Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



Pdf көрінісі
бет59/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   111
3.4.2. Қоршаған ортаның полигалогенделген көмірсу-
тектермен ластану көздері
Галогенделген диоксиндер жəне фурандардан басқа полигало-
генделген көмірсутектердің (ПГК) көп бөлігі арнайы қолдануға 
арналған препараттар түрінде жəне жиірек, препаратты кейінгі 
қолдану шартына байланысты түрлі деңгейде галогенделген басқа 
заттармен кешен (комплекс) түрінде өндірілді.


108
ПГК-дің көпшілік туындыларын белгілі бір катализатор 
қатысуымен қажетті көмірсутегіні хлорлау немесе бромдау 
көмегімен алады.
Полихлорланған нафталиндерді АҚШ, Германия жəне Фран-
цияда резеңке өнімдерін қорғау қабаты ретінде қолдану үшін 
өндірген. Полихлорланған нафталиндердің уытты қасиеттері 
анықталғаннан кейін оларды электроникада, кабель дайындауда 
қолдана бастады.
Көптеген дамыған елдерде полихлорланған бифенилдерді 
бастапқыда өсімдіктерді қорғау құралына қоспа ретінде ашық 
жүйелерде қолданды. Оларды ашық жүйеде қолдануға тыйым 
салғаннан кейін полихлорланған жəне полибромдалған бифенилдерді 
көптеген синтетикалық жəне өрт қаупі бар материалдардың жануын 
баяулатқыш ретінде қолдана бастады. Полибромдалған бифенил-
дерді полистирол, полиэстер, полиамидті шайырлар, лак жəне полиу-
ретанды көбіктер сияқты өрт сөндіргіштерді өндіруде қолданылатын 
пластмассаға қосты. Полибромдалған көмірсутегілерді жиһаз жа-
сауда жəне компьютерлер өндірісінде қолданды. Полихлорланған 
бифенилдер сияқты полибромдалған қосылыстар қоршаған ортада 
тұрақтылығы өте жоғары, суда жақсы ерігіштігімен жəне пластмасса-
дан оңай сілтілену қабілетімен ерекшеленеді, осындай қасиеттерінің 
арқасында олар қоршаған ортаға тез таралады.
Полихлорланған бифенилдерден ерекшелігі өнеркəсіптік 
өнімдерде диоксиндердің микроқоспалары адам тіршілігінің 
соңғы мақсаты болмаған, олардың көп бөлігі тіршілік ету ортасы-
на қосымша процестер нəтижесінде, мысалы хлорорганикалық 
қосылыстарды, соның ішінде пестицидтерді синтездеу барысында 
түскен, бірақ олардың қоршаған ортада болуы күмəн тудырмайды. 
Диоксиндер жəне құрылымы бойынша соған ұқсас қосылыстар адам-
зат өркениетінде үздіксіз генерацияланады жəне биосфераға түседі. 
Қазіргі уақытта «диоксиндық фон» деген түсінік қалыптасқан. Бұл 
у көздеріне хлор қолданылатын өнеркəсіптің барлық салалары жа-
тады, бірақ өте қауіптілері болып химиялық, мұнайхимиялық жəне 
целлюлоза-қағаз зауыттары саналады.
Полихлорланған дибенз-
n-диоксиндер жəне дибензофурандар 
пентахлорфенол синтезінің қосымша өнімдері болып табылады, 
олар аз мөлшерде гербицид-дефолианттарда жəне ағаш консервант-
тарында болады, сонымен қатар кең қолданысқа ие басқа ПГК-ді 
жоғары температурада хлорлау нəтижесінде түзіледі. Диоксиндер 


109
крафт-қағаз деп аталатын затты алу барысында шикі целлюлоза, 
қағаз немесе картонды хлормен ақтау процесінде түзілуі мүмкін.
ПГК-ді өндіруді немесе қолдануды тек жабық жерде тоқтату 
олардың қоршаған ортаға таралуын азайтуы мүмкін, бірақ 
табиғат объектілерінде құрамында ПГК бар қалдықтар жəне күл-
қоқыстардың тұрақты түрде өсуіне байланысты ПГК мөлшері шы-
нымен, іс жүзінде төмендемейді. ПГК-дің екіншілік көздеріне қатты 
өнеркəсіптік-тұрмыстық қалдықтар көмілген жерлердің ағын сула-
ры жəне күл-қоқысты жағу немесе өздігінен жану кезінде түзілетін 
түтін газдары жатады. Кейбір қосылыстар апатты жағдайда, атап 
айтқанда, орман өрті кезінде немесе ашық жанып жатқан объектілерде 
синтезделуі мүмкін. Басқа сөзбен айтқанда, ертелі кеш барлық ПГК 
əлем мұхитының суына немесе топыраққа келіп түседі. Ал булану, 
атмосфералық процестер жəне ауа көлігі зиянды қосылыстарды 
экологиялық тазалығы сақталған аудандарға көшіреді.
Құрамында хлоры бар ағартқыштарды ыдыс жəне қаптамалар 
өндіру технологиясына қолдану барысында қоршаған ортаның 
контаминациялануы жүреді. ПГК-дің пакеттен тағамға көшуі 
өнім табиғатына байланысты. Майқұрамдас өнім, мысалы, сүт 
қаптамамен тікелей қатынаста болса, оның ПГК концентрация-
сы майсыздандырылған сүтке қарағанда көп болады, бұл ПГК-дің 
жоғары липофильдігі жəне олардың сулы ортада нашар еруіне бай-
ланысты.
Біздің елде диоксиндердің негізгі көздерінің біріне уытты хлор 
қолданатын химия, целлюлоза-қағаз, металлургия кəсіпорындары 
жатады. Бұл кəсіпорындардың əрекеті көптеген аймақтарда, соның 
ішінде диоксин көзі орналасқан жерден шалғай аймақтарда қоршаған 
ортаның өте күшті ластануын туындатты. Осы кəсіпорындар ет-сүт 
өнімдері, сонымен қатар бала емізетін аналардың сүттері диоксин-
мен ластануына бірінші себепкер болып табылады.
Диоксин түзілетін басқа өндіріс түрлеріне анилин бояу өндірісінде 
жартылай өнім ретінде, трансформатор майларына қоспа ретінде, 
текстильді материалдар өндірісінде қолданылатын 1,2,4-трихлор-
бензол өндірісін жатқызуға болады. Текстиль өндірісінің ағын сула-
рында диоксиндердің болуы ағарту мақсатында хлорид жəне натрий 
гипохлоритінің сулы ерітінділері-«жавел суын» қолданумен байла-
нысты болады.
Əсіресе, əскери уыттылығы өте жоғары химиялық ластағыштар 
қауіпті. Химиялық қаруды жою барысында қоршаған ортаның ди-


110
оксинмен ластануы орын алады. 1950-1960 жылдардағы химиялық 
қайта қаруландыру барысында бірінші ұрпақтан қалған, негізінен 
хлорқұрамдас иприт жəне леозиттен тұратын, ертеден жинақталған 
қару қорлары жойылды. Сүйек отынды стратегиялық зымырандардың 
бастау сəті (старт) – мықты қауіп көздерінің бірі.
Жұмыстары 800-950°С температурада жүретін күл-қоқыс 
жағатын кəсіпорындар атмосфераны диоксинмен ластай-
ды. Бұл жағдайда диоксиннің өте көп мөлшері түзіледі. 1 кг 
поливинилхлоридті (линолеум, түсқағаз жəне пластикалық 
бөтелкелердің көптеген түрлері) жаққанда 50 мкг диоксин 
бөлінеді. Оларды тек 1150-1200°С-тан жоғары температурада 
тиімді түрде бұзады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет