Қазастан республикасы білім және ғылым министрлігі коммерциялық емес акционерлік қоғам



бет1/6
Дата07.01.2022
өлшемі212,13 Kb.
#17888
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бектасова Б ТП-18-2К1 5апта срс


ҚАЗАСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»



«Тарих және педагогика» факультеті

«Замануи педагогика және психология» кафедрасы

Әдістемелік нұсқау

Тақырыбы: Педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі ретінде. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Орындаған: Бектасова Балнұр

ТП-18-2К1

Қабылдаған: Нуридинова Г.А

Педагогикалық техника – мұғалімнің өздерінің жеке психофизиологиялық жай-күйін, көңіл күйін, эмоциясын, денесін, сөзін және педагогикалық мақсатты қарым-қатынасын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жалпы педагогикалық және психологиялық білім кешені

«Педагогикалық техника» түсінігі екі компоненттен тұрады:

1) Педагогтың ішкі дүниетанымын: өз денесін басқаруы (мимика, пантомимика), сезімді басқаруы (психикалық күш салу, шығармашылықты сезіну), әлеуметтік – перцептивті қабілеті (зейін, бақылау, ойлау), техникалық құрал (тыныс алу, дауыс ырғағы, дикция, темп) басқара білу қабілетімен байланысты.

2) Оқыту – тәрбиелеу процесінде тұлғаны, ұжымды техникалық жағынан, педагогикалық техникамен байланыстырып, дидактикалық, ұйымдастырушылық, коммуникативті қабілет, педагогикалық қарым – қатынасты бақылау, ұжымды шығармашылық істермен байланыстыру

Педагогикалық техникадағы педагогикалық шеберлік төмендегідей критерийлерге бөлінеді:



  • мақсаттылық (бағытталған)

  • продуктивтілік (білім, тәрбие деңгейінің нәтижесі).

  • оптималдық (таңдамалы)

  • шығармашылық (құрамына байланысты)

Педагогикалық техника:

  • Дене қозғалысы

  • жест, поза, пантомимика;

  • Адам қозғалысының мәні туралы кинетика ғылым зерттейді;

  • Пантомимика –дене, қол, аяқ қозғалысы, ол ойдың негізгісін бөліп көрсетеді және бейне жасайды;

  • Жест – қол сермеуі, ол бейнелеуші және психологиялық жесттер болып бөлінеді;

  • Бейнелеуші жесттер ойдың барысын бейнелейді, иллюстрациялайды;

  • Психологиялық жесттер сезімді білдіреді;

  • Мимика - өз ойын, сезімін, көңіл-күйін, жағдайын беттің бұлшықет қозғалысымен білдіре алу өнері;

  • Жест және мимика ақпараттың эмоциональды мәнін арттырып, оның жақсы меңгерілуіне жағдай жасайды;

  • Дикция – бұл сөздерді, буындарды және дыбыстарды айтудағы ашықтық, нақтылық.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет