Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығЫ»



бет3/7
Дата01.07.2022
өлшемі0,78 Mb.
#37448
1   2   3   4   5   6   7
ҰБТ-ға ӨТІНІШ БЕРУ
1. ЕГЕР СІЗ НАУРЫЗДАҒЫ ҰБТ-ға ТІРКЕЛГЕН болсаңыз ЖЕКЕ КАБИНЕТІҢІЗ АРҚЫЛЫ ӨТІНІШ БЕРЕСІЗ!!!
2. ЕГЕР СІЗ ағымдағы жылы АЛҒАШ РЕТ ҰБТ-ға өтініш беретін болсаңыз, онлайн түрде, Орталықтың сайты арқылы https://app.testcenter.kz/ сілтемесімі арқылы ТІРКЕЛЕСІЗ.
Өтініш беру рәсімі (ағымдағы жылы алғаш рет өтініш берушілер үшін немесе жеке кабинеті жоқ тұлғалар үшін):
1) https://app.testcenter.kz/ сайтына кіру және интерфейс тілін таңдау;
2) электрондық поштаны көрсете отырып, тіркеуден өту (электрондық поштаға келген хат арқылы міндетті түрде электрондық поштаны растау қажет);
3) алынған логин мен пароль арқылы авторизациядан өту (логин мен пароль бар хатты тестілеу басталғанға дейін жоюға болмайды);
4) ЖСН көрсету және іздеу батырмасын басу (тегі, аты және әкесінің аты автоматты түрде шығады) және байланыс телефоны нөмірін көрсету;
5) «Өтініш беру» бөлімін таңдап, қатысушы санатын көрсетіңіз;
6) қажетті тіркеу деректерін толтыру және келесі мәліметтерді таңдау:
- тапсыру тілі;
- бейіндік пәндер комбинациясы;
- тестілеу күні, уақыты және орны және міндетті түрде ережелермен танысу;
7) тестілеу үшін қалаған төлем әдісін таңдап, төлем жасау;
8) «Менің іс-әрекетім» бөлімінде төлем жасағаннан кейін, қажет болған жағдайда өтінішке өзгеріс енгізуге мүмкіндік бар.
Ескерту: тестілеу күнін, уақытын және орнын өзгерте алмайсыз.
Тестілеу құны – 2242 теңге.
Ағымдағы жылғы Қазақстан Республикасы мектеп бітіруші түлектер үшін тестілеу тегін.
ҰБТ-ға ӨТІНІШ БЕРУ
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғалардың ЖСН-дары болмаған жағдайда:
  • Тіркелу үшін ҰТО-дан 12 саннан тұратын код алу.

  • Ол үшін info@testcenter.kz поштасына паспортының көшірмесін және кириллица әріптерімен терілген Аты, Тегі, Әкесінің атын (бар болған жағдайда) және туған күні, айы, жылын көрсете отырып хат жолдау.
    2) Хат жолдаушының электрондық поштасына 12 сандық код жолданады.
    2) ҰТО-дан алынған 12 сандық код (ЖСН-ның орнына) арқылы https://app.testcenter.kz/ сілтемеге кіре отырып ҰБТ-ға өтініш береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет