Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов


Азық-түлік қауіпсіздігі проблемалары



Pdf көрінісі
бет6/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
Азық-түлік қауіпсіздігі проблемалары 
деңгейінің иерархиясы
Мəселе деңгейі
Мəселені шешуге жауапты субъектілер
1. Ғаламдық
2. Субаймақтық
3. Аймақтық
4. Ұлттық
5. Жергілікті
6. Отбасылық
7. Халық топтары
бойынша
БҰҰ жəне оның арнайы органдары, 
халықаралық форумдар 
Аймақаралық құрылымдар, олардың 
органдары жəне форумдары
Аймақтық құрылымдар, олардың органдары 
жəне форумдары
Үкімет жəне мемлекеттік заң шығарушы 
органдар
Аумақтық биліктер жəне заң шығарушы 
органдар
Кəмелетке толған ата аналар қауымдастығы
Ұлттық жəне аумақтық билік


10
Иерархиялық қағида бойынша азық-түлік қауіпсіздігі проблема-
ларын бөлу жəне топтастыру жұмысы халықты сапалы жəне қауіпсіз 
тағам өнімдерімен қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін, негізгі 
мақсаттарды белгілеп, оларға қол жеткізу əрекетінің жоспарын 
анықтауға мүмкіндік береді (
1.3-кесте). Көрсетілген мақсаттарға 
жету үшін азық-түлік қауіпсіздігі мəселелерін шешумен айналыса-
тын ұйым деңгейіне байланысты, жекелеген аймақтардың жағдайына 
барынша жақындастырылған жəне бейімделген бағдарламалар 
əзірленуде. Түрлі деңгейдегі ұйымдардың біріккен жұмыстарының 
нəтижесінде адамзатқа арналған азық-түлік қауіпсіздігі 
бағдарламаларын іске асыру туралы жалпы саясат əзірленуде.
1.3-кесте.
Азық-түлік қауіпсіздігі мақсаттарын құрылымдау
Мақсаты
Мəселелерді 
іске асыру 
деңгейлері 
(1.2 -кестесін 
қараңыз)
Аузы асқа жарымайтын адамдардың санын қысқарту 
жəне кедейшілікті түп-тамырымен жою
1-7
Негізгі азық-түлік көздері бойынша азық-түлікпен 
өзін-өзі қамтамасыз етуді мүмкін болатын максималды 
деңгейге жеткізу
4-7
Азық-түлік бойынша елге шетелден тауар əкелу 
(импорт) мүмкіндіктерін жоғарылату
3-5
Норма бойынша тамақтануға жеткілікті көлемі 
жəне ассортименті арқылы азық-түлік өндірісін 
қамтамасыз ету
1-6
Ғылыми негізделген нормалар деңгейінде тағам 
өнімдерін тұтыну мүмкіндігін қамтамасыз ететін 
кіріске қол жеткізу
4-7
Өндірілетін тағам өнімдері сапасының қауіпсіздік 
талаптарына сəйкестігін қамтамасыз ету
1-6
Апат жағдайына байланысты азық-түлік қорларын 
құру жəне сақтау
3-5
Осылайша, азық-түлік қауіпсіздігі проблемасын ғаламдық 
деңгейде шешу үшін ашыққандарға азық-түлікпен көмек беру не-
месе ашаршылықпен күресудің ұзақ мерзімді бағдарламасын іске 


11
асыра отырып, əлемдік қауымдастық белгілі аймақтармен елдерде 
азық-түлік проблемасын шешуге мүмкіндік туғызады.
Əр мемлекет өзінің ауылшаруашылық өндірісін ынталанды-
ра отырып, ғаламшар тұрғындарының өзін-өзі азық-түлікпен 
қамтамасыз ету деңгейін жоғарылатуға жағдай жасайды. Басқаша 
айтқанда, нақты бір мемлекет өзінің азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін 
азық-түлік өндірісін ұлғайту есебінен жоғарылатуы иерархияның 
төменгі жəне жоғарғы құрылымдарының азық-түлікпен қамтамасыз 
етілуіне оң ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет