Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Т. Әкім   423 “Абайдың жүз жылдық мерекесі алдында”



Pdf көрінісі
бет26/27
Дата27.12.2016
өлшемі1,71 Mb.
#593
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Т. Әкім

 


423

Абайдың жүз жылдық мерекесі алдында”

Мақала алғаш рет “Қызыл Армия үгітшісінің блокноты-

ның” 1945 жылғы сәуірдегі төртінші санында жарияланған. 

Басылым сыртында “Неміс басқыншыларына өлім” деген 

эпиграф бар. Шығарушы – Қызыл Армияның жоғарғы саяси 

басқармасы.

Мақала “Қызыл Армия” газетінің 27 шілдедегі санын-

да да жарияланыпты. Мұнда “Пушкиндерге қазақ оқушысын 

дос етті” дегеннен “Жүз жылдық қарсаңында” деп басталатын 

жолдарға дейінгі екі абзац қысқартылған. Блокнотта мақала 

соңынан “Абай өлеңдерінен” деп “Әсемпаз болма әрнегенің” 

мәтіні келтірілген.

Мақала арнайы тапсырыспен жазылуы мүмкін. Майдан 

шебіндегі жауынгерлерге туған елде аталмақшы ірі мәдени 

шараның жоғары рух беретін қасиеті ескерілсе керек. М. Әуезов 

өз ойларының қысқа әрі түсінікті болуына мән береді. Ықшам 

көлемде Абай мұрасының маңызы мен бағасы, оның саяси-

әлеуметтік астары, орыс әдебиетімен байланысы, халықтар 

достығын жырлағаны айтылып өтеді. Абай дәріптеген “ұлы 

қайрат, қасиеттің” соғыс кезіндегі ерекше орны көрсетіледі. 

Мақаладағы сол уақыттағы жазу ережесіне сай алынған 

“жыйнақ”, “қыйуа”, “қыйын” деген сөздер бүгінгі қалыпқа 

түсірілді.

М. Әуезов 1945 жылы жарияланған Абай шығармаларының 

толық жинағынан хабар береді. Сол жылы күзде жарық көретін 

өзінің “Абай” романының орысша нұсқасы туралы, “Абай” 

операсы жайлы, С. Мұқановтың “Абай Құнанбаев” атты 

зерттеуі хақында мәлімет келтіреді.

Н. Анов “Абай” романының орысша басылымы туралы  

М. Әуезов әсерін былай сипаттаған: “Міні, орысша аударма-

сының алғашқы данасын алып отырған бетім осы, – деді 

Мұхтар кітапты әрлі-берлі аударыстыра қарап. – Ал, қағазы 

онша әдемі емес екен, қайтесің, осының өзіне де көп күш 


салдық. Жалпы басылуы жаман болып шықпаған. – Мұхтар 

кітапты тағы да аудара-төңкере қызықтай отырды да, маған 

ұсынды” (Мұхтар Әуезов туралы естеліктер. Алматы: Жазушы, 

1997. 106-б.).



Б. Майтанов

425

“Абай еңбектерінің биік нысанасы”

М. Әуезов Абай шығармашылығына байланысты әрбір 

тарихи-мәдени өмір жаңалықтарына орай жаңалай мақала не 

шағын зерттеу жазып отырған. Бұл мақала ақынның 100 жылдық 

мерекесі қарсаңында қолға алынған. Алдымен “Социалистік 

Қазақстан” газетіне (18.08.1945), одан соң “Алтай большевигі” 

(26.08.1945), “Ленин туы” (28.08.1945) газеттеріне қатарлас ба-

сылды. Қаламгердің “Әр жылдар ойлары” (1959, 206–212-бб.), 

“Абай Құнанбаев” (1967, 267–275-бб.) атты кітаптарына, 20 

томдық шығармалар жинағының 18-томында (34–42-бб.) жа-

рияланды. Басылым үшін осы нұсқа негізге алынған.

М. Әуезов сүйікті рухани ұстазы туралы үлкен тебіреніспен 

толғанады. Бейнелі, ұтымды сөздерді орнымен пайдаланады. 

Абай өмірінің жұмбақтығы мен орны толмас маңыздылығын 

дәлелдеуге көп күш жұмсалады. Абайдың өзгеден ерекшелігі 

ретінде әдебиетті әлеуметтік тартыс құралына айналдыр- 

уын атайды. Әр кезде тоқталатындай, ұлы шайыр өнерінің үш 

қайнар-көзін көрсетіп, биік ақындық мәдениетінің қыр-сыры 

ашылады. Абайдың дінмен қарым-қатынасы, Шығыстың руха-

ни мұрасын шығармашылықпен игеруші ғана емес, ел арасы-

на таратып-жаюшы болғаны да аталып өтеді. Антика дәуірінің 

әдебиетімен, Батыс философиясы, әдебиеті, тарихымен қазақ 

шайырының жете таныстығы зор талант қасиеті ыңғайында 

бағаланған.

1. 85-б. “Жүрегімнің түбіне терең бойла” – Бұған дейін 

“Жүрегіңнің...” боп қате кеткен.

2. 87-б. “...өреп-өреп кезеңдерін...” – Бұл сөздер М. Әуезов 

стилі бойынша “ерен-ерек кезеңдерін” болып оқылуға әбден 

лайықты екенін аңғартамыз.

3. 87-б. “...бөлтірік бөрі ақылы көптігінен...” – 20 томдықта 

“арқылы көптігінен” боп дұрыс басылмаған, дұрысы – “ақылы 

көптігінен”.



Б. Майтанов

426

“Абайдың еңбектері”

Бұл мақала тұңғыш рет “Социалистік құрылыс” газетінің 

1945 жылғы 8 тамыз күнгі № 158 санында жарияланған. Газет 

нөмірінің 3-бетіндегі мақаланың басында “Қазақ халқының 

ұлы ақыны Абайдың туғанына 100 жыл толуы қарсаңында” 

деген айдар берілген. Міне, осы айдардың аясында жазылған 

“Абайдың еңбектері” бұдан кейінгі жазушының әр жылдардағы 

басылымдарында, жекелеген жинақтарында жарияланбаған 

және мақаланың қолжазбасы сақталмаған.

Жазушының академиялық толық жинағына “Социалистік 

құрылыс” газетіндегі нұсқа ешбір өзгертулерсіз толық енгізілді. 

М. Әуезовтің бұл мақаласы Абайдың 100 жылдық мерекесіне 

орайластырылғанымен, сол кездің талап-тілектерін, партияның 

ұсыныстарын ескере отырып жазылғандығы байқалады. Бірақ, 

мақалада аталмыш саяси салқындықтар бой көрсеткенімен, 

Абайдың шығармашылығына аса қатты әсер еткен үш ұлы де-

рек – халық ауыз әдебиеті, шығыс әдебиеті және орыс әдебиеті 

өте терең талданған. Және бұл мақалада айтылған ойларының 

өзегі осы жылы жазылған “Абай (Ибраһим) Құнанбаев” атты 

ғылыми-зерттеу мақаласының екінші бөлімінде де кездеседі. 

Бірақ екі мақаланың алдына қойған мақсаттары әр басқа 

болғандықтан, бұларды толық жинаққа жеке-жеке жібердік. 

1. 94-б. “Абайдың әдеби мұрасы, оның өлеңдері, поэма-

лары, аудармалары және оқушылармен әңгіме ретінде жазған 

“ғақлиялары” үлкен екі том болды” – Абай (Ибраһим) Құнанбай-

ұлы. Шығармалары. Өлеңдер, поэмалар / Ред. басқарған 

 

М. Әуезов. Алматы: Қазмембас., 1939. 288 б.; Абай (Ибраһим) 



Құнанбайұлы. Шығармалары. Аудармалар мен қара сөздер / 

Ред. басқарған М. Әуезов. Алматы: Қазкөркемәдеббас., 1940. 

320 б. Мақала аталған екі том туралы жазылды.

Е. Қаныкейұлы


427

“Абай (Ибраһим) Құнанбаев”

(1845–1904)

Абайдың жүз жылдығы М. Әуезовтің алдына оның 

кітаптарын шығарып, шығармашылығын, өмірін жаңа, 

жетілген нұсқада жазу мақсаттарын қойды. Сол мақсаттар ро-

маны мен зерттеу еңбектерін қатар алып барғыздырды. Сон-

да ақынның өмірін, шығармашылығын зерттеген мақала, 

ғылыми еңбектер жазуды бастағанына жиырма жылдай уақыт 

болып қалыпты. Бұл тұстағы көзінің жеткені ақын ойлары 

мен танымының, маңыз-мазмұнының күн өткен сайын артып 

бара жатқандығы еді. Осыларды сезінудің әсері өмірбаянның 

үшінші нұсқасын жазуды бастатып жіберсе, оның артын-

ша шығармашылығының соны қыры талданатын “Абай 

(Ибраһим) Құнанбаев (1845–1904)” деп аталатын мақала 

дүниеге келді. Бұл да, ақын шығармаларының толық жинағына 

енбей қалған өмірбаян секілді, той қарсаңында шығуы тиіс 

ұжымдық жинақтың басылмауы себепті қалып қойды. Осыдан 

соң 1985 жылы ғана жиырма томдық шығармалар жинағының 

18-томынан (“Жазушы”, 300–350-бб.) орын алды.

Құрылым-құрылысы, мазмұн-сапасы жағынан болсын 

абайтануға елеулі үлес болып қосылатын мақалаға ақын өмі-

ріне, шығармашылығына қатысты соңғы кездері белгілі болған 

деректер, оның айналасындағы өзінің ой-толғаныстары, 

 

пайым-танымдары кеңінен пайдаланылды. Алдыңғы жазған-



дарын үнемі дамытып, жетілдіріп отыратын әдет-машығы бұл 

тұста да қайталанды.



Т. Әкім 

428

“Абай өмірбаянының үшінші нұсқасы”

(1845–1904)

М. Әуезов бұл еңбегін 1945 жылы Абайдың 100 жылдық ме-

рейтойы қарсаңында шығатын толық шығармалар жинағына 

енгізуді жоспарлаған еді, бірақ әртүрлі себептермен ол ойы 

жүзеге аспай қалды.

Енбектің жазылуына, құрылымын жаңаша өрбітуіне 1943 

жылы ақын елін аралау кезінде жинаған деректері көп көме-

гін тигізді. Сол сапарында жиып-тергендері мен көкейге 

тоқығандары романын да, өмірбаянын да мүлде жаңа арна-

бағытқа салып жібергендей еді. Сондағы деректер ақынның 

ақындығын, шытырманды өмір ағымындағы тұлғасын, ерекше 

жаратылысты бітімін ұғындырып, сезгендері мен түйгендері, 

тоқығандары бұрынғыларын тағы да байытып, бірден бірге 

өткен сайын жаңа сезім, жаңа сілкіністерге түсірген.

Алдыңғы нұсқадағы көптеген дерек көздері бұл жер-

де ықшамдалды, оның орнын жаңа таным, жаңа ойлар 

толықтырды, жаңарып, жаңғыртылды. Мұнда тағы да құжат-

тардан гөрі ел аузындағы аңыз әңгіме, естеліктерге сүйенуі ба-

сым болды. Кейіннен белгілі болған мұрағаттағы дерек-істермен 

салыстырып көргенде, олардың арасынан ауып-ауытқушылық 

байқалмады, қайта мейлінше дәлдігін, сәйкестігін көрсетті. 

Оны тынымсыз ізденіс, тынымсыз іс-әрекеттерінің, саралауы 

мен толғаныстарының жемісі деуге болады.

Ақын шығармаларының толық жинағынан қалып қойған 

осы өмірбаян қырық жылдай уақыт өткенде барып жиырма 

томдық шығармалар жинағында (“Жазушы”, 1985. 63–143-бб.), 

филология ғылымдарының докторы М. Мырзахметұлының 

құрастыруындағы “Абайды білмек парыз ойлы жасқа” деп ата-

латын кітапта (“Санат”, 1997. 227–350-бб.) кейбір қысқарумен 

басылды. Сол басылымға енбей қалған мына секілді жолдар 

мен беттер өз қалпына келтірілді:


429

“Осы кездегі атқа мінгендер аузындағы аңызға қарағанда, 

Құнанбай “Қарадан шыққан хан болған” деп аталады. 

Құнанбай бірде Тобықтының старшинасы (ол күнгі болысы 

есепті), бірде жаңағыдай аға сұлтан болып жүрген кезде басы-

нан талай үлкенді-кішілі уақиғалар атқарған. Ақын Абайдың 

алдыңғы аталарындай емес, Құнанбай жайында ел жадында 

қалған аңыз-әңгіме аса көп. Себебі Құнанбай өз тұсындағы ел 

билеушілердің көбінен үздік шыққан. Ақын ойы да, қажыр-

қайраты да, әмір, билік батылдығы да және оңды-терісті кесек 

іс қимылдары да бұның атын мәлім еткен.

Оның жайындағы әңгімелерді ақын Абай атына 

байланыстырмай-ақ, неше алуан қып ел аңызы көп сақтаған, 

көпке жайған. Шынында, Құнанбайдың ұзақ өмірі (ол 80 жасқа 

келіп өлген) қилы-қилы оқиғаға аса бай еді. Өскенбайдың өзі 

барда ел ішін ерте қолға алған Құнанбай ру тартысының зор 

қақтығысын жасырақ шағында да бірнеше көреді. Ондағы 

тартыс Тобықтының өз ішіндегі тартыс емес, сырт рулармен 

тартыс. Мысалы, Құнанбайдың 30 жастағы шағында аулына 

Найман шабады. Ондағы Найман қолының мықты басшы-

сы Серікбай жасанған көп қол болып кеп, бекінісіп жатып, 

бірнеше түн жылқыға тиеді. Қатты қимыл соғыста Құнанбай 

тап ортада өзі жүреді. Найман көп кісі тұтқын қалдырады, 

жылқыны Тобықты алғызбайды. Бірақ осы соғыста Құнанбай 

жағынан көп кісі найзаға шаншылып, қатты жарадар болады 

да, Өскембайдың бір азамат баласы қаза табады. Ол Бостамбек 

деген асырап алған баласы болатын. Өскембайдың бәйбішесі 

Зере Құнанбаймен бірге бауырына салып өсірген еді. Найман-

нан Өскембай аулында тұтқын боп, көп азап көрген жандардың 

ішінде Қожамжар деген ақын да болған. Осы шабуыл зор пәлені 

Қожамжар өз уақытында көп өлең еткен. Бұл шабуыл арты 

Қарқаралы приказының, Аягөз ұлықтарының кеңселеріне 

шейін барады. Соңғы жылдар табылған архивте Тобықты 

жағының барлық жауабы, дауын айтып, төстабандаған тар-

тысты басқарып жүрген кісі Өскембай емес. Сол әкесі берген 

тапсырма бойынша бар тергеу талқыны өз мойнына алған 30 

жасар жігіт Құнанбай болады.

Құнанбай басынан кешкен осы алуандас екінші бір оқиға 

қазақ тарихының сол дәуірдегі үлкен бір беліне соғады. Ке-

несары жорығы тұсында, Құнанбайдың бір інісі Тобықтыға 

старшина боп тұрған кезде, Құнанбай жоғарғы ұлықтан тығыз 

бұйрық алып, Балқаш, Алатауға беттеп бара жатқан Кенесары, 

Наурызбай қолын қуады. Ел есінде жыл мөлшері қалмапты. 

Бірақ бұл оқиға шамасы 1846–1847 жылдар кезінде болу ке-

рек. Құнанбайдың кейін ақын болатын баласы Ыбырайдың 


430

жас нәресте, апыл-тапыл басып жүрген кездері. Кенесары 

қолының Балқашқа қарай қиыстап өтіп бара жатқан уағында 

арт жағынан да, Аягөз тұсынан да қуа шыққан отрядтар болады. 

Сол отрядтардың бірі жоғарғы әкімдер бұйрығымен жолдағы 

старшынның бірі Құнанбайды ертіп алады. Патшалық әскеріне 

қосып, Құнанбайға да қол жиғызып, топ көбейтіп, Тобықтыдан 

көп жігітті атқа мінгізеді. Бірақ, ел аңызы бойынша, Құнанбай 

ұлық алдында дұшпан көзі қылғанмен, Кенесарыны шындап 

бой салып қумайды. Бір рет екі қол кезіккен уақытта бұлардың 

қарсысына ұзын торы атқа мінген қолбасы шығып, жауынгер 

серіктерімен қатты қимыл етеді. Патшалық әскерін ілгері ба-

стырмай қояды. Отряд бастығы осы орайда бір тәсіл жасап, 

қазақ тобы Құнанбайларды алға салып, өздері солардың арты-

нан тықсыра жүріп барып, жақыннан айқаспақ болады.

Ойлағандай бір сәтте Тобықты қолы Наурызбайларға 

қоян-қолтық келіп қалады. Сонда Тобықты ішінде Көкшеден 

шыққан Төбет деген батыр шындап шауып, Наурызбайдың 

бір батырына найза саларман болады. Осыны Құнанбай көріп, 

Төбетке ақырып, шақырып алып: “Мен күнім үшін жүргенім 

болмаса, шындап ұстасайын деп жүр ме екем, көрмеймісің, бізге 

оқ атпай, басымыздан асырып, арттағы отрядқа атып тұрғанын, 

сен иттің батырлығың осында ұстаған екен...” деп, қамшымен 

бастап тартып жіберіп тыйып тастаған деседі (198-бума, 5– 

8-бб.). “Ол жеңген, біз жеңілген елміз. Оған жеңізіп отырған 

қуат – өнер-білімі. Егер сол өнер-білімді” (33-б.); “Жігітек 

жағынан сөз ұстап келген Базаралы, Ырғызбай жағынан Абай 

болады. Екеуі жүгініске отырады. Сол жолда да Базаралы 

қалжыңдап: “Уай, билер! Мына Құнанбай баласының ақшасы 

да, асы да көп екені рас. Бірақ сендер біле білсеңдер, бұнан 

да сендерге мен көп беріп отырмын. Әншейінде осы отырған 

барлығың Абайды “Құдайдан туды ма екен” деуші едіңдер, 

соны әкеп алдыңызға бір тізе бүктірдім. Осыдан көп берген бола 

ма” дейді. Осы Базаралының шапшаң айтатын алғырлығын 

қалжың етіп Абай: “Қазақта айтар сөзі аузына әйелдей тез 

түсетін Базаралыдай шапшаңды көргем жоқ” деген” (67-б.); 

“Жиыны Абай шығарған ән 16-17” (101-б.); “Мадия деген 

жігіт туысқанына әр кезде Көкбай шығарған “Кенесары-Нау-

рызбай” жырын әнімен айтқызады екен. Тыңдап-тыңдап кеп 

“Тек жолы болмады-ау сорлының деп Наурызбайды қатты 

аяйды екен” (108-б.). Бұлардың не себепті қысқартылғанын 

қазіргі күнде айқын түсінуге болады. Кенесарыға, оның іс-

әрекеттеріне қатысты ойлар бұл тұста оншалықты жаңғырып 

кете қоймаған еді.



Өмірбаянның осы үшінші нұсқасының түпнұсқасы Қазақ- 

стан Ұлттық ғылым академиясы кітапханасының қолжазба 

қорында (№ 594 іс) сақтаулы. Онда автордың түзетіп 

өңдегендігі, толықтырылып, қосымшалар қосқандағы белгіле-

рі 1, 3, 58, 7, 14, 26, 31, 54, 58, 63, 65, 69, 80, 85, 96, 107-беттерінде 

көрсетілген. Бұдан басқа жазушының өз архивіндегі осы 

еңбектің машинкада басылған (197-бума) бір данасы бар. Онда 

көптеген жолдар, абзацтар, беттер сызылып, кей тұстарындағы 

қосылған қосымшалары қолмен жазылған. Бұлардың кейінгі 

төртінші нұсқасын дайындау алдындағы енгізген өзгерістері 

екендігін айтуға болады.

Т. Әкім


432

“От домбры – до оперы”

Мақала Кеңестер Одағы құрамындағы Қазақ КСР-ның 

құрылғанына 25 жыл толу мерейтойына арнайы жазылып, 

“Известия” газетінің 1945 жылғы 6 қаңтардағы санын-

да жарияланған. Жазушы мұражайының қолжазба қорында 

мақаланың (317, 322-бума) орыс тіліндегі қолжазбасы мен 

машинкаға басылған нұсқасы сақталған. Мерейтойлық мақала 

газетке басылып шыққаннан кейін, жазушының осы қарсаңда 

жарық көрген орыс тіліндегі мақалалар жинағына, көп томдық 

кітаптарына енбеген. Алайда осы мақаланың көпшіліктің наза-

рына ілініп, бүгінгі күнге дейін көптеген музыка, театр, әдебиет 

зерттеушілерінің ондағы айтылған ойларды өз еңбектеріне 

мысалға келтіріп, орынды пайдаланып жүруі жазушының 

бұл еңбекте көптеген тың пікірлер айтқандығын дәлелдейді. 

Өз мақаласында М. Әуезов қазақ музыкасының, театр, опе-

ра өнерінің 25 жылда үлкен табыстарға жетіп, қалыптасу 

мектебінен өткенін айта келіп, оны еліміздің бұрынғы өнер 

тарихымен, әртүрлі халықтар арасындағы мәдени қарым-

қатынас, рухани сабақтастықпен, жалпы өнер атаулының бір-

бірімен ықпалдастығымен байланыстырады. Бұдан бұрынғы 

мерейтойлық мақалаларында өз уақытындағы әдебиет, театр 

жайында айтқан жазушы бұл жолы өз сөзін аса күрделі де нәзік 

тақырып – ұлттық музыка мен жаңа дәуірдің жемісі операдан 

бастайды. Өнердің басқа саласындағы табыс ретінде мысалға 

театр қойылымдары мен қаламгерлердің көпке танылған 

бірқатар көркем туындыларын атаған. Қазақ өнерінде кейін 

дамыған драматургия, көркем проза, журналистика, сын, 

әдебиет тарихы мен теориясы жайлы еңбектердің пайда болуы 

кейінгі 25 жылдың жемісі екеніне көптеген дәлелдер келтіре 

отырып тоқталады. 

Мақала М. Әуезовтің 50 томдық академиялық жинағына 

қолжазбадағы нұсқамен салыстыра отырып дайындалды.



К. Рахымжанов 

433

“Жизнь и творчество Абая (Ибрагима) Кунанбаева”

(1845–1904)

Абайдың тіліндегі таңдамалы шығармалары 1945 жылы 

Мәскеуде “Абай” деген атпен (“Государственное издательство 

художественной литературы”, 320 б.) басылып шықты. Осы 

жинақтың алғы сөзін Леонид Соболев, содан кейінгі ақынның 

өмірі мен шығармашылығы туралы мақаланы (11–30-бб.) 

Мұхтар Әуезов жазды. Кітапта Абайдың өлеңдері мен дастан-

дары, қара сөздерінің үзінділері және афоризмдері қамтылды.

Жинақты шығарушылар өздерінің мақалаларында ақын 

 

өмірі мен шығармашылығын ғана емес, жалпы қазақ өмірі-



нің тұрмыс-тіршілігінен, өткенінен де хабардар етуді мақ-

сат тұтқандық байқалды. Ақын өмір сүрген заман Ресей 

отаршылығына түгелдей көшкен, құлдықтың шырқау шегіне 

жеткен заман еді; жерінен де, малынан да, тіпті атауынан да 

айрылды, тілі мен дініне ауыз сала бастаған басыбайлықтың 

құтылмастай шырмауына шырмалған шақ болатын. Осылардың 

бәрін Абайдың көзбен көріп, жанмен сезінуі өлеңдеріне ауыс-

ты. Біріне бірін айдап салып қойған патшалық жүйенің сая-

саты ақын жанын ауыртты, өшпестей із, белгісін қалдырды, 

халқының мінездерін өзгертіп жібергенін де қатты сезінді.

Сонда ақын өлеңдерін аударуға отыз шақты авторлар 

тартылды. Олардың қатарында С. Липкин, М. Тарловский, 

В. Рождественский, Д. Бродский, В. Державин, А. Русть, 

 

В. Шкловский секілді белгілі ақын-аудармашылар бар. 



Т. Әкім

434

“Абай Кунанбаев – поэт и просветитель 

казахского народа”

(1845–1904)

Жазушының бұл мақаласы алдымен 1945 жылы “При-

уральская правда” және “Прииртышская правда” газеттерінің 

4 шілдегі санында шыққан. Содан кейін “Ленинское знамя” 

(11 шілде), “Семиреченская правда” (15 шілде), “Актюбинская 

правда” (10 тамыз), “Сталинский путь” (15 тамыз) газеттерінде 

берілді.

Мақала Абайдың 100 жылдық мерейтойына орай жазылған. 

М. Әуезов мерейтой қарсаңында үлкенді-кішілі көптеген 

мақалалар, көлемді зерттеулер жазған. Солардың қатарында 

орыс тілді оқырманға арналып жазылған бұл мақалада ұлы 

ақынның өмірі мен шығармашылығына, адами қасиеттеріне, 

ақындық тұлғасына, өскен ортасына өте көркем, ықшам 

тілмен шолу жасалған. Мақала авторының мұндағы ойлары 

әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Абайнамадағы, өз 

көлеміне қарай бағалағанда, көтерген жүгі мол үздік дерлік 

мақала. Мақаланың дәл газетке шыққан түрдегі, көлемдегі 

нұсқасы жазушы мұражайының қолжазба қорында жоқ. 

Мақала мазмұнының көп бөлігі қолжазба қорындағы “Доклад 

на тему “Жизнь и творчество Абая” (для юбилейного пленума 

ССП Казахстана)” атты бумадағы (ҒМО. 200-бума) мәтінмен 

сәйкес келеді.

Жазушының академиялық шығармалар жинағының бұл то-

мына мақала газеттерде шыққан мәтіні бойынша беріліп отыр.

1. 252-б. “...недавно принявшего русское подданство” – ХІХ 

ғасырдың бірінші жартысының соңына таман, 1847 жылы 

Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Ресей империясының 

қарамағына кіріп, Қазақстанның толық отарлану кезеңінің 

мезгілі жақындаған. Осы кездегі ел ішіндегі әлеуметтік 

өзгерістердің әсері Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығарма-

шылығынан анық байқалады.


435

2. 252-б. “...(Кунанбай имел четырех жен)” – Бәйбішесі 

Әйбөбектен (Күнке) Құдайберді (Шәкәрімнің әкесі) туған; 

екінші әйелі Ұлжаннан – Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, 

Оспан; үшінші әйелі Айғыздан – Халиолла, Смағұл, Кәмшат; 

төртінші әйелі Нұрғанымнан бала жоқ.

3. 254-б. Кокпай Жанатаев – Көкбай Жанатайұлы (1864–

1927) – Абаймен өмір бойы достық, інілік, ақындық сыйлас-

тығын сақтаған, құрметтеген адам. Көкбайдың өлеңмен 

жазылған “Араб тілінің грамматикасы” еңбегі, “Сабалақ”, 

“Құлынды”, “Ғаділ патша”, “Арұнрашит” дастандары, 

өлеңдері бар. 1924 жылдан бастап Абайдың өмірбаянын 

зерттеушілерге, өлең жинақтарын дайындаушыларға өлшеусіз 

зор көмек көрсеткен.

4. 254-б. “...воспитанными на учениях Чернышевского” –  

М. Әуезов Н.Г. Чернышевскидің немересі Нина Михайловна 

Чернышевскаямен хат жазысып тұрған. Әдебиет зерттеушісі 

Н.М. Чернышевская 1941 жылдан бастап Н.Г. Чернышевский-

дің Саратов қаласындағы мұражайының директоры болған. 

“Әуезов үйі” ҒМО архивінде Н.М. Чернышевскаяның 

 

М. Әуезовке жазған хаттары сақтаулы тұр.



5. 254-б. В.Б. Михаэлис – Газетте Евгений Петрович 

Михаэлистің инициалдары қате берілген.

6. 254-бет. Н.В. Шелгунов – Н.Г. Чернышевскийдің 

жақын достарының бірі, ХІХ ғасырдың 60-жылдарын-

да Ресейдегі революциялық ұйымдардың белсенді мүшесі 

болған. Шелгуновтың әйелі Людмила Петровна Шелгунова –  

Е.П. Михаэлистің туған қарындасы.

7. 255-б. Муха – Мұқа (Мұхамедқанапия) Әділханұлы 

(1857–1927) – әнші, сазгер, ақын. Абайдың досы, “Абай жолы” 

роман-эпопеясында тарихи кейіпкер ретінде суреттелген.

8. 256-б. Лесаж – Лесаж Ален Рене (1668–1747) – француз 

жазушысы. “Хромой бес” (1707) романында Лесаж француз-

дың XVII ғасырдағы тұрмыстық роман дәстүрін жалғастырды. 

Адамдарды қоғамдық-әлеуметтік орындарына тән орта, іс-

әрекеттерде, тұрмыста алып суреттеді.

9. 256-б. Шамиль – Шамиль (1799–1871) Дағыстан мен 

Шешендердің үшінші имамы. Кавказ халықтарының Ресей 

империясының отарлау саясатына қарсы күресін басқарды. 

Солтүстік Кавказ имамдығын құрды. Жарты ғасыр бойы 

отаршылыққа қарсы күрескен. Діни қайраткерлігімен қатар, 

талантты ұйымдастырушы, әскербасы, қайтпас қайсар жауын-

герлігімен көзге түсті. Ұлты – авар. 1869 жылы Дағыстандағы 

Ғұниб қаласында орыс әскерлерінің қолына түсті. Калугада ай-


дауда болды. Меккеге бара жатқан сапарында Медина (Араб) 

қаласында қайтыс болған.

10. 256-б.  Бейсембай – Бейсембай Жәнібекұлы (1858– 

1917) – Абайдың жанында жиі болып, өлеңдерін ел ішіне 

таратқан адамдардың бірі.

11. 256-б. Кенесары – Отызыншы жылдардың алғашқы 

жартысында М. Әуезовтің “Хан Кене” пьесасы сахнада бір-ақ 

рет қойылып, солақай идеологиялық сынға тап келіп, театр ре-

пертуарларынан алынып тасталған. 1945 жылы өз мақаласында 

Кенесары атын келтіруі ол кез үшін батыл да қауіпті әрекет бо-

латын.

12. 257-б. Оразбай – Оразбай Аққұлыұлы (1837–1921) – 



Тобықты елінің ірі байы, қажы, ел билеуші ірі шонжар. “Абай 

жолы” роман-эпопеясында суреттелген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет