өктеп шығуыңды күтемін. Бәріңе
де биік қасиет, үлкен бақ тілеймін! Берік болыңдар, дос-
тар! (Жүре береді.) Майор Бектасов, майор Звездов, сіздер
менімен жүріңіздер! Бөлімдеріңіз жаңадан, төтенше міндет
алады. Қош болыңдар, жолдастар!
Д а у ы с т а р. Қош, жолдас генерал-лейтенант!
Е р б о л (Шаршеннің қолын сілкіп). Ерлігің қайырлы бол-
сын, қыран ағам Шаршен!
Ш а р ш е н. Ерлігің еліңді қуантсын, Ербол ботом!
Е р б о л. Уау, осы бірдеме шығады... Бірдеме болуымыз
керек осы біздің!...
Ш а р ш е н.
Жауды сайсақ, біз сайдық.
Ертегі өткен Манастың
Қай жерінен кем сайдық, Ербол ботом!
М а л ы ш е в. Жау жағында қимыл басталды! Қайта
шабуылға әзірленді!
П о л и т р у к (Нұрланның орнына тұра қалып, команда
берді). Дивизион, соғысқа! (Осы команда айтылысымен сахна
қатты өзгереді.)
Шырша, қайың орындарынан қозғалып, зеңбірек, пулемет көрінеді...
Бар қарулар қасында өзді-өзі номерлері шапшаң
қимылдар жасайды. Әзірлік.
Е р б о л. Батарея, соғысқа! (Сыртқа командалар кетіп
жатады.)
С ы р т т а ғ ы к о м а н д а. Взвод, соғысқа!
С к и б а . Бірінші зеңбірек, соғысқа!
Ш а р ш е н. Пулемет, соғысқа!
М а л ы ш е в. Мотоколонна!.. Танктер шықты!
П о л и т р у к. Орындарыңа!
378
Жұрт тез-тез орындарына барысады. Бірнеше командир шығып кетеді,
орындарына кетіседі. Политрук та, Ербол да бинокльге қарасып тұр. По-
литрук команда береді. Адъютант сол команданы телефонмен ақырын
қайтарған сияқты. Ербол телефонмен тыңдап алып, “да” дейді. Политрук
команда береді.
Бірінші батарея, екі зеңбіректен бір-бір оқтан ал да, оңға
таман, шолақ терек тұсына тура төсеп, алыс атар, брон бұзар
гранатпен алдыңғы танкіні бетке ал!
Е р б о л (жаңағы ретпен тыңдап алып, Скибаға). Тоқта!
Алғашқы оқты мен өзім атып берем! (Бірінші зеңбірекке
жетіп кеп, дәлдеп алып, команда береді.) Бірінші зеңбіректен
тура төсеп, фашистің алдыңғы, оң жақтағы бірінші танкісін
байла!... Нысана 1400, огонь! (Қолын төмен түсіреді, бірінші
зеңбірек атылады.)
Қарағайдағы сақшы даусы келеді.
М а л ы ш е в. Бірінші танк жайрады!
П о л и т р у к (команда ретінде). Нысана дұрыс!
Е р б о л (Скибаға Малышев командасынан соң). Жаз!..
Өлшеулерді зеңбіректің қалқанына жазып ал. (Скиба шапшаң
жазып жатады. Ербол екінші зеңбірекке кеп.) Тағы өзім айтам!
(Тез өлшеп болып.) Екінші зеңбіректен тура төсеп, фашистің
алдағы, бергі танкісін байла!..
Нысана 1350!.. Огонь!
Қолын төмен түсіреді. Екінші зеңбірек атылады. Сақшы даусы.
М а л ы ш е в. Фашистің екінші танкісі жайрады!
П о л и т р у к. Нысана дұрыс!
Ербол тез зеңбірек қалқанына өлшеуді жазады.
М а л ы ш е в. Жаудың мотоколоннасы беттеді.
П о л и т р у к. Пулемет, мотоколоннаның алдыңғы
қатарына тосқын от төк!
Ш а р ш е н (көздеп). Тосқын отпен фашист колоннасы-
на, нысана 1200! Огонь!...
Пулемет бір минуттай өчіред береді.
379
М а л ы ш е в. Нысана дұрыс. (Аздан соң.) Жаудың
алдыңғы танктері ұйлықты... Жүрмей қалды. Арты тірелді,
іркілді!
П о л и т р у к. Дивизион, тоқта!
Командир кетеді, атыс тоқталады. Соғыс болып жатқан жақтан Нұрлан
шығады. Алыста қатты атыстың сарыны бар. Нұрлан команда орнына
әрең келгендей. Оған оқ тиген.
П о л и т р у к (қарсы ұмтылып). Жолдас Нұр, сіз жаралы-
сыз ғой! (Адъютант кейін ұмтылып, біреуді шақырады.)
Н ұ р л а н. Ақырын, оқа емес!
Ира жүгіріп келеді.
И р а. Бері, бері шығыңыз. Шешініңіз, жолдас коман-
дир! (Нұрланды көтеріп алмақ болады.)
Н ұ р л а н. Жоқ... аяғым... Аяғым ғана! Денем сау...
Таңыңыз.
И р а. Сіз ауыр жаралысыз. Қан көп кетіп жатыр. (Тез
шешіп, таңуға кірісіп жатады.)
П о л и т р у к. Жолдас Нұр! Сіз әлсірейсіз ғой?
Н ұ р л а н (қатты). Дивизион тағдыры шешіледі қазір!
Әлсіремеймін. Мықтымын! Ең алдыңғы қатарға жетіп,
барлық қажет деректерді алып келдім. Жасырын жерлерін
білдім. Өлшеулер... мөлшерлер қолымда. (Ауырсынып.)
Қазір... тұра тұр... Қазір! (Перевязка бітеді. Нұрлан жолдаста-
рына.) Бар шабуыл бізді көздеп келеді. Біздің танктер, колон-
налар жібермей алысып жатыр. Әзір болыңдар. Зеңбіректері
бізді көздер. Танктері бізге беттеген. Самолеттері де бізді
жоюды мұрат етер... Әзір бол! (Таңу бітеді.)
И р а. Мен тастамаймын сізді... Қасыңыздан кетпеймін.
Қиын ауыр...
Н ұ р л а н. Тоқтаңыз! Болды... Рақмет, болды!
Е р б о л (өзіне жақындаған Ираға). Ира, алтыным!
И р а. Ербол! Сүйікті Ербол!
Е р б о л. Қайдасың, Ира, досым!
И р а. Қасыңдамын... Әрдайым қасыңдамын... Аман бол,
сау бол, Ербол.
Е р б о л. Наз қайда? Бар ма?
380
И р а. Бар... Наз осында.
Н ұ р л а н (нысанадан аз босап). Наз? О кім?
И р а. Ол – доктор.
Н ұ р л а н. О-о. Наз! Қайда, қай жерде?
М а л ы ш е в. Жау танктері қаптай бастады. Алдыңғы
соғысып жатқан танктеріне көмекке тоғайдан тағы қалың
лек шықты.
Н ұ р л а н (тез орын алып, өлшеп, қатты команда береді).
Дивизион! Бірінші, екінші батарея, бар зеңбіректерден, сегіз
снарядтан алыс ұрар, брон бұзар гранатпен тоғай алқымын
тосып, алдыңғы танктерді байлап, залппен, әзірлен! Үшінші
батарея, бар зеңбіректен шрапнельмен он снарядтан беглый,
әзірлен! Төртінші батарея... тыңда... төртінші батарея, бар
минометтен жау зеңбіректеріне үш қайыңның түбін байлап,
он бес снарядтан залппен, әзірлен! Пулемет, үш қайыңның
түбіне тосқын оққа әзірлен! Дивизион! Огонь!
Ербол команданы батареяға береді, “огонь” деп қолын төмен сілкеді.
Пытырлаған оқтар. Аздан соң саябырлап тоқтайды. Тағы команда.
Төртінші батарея, бар минометтен тағы сол нысанамен
он снарядтан беглый, огонь!
Алысырақта минометтер атылады.
М а л ы ш е в. Жау зеңбіректері саябырлады. Аман
қалғаны бізді атқылап жатыр.
Үсті-үстіне шрапнель келіп жарылады.
Сахнадағы бірнеше адам жығылады.
И р а (Ерболға қарап). Ербол, досым!
Е р б о л. Ира... бауырым... қарындасым!
Нұрланға тағы оқ тиеді. Ира ұмтылады.
И р а. Тоқтаңыз, шығыңыз енді, жолдас Нұр!
Н ұ р л а н. Қолым! Қолым ғана... шықпаймын!
Тағы шрапнель жарылады. Политрук жығылады.
Санитар алып кетеді.
381
Н ұ р л а н (команда береді). Бірінші, екінші батарея, бар
зеңбіректен, ондағы үлкен шырыш түбіндегі жау зенитка-
сын байлап, он снарядтан брон бұзар гранатпен! Төртінші
батарея, үш қайыңның түбін байлап, бар минометтен тағы
залппен он снарядтан... Сол нысанамен! Огонь! (Атылады.)
М а л ы ш е в. Жау зеңбіректерінің оты азайды… Бір-ақ
зеңбірек қалды… Танктер іркілді.
Тағы да снаряд. Нұрланға үшінші рет оқ тиеді. Денеден тиген.
Ира ұмтылып құшақтайды.
Н ұ р л а н. Жоқ… Жоқ… әлі… әлі. (Команда.) Төртінші
батарея, бар зеңбіректен, бес снарядтан үш қайыңның түбін
байлап, залппен… фашистің соңғы зеңбірегін байлап! (Өзі
әлсірейді, күшін қайта жиып.) Отан үшін, партия үшін,
огонь! (Атылады.)
М а л ы ш е в. Ойран болды... Басылды жау зеңбірегі,
танктер тоқтады, қалғаны қашты.
Н ұ р л а н. Сандаласың, ала алмайсың... Арам болар! Да-
тов, ал команданы! (Әлсіреп құлайды.)
И р а. Асыл Нұр, сүйікті Нұр! Бауырым! (Құшақтап алып,
көтеріп алып кетеді.)
М а л ы ш е в. Жау самолеттері. Бомбардировщик, ис-
требитель эскадрилиясы... бізге беттеді.
Е р б о л (команда). Дивизион, бар батарея, маскировка!..
Шапшаң маскировка!
Команда кете береді. Сахнада шапшаң қозғалыстар, бар қару тез
маскировкаға жатады... Адамдар да сырттарын өсімдіктермен бүркеп
алып, тапжылмай тына қалады.
М а л ы ш е в. Біздің итребительдер қарсы шықты.
Айқасты. Жаудың екі бомбардировщигі бізге қарай тақауда.
Снарядтар жарылады.
Тімтініп жүр, іздеп жүргені біздің батарея! Тақады...
төмендеді... шүйді!
Снаряд.
382
Е р б о л (команда). Төртінші батарея, төртінші миномет-
тен жақын бомбардировщикке он снаряд. Огонь!
Алыста миномет атқылайды.
М а л ы ш е в. От шыққан жерді іздеп жүр... Тақап жүр.
Біздің батареялардың үстінен өтті, әлі тапқан жоқ!...
Е р б о л. Төртінші миномет... Маскировка!
Снаряд үндері.
М а л ы ш е в. Тастады бомбасын, тастап барады... Ди-
визионды таптым деді. Жалған маскировканы бомбалап ба-
рады!..
Е р б о л. Қырған екен ендеше! (Телефонмен.) Төртінші ба-
тарея, төртінші батарея! Қай жерден түсті? Ар жағымыздан?
Зеңбіректерің аман ба? Бір миномет шығын? Төртінші ғой.
Содан әрі жаңылып, даланы атқылап кетті ғой! Солай!..
Шаң қусын!.. Жойдым деп ойласын.
М а л ы ш е в. Тағы үш бомбардировщик қосылды... Бәрі
де сол бір араны ұрып жүр. Жалған маскировкалар аспанға
ұшып, талқан боп жатыр.
Е р б о л. Ұрсын... көміп қойған алтыны бар ғой... қазып
алсын сол жерден.
Ш а р ш е н. Көрін де қазып алсын сол жерден!
М а л ы ш е в. Командир Датовтың айламен берген ше-
бер командасы жаудың бомбаларын дивизионнан аулақ
әкетті. Жалған маскировкаға түсірді. Жау сол арадан жаңа
шабуылға жол әзірлеп жүр.
Е р б о л. Әзірлесін. Бізді құртып, жойып болдық десін...
Қаптасын әзірлеген жерінен... Нұрлан кегі сонда шығар ал-
дынан.
М а л ы ш е в. Біздің самолеттер келеді... Жау бом-
бардировщиктерін бетке алды... Араласты!
Ш а р ш е н. Айқасты Звездов, шүйді! Тепті. Кетті бір
самолет!
Алыстан ағып, жанып түскен самолет елесі.
С к и б а. Тағы... тағы пулеметпен ұшырды. Көк қар-
шыға!
383
Ш а р ш е н. Қабылан ерім, Звездов... Шұмқарым!
Е р б о л. Көктұйғын. Көкжендет! Есіл ер! Үшіншісін,
үшіншісін бетке алды.
Ш а р ш е н. Өзіне, өзіне де барлығы оқталды-ау!
Шабуылға айналды-ау... А-а, біздің өзге екі-үш самолет
көмекке, көмекке салды.
Е р б о л. Япыр-ай, жабыла бастады-ау!
Осы кезде аспанға қараған бойда Назым жүгіре шығады.
Қасында бір санитар.
Е р б о л (жалт қарап). Жасырын... қозғалма! (Қарап,
танып.) Наз, апатайым Наз!...
Н а з ы м. Ербол, бауырым... (Қасына жетіп кеп сүйіп
алады.) Аманбысың, саумысың, бауырым?...
Е р б о л. Өзім аманмын... Бірақ не керек, несін айтайын,
Наз апа... Жаңа командиріміз, сондай есіл ер командиріміз
қатты жаралы боп кетті.
Н а з ы м. Ол қайда? Қайда жатыр?
Е р б о л. Ира, Ира алып кетті жаңа...
Н а з ы м. Қап! Асығыс көмек керек болса, осында берер
ме ек! Мен мына самолеттегі, мынау ерге көмегім керек бол-
са, жақын тұрайын деп осында жеттім.
Е р б о л (аспанға қарап). Наз апа, ол ер... Нағыз ер...
Звездов қой ол. Әне ұшырды...
Ш а р ш е н. Тағы ұшырды, қан құстырды фашиске!
Алыста ағып жанып түскен үшінші самолет байқалады.
Әттеген-ай... Өзін, өзін көздеді-ау анау шұм.
Е р б о л. Япыр-ай... жазым болды-ау!
Н а з ы м. Есіл ер-ай, жанды ғой самолеті, құлады ма?
Е р б о л. Жанса да жауды тағы құлатты... Соңғы оғымен
ұшырды.
Ш а р ш е н. Әй, бірақ өз оты басылмады-ау... Масқара,
құлай бастады.
С к и б а. Құлаған жоқ. Сонда да штурвалын ұстап келеді.
Жанды... жанып барады.
Н а з ы м. Жерге жетсе екен... Бізге қарай тартты. Осы-
лай... Осылай жетіп қоншы, ия, сәт!..
384
Осы кезде жанған самолет елесі сахнаның бір жағынан, биіктен екінші
жағына түтіндетіп, жанып кеп қонғандай болады.
Н а з ы м (санитарына). Жүр! (Ұмтыла береді.)
Е р б о л. Наз, алдың жауып тұрған оқ, сақ болшы!
Н а з ы м. Бәрібір, қош...
Е р б о л. Бұқ, бұғып баршы тым құрса...
Н а з ы м. Өліміне ара түссем, арманым жоқ, жүр!
(Жөнеледі.)
Е р б о л. Жауып тұрған отқа кетті-ау. Скиба, жібер, қос
үш кісіні! Шапшаң! Қайран Наз, ұмытпаспын! Япыр-ай, бір
кісісі құлады. Өзі аман, аман кетіп барады. (Жым-жырт, аз-
дан соң.) Жетті, ашты есігін.
С к и б а. Кабинаға өрт жеткен.
Ш а р ш е н. Ай, өлген ғой. Өртеніп отырып, өз жеріне
жетіп қонған, қайран ер!
Тым-тырыс.
Е р б о л (телефонда). Мен! Дивизион командирінің
орнындағы лейтенант Датов. Жолдас генерал-лейтенант...
Адам шығыны бар... Жаудың зениткасы мен зеңбірек ба-
тареясын өшіруімізге себеп болғаны командир майор
Бектасовтың дәл командасы. Өзі алдыңғы қатарға барып
жатып, бар есепті дәлдеп әкеліп... Өзіне үш рет оқ тиген-
ше команданы тастамай, жау оттарын тегіс бастырды.
Қазір санчасть алып кетті. Звездов не халде, мәлім емес.
Доктор Бердиева от арасымен барып, кабинадан алып
шығып, пунктке өзі алып кетті. (Тыңдап алып.) Рас, жау
бомбардировщиктерінің қаптағаны біз едік. Құртпағы
біздің дивизион еді... Бірақ қазір де біздің бір минометтен
басқа барлық зеңбірегіміз аман, жолдас генерал-лейтенант!
Жалған от пен жалған маскировкаға қарай бұрып жібердік...
Кімнің басшылығы, кімнің командасы дейсіз бе? Уақытша
командир мен едім... Рақмет, жолдас генерал-лейтенант...
Дивизион командалары жеткілікті. Дивизион барлық
құралдарымен тосқауылға әзір, жолдас генерал-лейтенант!..
М а л ы ш е в. Жау тоғайға қайта кірді... Бар күші жиын
кірді... Бері басқан белгі жоқ. Әзірше жым-жырт.
385
Е р б о л. Командирлер, жиылыңдар, келіңдер маған!
(Қасына Скиба, Шаршен, тағы бірнеше командирлер келеді.)
Генерал Гольц қалған күшінің баршасын тығыз жиып,
қайта құрап, қатты ұмтылу қамында. Тімтініп, түртініп жүр.
Жаңағы самолеттері килігерлік жол әзірлеп кетті. Осы учас-
токтен біздің шепті бұзып өтпек. Шабуылға әзірлік жасап,
біздің дивизионды құртып, басып тастауды мақсат еткен.
Ш а р ш е н. Жаңағы бір топ құзғынның соққылап
жүргені сол ғой.
Е р б о л. Дұрыс... Сол... Біз әдейі көп үн қатпай, бұғып
қалдық. Бұл жердегі дивизион жайраған, ойран болып
біткен деп ойласын... Келсін... Кімнің үстінен келсе, соның
бағы. Гитлердің имперский дивизиясының барлық күшін,
бар штабын, әсіресе, әттең, генерал Гольцтің өзін шұғыл
шабуылмен жаныштай ұрып, тұтқын қып алған топтың бағы
емей немене! Хал осы, түсінікті ме?
Д а у ы с т а р. Түсінікті, жолдас командир!
– Түсінікті, жолдас Датов!
Е р б о л. Ендеше, орындарыңа барып, маскировканы
жақсы етіп отырыңдар. Командирлер! Көптен бері ұйқы жоқ
қой, кезектеріңді мықты қып қойып, 40 минуттан мызғып
алыңдар... Орындарыңа!.. (Шаршенге.) Жаңағы соңғы бір
лық берген толқынын сенің оғың қайырды, Шаршен аға.
Ш а р ш е н. Мен ақ келтеге... ақ келтеге сенем ғой,
нысанаға жеткенде алдынан жер жыртқандай дәл түсіп,
жарты қадам бастырмады ғой ақ келте!
С к и б а (бұлардың қасында қалған). Ақ келте, Бегешев,
ақ келте деп неге айтасың сен?
Ш а р ш е н. Ақ келтенің мәні бар, бірақ бәрін айтсам
алты ай керек.
С к и б а . Алты ай? Онда екеуміз әңгімелесіп отырғанда
соғыс та бітіп қалады ғой.
Ш а р ш е н. Солай, сөйтіп, қысқасын айтайын... Ақ кел-
те – Манас батырдың мылтығының аты. Ақ келте мылтығы,
ақ олпоқ сауыты. Мылтығы осы сенің бірінші зеңбірегіңдей
болуы керек... Ал, менің пулеметім кімнен кем? Сүйсінгенде
мұны да ақ келте деймін.
Е р б о л (ұйқы жеңгендей алға қарайды). Титтей белгі
жоқ. Бұл қашаған генерал, сырқынды сайқал көп күттірер
ме екен тағы да?!
386
С к и б а. Шарпысқалы үш күн болды. Ендігі адымы
баяулады ғой.
Ш а р ш е н. Тұйғын келіп шалғанда, қоянның адымы
қандай бүрісуші еді, баурынан шыға алмай... солай ма?
Е р б о л. Тоқта, Шаршен аға! Екі көзі қанталаған қомағай
қасқыр шұғылдан тап келген шағында бар пәрменімен қарсы
шапшып қауып та түсетін...
Пауза.
Көрінбейді. Қарағай жым-жырт... Бүйте берсе, ұйқы да
басар.
С к и б а. Айтпақшы, жолдас командир... Ербол, сіз
ұйықтамағалы тура міне екі жарым сутке болды. Мызғып
алыңыз.
Ш а р ш е н. Рас... Дер кезінде нысанадан жаңыласың!
Көзің бұлдырайды... Мызғып ал...
Е р б о л. Скиба, сен тұр ендеше ... Дәл 35 минуттен кейін
оятыңдар.
Бері келіп, бір кішкене түп ағаштың бауырындағы аласа тасқа отыра-
ды да, қалғып кетеді. Ұйқыда. Сахнада көкшіл мұнар. Арғы жақтағы
көріністің бәрін сол мұнар басады. Ерболдың қасында Ленин тұр.
Л е н и н. Сен ұйықтап отырмысың, Ербол?
Е р б о л (сасып қап). Жолдас... Ильич аға...
Л е н и н. Оқа емес... Тынықпай бола ма екен? А-а, сен-
дер мынау үш күндей жаман қимыл еткен жоқсыңдар...
Қатты қайрат еттіңдер.
Е р б о л. Тек тиянағы... тап жығары жақсы болса екен.
Л е н и н. А, соны айт. Соған әзір болыңдар... Бар күшті
жиып, бір-ақ ырғу бар... Сол ырғығанда ажалдай соғып, бүріп
түсу шарт. Сіз жымда жатқан ызалы, алып жолбарыстың,
анау өздеріңнің Балқашыңның қалың қамысында жататын
жолбарыстың қалай шапшитынын естіп пе едіңіз?
Е р б о л. Дәл, дәл бала күнімде Балқаш жағасында
жолбарыстың бір-ақ шапшып бір түйені... үлкен жардай бір
сары атанды бүктеп түскенін естіп ем.
Л е н и н. А, мұндағы мысал түйе емес. Түйе ол үлкен
де болса, момын... Мұндағы ол емес, қабан дейік. Қырыс,
қасқой қабан болса, көп еңбекпен егін егіп, сол егінің
387
жайқалып өсіп қалғанда, залалды аузымен жақсылық жерін
дал-дал айырып кеткен қабан болса... сол қабанды жым-
нан шыға бергенде, ер мергеннің ызалы оғы жұлып түссе,
қандай сүйсінер ең... Ендігі сендердің зеңбіректерің де ел-
жұртыңды сондай сүйсіндірсе...
Е р б о л. Ендеше, бұл қабан аман кетпес-ау!
Л е н и н. Бірақ ол оңай емес. Жығыла беріп жарып
кететіні де болады.
Е р б о л. Бірақ біз құртпаймыз ба? Жайратамыз, жеңеміз
ғой осы жыртқышты?
Л е н и н. ...Оған кепіл өздеріңнің ер кеудең! Біз жаңа
көктемнің өзгеше өктем тасқынымыз... Ол тасқынның
ағысын бөгеймін деп, жолына шөгіп жатқан қабандар
бөгемек емес, бүктеліп, талқан болып езілмек. Солай емес
пе?
Е р б о л. Солай... Сөз жоқ солай. Япыр-ай, жолдас Ле-
нин, сондай жақын кеп, соншалық қуанттыңыз ғой. Мен,
мен бір ғана көрмедім деп арман етуші едім!
Ербол мәз болып күліп жібереді. Осы кезде мұнар қоюланады. Сахнада
ешкім көрінбейді. Аздан соң мұнар айығады. Ленин жоқ. Ербол алғашқы
қалпында ұйықтап отыр. Аздан соң ұйқысынан қатты күліп, қуана күліп
оянады.
Е р б о л (қуанып тұрып, ұмтылып). Жолдастар, достар,
біз жеңеміз. Жеңдік біз... достар...
Ш а р ш е н
С к и б а
Е р б о л. Кейін айтам... Ленин Ильич өзі айтты, түсіме
кірді.
Ш а р ш е н. Дегенің болсын, Ербол ботом.
Е р б о л. Ер қайратқа қол соғыстық, әкпел, Шаршен аға,
Скиба! (Қол алысады.)
Ш а р ш е н. Әкпел!
Е р б о л. Нұрлан кегі, Звездов кегін есте тұттық, ер дос-
тар!
Ш а р ш е н. Ұмытпаспын.
С к и б а . Есте тұттық! ..
Е р б о л. Кәне, кәне, енді... (Өз орнына отырады. Теле-
фонмен.) Командирлер, жолдастар... Бар батарея, бар жа-
}
О не?.. Қалай?.. Не дейсің, Ербол?
388
уынгер, әзірлен! (Сахнада барлық қару маскировкасын алып
әзірленеді. Команда.) Дивизион, соғысқа!
Командалар кетіп жатады.
М а л ы ш е в (аздан соң). Шықты жаулар... Бар легі бізге
қарай шықты, қатты келеді!
Е р б о л (нысанада). Келсін! Тақасын!
М а л ы ш е в. Дивизионның сол жағына беттеді. Жаңағы
самолеттер қонған жермен өтпек... Солай ағылады. Қалың
селдей танктері... мотоколоннасы! Тақап қалды!
Е р б о л. Тақасын! Беттесін, бассын солай!
С к и б а . Жолдас командир, келіп қалды ғой.
Ш а р ш е н. Атпаймыз ба, Ербол?
М а л ы ш е в. Келіп қалды... Өте бастады.
С к и б а . Жолдас командир... Өтіп барады ғой.
Е р б о л. Өтсін!
М а л ы ш е в. Ағындап барады... Өтіп барады...
Ш а р ш е н. Ербол, бұ қалай? Өтіп кетті ғой...
Е р б о л. Өтсін! ..
М а л ы ш е в. Жаяулар да қаптады. Қалың селге айнал-
ды... Штаб машиналары да жедел келеді... Бөгеу жоқ, өтіп
барады...
Е р б о л. Жә, жетті. (Команда.) Дивизион, соғысқа!
Бар маскировка жойылады.
Дивизион, бар батарея! Бар зеңбіректен, он снарядтан
әзірлен! Бірінші, екінші батарея, жау танктерін тура бай-
лап, әзірлен! Үшінші батарея, мотоклоннаны шрапнель-
мен, әзірлен! Төртінші батарея, жау танктерін тура байлап,
әзірлен! Дивизион, жау шабуылына флангадан залппен!
Огонь! Бар батарея тағы да бес снарядтан... залппен! Пуле-
мет! Штаб машиналарын тосқын оқпен! Огонь!
Тағы да осындай бір-екі команда. Қатты соғыс.
М а л ы ш е в. Ұйлықты жаулар... Біздің танктер, жаяу
полктер қарсы ұмтылды. Тосын оттан жау реттері бұзылды.
Тастады! Машиналарын тастады... Жаяу, жаяу қаптады.
Бізге қарай лап берді!
389
Е р б о л. Пулемет, семсер оқпен... нысана үш жүз! Огонь!
Дивизион! Барлық жауынгерлер! Бар командирлер... Тыңда,
тыңда... Барлық дивизион, бетпе-бет соғысқа әзірлен!
(Өзі атқып винтовка алады, ұшында қанжары бар. Барлық
сахнадағы әскер солай қаруланған. Ербол командасы.) Диви-
зион, фашист дивизиясының командасына, штабына қарсы
атакаға! Отан үшін, партия үшін соңымнан ер!.. (Екпіндеп
ұмтылады.)
Сахнадан көп әскер жүгіріп өтіп жатады.
М а л ы ш е в. Көп зеңбіректің ойда жоқ жерден борай
соққан қаhарлы оты жау құралдарын жайратып, жау коман-
дасын естен тандырды. Ар жағынан, алдынан біздің танктер,
жаяу полктер жапырып, тықсырып келеді... Бері серпкен
қашқын топ... Команда, штаб тобы... Ар жағынан ығысып
әлі бері серпуде! Алдынан Датов, Датов тобы айқасты! Қатты
барып, өрттей лап берді. Қол алдында Датов... Шанышты,
ұшырды. Тағы бірін. Барлық тобы Датовтың өзіндей өктем
килікті... Жаулар қылыш, қылыш жұмсады. Жарқ-жұрқ...
шарт-шұрт кескілес! Жаудың селдір тобын бөліп алды...
Қамай соқты! Ұлықтар, офицерлер тобы... штаб! Қаша
соғыспақ! Аз кісісі қалса да, Датов өктеп барады... Арғы қол
басылды. Датов жолбарыстай ырғып кеп соқты шені үлкен
бір офицерді... Жеңілді жаулар, қолдарын көтерді... Орта-
да қасқа бас генерал! Бағынды!... Датов конвойға алды! Бұл
майдан, бұл жеңістің айлакер басшысы, қаhарман ері Датов,
Датов Ербол боп шықты әзір!
Е р б о л (аздан соң, телефонмен). Рапорт қабыл етіңіз...
Мен дивизион командирі лейтенант Датов. Ия, мен, жолдас
генерал-лейтенант! Фашистердің имперский дивизиясы-
ның бар командованиесі, бар штабы, бастығы генерал
Гольцтің өзімен тұтқын болды!.. Конвоймен штабыңызға
жөнелттім! (Тоқтап.) Дұрыс, ия!.. Дивизион бар команда,
бар құралдарымен шапшаң шабуылға әзір, жолдас гене-
рал-лейтенант! (Телефонды қойып.) Дивизион! Дивизион,
шабуылға!
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
390
Достарыңызбен бөлісу: |