Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



Pdf көрінісі
бет24/27
Дата27.12.2016
өлшемі1,71 Mb.
#593
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

ҮШІНШІ  АКТ

Үшінші сурет

Түн. Брезенттен істелген ұзын палатка. Ол орталықта. Оң жақ шет-

те екінші палатка. Мұнда жаралы Нұрлан жатыр, басы-қолы ораулы. 

Бірінші палаткадан бинт оралған, емделген ауруларды әкетіп жатады. 

Назым жөнелтіп жатыр. Мұнда жалғыз ғана ауру қалады. Ол Звездов. Екі 

ауру да ауыр халде. Нұрланның қасында Ира отыр. Назым асығыс әзірлік 

жасап, үстегі әскер киімін тастап, ақ халат киіп жатыр. Столда спиртов-

калар жанып, аспаптар қайнатылады. Простыня, орамалдар әкелініп 

жатыр. Назым қасында көмекші фельдшер-санитар жүр. 

Н а з ы м (Звездов қасына барып қайтып). Бол!.. Тезірек, 

жарықты күшейт! Қан көп кетіп барады. Тездет! Жарық, 

жарықты молайт, санитарлар... жарық әкпел! Тез! 

Фельдшер асығады, санитарлар жүгіріп жарық әкеледі.

И р а (Назға жүгіріп кеп). Наз!... тыңдашы. Наз! Майор 

Нұр әлсіреп барады, қан тыйылмай жатыр... 

Н а з ы м. Мұнда да сондай, Ира... Қазір! 

И р а. Майор сондай ерлік етіп еді, Наз! 

Н а з ы м. Ира, түсінемін... Асықтырма, састырма мені! 

Жауапты операция... Әкел! 

Санитар, фельдшер Звездовқа қарай басады.

И  р а. Наз, кешікпесе игі едік. Ол сондай қымбат жан 

еді... 

Н а з ы м.  Ира... не дедің? Әкел... әкелші ендеше. 



Шапшаң, кәне, столға әкеліңдер. 

Наз Нұрланды күтеді, солай баса береді. Ира асығып, Нұрланға 

ұмтылады. Бірақ дәл осы шақта санитарлар мен фельдшер 

Звездовты столға әкеліп қояды.

А-а! Әкеліп қойған ба? Ира!.. 

Ира бұрылып Звездовты көреді, амалсыз тоқырайды.



391

Н а з ы м (көзіне үлкен көк көзілдірік, беті, мұрны таңылған. 

Столға жақындап, шапшаң қимылдап). Ира, мыналар жетеді. 

Сен майорға, майор жанына бар. Сонда бол, демін үздірме. 

Бар, сульфидин бер! Жүрегін, тамырын бақ! 

Қасында үш көмекшісі бар, шапшаң қозғалып, қайшымен, ланцетпен, 

операция пышағымен кезек әрекет етіп, іштің операциясын 

істей бастайды. 

И р а (Нұрлан жанында. Дәрі ішкізіп, аурудың жүрегін 

тыңдап). Қазір, қазір көмек жетеді... Қымбат Нұр... Қазір... 

Ербол  шығады. Ираға қарай жүреді.

Ербол, тоқта! (Қолын созып, отыр деп белгі береді.) 

Е р б о л (ақырын басып тоқырап). Жайлары қалай? 

Жөнін айтшы, тым құрса!.. 

И р а (қасына кеп). Белгісіз, халдері ауыр. 

Е р б о л. Дәрігер не дейді? Наз не дейді? Қарады ма? 

И р а. Звездовқа операция жасап жатыр. Мәлімсіз. 

Е р б о л. Нұрланға ше? 

И р а. Қазір, анау операцияны болысымен бұған да 

істейді. 

Е р б о л. Мынау Нұрлан ба? Есі қалай? Таныр ма еді? Бір 

ғана... бір ауыз ғана хабар айтсам қайтеді? 

И р а. Жоқ, Ербол! Доктор көрмей рұқсат жоқ. Залал 

келтіреміз...

Е р б о л. Жақсы хабар... Москва хабары еді, Ира? 

И р а. Жоқ, Ербол, болмайды... Шабуылға кетіп ең ғой! 

Солай емес пе еді? 

Е р б о л. Солай... Бір сағаттай қатты шабуыл жасап, 

үлкен іс қылып келдік. 

И р а. Аман бол, әрдайым сау бол, жаным Ербол! 

Е р б о л. Ира, бауырым менің! Жаңа тынығуға қайттық 

та, әдейі осында асығып ем... япыр-ай... 

И р а. Отыр, тос! Наз қазір шығады. (Өзі орнына барады.) 

Асығып Рубанов шығады.

Р у б а н о в. Доктор қайда?

