Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы ресей федерациясының білім және ғылым министрлігі


К ВОПРОСУ О ИННОВАЦИОННОЙ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ



Pdf көрінісі
бет52/124
Дата03.03.2017
өлшемі23,53 Mb.
#6682
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   124

К ВОПРОСУ О ИННОВАЦИОННОЙ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ  

СОВРЕМЕННОГО УЧИТЕЛЯ 

С.У. Уразбаева 

Карабалыкская средняя школа №2, с. Карабалык, Костанайской области, syrkul-nur@mail.ru 



Рецензент – М.Т. Кадралинова, доктор филологических наук, профессор, директор ККСО г. Костанай 

Основной целью образования Казахстана в новом столетии становится не простая совокупность знаний, 

умений и навыков, а основанная на них личная, социальная и профессиональная компетентность – умение 

самостоятельно добывать, анализировать и эффективно использовать информацию для принятия грамотных 

решений, умение рационально и целесообразно жить и работать в быстро меняющемся мире

Отмечаемые  на  сегодняшний  день  изменения  в  системе  образования  современного  общества 

характеризуются  переходом  от  обучения  в  закрытой  образовательной  среде  к  «сетям  знаний»  открытой 

образовательной  среды.  Одной  из  приоритетных  задач  системы  образования  становится  разработка 



2 мин Рефлексия. «Көңіл күй 

гүлшоғы». Балаларға 

әр түрлі түсті гүлдер 

таратылады. Оларды 

вазаларға салады: барлығы 

түсінікті болса жасыл 

вазаға, түсініксіз болса 

қара вазаға.

Сабақтан алған әсерлеріне қарай 

гүл шоғын іледі.

Топ 

жұмысын 


бағалау 

кестесі


Флипчарт, 

бағалау 


парағы, 

гүлдер


1 мин Шығарма бойынша 

мазмұнын көз алдарына 

елестете отырып сурет 

салу. Шығармадан теңеу 

табу және портрет жазып 

келу.


Күнделіктеріне, дәптерлеріне 

тапсырмаларды жазып алады. 

Күнделік

Сабақты осындай әдістемемен жоспарлап өткізуде барлық жұмыс оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін 

ескере  отырып  жүзеге  асырылады.  Мұнда  мұғалім  білім  беруші  ретінде  емес,  оқушының  белсенді  оқу-

танымдық әрекетін ұйымдастырушы болып табылады.

Қорыта келгенде, осындай жоспарлармен өткізілген сабақтардың нәтижесінде, оқушылар оқу процесіне 

белсенді қатысады, ал, оқушы оқу процесіне белсенді қатысқан кезде ғана материалды терең меңгереді; 

тақырып бойынша өз ойларын еркін білдіруге дағдыланады, сындарлы сөйлеуге ынталанады; білімге деген 

құштарлығы  дамиды,  оқушылар  бір-бірінен  үйренеді,  басқа  оқушылардың  идеяларын  құрметтеуге  және 

бағалауға дағдыланады. Бұл білім беруде инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігін көрсетеді 

демекпіз.



Пайдаланған әдебиеттер

1  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы // Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 ж. 01.03. Жарлығымен бекітілген. 

2 Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты // Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген. 

3 Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М.: Педагогика, 1989. – 560 с. 

4 Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. – Астана: «Назарбаев зияткерлік мектебі». ДББҰ, 2012. 

Аңдатпа. Бұл мақалада білім мазмұнын жаңарту аясында оқу процесінде инновациялық технологияларды 

қолданудың тиімділігі қарастырылған. Қазақ әдебиеті пәні бойынша оқу процесінде мұғалім мен оқушының 

іс-әрекеті көрсетілген сабақ жоспары ұсынылады. 

Аннотация.  В  данной  статье  рассмотрены  эффективность  применение  инновационных  технологии  в 

учебном  процессе  в  условиях  обновления  содержания.  Предлагается  планирование  урока  по  казахской 

литературе, в котором показаны деятельности учителя и ученика на уроке, также включены учебные ресурсы. 

Abstract.  This  article  describes  the  effectiveness  of  the  application  of  innovative  technologies  in  the 

educational process in the conditions of content updates. It is proposed to plan a lesson in Kazakh literature, 

which shows the work of the teacher and student in the classroom, also includes training resources. 


283

концептуальных моделей информатизации образования научной деятельности и их научно-методическое 

обеспечение, построение системной модели образования на различных уровнях. 

Проблема оценки результата образования всегда актуальна и вчера она ассоциировалась с понятиями 

«образованность»,  «общая  культура»,  «воспитанность».  Сегодня  происходит  резкая  переориентация  этих 

понятий,  то  есть  делается  акцент  на  компетентностный  подход  в  обучении,  актуализируется  понятие 

«грамотность» специалиста. 

Новые  информационные  технологии  воздействуют  на  все  компоненты  системы  обучения:  цели, 

содержание, методы и организационные формы обучения, средства обучения, что позволяет решать сложные 

и актуальные задачи педагогики. Развивая творческие способности учащихся с учётом их индивидуальности, 

воспитывая  у  них  самостоятельность  и  инициативность,  можно  рассмотреть  творческие  лабораторные 

работы.  Методика  проведения  этих  работ  прошла  многолетнюю  апробацию  в  школах.  Обычно  ученикам 

предлагается  задания  из  учебника  по  традиционной  методике,  имеющие  целью  лишь  закрепление  и 

отработку основного ранее изученного материала по инструкции в учебнике. Но если предложить выполнить 

задания без инструкций или с минимальными указаниями к работе, то степень самостоятельности учеников 

оказывается более высокой. 

Широкое  использование  техник  критического  мышления,  позволяет  оживить  урок,  сделать  его 

увлекательным и эмоциональным, способствует формированию ключевых компетенций школьника. Одна из 

основных целей применения техник критического мышления – научить ребенка самостоятельно мыслить, 

осмысливать, структурировать и передавать информацию, чтобы другие узнали о том, что нового он открыл 

для себя. Таким образом, образование принимает совершенно новую форму, принцип которой – обучать 

самостоятельных,  уверенных  в  себе  личностей,  которые  обладают  достаточными  компетенциями  для 

самореализации и раскрытия своего потенциала в дальнейшей жизни

Применяя компетентностно-ориентированные задания, можно решить одновременно несколько задач: 

оценить  уровень  развития  ключевых  компетенций  учащихся;  выявить  уровень  развития  предметных 

знаний  и  умений;  оценить  способность  самостоятельно  приобретать  знания  и  выбирать  способы 

деятельности, необходимые для достижения поставленной цели в задании; формировать познавательный 

интерес  к  предмету  через  развитие  исследовательской  компетенции.  Задания  в  подобном  формате 

можно  использовать  при  составлении  как  диагностических  и  контрольных  заданий,  так  и  обучающих. 

Выполнение  подобных  заданий  способствует  не  только  более  глубокому  осмыслению  программного 

материала, но и даёт возможность расширить рамки учебной программы, что стимулирует самообразование 

и саморазвитие учащихся. Результативное выполнение заданий позволит ученикам успешно реализовать 

себя в современных условиях, где востребованными и успешными становятся люди, способные мыслить и 

действовать самостоятельно. Используя готовые электронные учебники и цифровые методические ресурсы

электронные  энциклопедии,  видеофрагменты,  презентации,  флипчарты,  электронные  тесты,  формируется 

информационная компетентность учеников. 

Таким образом, инновации профессиональной деятельности современного учителя является необходимым 

условием  для  успешного  и  стабильного  развития  самообразовательной  деятельности  общества  в  целом. 

Именно на сочетании новых идей и технологий, сохранении единства традиций и инноваций должна быть 

построена инновационная активность в сфере образования Казахстана. 



Список литературы

1 Аношкина В.Л., Резванов С.В. Образование. Инновация. Будущее. –М.: 2001. 

2  Вербицкий  А.А.,  Ларионова  О.Г.  Личностный  компетентностный  подход  в  образовании:  проблемы 

интеграции. – М.: Логос, 2009. 

3 Рудик Г.А., Тим А.П. Инновации и инновационная деятельность в образовании. – Костанай: КГУ имени 

А. Байтурсынова, 2014. 



Аңдатпа.  Мақалада  тұлғаның  интегралдық  қасиеттері  ретінде  заманауй  мұғалімнің  кәсіби  құзыры 

қарастырылады.  Ол  білім  деңгейін  және  жалпы  мәдениеттілігін,  жұмыс  тәжірибесін  және  кәсіби  бағытын 

көрсетеді. 

Аннотация.  В  статье  рассматривается  профессиональная  компетентность  современного  учителя, 

как  интегральное  проявление  качеств  личности.  Она  отражает  уровень  знаний  и  общей  культуры,  опыта 

практической деятельности и профессиональной направленности. 

Abstract. The article studies the professional competence of the modern teacher, as an integral expression of 

person’s character. It reflects the level of knowledge and general culture, experience and professional direction. 



284

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 

АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

М.Т. Ургереева 

М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж, Семей қаласы, moldir_97u@mail.ru 



Ғылыми жетекшісі - п.ғ.к. Утепбаева А.А. 

Пікір беруші – Кулмышева Н.А., п.ғ.к., аға оқытушы, 

Шәкәрім атындағы Университет 

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» елбасы жолдауына сүйенсек: 

Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі. Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі 

бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға 

қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспар-

лануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңы-

зды.  Болашақ  ұрпақ  үшін  заманауи  әдістер  мен  технологияларды  енгізу,  білімге  қолжетімділікті  кеңейту, 

білім сапасын арттыру Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуына үлкен үлес қосады деген болатын [1]. Біз 

бұл жолдаудан мектепке дейінгі тәрбиенің де мемлекеттік маңызы бар іс екенін көре аламыз. Сондықтан 

еліміз  білімді  ұрпақпен  қамтамасыз  етілу  үшін  мектепке  дейінгі  тәрбие  басты  рөлді  атқарады.  Қазіргі 

заманғы  педагогикалық  ой-тұжырымдарда  баланың  жеке  тұлғалық  күшін  дамыту,  оның  шығармашылық 

мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен 

мақсат-өмірдің барлық саласындағы белсенді шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты 

жетілген тұлға тәрбиелеу. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның 

қолынан келеді [2, 237 б].



 Қазақстан Республикасының қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер 

мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз 

ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында 

«Әр  баланың  қабілетіне  қарай  интеллектуалдық  дамуы,  жеке  адамның  дарындылығын  дамыту»  сияқты 

мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген [3, 78]. Сол себепті қазіргі 

таңдағы негізгі талаптардың бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы 

дамыған, жаңаша, тәуелсіз, ойлай алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу. 

Бала  ақыл-ойының дамуы тек  белгілі  бір  білім  көлемін  ғана  емес, танымдық  іс-әрекет  амалдары  мен 

тәсілдерін  игеруімен  бірге  есте  сақтау,  ойлау,  елестету,  танымдық,  шығармашылық  қабілеттерінің  дамуын 

тұтас қамтиды. Баланың дамуы үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған 

орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез-құлық нормаларын игеруі, білім, білік дағдысының қалыпта-

суы есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты. Сөз бен сөйлеу әрекеті ойлау құралы болып 

табылады. Өйткені солардың негізінде логикалық ойлау, ұғым қалыптасады [4]. Бұл мектеп жасына дейінгі 

балардың логикалық ойлау қабілетінің қалыптасу кезеңі болып табылады. 

Бес жасында бала көрнекі-әрекеттік ойлаудан көрнекі-бейнелі ойлауға ауысады. Және 6 жасқа қарай 

ауызша-логикалық  ойлауға  үйренуі  керек.  Баланың  көрнекі-әрекеттік  ойлауы  заттармен  нақты  әрекеті 

арқылы жүзеге асады. Ол түрлі заттарды пайдалану, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас жасау 

барысында білім және тәжірибе жинақтайды. Көрнекі-бейнелі ойлау мен оған ықпал ететін көрнекі-схема-

лық ойлаудың мәні одан туындаған жағдайларды шешу үшін бала заттардың өзіне ғана емес, олардың бей-

несіне сүйенуі арқылы бейнеленеді. Ол құбылыстар мен заттардың тек жеке қасиеттерін ғана емес, неғұрлым 

маңызды байланыстарды, олардың арасындағы қатынастарды анықтап, схема бойынша жұмыс жасай (кон-

структормен жұмыс) біледі, заттарды әртүрлі кеңістікте елестете алады, оларды ойша орындарынан ауыстыра 

алады [5]. Яғни біртіндеп баланың логикалық ойлау қабілеті дами бастайды. 

Сонымен  қатар,  мектепке  дейінгі  мекемелерде  қарапайым  логикалық  түсініктерді  қалыптастыру 

мақсатында  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  жаңа  ақпараттық  құралдар  мен  инновациялық 

технологияларды қолданудың да маңызы зор. Осы жаңа ақпараттық технологияға ғалымдар әр түрлі анықтама 

береді.  Мысалы:  Н.  Макарова  «Жаңа  ақпараттық  технология-қысқаша  компьютер  негізіндегі  технология» 

деп  тұжырымдайды.  Ал  М.  Жалдак  бұл  терминнің  неғұрлым  кеңірек  анықтамасын  береді:  Ол  «Жаңа 

ақпараттық  технология –  адамдардың  білімін  кеңейтіп,  олардың  техникалық  және  әлеуметтік  үрдістерді 

басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу тасымалдау және жеткізудің 

техникалық  құралдары  мен  әдістерінің  жиынтығы»  дейді  [6].  Иә,  шыныменде  бұл  құралдардың  балалар 

өмірінде алар орны ерекше. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиялық жолдауында «біз 

білім-ғылым-инновациялар үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз, біріншіден, бұл 

– уақыт, қазір инновация заманы, инновация ғасыры» [7] деген сөзінің өзі осының дәлелі ме деп білеміз. 

Мысалы, инновациялық білім беру құралдарына тоқталар болсақ: аудио, видео, құралдар, компьютер, ин-

терактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, 

инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Біз білім беру жүйесінде 


285

осы  педагогикалық  және  инновациялық  технологияларды  қолдану  арқылы  келешек  ұрпақтың  еркін 

дамуына,  жан-жақты  білім  алуына,  белсенді,  шығармашыл  болуына  жағдай  жасай  аламыз,  әрі  бұл  біздің, 

яғни, тәрбиешілердің басты міндеті деп есептейміз. Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңының 

8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім 

беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап  көрсеткен. 

Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін 

қойып отыр [8]. Бұл мультимедиялық оқулықтар балалардың қызығушылығын арттырады және зейін қойып 

көрумен  қатар  түсінбеген  жерлерін  қайта  көруге  мүмкіндіктері  болады.  Мультимедиялық  оқулықтар 

балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі 

әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады. Сонымен қатар мектепке дейінгі 

балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен 

ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де 

күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады [8]. 

Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың 

алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, 

ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы 

ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан 

жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы 

дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін. Ал М. Жұмабаев болса балалардың ойлауын дамыту туралы 

былай деген: «Ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр». Бұл ойлаудың өте күрделі 

процесс екенін көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі балаларға бұл процесске бейімделіп кету ауырға соғады. 

Сондықтан  тәрбиеші  баланың  ойлауын  өркендеткенде,  сақтықпен  басқыштап  іс  істеу  керек.  Оқулықтағы 

берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, баланың оқуға, білімге деген ынта-

ықыласы, құштарлығығын ояту керек. Бұл жағдайда әрине ақпараттық технологиялардың тигізетін әсері мол. 

Мектепке дейінгі шақ баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені 

логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді 

шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді, іс-әрекетінің қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі 

балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту білімді, дағдыны және шеберлікті белсенді меңгеру үрдісін 

мақсаты бағытталған түрде басқару, балалар танымының қажетті әдістері мен тәсілдерін қамтамасыз етеді. 

Әйтседе бұл баланы қайткенде де неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді. 

Өйткені: Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені 

формалары ретінде игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау 

баланы логика табалдырығына жеткізеді. Екіншіден, логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік 

ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалпайды. Шығармашылық жаттығулар ұсынылғанда, балалардың алдында 

мақсатқа өзіне мәлім әрекет тәсілімен жете алмайтын проблемалық жағдаят пайда болып, ол баланың 

интеллектуалдық қиналуын туғызуы мүмкін [9, 107 б

]. Осының барысында бала жаңа әрекет тәсілін 

іздестіру бағытындағы шығармашылық сипаттағы іс-әрекеттер орындауға талпынады. Шығармашылық 

тапсырмалар балалардың жаңа бір нәрсені ашуы, яғни бала өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы 

ретінде сезінеді. Бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Мектепалды даярлық балаларының логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандартты емес 

тапсырмаларды шығармашылық жаттығулар деп атаймыз. Сондықтан шығармашылық жаттығуды ұдайы 

жүргізе отырып біз балалардың тек пәнге деген қызығушылығын ғана емес, логикалық ойлауын да дамыта 

аламыз. 


Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту және инновациялық 

технологиялардың ықпалы үш негізгі бағытта іске асырылады: 

• Қызығушылығын арттыру; 

• Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту; 

• Шығармашылық ізденісін дамыту. 

Мұндай ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құрылысы 4 кезеңнен тұрады: 

1. Машық. Сергіту; 

2.  Балалардың  шығармашылық  қабілетінің  негізі  болатын  психологиялық  механизмдерінің  дамуы  (ес, 

зейін, қабылдау, ойлау); 

3. Іздену тапсырмаларын орындату (инновациялық технологиялардың көмегімен); 

4.  Балаларға  белгілі  түсінікпен  жаңалықты  көруге  тәрбиелеу,  мақсатында  логикалық  тапсырмаларды 

орындату. 

Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері: 

1.  Көру  қабілетін  дамытатын  тапсырмалар  (ребус,  сөзжұмбақ,  анограмма,  сиқырлы  шаршылар, 

геометриялық фигуралар); 

2.  Есту  қабілетін  дамытатын  тапсырмалар  (математикалық  мақал-мәтел,  логикалық  есептер,  қалжың 

есептер) [10]. Яғни, бұл тапсырмалардың барлығы инновациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асады. 


286

Қорыта  келгенде,  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  оқу  үрдісінде  «логикалық  ойын»  түрлерін  және 

инновациялық технологияларды пайдалану, біріншіден, балалардың білімін берік меңгерту құралы болса, 

екіншіден, балалардың ұйымдастырылған оқі іс-әрекетіне деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, 

білім  сапасын  көтеруге  септігін  тигізеді.  Осындай  логикалық  тапсырмалар  баланы  жан-жақты  дамытып, 

білімді  толық  игеруіне  көмектеседі.  Осы  бағыттағы  ізденістің  нәтижесінде  балалардың  логикалық  ойлау 

қабілетін  арттыру  бағытындағы  тапсырмалардың  басты  назарында  болуының  әсері  де  болар.  Еліміздің 

ертеңі, тәуелсіздігіміздің тұғыры – бүгінгі ұрпақ. Сондықтан бүгінгі күн талабына жан-жақты дамыған жігерлі, 

білімді,  өресі  биік,  денсаулығы  мықты  парасатты  азамат  тәрбиелеуді  міндет  етеді.  Еліміздің  болашағы 

көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. 



Пайдаланылған әдебиеттер

1 http://ortalyk-kaz.kz/publ/sajasat/n_rly_zhol_bolasha_a_bastar_zhol/1-1-0-8336 

2 № 3 Ойындардың бала психологиясына әсері. 2014 ж. 

3 Логикалық ойлау қабілетін дамыту. №11, 2008, - Б. 53-54. 

4 Логика әлемі Ерешева Күләнда, Райымбеков Қуат, Аманова Ақзипа. -Алматы өлке баспасы. 2011. 

5 Идилова Т.С. Логика (мектепалды даярлау тобы балаларына арналған). -Алматы кітап баспасы. 2013. 

6 Изтелеуова А.О. Жаңа ақпараттық технологияларды оқу іс-әрекетінде қолдану. http://sabaqtar.kz/ 

7 Акимжанова Б.Е. Инновация-жаңалық ашу. http://infourok.ru/ 

8 Серікбаева А.Ш. Мектепке дейінгі мекемеде инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі. 

// Отбасы және балабақша. -№ 5. -2011 ж., -Б. 10-11. 

9 № 3 Ойындардың бала психологиясына әсері. 2014 ж. 

10 Мектептегі логикалық талдау. №5, 2011 жыл. 



Аңдатпа. Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамытуда инновациялық 

әдіс-тәсілдер  және  олардың  маңызы,  тиімділігі,  жүргізу  жолдары,  қажетті  әдістемелері  жазылған.  Және 

мемлекеттік бағдарламалар мен заңдар аясында ғылыми дәлелденген мәліметтер жиынынан тұрады. 

Аннотация. В этой статье рассматривается инновационные подходы в обучении, а также эффективные 

методики для развития логического мышления у детей дошкольного возраста. 



Abstract. 

In this article there are considered innovative ways in teaching, And the most effective method for 

developing logical thinking of the children under preschool age. 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУДЕ ӘРТҮРЛІ ӘДІСТЕРДІ 

ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕ БАУЛУ 

А.Т. Утарова 

№26 «Шапағат» балабақшасының МКҚК тәрбиешісі, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, 

shapagat_26dsad@mail.ru 

Пікір беруші – А.К. Куанышкалиева, № 26 «Шапағат» балабақшасының директоры 

Көкіректе сәулесі жоқтың, 

көңілде сенімі жоқ, 

өнерсіз өмірден тез суынар. 

Абай 

Бала  ес  біле  бастағаннан-ақ  өзі  жете  түсінбес  жарқын,  тартымды  нәрсенің  бәріне  ұмтыла  бастайды, 

мәселен,  жылтыраған  ойыншықтарды,  әдемі  гүлдер  мен  заттарды  көрсе  қуанады.  Осының  бәрі  оның 

рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық 

жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға 

дейін жетелеп отыруы тиіс. 

Бейнелеу  өнері  –  көркемдік  талғам  қалыптастырудың  өзекті  құралы  ретінде  баланы  өз  халқының 

эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына 

және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды. 

Бейнелеу  өнерінде  балалардың  сурет  салуға,  өнерді  қабылдауы  тұрғысынан  білім  деңгейлерінің  әр 

сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру. Тәрбиеші 

баланың  сұлулықты  қабылдауынан  бастап,  оған  эмоциялық  жауап  қату,  оны  түсіну,  эстетикалық  ұғым, 

эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс. 


287



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет