Жәке бидің баласы Қабыл деген
қарттан жазылды
Байжігіт деген елдің Құрбан деген кісісі Меккеге бара
жатып, Семей қаласына тоқтайды. Шүршіт деген би бар
еді. Сол Шүршіт Абайға сәлем берем деп, Абай жатқан үйге
келеді. Абай үйде отыр екен. Шүршіт Абайға сәлем беріп,
тізерлеп келіп қол береді. Құрбан Абайға амандаспай,
жоғары барып отырады. Шүршіт Құрбанға қарап: “Сен
Абай мырзаға неге қол бермедің?” – дейді. Құрбан: “Үш
жүздің хантайы емес, Арғынның Алтайы емес, Найманның
Садыры мен Матайы емес, ақ тобық аттың бәйгесінен кел-
ген Тобықтыдан несіне қорқып жалпақтайын?” – депті.
Абай Құрбанның бетіне бажайлай қарап отырады.
Құрбан: “Абай мырза, сіз тау болса асқар бел едіңіз, бел-
ге шығып демалайын, су болса дария шалқар көл едіңіз.
Көбігіңізден татып сусындайын деп, дүниені тәрік қып
қажы жолына кетіп бара жатқан соң, зауық үшін бір ауыр
сөз қаттым”, – деп орнынан тұрып, Абайға келіп қолын
беріпті. Құрбан Меккеге барып қайтарында тағы да Се-
мейге келіп, Абайға амандасайық деп тағы да Абайға бара-
324
ды. Шай келеді. Дастарқан жайылады, нан салады. Құрбан
Абайға қарап: “Нан иман деген, нан жеңіз”, – дейді. Абай:
“Апырай, естімеген елде көп, есек мінген сартта көп деуші
еді. Нан иман болатын болса, иманның көбі Ресейдің
мұжығында екен ғой”, – депті. Құрбан қажы үндей алмай
отырып қалыпты. Құрбанның түбі сарт екен.
Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан күнінде он екі Абақ
Керей жаққа бір жиылысқа барады. Құнанбай елден шық-
қан соң, алдынан кісі жібереді. Құнанбай келе жатыр деген
хабарды естіген соң, Керейлер үй тігіп, сойыс жинайды. Сол
кезде бір төре отырып: “Бір соқыр қазақ келеді деп, осынша
әбігер болғандарың не”, – деп жиналып отырған Керейдің
басшы адамдарына ренжиді. Сол топта Құнанбайдың хаба-
рын айта келген Көкше Қаратай мен Байыс деген кісілер
отыр екен. Қаратай жан-жағына қарап:
Ұлыққан ит көштен қалады,
Адасқан төре елден қалады, –
деген, басы шыр айнала көз кісіні соқыр деген несі екен, –
депті.
Байыс Қаратайдың сөзін іліп алып: “Ей, Қаратай-ай,
кей айуан бар шөп жейді, кей айуан бар боқ жейді, жылқы
өз даусымен кісінейді, сиыр өз даусымен мөңірейді, ит өз
даусымен үреді, сол сияқты бір төре-дағы”, – депті.
Жігітек Хангел дегеннің мінезін жақтырмай Байыстың
айтқаны: “Сен балапан иек қандыауыз, арам менен адалды
қабат жеген баздыауыз, әкесі мен шешесін атаусыз тастаған
жалмауыз. Сен бие шуы шикі бет, елге күлген бәлекет, маған
салсаң арман кет”.
Жәке баласы Қабылдан жазылған жұмбақтар
1. Ғажайып бір мақұлық жоқ тұр жаны,
Тірідей жұтты адамды, көрдім әні.
Терісін сойып алып, басын кессең,
Бір тамшы жер бетіне тамбас қаны.
Шешуі:
325
2. Жалғыз көз маңдайында, көп қайласы,
Жылдам шаншып алады бек найзасы.
Елдің ісін істейді жап-жалаңаш,
Өз басына бір тиын жоқ пайдасы.
Шешуі:
3. Қалады бірден бірге мирасқордан,
Қамаулы айналасы ағаш қорған,
Су құяр егін алып бір соқамен,
Өнерпаз не шықпайды ісмер қолдан.
Бәйшешек қызыл гүлдер қаптап тұрған,
Үстінде айла-амалмен байлап тұрған.
Жүзі ыстық егіншісі сондай пенде,
Арқан, жіп, соқа, сайман сайлап тұрған.
Шешуі:
4. Бір дария жерде де емес, көкте де емес,
Кеткенмен дарияға, адам өлмес.
Ішіне қандай нәжіс түссе-дағы,
Дария ішін уақытша арамдамас.
Шешуі:
5. Бар еді бір қара өгіз тесік өкпе,
Дамылсыз қылар қызмет қанша көпке.
Бұйдасын белге орасаң тоқтатпайды,
Күшке көнбес жануар көнер епке.
Ақ шашақ, жалпақ табан, сыңар құлақ,
Ажайып және аузынан ағар бұлақ.
Ер ерттеп ер-тоқымға мінеріңде,
Ұстай ал құйрығынан жылдамырақ.
Шешуі:
6. Он екі бием бар,
Алтауы анық буаз.
Төртеуі ат қысыр,
Екеуі неғайбыл.
Шешуі:
326
7. Дарға ас, үні бас бар,
Миы орнында тас бар.
Ұрсаң үндемейді,
Сабасаң қақсайды.
Шешуі:
8. Үш жігіт тәуекел деп шықты жолға,
Мінгені үшеуара жалғыз жорға.
Үшеуі мінгесіп ап жөнелгенде,
Кетеді ағып-ағып жол мен жолға.
Шешуі:
9. Ат міндім қара ала аяқ қадаңдаған,
Келгенде қарсы жерге табандаған.
Жігіттер, білгіш болсаң шешуі не,
Жиылып жеті молда таба алмаған.
Шешуі:
10. От оттап, су ішпейді бір арғымақ,
Бітіпті желкесіне екі құлақ.
Буынған тоғыз жерден қанар белбеу,
Сөйлейді адамзаттан бұрынырақ.
Шешуі:
11. Желдеп кеткен жеті атан, жез бұйдалы
нартайлақ.
Шешуі:
12. Алмалап ұшқан, асылға түскен,
Тәрбие көріп талпынған.
Шешуі:
13. Он екі тіреу, сегіз машина, екі айырплан,
Екі терезе, бір темір, бір шауқар.
Шешуі:
14. Үйрегім жиырма төрт қолдан ұшты,
Барды да отыз екі көлге түсті.
327
Суын ішіп, балдырын сорғаннан соң,
Біреуін ақырында бірі жесті.
Шешуі:
15. Қанаты бар, қаны жоқ,
Ақылы бар, жаны жоқ,
Тізіліп тұрған тісі бар,
Әр нәрсемен ісі бар.
Шешуі:
16. Жапанда бір от көрдім жанып тұрған,
Шарпуы аспан көкке барып тұрған.
Осы оттың ыстығы бар неше есе артық,
Қызуы жер мен көкті алып тұрған.
Ішінде қатқан суық бір мұз жатыр,
Япырай, еріп кетпей нағып тұрған.
Құрсауы от пен мұздың жалғыз-ақ қыл,
Мұзды ерітпей, от жібермей бағып тұрған.
Шешуін дәл айырып орнына қой,
Шын білгіш жүйрік болсаң, барып тұрған.
Шешуі:
17. Алпыс жасқа келген бір хан он жасар қызға ғашық
болады. Қыздың әкесін қорқытып, қызын алмақ бола-
ды. Қыз ханға разымын, бірақ жұмбақ айтам, соны шешсе
тиемін дейді.
Қыз:
Хан түсіп астындағы тағын берсін,
Басындағы тәжі мен бағын берсін.
Шарт қоям, соған разы боп алам десе,
Халық алдында уағда ғып жанын берсін.
Қалыңмалға 10 бағлан қозы берсін,
20 сандық қайрақты бөрі берсін,
30 жолбарыс, 40 арыстан, 50 түлкі,
60 арқан, 70 шідер тағы берсін.
80 бұт қаны кепкен жүрек берсін,
90 бұт құрап алған сүйек берсін,
Үстіне бір кемпір-шал қоса берсін,
328
Екеуін қыз-жігіттей киіндірсін.
Некені мұңсыз жанға қидырамын,
Мені алса осы шартпен ризамын.
Осы жұмбақты әлгі хан шеше алмай, Мұңсыз ханға ба-
рып бастан-аяқ айтады. Мұңсыз хан былай шешіпті:
Некені қидырмақшы мұңсыз жанға,
10 бағылан дегені – он жасар қыз,
Тимеймін дегені ғой сендей шалға.
20 жаста адамзат қасқырға ұқсас,
30-да жолбарыстай күшің тасар.
40-та арыстандай айбаттанып,
50-де түлкідей боп қайла шашар.
60-та ат едің ғой арқандаулы,
70 – шідер үш аяқ бірдей баулы,
80-де қуат тамыр кеуіп қалған,
90-да қу сүйектен қанша аяулы.
Жасасаң шал-кемпірді хан мен ханша,
Ойласаң солардың да халі қанша.
Некесін мұңсыз жанға қидырмақшы,
Мұңсыз жан дүниеде сірә бар ма?
18. Бір жігіт, бір келіншек өлең айтысады, жігіт жеңіліп
бара жатқанда, жұмбақ айтады:
Бір үйге отыз екі діңгек салған,
Жиырма алты пайдалысы қойып қалған.
Әріптес ақын болсаң ойланбай айт,
Құламай алты тіреу тұрып қалған.
Тағы да бір жүйрік ат байлаулы тұр,
Бәйгеге қосамын деп алып барған.
Алды-артын жұмбағымның абайлап шеш,
Ойласаң, өте шығар дүние жалған.
Келіншек шеше алмапты. Жігіт өзі шешеді:
Діңгегім
– сарайдағы отыз тісім,
Бола ма жасыруға құдірет ісін
329
Кем ақыл сен шешпесең, мен шешейін,
Аузыңда көрініп тұр алты-ақ мүсін.
Бәйгі атымыз – сөйлеп тұрған қызыл тілің,
Озып көр кәне менен өтсе күшің.
Жұмбағым жараса ма, жараспай ма,
Құрбылар, абайлап көр осынысын.
Жаңылтпаштар
1. Сырықтан сырғанап түстім,
Жаңқа кірді аңыма,
Ашиды аңым, тұшиды аңым.
Айран ішеміз – ашиды,
Қымыз ішеміз – қышиды.
Тары жейміз – тартады,
Бидай жейміз – бөртеді (2 реттен айтады).
2. От басына сорпа төгілді,
Сіңір сіңбес, сіңіп қалмас (2 реттен).
3. Мен бүркітімізді томағалай алмай жатқанда,
Сен келіп томағаласпақшы емес пе ең,
Сен бүркітіңді томағалай алмай жатқанда,
Мен келіп томағаласпақшы емес пе ем.
4. Базардан асып келген төрт бөрің,
Төртеуі де көк бөрің.
Сыпыра соқтым, сыпыра тықтым,
Сыпыра тықтым, сыпыра соқтым.
5. Үй артынан сең келер,
Сегіз серке тең келер,
Ақ сақалды сұр серке
Сақалын суға малып,
Сығылып, сілкіп келер (2 рет).
6. Әлібай соққан ақ балдақ,
Қайрайын деп қайрай алмадым (2 рет).
330
7. Ағыбай қосқан ақ ерді
Мен анжымалай алмай жатқанда,
Сен анжымаламақшы емес пе ең.
8. Атамбай жонған үшқат оқ,
Жуан бақан қолға тоқ.
9. Анау келе жатқан керуеннің
Келісі кейін бе,
Келсе би кейін бе?
10. Отыз таудың басынан
Отау тікпек ойнайық,
Оркиіктің терісін
Олай сілікпек, бұлай сілікпек ойнайық.
11. Үсенбайдың үйін сілік,
Үйі толған қызын сілік,
Семіз қызын серпе сілік,
Арық қызын аяп сілік,
Суға барған келінін
Алып соғып тағы сілік.
Қырық қыл құйрығын,
Қырық қыл құйрығының ішінде
Қызыл ала қырғын қыл құйрығын.
12. Маекемнің қотаны,
Майсара енем қотаны,
Май сасиды қотаны,
Неше шыны қотаны.
13. Қудың қызыл түлкісі –
Қуыс құлақ бұлтыңдақ.
Жаңа түскен жеңешем –
Қызыл тырнақ жылтылдақ.
14. Мынау қай балқаймақ,
Кешегі құдашалар
331
Қалап кеткен бал
Май балқаймақ,
Бал май балқаймақ.
15. Жүгіріп келіп, шешем артына бұға қалдым,
Қарғып келіп, бәкемнің қақ қотанының басына
тұра қалдым.
16. Тайдай талтүс болғанда,
Тай тағаласпақшы емес пе ең.
Тарғақты тақыр жерге тайғанатпай,
Қайырып келіп жұмыртқалатпақшы емес пе ең.
Өтірік
Жастау кезім. Қошқар қара тоным бар еді,
Ақ киізден байпағым бар еді,
Ырғай сапты қамшым бар еді,
Қоңыр дөнен бұқам бар еді.
Ауыл жағымда шіреніп,
Елсіз жағымды тебініп,
Ау кідіктетіп, кіжіктетіп,
Тоқты қуып, бос қашып келе жатыр едім.
Бір бөдене ит-ит деп отыр екен,
Айналып келіп періп кеп кетіп едім,
Мұрнынан қаны дірдек-дірдек етті.
Қосып бауыздап алғанша,
Бөдененің жаны шығып кетіпті.
Адам баласына сирек кездесетін іс қой,
Содан бері сол қолым салдырап қалды.
Соны осы күнге дейін ұмытпайым.
Қулардың қылығы
Сейітқазы қу Қоскөлді жағалап келе жатса, бір мер-
ген бұғы атып келеді екен. Бір үлкен бұғыны атып, басқа
бұғыларды қуып кетеді. Сейітқазы аңдып отырып, үлкен
бұғыны сойып, етін сүйреп апарып қамысқа тығып,
332
терісін жамылып жатады. Кешке таман бағана кеткен мер-
ген тағы бір бұғыны атып, қайтып келіп, “Жатырмысың,
марқасқам?” – деп аттан түседі.
Терінің астында жатқан Сейітқазы: “Жатпай енді
қайтейін. Өзің атып салған соң”, – деп теріні сүйрете (жа-
мылып) ұшып түрегелгенде, мерген шалқасынан құлайды.
Сейітқазы Қасқарау деген байдың аулында жүреді.
Қасқараудың әйелі тас сараң болады. Талай адам құр ауыз
аттанады. Қасқарау ел бетіне қарай алмай ұялады. Аяғында
Сейітқазыға сен менің әйелімді төркініне ертіп бар, со-
дан қайта келгенде оны береген қылып үйрет деп тап-
сырады. Сейітқазы Қасқараудың әйелін төркініне алып
жүреді. Төркіні 3-4 қонақтық жер екен. Күні бойы ыңғай
елсізбен жүргіздіреді. Кешке бір ауылға әкеліп қондырады.
Үйге кірген соң үй қожаларына оңашада былай дейді екен:
“Мынау келген Қасқарау байдың әйелі, өзі сараң, бұған
тамақ бермеңдер”. Содан 3-4 күн жүріп, қарны ашып, әйел
төркініне жетеді. Қайта қайтарып келеді. Келген соң жо-
март болады.
Сейітқазының Алпыс деген құрдасы болады. Екеуі қатты
ойнайды екен. Алпыс ыңғай: “Апырай, сен бұрын өлсең,
сүйегіңе түсіп, ана киіміңді, мына киіміңді алар едім”, –
дейді бірде.
Бір күні Сейітқазы өледі. Өлер алдында үй ішімен
қоштасып: “Сүйегіме пәленше молда, түгенше ақсақал
түссін. Бір жылғы туған төл еді, Алпысты түсіріп, мынау
түлкі тымағымды соған бер”, – деп тапсырады. Жаназаға
ел жиналады. Аталған бес-алты адам сүйекке түсіп жуады.
Әбден жуып болып, ақ кебінге орап, үйден шығып бара
жатқанда, Серікқазы ұшып тұра келіп: “Мүңкір-нәңкір сені
де ала кел деп еді” деп, Алпыстың етегінен ұстай алады.
Алпыс шошып тысқа тартады. Сейітқазы екі көзін жұмып,
тілін салақтатып, аузын қисайтып, шыңғырып кейін тартып
жүріп айрылып қалады. Алпыс қашады. Сейітқазы тырдай
жалаңаш, ақ қарды күрпілдете басып, қуып тысқа шығады.
Жаназаға жиналған ел быт-шыт болып қашады. Алпыс сол
қашқаннан қашып үйіне келіп, ауырып бір сөтке жатып
өледі.
333
Мауқай қу
Мауқай бала, бозбала күні тайға мініп жылқы қайырып
келе жатса, үш салт атты кісі кездеседі. Мауқай сәлем береді,
амандасады, жөн сұрайды. Әлгі үш адам жоғарғы жақтағы
Күшік боламыз дейді.
Мауқай “былтыр көргенде де күшік едіңдер, биыл
көргенде де күшіксіңдер. Осы қашан бауырларыңды
көтересіңдер” депті. Әлгі үшеуінің біреуі ақ сақалды адам
екен. “Сен бізді иттің күшігі деп тұрсың ғой” деп ыза бо-
лып, Мауқайды бастан қамшымен салып-салып қалыпты.
Мауқай қашып кетіпті.
Әлгі үш жолаушы Мауқай жүрген байдың үйіне келіп
түсіпті. Қымыз ішіп отырғанда, бет-аузы қан-қан болып
үйге Мауқай кіріпті. Үй толы кісі: “Е, жарқыным, бас-көзіңе
не болды?” деп сұрапты.
Мауқай: “Дәңене де болған жоқ. ауылдың сыртында екі
күшік, бір төбет жүр екен, солар талап кетті. Тәрізі, құтыруға
айналған иттер ғой деймін. Сақ жүріңдер” – деп, жан-
тая кетіпті. Әлгі үш адам ұялғаннан тамақ іше алмай жүріп
кетіпті.
Мауқай ержеткен кезде Қарқаралының қаласына ба-
рып, аулына қайтып келе жатса, жол-жөнекей бір жас
жігіт кездесіпті. Мауқай кімсің десе, әлгі жігіт Иманмын
депті. Мауқай: “Қой, шырағым, алдама кәрі адамды, ал-
дап қайтесің, кімсің?” дейді. Жігіт: “Құдай біледі. Иман-
мын” депті. Мауқай: “Апырай, шын айтамысың? Ал-
дап тұрған жоқпысың?” Жігіт: “Құдай атын атадым ғой,
анық Иманмын” дейді. Мауқай аттан түседі. Жігіт те ат-
тан түседі. Мауқай қасындағы жолдасына ым қағады да:
“Көктен тілеп жүр едім, кездеспедің. Желден тіледім –
кездеспедің, судан тіледім – кездеспедің, қаладан тіледім –
кездеспедің. Аяғында далада кездестің-ау. Сен иман бол-
саң, мен Мауқай. Жат!” – деп, алып соғып шешіндіріп,
үлкен арбаға салып үйіне әкеледі. Ауыл-аймақ жинала-
ды, қаладан не әкелдің дейді. “Қаладан әкелгенім көп,
басқасын көре жатарсыңдар, иман әкелдім” деп жәшікті
ашады, күні бойы арба соғып әбден шаршап талмаусыра-
334
ған жігітті алып шығып, міне, иман деп, ортаға отыр-
ғызады. Жігітте ес жоқ. Мауқай қамшыны алып, “қані,
иман, сөйле” дейді. Жігіт: “Мен иман емеспін” дейді.
Мауқай: “Бағана иман болатынсың, енді танасың” деп,
қатты сояды.
Мауқай қартайып келгенде інісі өліп, келіні жесір
қалады. Мауқайдың Дана дейтін сұлу қызы болады.
Сол екеуін жағалап екі оқығансымақ белсенді жігіттер
Мауқайдың аулына жиі-жиі келіп, отауына жатып жүреді.
Мауқай әлгілерге бата алмай жүреді. Бір күні екі жігіт
таңертең тұрып, бастарын сабынмен бұрқыратып жуып жа-
тады. Мауқай қастарына келіп: “Шырақтарым, бір нәрсе
сұрасам ұрыспайсыңдар ма?” депті. Жігіттер бір ауыздан:
“Сұраңыз, ақсақал, сұраңыз” дейді. Мауқай: “Апырай,
ренжіп қалып, ашуланып жүрерсіңдер” дейді. Жігіттер:
“Жоқ, жоқ, сұраңыз, ашуланбаймыз” дейді. Мауқай. “Біз
де жас болып өсіп едік, біз таңертең тұрысымен дәретке
барушы едік, барып астымызды (ал-жаббарымызды) жуу-
шы едік. Өйткені түнде ол басқа бір үйге кіріп былғанып
шығушы еді. Ал сіздер осы жаз бойы 20 шақты қондыңдар.
Күнде таңертең астарыңды жумай, бастарыңды жуасыңдар.
Сіздер осы астарың емес, бастарыңмен нетемісіңдер? Осы
еді сұрамағым”, – дейді. Жігіттер қайтып Құлақайдың
маңын баспайтын болыпты.
Бұл Мауқай деп қате жазылыпты. Мауқай емес. Ақсуат
ауданында болған Құлақай деген қу тілді адамның айтқаны.
Сөз
1. Ит жисаң, сырттан жи.
2. Самарқанды сапырып.
3. Қылау салмай қырғында.
4. Құладындай құйқылжып.
5. Тілің бұлбұл, аяғың дүлдүлім-ай, сіздердің бір күніңе
зар болармыз.
6. Алған жарың жамандап, асқанды қайдан табарсың,
Ақ тоныңды жамандап, атлас қайдан табарсың,
Өз басыңды зор етіп, теңдес қайдан табарсың.
335
7. Торайғыр сөзі: Қауым жұртты жамандама, көп табады
мініңді (Бөжейге керек).
8. Кенеуі жоқ кей билер құр зарлайды тақпаққа.
9. Алдыңа далбай тастап шырғаладым.
10. Күпілдеп тал отындай жанды.
11. Қай жақтан ұшқан қу ілген.
12. Ай батқандай қылдың да, адастырып жөнедің.
1. Арғымақ ат бірде жалды, бірде жалсыз.
2. Ханнан – қазық, биден – тоқпақ.
3. Хан – қарық, қараша – арық.
4. Қардың басын қар алар, ханның басын хан алар.
5. Ер қадірін ер білер, зер қадірін зергер білер.
6. Ат басына күн туса, ауыздығымен су ішер, ер басына
күн туса, етігімен су кешер.
7. Адаспаймын деген ерді қараңғы тұман адастырады.
8. Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.
9. Тәуекел қыл да тас жұт,
Ажал келмей өлмек жоқ.
10. Бітісі жаман қамысты су ішінен өрт алады,
Туысы жаман жігітті түйе үстінен ит қабады.
11. Қарамықтың дәмі болғанша,
Бидайдың сабаны бол.
Жаман елдің жақсысы болғанша,
Жақсы елдің жаманы бол.
12. Құлан құдыққа жығылса, құрбақа құлағында ойнайды.
1. Қайырсыз болған жазыңнан қайырлы болған
қыс артық.
Көрінбеген алтыннан пайдасы тиген жез артық.
Пара жеген билерден қарғы салған ит артық.
2. Биік тауға жарасқан басындағы обасы,
Ақсақалға жарасқан аузындағы тәубасы,
Келіншекке жарасқан емізулі қолда баласы,
Сауысқан деген бір құс бар, ағынан көп қарасы,
Қыз он беске келгенде шашынан көп жаласы.
Бай-бай, осының бәрінен де тыс екен ағайынның аласы.
3. Қанат не? Жанат не? Болат не? Санат не?
336
4. Уа, тоқта шұнақ!
5. Салқын белде сал жүреді.
Келе алмасаң, қал жүреді.
6. Қарабас-қарабас, күйт-күйт,
Ақбас-ақбас, күйт-күйт,
Қыбыр-қыбыр құрт.
Жайлауыңды өрт алды, қыстауыңды жау алды.
Жыбыр-жыбыр жыбырла,
Сұр жыландай қыбырла.
Барар жерің қалмады,
Басар тауың қалмады,
Түспегенде нең қалды. Күйт-күйт.
7. Ауың – атқа, аузың тасқа тимесін,
Тұқымың өспесін,
Басыңнан кесір кетпесін,
Сауға дегенде дауға соқсаң,
Ит-құс жесін несібесін.
8. Кәрі мұндар.
9. Бір таз, бір соқыр, бір жалақтың айлалары.
10. Дариға-ау, өтті-ау күнім құмарланып, мұнарланып,
жұмарланып, құнарланып.
Тақпақ
11. Сөйлей-сөйлей шешен боларсың,
Жүре-жүре көсем боларсың.
Ағаш қыдырсаң, үйші боларсың,
Ел қыдырсаң, сыншы боларсың,
Ұялмасаң, өлеңші боларсың,
Ерінбесең, етікші боларсың.
12. Басып айтпа, тасып айт.
13. Жез бұйдалы нар тайлақ, жағалай басқан қарт бура.
14. Көкорай көк шалғынды, бетегелі,
Шалқыған дариядай мұнар белі.
15. Жел соғады, дауылдатып тұрады,
Ұйытқып, жүйткіп алай-түлей қылады.
Кейде боран, кейде дауыл, кейде іскек,
Кейде ақырын сап болады, тынады.
16. Суарғанмен жасыққа болат бітер деймісің,
337
Адам атың жойылып, тағы ат бітер деймісің.
17. Аттың несін мақтайсың, алқалы жерде жармаған,
Түйенің несін мақтайсын, аса бір жерге бармаған.
18. Жомарттық қолда барда дегендейін,
Барынды қадары хал қатқа салдым.
19. Жасықты жанып-жанып тасқа салдым.
Болаттың суын тапқан данышпаным.
20. Жалды жылқы, құйрықты қой бітпеген,
Қолына отты шала ұстап тұрған.
21. Тас қияға сермедің,
Жайдақтап қашып сабылмай.
22. Ісім өнсін десең, ретін тап.
23. Тоқ тіленші адам – сайтаны, қарекетсіз сопы –
монтаны.
24. Жаман дос – көлеңке,
Басыңды бұлт алса,
Іздеп таба алмайсың,
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың.
25. Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен,
Жылқының жалы мен құйрығы төгіліп тұрған жер
екен.
Ақ шабағы май татыған, ағар суы бал татыған жер,
Еркегі ат болатын, қатыны жат болатын жер.
26. Бейбақтың оты жанбайды,
Бейшараның үйіне шақырса,
Қонақ қонбайды,
Арам ойлы жігіттің жүрсе жолы болмайды.
Шешесі өлген жетім қыз,
“Ойбай, сорлы” соның басында.
Жар басына қонарсың,
Жарты лашық тігерсің.
Жабының күнде озушы ем тұғырынан.
27. Қурай тимес құба жон,
Құлан жортпас демеңіз.
Құландар ойнар қу тақыр,
Көлшік болмас демеңіз.
Қоспақ өркеш нар атан
Қор жасамас майдан соң.
338
Доңғалап арба жүре алмас, қос арысы сынған соң.
Аласа бойлы жатаған, ажырыққа түйе матаған.
Өзім бір деген кісіге өзегімді берермін.
Егескен жауым кез болса,
Аузы бір қанды қой жейтұғын бөріңмін.
Кекіліктей жорғалап,
Қара бір қаны сорғалап,
Өстіп жүріп сен, бейбақ, өлерсің.
28. Көштің байсал тапқаны – көкорайға қонғаны.
Даудың байсал тапқаны – төрешіге барғаны.
Төс табаны төрт елі, атан жүрер жер екен.
Жаңа жылдың басшысы ол, мен ескінің арты едім.
Көзге қамшы тигендей.
Намаз білмес пақырды
Жер ұшық берген кісідей, қоржаң-қоржаң етеді.
Қылышың тасқа біледің.
Қамалды бұзып қақ жарған.
Зәр болып ішкен ас.
Далақтап шапқан бай ұлы, тоқтаса көзі бас екен.
Тозбасты ұста соқпайды, өлместі құдай жаратпайды.
Қыран құстың қияғында.
Ауруын жасырған ажалсыз өледі,
Зорлықтан қорыққан амалсыз көнеді.
Тұла бойға тарайды.
Ендігіңе асылдым.
Алашолақ иттерге көкпары боп тартылып.
Желі бір соғар тоқпағым.
Бай төбеті аңқылдап, байсал тауып үрген тау,
Балалы қаздай байпаңдап, бәйбіше дәурен сүрген
тау,
Ақ бүркеншік салынып, ала берен киген тау.
Көмілсе де кетер ме көкейімнен, қалқаммен ұлыс
күні ойнағаным.
Жалғыз шала сәуле болмас, жалғыз шырақ тәрбие
болмас.
Суырған қынабынан наркескендей.
Сексеуілдің шоғындай, жайнап шықтың жасыңнан.
Түскен жерін ұсатқан, зеңбіректің оғындай.
Тайғақтай ұшқан қу ілген,
339
Анық сұңқар мен едім.
Тегеуріні теріс біткен.
Тарғыл тастың тағылары.
Бал қайнатып, шай ішкен,
Қазы кертіп жал жеген, асты болар ма екенсің.
Қоңыраулы бұйра нарыңдай.
Көпке пайдаң көп тиді көктемдегі жауындай.
Табылғанда бөз артық, таңдап киген торқадан.
Иегің ителгінің тамағындай,
Айдынның ақ қайраңы шабағындай.
Лапылдап тал отындай жанып тұрмын.
Қалушы едің қара жол қабырғадан жарылып,
Қайтара шөккен қарт бура.
Қия тас қиынына кетсең-дағы, қамшылап
қанатымды бұрам-дағы.
Құр сағым қусақ.
Шаппаған нәмәрт оңар ма?
Ақсұңқар құстың баласы қасқыр тартқан жемтікке,
Ағармай көзі қонар ма.
Еңіреген ер,
Жұртты еміп.
Шолақ иттей діңкілдеп,
Төстіктей қазған бір жерге
Қырыңнан кіріп сыйғаның.
Алтын, күміс азарың.
Кенеуі жоқ кей билер.
Ерден қадір кетпесе, отырмайды есікке.
Несіпке кешікпей өшікпе.
Байды құдай атқаны – жабағы жүн сатқаны.
Қатпа болған түйедей, киеңкі болған биедей.
Бетіме соқ мінімді,
Бүгежектеп отырмын,
Қызылбауыр киіктей.
Даусым саған жетер ме бұрынғыдай аңқымай.
Құриды неге ындының.
Жаяулық пен жалғыздық – азамат ердің жүдеуі.
Хиуадан келген қызыл нар,
Айрылса сәні болар ма, жалы менен қомынан.
Ай мүйізді көк қошқар, қасқыр бір тартты қоңынан.
340
Ала жылан, аш бақа.
Басқа – сая, жанға олжа құр далақтап.
Жетектесең табандар, қалтақ-құлтақ амалдар.
Әдеппенен тамылжытып,
Борандай бұрқ-сарқ етіп.
Айдаһардай ысқырып,
Біреу кетсе үшкіріп.
Өзеше боп өсер тел.
Сұры қашып.
Байда – бейіл, жалшыда мейір де жоқ.
Бұтты-шатты.
Өршеленіп өлгенше.
Жат үйіңде, шатылмай.
Сыртым дүрдей.
Тыңдаған азаматқа тілім дәрі.
Кент орнаған жер, көдесі мақпал түгіндей.
Аяғын алшаң басып.
Ер жігіт көркі деп,
Делбеймін көңілімді.
Піл сауырлы қара жер.
Шаңқып шорым шығады.
Көкжал арлан.
Достарыңызбен бөлісу: |