103
тіркелген, тек XX ғасырдың 70-жылдарының
аяғында оның себебі
ҮХФ-ды алу кезінде микроқоспа түрінде түзілетін диоксиндер
жəне диоксинге ұқсас қосылыстардан туындайтыны анықталды,
ал бұл қосылыстар мұнай-химия өнеркəсібінің кəсіпорындарында
өндіріледі.Құрамында ПГК бар материалдардың, адам ағзасына жəне
қоршаған ортаға жедел жəне созылмалы əсері, яғни айқын кемшілігі
анықталғаннан кейін, ауылшаруашылығы жəне басқа өнеркəсіп
салаларында полигалогенделген
көмірсутегілерді қолданудың
бастапқы артықшылықтары сызып тасталды. Диоксиндердің
су экожүйесінде жинақталғаны туралы, олардың ауамен үлкен
қашықтықтарға таралуы туралы хабарламалар пайда болды. Диок-
синдер автомобильдердің пайдаланылған газында (1980 ж.), күл-
қоқыс жанғаннан кейінгі өнімдерде, бала емізетін əйелдердің сүтінде
(1984 ж.), целлюлоза-қағаз өнеркəсібінің қалдықтарында (1985 ж.,
АҚШ, Швеция) табылған.
3.1-кестесінде адам денсаулығына қауіп төндіретін,
тағам
өнімдерінің контаминанттары болып табылатын полигалогенделген
көмірсутегілердің топтары берілген. Экологтар олардың қоршаған
ортаны ластауының ғаламдық сипатын, жоғары тұрақтылығына
жəне уыттылығына
назар аудара отырып, көрсетілген қосылыстарды
жоғарыда қарастырылған хлорорганикалық пестицидтермен бірге,
суперэкотоксиканттар тобына жатқызады.