И р а. Операцияда. (Рубанов халат кие бастайды.)



392

Р у б а н о в. Операция қайда? 

И р а. Мұнда... Бірақ, сіз... кім боласыз?

Р у б а н о в (документін көрсетіп). Армия врачы, про-

фессор Рубанов! Әдейі операцияға, консультацияға келдім... 

Дивизия командирі генерал-лейтенант Потапенконың 

шақыртуымен көмекке келдім! 

И р а. Ендеше, міне, кіріңіз... 

Р у б а н о в (кіріп, Назым қасына кеп, араласа бастап). 

Амансыз ба! Армия дәрігері, профессор Рубанов! 

Н а з ы м. Келіңіз, ақыл қосыңыз. (Өзі бұған қарамай, 

жұмысын істеп жатады.) 

Р у б а н о в (ақырын сөйлеп, ауру жөнін өзі сұрап, өзі жа-

уап беріп жатып). Дұрыс... Батыр-ақ! Жақсы... тамыр қалай? 

Дұрыс... Жүрегін бағу қажет. Қан... қан керек. (Фельдшерге.) 

Әзір ме? Ауыр операция! Батымырақ қимылдаңыз, доктор! 

Солай... солай! А-га! Әне, солай! 

Н а з ы м. Оқ, міне! 

Р у б а н о в. Бәсе, дұрыс, доктор!

Н а з ы м. Тағы бір оқ!..

Р у б а н о в. Жақсы... дұрыс. Енді таза. Тез, тез қан... 

қан жіберіңіз. (Өзі көмектесіп қан құйысады.) Жақсы, жақсы 

қабыл алынды. (Аз тыныстан кейін.) Бітті! 

Н а з ы м. Түсіріңдер, төсекке апарыңдар! (Өзі апарысып 

жатқызады. Ауру “уh” дегендей.) 

З в е з д о в. ...Не болды? 

Н а з ы м. Тыныш болыңыз... Жақсы, халіңіз жақсы... 

З в е з д о в. ...Операция қалай өтті? 

Н а з ы м. Жақсы өтті... Оның белгісі осы сөйлеп 

жатқаныңыз. Ал, енді қозғалмай тыныш болыңыз. 

Р у б а н о в (Назбен қол жуып жатып). Доктор, мен сіздің 

операцияңызға қатты ырзамын... Ерлік те, шеберлік те тең 

болды. Ғафу етіңіз, сіз қай докторсыз? 

Н а з ы м (бетіндегі байлауын, көзілдірігін алады). Есенсіз 

бе, профессор! Бердиева! (Қол алысады.) 

Р у б а н о в. Бердиева! Ага, бүгін оқ астынан Звездов-

ты алып шыққан сізсіз ғой? Генерал айтып еді! Жауынгер 

ерлігіңіз, шебер еңбегіңіз қайырлы болсын! О-о, дұрыс, 

дұрыс... Осылай болу керек. 

И р а (жүгіріп кеп). Наз... Жүрегі солғындап барады. 



393

Н а з ы м. Тағы бір жауапты операция бар, профессор, 

көмек етіңіз. Асығыс! (Екеуі шыға береді.) 

Е р б о л. Наз... Назым... 

Н а з ы м.  Ербол, жаным асығыспын... (Тез жүре 

береді.)


Е р б о л (асығып, ілесе жүріп сөйлейді). Сол жаралы 

адамға жалғыз жақсы хабар бар еді. Міне, Москвадан. Бір 

жұмадан бергі асқан ерлігі үшін 181-ші дивизион командирі 

майор Нұрлан Бектасовқа...

Н а з ы м. Нұрлан?... Нұрлан... Бек... Бектасовқа?

Е р б о л. Ленин ордені берілген. 

Н а з ы м. Нұрлан... Бектасов, ол қайда? Қайда қазір?

Е р б о л. 

И р а. 

}

 Е, әне... Анау майор сол емес пе?     



Н а з ы м (ұмтылып). Нұрлан... жаным... (Келе перевяз-

касын шешіп жатып.) Нұр... дейді... Кім? Кім айтады үйдеп? 

Нұрлан жаным! (Рубанов екеуі төніп, қатты зер салып ба-

йыптап қарайды.) Профессор, қатер ғой! 

Р у б а н о в. Қатер, қан біткен ғой... Кешігіппіз ғой!.. 

Н а з ы м. Қымбатты доктор, көмек етіңіз... Құтқарыңыз, 

кешігіппін, қайырып беріңіз маған бұл жанды... Қан, қан, 

шапшаң әкел!

Р у б а н о в. Қан жібергеннен басқа шара жоқ. Мезгілі 

қазір емес, әлдеқашан өтіпті ғой. (Қанды алып, өзі құяды. 

Екеуі ерекше әрекет етеді.) Есін жиса, аз уақыт ес жиса, о да 

сый ғой... Ауыр ғой... (Өзіне.) Әй, үмітсіз ғой. (Тосып тұры-

сады.) 

Н а з ы м. Кішкене әл кірді. 



Р у б а н о в. Сізді таныды ғой. Жақындаңызшы.   

Н а з ы м. Нұрлан жаным!.. Мен Наз... Назың ғой. 

Р у б а н о в. Соңғы тынысымен бір нәрсе айтпақ сияқты. 

Сізді білді ме әлде! Білуші ме еді?

Н а з ы м. Мені білуші еді... Жақсы білуші еді, профес-

сор... Айтса екен... 

Р у б а н о в. Ендеше, осыдан басқа шара жоқ... Сіз 

тыңдаңыз сөзін... Мен керегіңізге әзір тұрам. (Кейін кетеді.) 

Н ұ р л а н (жүзіне қадалып төніп отырған Назға әлсіз 

үнмен). ... Бармын ба? 

Н а з ы м. Барсың, жаным Нұрлан. 

Н ұ р л а н. Түсім бе?



394

Н а з ы м. Түсің емес. Қасыңда Наз... Назың сенің...

Н ұ р л а н. Шын ба?  Менің Назым ба?                           

Н а з ы м. Сенің Назың! Сақтап келді, жүрегімде сақтап 

келдім сені мен. 

Н ұ р л а н. Мен... мен де сақтап ем... Алғыс... Соңғы ты-

нысыммен алғыс айтам... Рәш!.. Рәшім бар ма менің?

Н а з ы м. Бар... жақсы өсті... Сені сағынып еді, ізде деп 

еді. Маған әкемді тап деп қарыз етіп еді. Мен сені таппаққа 

ант еткен ем... Жаным!.. 

Н ұ р л а н. Ырзамын... Ендеше, тілегім... Назтайым, бар 

тілегім... балама, қызыма телеграмма соқшы! Әкесінің... 

табылған, сағынған әкесінің атынан, анасының атынан те-

леграмма соқшы... Әкең сені тапты деп соқшы. Уәде берші... 

Н а з ы м. Орындаймын... Нұрлан қуатым! Бердім уәде! 

Н ұ р л а н. Бақыл бол! Қош... (Әлсіреп барады.)

Н а з ы м. Қаталдық, ақымақтығым болып еді, кеш мені, 

Нұрланым. (Сүйеді.) 

Н ұ р л а н. Кештім... сен... сен де кеш! 

Наз жабысып сүйген күйінде Нұрлан үзіледі. Бұл уақытта Рубанов Ербол, 

Ираларды алып кеткен.

Н а з ы м. Жаным!.. Жарым... Нұрланым!.. 

Өлген Нұрланның басын құшақтап алдына алып, қадалып, қатып отырып 

қалады. Сахнада қараңғылық қоюланады. Қоюлана барып меңіреу қара 

түн түседі. Сахна жым-жырт. Тек оқтын-оқтын суық бір түннің жат бір 

күрсіні сияқтанып алыстан атылған зеңбіректің “у-у-ух!... у-у-ух!” деген 

үндері келеді. Ұзақ пауза. Түн өтіп, таң келеді. Айнала айқынданып аз-

аздап көріне бастайды. Алғашқы бір халде, Нұрланның басын құшақтаған 

күйде Наз отыр. Таң атты. Үнсіз сарылып отырған Наздың осы бір түн 

ішінде қап-қара шашы тегіс аппақ боп, ағарып кеткен. Наз тапжылмай-

ды. Аздан соң Рубанов, Ербол, Ира шығады. 

Р у б а н о в (қалпағын алып, иіліп ұзақ қарап тұрып). 

Бақыл бол, жауынгер дос! (Ерболдар бас киімін алады.) 

И р а (Ерболға). Не болған? Назға не болған, Ербол? Нет-

кен өзгеріс?

Е р б о л. Бір-ақ түнде бар шашы аппақ боп кеткен. Наз... 

Қасиетті Наз! 

Рубанов та көріп қатты сес қылады.



395

Р у б а н о в. Доктор, сіз кінәлі емес едіңіз ғой, емес едіңіз 

ғой? 

И р а. Наз! Сүйікті Наз!.. Саған не болған, бар шашың 



аппақ қой? (Нұрланның басын Наздың алдынан қозғап, 

төсекке жатқызады.) 

Н а з ы м. Ира, тоқта!.. Тимеші! 

Бірінші палатка алдында қозғалыс. Аздан соң дөңгелекті креслоға 

отырған Звездовты бір санитар алып келе жатады. Звездовтың басы, 

кеудесі ораулы.

Р у б а н о в (көріп, шошынып). Тоқта!.. Бұ не? Кім қозғады, 

кім рұқсат етті? 

Н а з ы м (жалт қарап, атып тұрып). Бүйткен кім? Сізге 

кім рұқсат етті? Ира! 

З в е з д о в. Ғафу етіңіздер, профессор, доктор! Кінәлі 

мен! 


Н а з ы м. Сізге қозғалуға рұқсат жоқ, бұ не, бұл қатер 

сізге! 


З в е з д о в (ажарлы үнмен). Рұқсат сұралмайтын сағат 

та болады, достар! Жақындатыңдар! (Санитар Нұрланға 

жақындатады.) Нұр! Қадірлі Нұр!.. Жай өмірде жан аямас 

жолдасым... Майданда жауынгер досым! Қош, Нұрлан ба-

уырым! Бауырым менің. (Еңкейіп маңдайынан ұзақ сүйеді.) 

Отанының ері еді ол!.. 

Н а з ы м. Ол Отанының ері еді... Менің жарым еді... 

(Барлық жұрт қатты қайран болады.) 

З в е з д о в. Түсіндім... Шашың да ағарған... Түсіндім бәрін. 

(Наздың шашына маңдайын иіп.) Қарыздармын! Біріңнің 

өлімің, біріңнің қасиетті қайғың кек құйсын, кемімес кек 

құйсын біздің жүрекке. Қайта шығар!.. Шығаршы мені тез 

аспанға, қадірлі доктор, асыл Наз!... 

Н а з ы м (оқшауырақ, өз-өзіне). Ақтық күшің Отан үшін... 

Ең ақырғы тынысың балаң үшін... Рәшім депсің!.. Еліңнің 

ер ұлы боп, балаңның аяулы әкесі боп өтіпсің... Рәшім, әкең 

сені тауып өтті... Сен қадір тұтарлық, сен ұмытпастық, сен 

мақтан етерлік асыл әке боп өттің. Сын сағатта биік қасиет 

тауып өттің, жаным Нұрлан!.. 

            

 

Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ



396

Төртінші сурет

Шахтаның бас инженері Ескендердің кабинетінде Ескендер мен Рәш.

Е с к е н д е р. Өздерің үшін, үй үшін ешнәрсенің керегі 

жоқ па, Рәш?

Р ә ш. Жоқ, түк керек емес, Ескендер аға! 

Е с к е н д е р. Керек болса, айтып тұрмақпысың... 

Уәдеміз солай еді ғой? 

Р ә ш. Әрине... Айттым ғой әнеукүні! 

Е с к е н д е р. А-а, рас... Әрдайым солай ет, Рәш! 

Р ә ш. Бірақ қазір өзіміз үшін емес, форпост үшін аса 

қажет нәрселер бар. 

Е с к е н д е р. Білем, противогаз ғой! 

Р ә ш. Соны тауып бермедіңіз ғой, Ескендер аға... Мен 

хат жазайын деп ем... Ісіміз жақсы деп жазайын деп ем, 

мамаға. 


Е с к е н д е р. Жаз, жақсы деп жаз, Рәш! 

Р ә ш. Жақсы деп? Ол шын емес қой... Өтірік жаз дейсіз 

бе?

Е с к е н д е р. Жо-жоқ, өтірік айтпа! 



Р ә ш. Ендеше шын айтып, Ескендер ағам біздің 

форпостың керегін тауып бермеді. Ісіміз нашар деп жаза-

йын. (Күлкі.) 

Е с к е н д е р. Рәш, сонау үлкен майданда, сондай 

алыстағы мамаға, Ескендер ағаңды жаман қып көрсеткің 

келе ме? Тату емес пе ек?

Р ә ш. Татумыз... Тіпті доспыз, Ескендер аға... 

Е с к е н д е р. Ендеше, жазалау емес пе мынауың... 

Р ә ш. Олай болса, противогаз тауып беріңіз... өзіңіз!.. 

Е с к е н д е р. Үлкендерден босамай жатыр, Рәштай... 

босасымен берейін. Бар керегіңді жазып берші маған! 

Р ә ш. Жазам, жазып берем, Ескендер аға! 

Қаден,  Марияш  кіреді.

Қ а д е н. Рәш, сен мұнда ма едің? Мен сені іздеп ем. 

Р ә ш. Немене, жеңге?

Қ а д е н. Ал, қазір үйге жүгір. 



397

М а р и я ш.  Хат тасушы телеграмма әкеп, сені сұрап 

жүр! 

Қ а д е н. Мамаңнан келген ғой... 



Р ә ш. Мамадан... Телеграмма! 

Е с к е н д е р. Жүгір, шап үйге қарай! (Рәш жөнеледі.) 

Хабарын айт маған... Рәш! 

Р ә ш. Айтам, алып та келем... (Жүгіріп кетеді.) 

Қ а д е н. Жұрт қайда жиылады, Ескендер? 

Е с к е н д е р. Әуелі осында келмек Асановтар. 

Сәт, Тәнеке және бір топ шахтер кіреді. Көбі шахтадан жаңа шыққан.

Кәне, не дейсіздер? Ең соңғы санын айтшы? 

С ә т. Өзің не деп ойлайсың?

Асанов  келеді.

Ерболдың кешегі радио білдірген ер қайратына әрбір 

ұядан ұшқан батыр бауырдай, әрі Қарағанды шахтерінің 

ер жауабындай жауап айтамыз деп кетіп едік қой бұл топ. 

Не қып қайтты деп ойлайсыздар? (Ескендер мен Асановқа 

қарайды.) 

Е с к е н д е р. Жаным-ау, осы... екпінің тәуір. (Қуанып.) 

Ерболдың рекордына жеткен бар ма деп тұрмын-ау! 

Б р и г а д и р. Жөн-ақ! Япыр-ай, салған жерден... Ия, 

кәне?

А с а н о в. Шын ба, өй, жігіттер?! Еркек өзіміз десеңдерші. 



Жә, бұл қайсысың, сондай маңдайы жарылып, алдан кеп 

тұрған қайсысың? 

С ә т. Өздерің жағалап, жамбастап табуға жақынсың-ау 

осы. Кәне, не білдіңдер?

Е с к е н д е р (ойланғандай). Өзі Отан қорғау күніне 

арналған күн. Өзі Ербол қайратына қуана қимылдаған күн... 

Ендеше, бүгін өрлегендер көп. Ал соның ішінде?.. 

А с а н о в. Ендеше, соның ішінде озып шыққан, озып 

шыққан?.. (Бәріне қарайды, күлкі.) 

Е с к е н д е р. Өзі тіпті сыр бермейді, үн қатпайды ғой, ә! 

(Тәнекеге қадала береді.) Осы кәрі боздың... 

А с а н о в (жарыса). Тәнекенің өзі ме? Өзі... 



398

Е с к е н д е р. Бәсе... Дәл өзі... (Қолын алады.) Жә, 

рекордқа анық жеттің бе?

Т ә н е к е. Е, беттеген соң жетпей неге тоқтайын... 

(Барлығы құттықтайды.) 

Д а у ы с т а р: Қайран, кәрі тарлан! 

– Есіл, кәрі боз!...

Е с к е н д е р. Құтты болсын. Ендеше, қазір Ербол мен 

Назға телеграмма соғамыз. 

А с а н о в. Радиомен айтамыз, бұндағы ел-жұртының ер 

жауабын. 

С ә т. Ендеше, жетіп тоқтады демеңдер... Ербол рекор-

дынан қарт қыран асып түсті. Бес тонна асыра түсіп, жаңа, 

жойқын рекорд қойды, 85 тонна бәйге болды, деңдер... 

(Тағы қатты қуанысады. Отырысқан. Радио.) 

Е с к е н д е р. А-а, жаңа хабар... Ерболдардан тағы хабар 

жоқ па екен?

А с а н о в. Қорытынды бар ма екен?

С ә т. Бәсе. Ерліктерін ұқтық қой. Енді үкімет 

қорытындысын есітсем екен! 

Р а д и о. СССР Ұлы Советі Президиумының Указы: 

СССР Ұлы Советі Президиумы Герман фашизміне қар- 

сы соғыста командованиенің ерекше тапсырмасын ерлік, 

батырлықпен орындаған қайраты үшін Н. зеңбірек диви-

зионының командирі лейтенант Датов Ербол Датовичке... 

Д а у ы с т а р.  Ербол! 

– Ербол! 

– Айналдым! 

– Ақырын, тоқта! 

Р а д и о. Совет Одағының Герой атағын беріп, Ленин 

орденімен, Алтын жұлдыз медалімен сыйлауға қаулы етті. 

СССР Ұлы Советі Президиумының председателі 

                                М. Калинин.

 

СССР Ұлы Совет Президиумының секретары 



                                А. Горкин. 

Москва, Кремль.



399

Д а у ы с т а р. Ербол! 

– Біздің Ербол! 

– Асыл Ербол! Тоқта! Тағы бар! Т-с-с-с! 

Р а д и о. СССР Ұлы Советі Президиумының Указы: 

СССР Ұлы Советі Президиумы Герман фашизмімен 

соғысқан майданда өзгеше ерлік көрсеткендері үшін 

төмендегі жауынгерлерге, командирлерге және дәрігер, са-

нитар қайраткерлеріне үкіметтің жоғарғы дәрежелі сыйын 

беруді қаулы етті. 



Ленин  ордені:

1. Майор Бектасов Нұрланға! 

2. Майор Звездов Александр Егоровичке! 

          



Жауынгер Қызыл Ту ордені:

1. Екінші ранг военврач Бердиева Назымға. 

2. Старший сержант Бегешев Шаршенге. 

3. Старший лейтенант Малышев Иван Семеновичке. 

4. Кіші лейтенант Скиба Матвей Ивановичке. 

5. Медсестра Светлова Ирина Яковлевнаға. 

СССР Ұлы Советі Президиумының председателі 

                                     М. Калинин. 

           

СССР Ұлы Советі Президиумының секретары

                                      А. Горкин. 

Москва, Кремль.

Радио тоқтайды. Назым, Ира аттары аталғанда тыңдап отырған жұрт 

қатты қуанған, таңырқаған. Бірақ бірін-бірі ыммен тоқыратып отырған 

жайларды көрсетіп еді.

С ә т (қуанып). Міне, айтпап па ем! 

А с а н о в. Бәсе, кешегі ерлік эпизодтарды естігеннен 

осыны тосып ем... Ерлер!.. Жауынгерлер! 



400

М а р и я ш. Қалқам, садағаң кетейін, қайным Ербол! 

Т ә н е к е. Қалқаларым... ұл мен қыз туса, өздеріңдей 

тусын! Назым, алтыным! 

С ә т. Ира ше?

Т ә н е к е. Өркені өссін оның да. Еркек осылар деп ем... 

Жүрерде де әншейін емес, оттай жанып, шоқтығы шығып 

кетіп еді тегіс. 

Е с к е н д е р. Ел-жұртының намысын қолдарына 

шамшырақтай ұстап кетіп еді. Шіркін Ербол! Жаудың 

бүкіл бір дивизиясын талқан етуге себеп болған... Айласын 

айтсаңшы! 

Б р и г а д и р. Неміс генералын қылыштасқан соғыста өз 

қолымен тұтқын еткен! 

Қ а д е н. Қасымызда жүргенде қадірлеріңді білсекші, 

асылдарым-ай! Айналайын!..

Т ә н е к е. Менің рекордымнан тағы асты-ау мынау! Фа-

шист офицерлерін лавадағы көмірдей атқан ғой штыкпен! 

А с а н о в. Ал, анау Бектасов Нұрлан... Нұрлан деді ғой... 

Ол кім болды? 

Е с к е н д е р. Ол бәрінің командирі... Майор... өзгеше 

қайрат соныкі емес пе еді?

Қ а д е н. Әлі үш оқ тигенше, жарадар күйінде жауды 

жоятын ғой?

С ә т. Бектасов... Нұрлан... Бектасов!.. 

М а р и я ш. Назымды айтсаңшы... От астынан өзі алып 

шығып, өз емімен өлімнен алып қалған. 

Т ә н е к е.  Осыны... сол Бектасовты Наз қалай емдеді 

екен! Қалай құтқарды екен... 

А с а н о в. Бәсе, соны айтпайды-ау осы. 

С ә т. Нұрлан... Бектасов!.. Білетіндерің бар ма осы адам-

ды?  (Жұрт үндемейді.) Япыр-ау, осы атты мен бір естіген 

едім. Жаңылмасам, Наздың аузынан естіген сияқты едім. 

Көмескілеу бір айтқан сияқты еді. Қарағандыға соңғы рет 

қайтып келген күндерінде Наз осы атты бір атаған сияқты 

еді... 


Е с к е н д е р. Кім болса да тек тірі қалсын! Тірі болса 

екен өзі. 

Т ә н е к е. Қайран, асыл ер-ай... Кім де болса елдік сы-

нын танытқан, ел мақтаны болатын ұл ғой. 



401

Рәш жүгіріп кіреді. Қатты қуанышты. Үй іші тез жадырап қуаныса 

қарайды.

Р ә ш. Ескендер аға, рұқсат па?

Д а у ы с т а р. Кел! Кел, Рәш! Рұқсат... рұқсат. 

Р ә ш (Сәтке). Мешайт етпейім бе?

С ә т. Кел... шапшаң кел, Рәшім! (Қасына Рәш жүгіріп 

келгенде.) Немене, бір қуаныш хабарың бар ғой!.. Солай 

емес пе? 

Р ә ш. Бар... 

С ә т. Айт шапшаң. 

Р ә ш. Бірақ, Сәт аға... (Айнала көптен ұялыңқырап 

іркілгендей.) 

С ә т. Айт кәне. (Рәш тоқырап, қысылыңқырап тұр.) Ал, 

сен айтпасаң, мен бұрын айтып қоям. Менің де саған айтар 

үлкен қуаныш хабарым бар. 

Р ә ш. Рас па? Ендеше, сіз айта қойыңыз. 

С ә т. Жоқ, әуелі өзің айт. 

Р ә ш. Жоқ, сіз. 

С ә т. Жоқ сен, өзің... (Күлкі.)

Р ә ш. Ыңғайсыздау ма әлде? Бірақ, Сәт аға, Ескендер 

аға, өзім қуанған соң екеуіңізге де айтайын деп ем. 

А с а н о в. Айт, Рәштай! 

Р ә ш. Айтам... Ендеше, менің мамам папамды тауыпты. 

Білесіздер ме, мен оны сағынып ем, тап деп ем. Мамам да 

уәде беріп еді... Енді менің анам... менің әкем де бар. Олар... 

Олардың екеуінен маған, өзіме телеграмма келді. (Телеграм-

ды қолына ұстап тұр.) 

А с а н о в. О-о, зор қуаныш екен, Рәшім! 

С ә т. Қуанышың әбден орынды... Сондайлық үлкен зор, 

зор шаттық... Құтты болсын, Рәш... 

Р ә ш. Ал, Сәт аға, енді сіз... сіз айтыңызшы... 

С ә т. Айтам енді. Сенің мамаң, жақсы ер мамаң май-

данда үлкен ерлік етіп, жауынгер Қызыл Ту орденін алыпты. 

Р ә ш (ыршып, қуанып кетіп). Рас па? Не дейсіз, шын ба! 

Сәт аға!.. Асанов аға! (Асановты құшақтап алады.) 

А с а н о в (бетінен сүйіп). Рас... рас, қайырлы болсын, 

көрдің бе, әне анаңды... 

С ә т. Әнеки, сен қандай ананың қызысың. 

Р ә ш. Мама милая... родная мамочка! 



402

Осы уақытта Сәтке бір телеграмма келеді.

С ә т (телеграмда қолына ұстап, ашып тұрып Рәшке). 

Айтпақшы, сенің папаңның аты қалай еді осы, Рәш?

Р ә ш. Менің папам аты Нұрлан... Нұрлан Бектасов! 

(Үйдегілер тегіс.) Нұрлан?.. Бектасов? Нұрлан?..

С ә т (Рәштағы телеграмды қарап шығып.) Нұрлан! Рас... 

Ия.. (Өз телеграмын қарап, тез өзгеріп, тағы қарап шығып, 

күрсінеді. Асановқа береді.) 

Қ а д е н. Нұрлан? Е-е, жаңағы, япыр-ай! (Дей бергенде.)

С ә т (Қаденге). Тоқта, Қаден! (Рәшті бауырына қысып, 

шашынан сүйіп.) Ал, Рәш... Сол енді. 

Р ә ш. Сол... Болды... Мен кетем. 

Е с к е н д е р. Жарайды, Рәш! Ал бағана айтқан керегіңді, 

бар керегіңді бүгін айт, Рәш! (Екеуі оңашалана береді.)

Р ә ш. Жақсы, ондай болса. Бірақ сіздерде жұмыс бар 

ғой... Қазір бөгемеймін. Екі сағаттан соң тізім жасайын да, 

өзіңізге келейін, жарай ма, Ескендер... Ескендер аға! 

Е с к е н д е р. Жарайды, Рәш. (Құшақтап арқаға 

қағады.) 

Р ә ш. А, білесіз бе, Ескендер аға! (Тоқырайды.) 

Е с к е н д е р. О не, Рәш? Айтшы! 

Р ә ш. Қазір мен сізді бұрынғыдан да жақсы, жақын аға 

көремін. 

Е с к е н д е р. Қазір ғана ма, Рәш-ау? Бұрын ше?

Р ә ш. Шын айтайын... Бұрын ондай емес едім... 

Білмеймін... Бұрын әлденеге сізден мен бір жақтан қорқушы 

едім... Ал, қазір тыныш боп тұрмын... Сондай! Әлде мен 

ақымақшылық сөз сөйледім бе? Білмеймін...

Е с к е н д е р. Жоқ, Рәш, жақсы сөз сөйледің, шыншыл 

болған жақсы. Соның үшін мен қайта бетіңнен сүйемін. 

(Сүйеді.) Ақылды Рәш! 

Р ә ш. Ну, ендеше, жақсы дос болдық, Ескендер аға! 

Е с к е н д е р. Құп, Рәш! (Рәш жүгіріп кетеді. Үйдегілер 

үнсіз отырып қалған.) 

С ә т (Асановтың қолындағы телеграмды алып). Көрдіңдер 

ме, мынаны? Жаңа Рәш тұрғанда мына бір телеграмма жетті. 

Бұл Наздан! Нұрланды тауып ем, бірақ Нұрлан қайтыс бол-

ды. Қолымнан жөнелттім... Тек Рәш білмесе екен депті... 

өтініпті!.. 



403

Д а у ы с т а р. Қайтыс бопты? Нұрлан?.. 

Жұрт жым-жырт.

С ә т (үлкен ойда сияқты). Бұл не? Не дейді бұл күй? 

Не дейді бұл құрбандық! Жаңағы бала... біздің ғазиз бала... 

Соның жүрегінде тулаған қуаныш, соның көзінде жанған 

үміт от, бір сол бала емес, бар баламызды, тіпті келер 

нәсілімізді ойлатпай ма? Бүгінгі қайрат күтер ересек буын 

бұнда болайық, майданда болайық, қандай сында тұрмыз 

біз? Кеше осы күнді адал қанымен әперіп кеткен әкелер ал-

дында не дер ек!.. Жаңағы өзгеше боп жайнап келе жатқан 

өмір гүлі алдында не дерміз? Осы міндет алдындағы біреудің 

тыныштығы... Біреудің өзімшіл күйбеңі – жиып келген-

де бәрі де жабық көңіл жадысы – күл болсын демес пе ең, 

соның бәрін де? Өлген ер ғана емес, тіпті сол майданда 

тірі жүрген азамат анау Ербол, анау Наздың жүзін көруге 

ұялмасам екен тек... Еңбегім мен тірлігім енді сонда ғана де-

месем, нем азамат енді. 

Пауза.

Е с к е н д е р (шұғыл жылап жібереді, жұрт ішінен “өй, 



бұның не?” дескен үндер шығады). Жоқ!.. Жоқ!.. Орынсыз бір 

жас! Жай бір ұйтқын. Жас керек емес... Бір тамшы жас ке-

рек емес. Серпін, өзгеше серпін... Қарағанды, Қарағанды 

болғалы көрмеген ел Отан алдында ер қарызын ақтарлық 

бір қайрат табайық та... Отанның вахтасын бетке алып, биік 

белге басайықшы бәріміз... 

Т ә н е к е. Соны айт, соны тап... Сөз қысқа! Ер басы 

екі нормадан асырдық, ел мақтады деп отырмайық, тағы 

өрлейік, тек жолын айтшы! 

Б р и г а д и р. Жан аямас жалынды біздің білегіміз әлі де 

асқындатып ата алады. 

Қ а д е н. Шахтерлер жиылды әне... Соны айтшы бізге... 

А с а н о в. Айтатын сөзді біреу ауызға салмай-ақ, біздің 

жұрттың өз жүрегі нұсқайды бүгін! Адам сапасын сын ашып 

отыр бүгін. Алтын ана қойнындай ұлы ұяда туған сын 

сағат, қатал күн, қатер күн ашып отыр. Кеңшілікте ет пен 

терінің арасындай бергі жерде жүретін ұсақ тілек, мардым-


404

сыз машық, күйкі көңіл – баршасын сол күн жуып-шайып 

әкетті де, енді биік қасиетті бөлек адам... Ұлы адам шықты, 

міне дәл осы күнде... біртіндеп шыққан жоқ, миллиондап 

шықты Отаннан. Ол адам майданда ғана емес, осында да 

отыр... Тұр әне тегіс жиында... Жүріңдер, сендер ата деген 

серпінді қазір соның бірінен емес, бәрінен естісің... Ойға 

алмаған өрді алғанын көресің қазір! 

Б р и г а д и р. Қарағанды кенінің бар шахтасын бастай-

тын, бәріне үлгі тастайтын іс атайық! 

ІІ б р и г а д и р. Жалғыз Қарағанды кені емес, бар 

Қарағанды облысы, анау Балқаш, анау Жезқазған, барлық 

осы облыс өндірістерін тегіс өктем іске шақырайық! 

Т ә н е к е. Жоқ, ендеше Қарағанды облысы ғана емес, 

бар Қазақстанның қорғасынды Лениногорын, қорғасынды 

Шымкентін, мұнайлы Ақтөбесін, алтынды Алтайын, бар-

бар ұлы өндірісті өлкесін түгел шарқ ұруға шақырдық!.. Жүр! 

С ә т. Жүр! Сын сағатта ер өнері іркілмей, сарапқа түссін 

шарқ ұра! Жүр, шахтерлерге!.. 

А с а н о в. Жүр, халыққа!.. 

Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ

С О Ң Ы


 

  

 



Ғылыми

түсініктемелер



407


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет