Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



Pdf көрінісі
бет48/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   111
Алюминий – литосферада кеңінен таралған металл. Тағам 
өнеркəсібінде сұйық орталарды (шырын, сыра, шарап, сусындар, 
сироп жəне т.б.) ағарту үшін табиғи гидратталған алюмосиликат-
бентонитті кеңінен қолданады. 
Алюминийдің еріген тұздары əлсіз уландыру əсеріне ие екендігін 
Ресей токсикологтары анықтаған. Адам ағзасына алюминийдің 0,5 
мг/кг дозасында үнемі түсуі қауіпсіз болып саналады. Алюминийдің 


86
еруін күшейтетін заттарға жеміс жəне көкөністердің пигменттері, 
ас тұзы жатады. Мұндай тағамдарды алюминий ыдысында дай-
ындау барысында алюминий мөлшері 3 есеге ұлғаюы мүмкін. 
ТМД мемлекеттерінде тағам өнімдеріндегі алюминий мөлшерінің 
уақытша нормасы келесідей: сүт өнімдерінде – 1 мг/кг, ет, шырын, 
сусындарда – 10; ұн өнімдерінде, жемістерде – 20; көкөністерде – 30 
мг/кг болады.
3.2.6. Тағам өнімдеріндегі уытты элементтерді анықтау 
əдістері
Тағам өнімдерінің сынамаларын таңдауды жекелеген тағам 
өнімдері жəне шикізаттардың МемСТ талаптарына сай жүргізеді. 
Орташа зертханалық сынаманы көлемі бойынша тағамдардың 
біртексіздігіне байланысты қателіктерді ең аз (минималды) болатын-
дай етіп дайындайды.
Көптеген тағам өнімдерінде заттардың органикалық матрица-
сын бұзбай құрамындағы металды анықтау мүмкін емес. Өнімдердегі 
органикалық қосылыстарды алып тастауды үлгіні минералдау деп 
атайды, оны əртүрлі тотығу əдістерін қолдану арқылы жүргізеді. 
Тағам өнімдеріндегі уытты элементтерді анықтау үшін үлгілерді 
дайындаудың үш негізгі əдісі бар. Оларға құрғақ минералдау
ылғалды минералдау жəне қышқылды экстракция жатады (МемСТ 
26929 – 94).
Құрғақ минералдау əдісі шикізат немесе өнім сынамасын 
бақыланатын температуралық режимі бар электр пешінде жағу жо-
лымен органикалық заттарды толығымен ыдыратуға негізделген. 
Май мөлшері 60% жəне одан жоғары өнімдерден басқа барлық азық-
түлік шикізаты жəне өнімдерге арналған. Бұл əдіс мышьяк жəне сы-
наптан басқа көптеген уытты элементтерді анықтауға қолданылады.
Талданатын сынама салынған тигельді отқа төзімді балшықтан 
дайындалған торға салып, органикалық заттарын алғаш рет ыды-
рату үшін əлсіз отқа жылытады. Тигельді муфель пешіне салып, 
400-600°С реттелетін температурада жандырады. Органикалық 
заттардың ыдырауын (əсіресе, күл мөлшері көп) тездету үшін 
күлдену процесін катализдейтін кейбір тұздар немесе азот қышқылы 
сияқты заттарды қолдану ұсынылады. Алынған күлді белгіленген 
көлемде сұйытылған тұз қышқылы немесе сұйытылған тұз жəне 
азот қышқылдарының қоспасында ерітеді. Түзілген ерітіндіні содан 
кейінгі зерттеулер үшін қолданады.


87
Құрғақ минералдаудың артықшылығы заттардың көп са-
нын талдау мүмкіншілігі бар, өнімнің РЕШК деңгейіндегі уытты 
элементтерін талдау үшін маңызы зор, сонымен қатар талданатын 
өнімнің реактивтермен ластану қаупін тудырмайды. Əдіс бақылау 
сынамаларының көп мөлшерін талдауды жəне қызметкерлердің 
тұрақты бақылауын талап етпейді.
Бұл əдістің кемшілігі талданатын элементтің ұшқыштығы 
(əсіресе мыс, селен, кадмий, сурьма, мышьяк, сынап) салдарынан 
немесе тигель дайындалған металмен əрекеттесу нəтижесінде тал-
данатын элементті жоғалту мүмкіндігі бар. Мысалы, қалайы сияқты 
кейбір металдар қосылысын шамадан тыс қыздыру барысында 
ерігіштігі жоғалуы мүмкін, бұл содан кейінгі зерттеулерді орындауға 
мүмкіндік бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет