94
ұйқының
бұзылуымен, самайдың қысылуымен, кеңістікте бағыттан
адасу сияқты белгілермен білінеді. Кейбір ФОП-мен уланғанда не-
врит жəне кесіп алу оқиғалары туындауы мүмкін.
Сынапорганикалық пестицидтерді (СОП) шектеулі түрде,
тұқымдардың бактериалды жəне саңырауқұлақ ауруларымен күресу
үшін қолданады. Сынапорганикалық қосылыстарға гранозан, мер-
куран жəне басқалар жатады. Қоршаған
ортада СОП трансформаци-
яланады: соңғы айналу өніміне метилсынап жатады.
Созылмалы улану барысында салмақ азаю, əлсіздік, шаршаған-
дық, психикалық бұзылыстар, көру жəне есту галлюцинациясы, сто-
матит байқалады.
Бейорганикалық жəне органикалық металқұрамдас пе-
стицидтер. Берілген пестицидтер тобының арасында мыстың
бейорганикалық жəне органикалық қосылыстары кеңінен таралған.
Қазіргі уақытта мысқұрамдас пестицидтер арасында (МП) мыс купа-
росын, бордос сұйықтығын, купрозан жəне басқаларын қолданады.
МП қауіптілігін улану жағдайлары растайды. Ересек адам үшін өлім
дозасы – 10 г, 2 г-нан кем емес дозада ауыр уланулар байқалады. МП-
мен жедел уланғанда құсық массалары жасыл немесе көкшіл түске
боялады. Бұдан басқа мысқұрамдас пестицидтер теріні тітіркендіріп,
дерматит ауруын тудырады.
Органикалық металқұрамдас
пестицидтер ішінен акарицид, фун-
гицид жəне бактерицид сияқты қалайы органикалық пестицидтерді
(ҚОП) қолданады. ҚОП – мен улану симптомдары қалайымен улану
жағдайларына ұқсас болады.
Тері, өкпе немесе асқазан-ішек жолдары арқылы ағзаға түсетін
уыттылық жəне өлтіретін дозасының шамалары пестицидтердің
уыттылық критериі болып табылады.
Адамға арналған пестицидтердің қауіптілігін бірқатар крите-
рилермен
анықтайды, ол критерилер пестицидтердің ағзаға түсу
мүмкіндігін жəне жағымсыз əсер көрсететін қабілетін сипаттайды.
Пестицидтердің қауіптілік критерилеріне олардың қоршаған ортада
тұрақтылығы, тағамдық ауылшаруашылық шикізаттары жəне тағам
өнімдерін технологиялық жəне кулинарлық əдіспен өңдеу барысын-
да химиялық, физикалық жəне басқа да
факторларға төзімділігі жа-
тады.
Пестицидтермен жұмыс істеу қауіптілігінің деңгейі ағзаға түрлі
жолдармен түсу барысында
Достарыңызбен бөлісу: