437
“Халық артисі”
Мақала алғаш рет “Социалистік Қазақстан” газетінің 1946
жылғы 2 сәуірдегі санында жарияланған. Осы нұсқа бойынша
кейін М. Әуезовтің “Уақыт және әдебиет” кітабының (Алматы:
Қазкөркемәдеббас, 1962) 301–304 беттерінде; он екі томдық
шығармалар жинағы (Алматы: Жазушы, 1969) 11-томының
254–255-беттерінде; жиырма томдық шығармалар жинағы (Ал-
маты: Жазушы, 1985) 18-томының 287–291-беттерінде қайта
басылған. Осы мақаланың қысқарған түрі “Қазақ елі” газетінің
1946 жылғы № 1, 2 сандарында шыққан.
Қазақ театрының іргетасын қалаушылардың бірі, ай-
тулы актер Қ. Қуанышбаевтың өнердегі жолы мен оның
азаматтық тұлғасы туралы жазушы өзінің театр, кино, өнер
туралы, қазақ мәдениетінің өсу жолдары туралы жазылған
бірқатар мақалаларында атап өтеді. Ол мақалаларда жазушы
актердің өзіне тән ойнау мәнері мен кейбір рольдерді сомдау-
да көрсеткен үздік қолтаңбасы туралы сүйсіне жазады. Со-
нымен бірге жазушы қазақ театрының алғашқы актерлері –
Қ. Жандарбеков, Қ. Байсейітов, С. Қожамқұлов, Ә. Қашаубаев,
И. Байзақов, Е. Өмірзақов, Қ. Бадыров сияқты труппа
мүшелері туралы да ұнамды пікірлер білдіреді. Олардың сах-
нада сомдаған әрбір ойынын, әрбір жаңа пьесаны шығарудағы
көрсеткен шеберліктерін, көрермен көкейінен шыққан ұнамды
жақтарымен қоса жетпей жатқан жерлеріне пікір, тілегін
білдіріп отырады.
Осы аталған мақаласында жазушы актердің өнерімен қоса
оның азаматтық тұлғасына көбірек тоқталады. Мәдениеті
жетілген елдердің өнер қайраткерлеріне лайық деңгейде
құрметке бөленген айтулы өнер шеберінің көпке танымал
болып, ел сенімін иеленіп, Жоғарғы Кеңеске депутаттыққа
ұсынылуы еліміздің мәдени жағынан өсіп, гүлденуінің
жемісі деп бағалайды. Актер өмірінің әртүрлі кезеңдерін, өсу
белестерінде небір қиын рольдерді ойнаудағы шеберлігін,
көркемөнердегі жетістіктері мен оның әр жылдары үкімет
тарапынан алған марапаттарын атай келіп, актер Қалибек
Қуанышбаев ел бағасына өнерімен жауап беретініне өз сенімін
білдіреді.
Мақала М. Әуезовтің 50 томдық академиялық жинағына
бұдан бұрынғы кітаптардағы мәтін бойынша дайындалып,
өзгеріссіз жіберілді.
1. 261-б. “Осы үшеудің бірі – “Алдаркөседегі” мес-мешкей,
жарым адам, жарым доңыз Шораяқ...” – “Алдаркөсе” – жазу-
шы Шахмет Құсайыновтың пьесасы. 1942 жылы қаңтар айын-
да Қазақ драма театрында қойылды. Шораяқ ролінде белгілі
актер Қ. Қуанышбаев ойнаған.
2. 261-б. “Қалыбектің ойнауы арқылы Қазақстанның
көркемөнері өзінің өсіп, піскендігін танытып, ұлы орыс халқының
классикалық пьесаларын (“Ревизор”, “Мысыққа күнде той
болмас”) және кеңестік пьесаларды да талай көрсетті” –
А. Островскийдің “Мысыққа күнде той болмас” пьесасында
есерсоқ Ахов ролін, Н. Гогольдің “Ревизорында” Дуанбасы
ролін Қ. Қуанышбаев сомдаған болатын.
К. Рахымжанов
439
“Талантливый сын народа”
М. Әуезовтің бұл мақаласы Қостанай облысының “Ста-
линдік жол” (“Сталинский путь”) газетінде 1946 жылы
1 ақпандағы санында шыққан.
Мақала қазақ сахнасының хас шебері Қалибек
Қуанышбаевтың КСРО Жоғарғы Кеңесінде депутаттыққа
кандидат ретінде сайлаушылармен кездесуінің қарсаңында
жазылған. Мақалада Қалибек Қуанышбаевтың өмірі мен
шығармашылығы жайлы тұжырымды мәліметтер берілген.
Кездесудің өзі Петковкада өткен.
Алғаш “Даровитый сын народа” атымен жазылған
мақаланың машинкаға басылған қолжазбасы (273-бума, 58–
62-бб.) жазушы мұражайында сақталған. Қолжазба үстінен көк
сиямен түзетулер жасалып, парақтың екінші бетінде қосылған
сөздер мен тіркестер берілген.
Осы мақаланың қазақ тіліндегісі “Халық артисі” атымен
“Социалистік Қазақстан” газетінің 1946 жылғы 2 сәуірдегі
санында шыққан. “Қазақ елі” журналында шыққан (1946 ж.
№ 1–2) “Депутат Қуанышбайұлы” атты мақала “Халық әртісі”
мақаласының қысқартылған нұсқасы болып табылады.
1. 266-б. Шораяқ – Ш. Құсайыновтың “Алдаркөсе”
комедиясының кейіпкері. Режиссері – М. Гольдблат, суретші-
сі – Э. Чарнамский (1942).
2. 266-б. “...со страшной человеческой судьбой глухонемо-
го в пьесе “Ахан-Серэ” – Сөз Ғ. Мүсіреповтың “Ақан сері –
Ақтоқты” трагедиясының кейіпкері Мылқау туралы болып
отыр. Режиссері – М. Гольдблат, суретшісі – Э. Чарномский
(1942).
3. 266-б. “Абай” – М. Әуезов пен Л. Соболевтің “Абай” тра-
гедиясы. Режиссері – А. Тоқпанов, суретшілері – Э. Чарном-
ский мен Қ. Қожықов (1940).
4. 266-б. Ахов – А. Островскийдің “Не все коту маслени-
ца” комедиясының кейіпкері. Пьесаны М. Жанғалин аударған.
Режиссері – М. Соколовский, суретшісі – А. Силась (1940).
5. 266-б. Городничий – Н. Гогольдің “Ревизор”
комедиясының кейіпкері. Комедияны М. Әуезов аударған.
Режиссері – И. Боров, суретшісі – Д. Завирзин (1936).
6. 266-б. Брабанцио – У. Шекспирдің “Отелло” трагедия-
сы. Аударған М. Әуезов. Режиссерлері – М. Сокольский мен
А. Ысмайылов, суретшілері – Қ. Қожықов пен Өскенбаев
(1939).
7. 266-б. Баптиста – У. Шекспирдің “Асауға тұсау”
комедиясының кейіпкері. Аудармасы М. Әуезовтікі.
Режиссерлері – О. Пыжов пен Б. Бибиков, суретшісі – Э. Чар-
номский.
8. 267-б. “...это создание на экране образа великого клас-
сика казахского народа Абая” – Актер Қ. Қуанышбаев “Абай
әні” көркем фильмінде Абай бейнесін сомдаған. Сценарийін
М. Әуезов жазған. Режиссері – Г. Рошаль, суретшісі –
Қ. Қожықов.
Ә. Қуанышбаев
441
“Абай жолының” деректері”
М.О. Әуезов эпопея үшін ең алғаш дерек жинау
мақсатымен Семей қаласына 1935 жылдың желтоқсанында
барды. Ол жерге естеліктер айту үшін Сыдық Махмұдұлы,
Әрхам Ысқақұлы, Тұмабай Түсіпұлы, Қатпа Қорамжанұлы
сияқты Абайды жақсы білетін ел адамдары келді. Бәрі
де жақын қарым-қатынаста болғандар: бірі туысқан, бірі
атқосшы, бірі олай-былай істерге жұмсайтын қызметкер.
Сонда елді аралауға мүмкіндігі болмай, олармен әбден
әңгіме-дүкен құрған соң Алматыға қайтты. Солардың
айтуындағы әңгімелер жазылған блокнотты соңынан
“Көне дәптер” деп атады. Бұл роман үшін жинаған дерек-
тер жазылған дәптердің ең алғашқысы еді. Одан кейінгілері
әртүрлі жағдайда әртүрлі көлемдегі қағаздарға түсірілді.
Бұлардың ішінде халықтың мақал-мәтелдері мен шешендік
сөздері, жұмбақтары, жаңылтпаштары, тақпақтары, тарих
әңгімелері сияқты көптеген сөз үлгілері мен Жәке бидің,
Нұрлыбек Түйтеұлының, Жәке бидің баласы Қабылдың,
Байыстың, Құнанбайдың, Сабырбайдың, Жанақтың,
Торайғырдың, Бөлтіріктің, Орманбет, Арғын Шоқай бидің,
Қырғызбай Машан бидің, Қазыбек Әнет баба сөздері бар.
Бұлардың бәрі дерлік әртүрлі жолдармен романнан орын
алғандығы көрінеді.
Т. Әкім
442
“Сын сағатта”
Ұлы Отан соғысына қатысқан көп ұлтты кеңес жауын-
герлері мен тылдағы еңбек адамдарының ерлігін суреттейтін
“Сын сағатта” пьесасы 1941 жылдың тамыз айында жазылды.
Ал Қазақстан академиялық драма театрында 7 қараша күні
сахнаға шығарылды. Режиссері – А. Тоқпанов, суретшісі –
Э. Чарномский, композиторы – О.А. Сандлер. Пьесаның
әуелгі нұсқасы арабша жазылып (105-бума), алғы бетінде:
“Сын сағатта. 4 акт, 8 суретті, геройлық пьеса” деген анықтама
берілген. Оқушының жол көзді қалың қос дәптеріне қара сия-
мен таза жазылған қолжазба нұсқаның жазушы беттеуіндегі
көлемі – 112 бет. Бұдан кейінгі екінші нұсқа латын қарпінде
(104-бума) машинкеге жазылған. Тақырыпты автор көк сия-
мен латын әрпінде өз қолымен жазып, тақырыптың жоғарғы
жағындағы аты мен фамилиясының астын сызып, “3 актылы,
5 суретті пьеса, Алматы – 1941 ж.” деп көрсеткен. Автордың
қара, көк сиямен, қызыл көк түсті қарындашпен сызған,
түзеткен, қосқан жерлері пьесаның барлық беттерінде
кездеседі. Жазушы өз қолымен жазып қосқан қосымшалар
2, 4, 9, 13, 15, 17, 43, 44-беттердің артына көк сиямен жазылған.
Жазу парағының сақталуы жақсы және жазу қағазы әртүрлі:
ұзын жолды, сарғыш. Автордың беттеуі толық емес әрі
қиылған беттері де өте көп. Ал архивтің беттеуінде мұның
көлемі – 63 бет те, өзі үш акт, бес суреттен тұрады. Мұнда
қолжазбадағы адам аттары қысқарып, оқиғаның жалпы
желісі сол қалпында қалғанымен, бұл нұсқа бүтіндей қайта
жазылып шыққан.
Ал пьесаның баспа бетінде тұңғыш жарық көруі 1942
жылдан басталған. Онда да толық емес, орталау, орта
мектептердің 7-сыныбында арналған оқулықтарда тек
үзінділер ретінде әр жылдарда жарияланады (Әдебиет оқу
443
кітабы. Құраст. А.Көшімбаев. Алматы: Қазмембірбас., 1942.
172–181-бб; 1943. 172–181-бб. Құраст. Қ. Бекқожин; 1944. 172–
181-бб. Құраст. А. Көшімбаев; 1946. 21–71-бб; Әдебиет оқу
кітабы. Құраст. Ш. Кәрібаев. Алматы: Қазоқуқұралбас., 1947.
310–319-бб.). Бұлардың бәрін өзара салыстырып қарағанда,
М. Әуезовтің “Сын сағатта” пьесасының 2-ші суреті ғана
бірінен-біріне көшіп жүргені белгілі болды.
Салыстыру кезінде пьесаның (104-бума) бұрынғы:
бірінші, екінші, үшінші суреттері қысқара-қысқара кеп,
бірінші суретке; төртінші, бесінші, сегізінші суреттері
екінші суретке; алтыншы сурет үшінші суретке; жетінші су-
рет төртінші суретке айналғаны байқалды.
Міне, осы нұсқадағы жазушының өзі ықшамдап, қыс-
қартқан варианты М. Әуезовтің алты томдығына (Алматы:
ҚМКӘБ, 1957. 6-т. 371–419-бб.), он екі томдықтың 10-томы-
на (Алматы: Жазушы, 1969. 5–53-бб.), жиырма томдықтың
11-томына (Алматы: Жазушы, 1982. 95–145-бб.) енгізілген.
Жазушының әр жылдарда жарық көрген басылымдарының
арасында кездескен айырмашылықтар – аталмыш пьеса 3
актылы, 4 суретті болып берілуі, латынша нұсқадағы (104-
бума) қателік қалпына келтірілген. Онда екінші актыдагы
екінші сурет үшінші сурет деп жазылып кеткендіктен, су-
реттер санында (3 акт, 5 суретті) сәйкессіздіктер ұшырасады.
Дұрысы – үш актылы, төрт суретті пьеса.
М. Әуезовтің жиырма томдық шығармалар жинағының
11-томында берілген түсініктемеде 104-бума мен 6-том-
дықтың арасындағы айырмашылықтар, автор тарапынан
өзгерткен, қысқартқан тұстар бірді-екілі мысалмен айтылған.
Осындай ықшамдаулар, кейіпкер сөздерінің қысқаруы және
қайта жазылған жерлері пьесаның латынша нұсқасында
біршама көп. Және бұл жөндеулер барлық томдықтарға
түгелдей дерлік енгізілген.
Жазушының елу томдық академиялық толық жинағына
1957, 1969, 1982 жылдарда шыққан нұсқалар өзара салысты-
рыла отырып, вариант ретінде осы томдықтарға негіз болған
латын қарпіндегі машинкада басылған нұсқа (104-бума)
енгізілді.
Пьесаның екінші акт, екінші суретіндегі Ерболдың
ұйқыға кеткен уағында түсінде тілдесетін ұлы көсем Лениннің
бастапқы нұсқада (104-бума, 41–43 бб.) Сталин болып, ал
1957 жылғы басылымында саяси өзгертуге мәжбүр болғаны
түсінікті еді. Кейінгі басылымның бәрінде де Ленин болып
жүр. Біз осы соңғысы бойынша жіберуді жөн көрдік.
Е. Қаныкейұлы
445
М А З М Ұ Н Ы
I. МАҚАЛАЛАР, ЗЕРТТЕУЛЕР ............................................ 3
Аз сөз ..................................................................................... 5
Орыс классиктері және Абай ................................................ 6
Жыр жалауы – Амангелді ................................................... 26
Қазақ бөлімі ......................................................................... 31
Ер серігі – сергек ой ............................................................ 34
Абай – қазақ халқының ұлы ақыны ................................... 43
Абай елінде өткізілген мереке ............................................. 60
Жизнь победила .................................................................. 63
Халықтың ғасырлық жыры ................................................. 64
Вековая песня народа ......................................................... 67
Ақын елінде ......................................................................... 70
Абайдың жүз жылдық мерекесі алдында ............................ 82
Абай еңбектерінің биік нысанасы ...................................... 85
Абайдың еңбектері .............................................................. 94
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845–1904) ......................... 100
Абай өмірбаянының үшінші нұсқасы
(1845–1904) .................................................................. 132
От домбры – до оперы ...................................................... 219
Жизнь и творчество Абая (Ибрагима) Кунанбаева
(1845–1904) .................................................................. 228
Абай Кунанбаев – поэт и просветитель
казахского народа (1845–1904) .................................. 252
Халық артисі ...................................................................... 259
Талантливый сын народа .................................................. 263
II. “АБАЙ ЖОЛЫНЫҢ” ДЕРЕКТЕРІ ............................ 269
Көне дәптер ....................................................................... 271
Абай айтар болса ............................................................... 319
III. ПЬЕСА ......................................................................... 351
Сын сағатта ........................................................................ 353
IV. ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР ................................. 405
ӘУЕЗОВ МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ
Шығармаларының елу томдық толық жинағы
27-том
Академиялық ғылыми басылым
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
ғылыми кеңесінде бекітіліп, баспаға ұсынылған
Баспа жобасының жетекшілері:
С. Назарбаева, Б. Қанапиянов
Редакторлары: Б. Хабдина, Б. Мұсахан, А. Шаихова
Көркемдеуші редакторы С. Оспанова
Техникалық редакторы Н. Ромахова
Компьютерде беттеген И. Селиванова
Пішімі 84х108
1
/
32
. Офсеттік қағаз.
Қаріп түрі “Таймс”.
Шартты баспа табағы 23,5.
Таралымы 4000 дана.
“Жібек жолы” баспа үйі
050000, Алматы қаласы, Қазыбек би к шесі, 50.
Тел.: 272-65-01, 261-11-09.
Басуға
ж. қол қойылды.
10.07.2014
Достарыңызбен бөлісу: |