Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов


Азық-түлік шикізатының малшаруашылығында



Pdf көрінісі
бет67/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   111
3.7. Азық-түлік шикізатының малшаруашылығында 
қолданылатын препараттармен ластануы
3.7.1. Гормональды препараттарды қолдану жəне бақылау про-
блемалары
«Гормон» терминін (грек тілінен аударғанда hormáō – талап-
тандырамын, қоздырамын деген мағынаны білдіреді) алғаш рет 
ағылшын физиологы Э. Г. Старлинг 1905 жылы қолданды.
Гормондар ағзаның морфологиялық дамуында жəне оның 
органдарының биохимиялық жəне биофизикалық қызметінде белгілі 
бір рөл атқаратын химиялық заттар болып табылады. Тірі жасуша 


127
шығаратын бұл органикалық заттар гуморальды жолмен көшіріледі, 
ағзаның түрлі жүйелерінің қызметін реттеуші ретінде əсер етеді. 
Көпшілік гормондар жасушааралық сұйықтыққа (қан, лимфа жəне т.б) 
бөлінеді, осылайша əсер ететін органдарға жетеді, бірақ тін гормон-
дары жəне нейрогормондар сияқты кейбір гормондар қан ағынынан 
өтіп кетіп, өздері əсер ететін шектелген тін аумағының шектеріне 
тікелей бөлінеді. Гормондарды анықтайтын белгілердің біріне өте аз 
концентрациядағы олардың биологиялық белсенділігі жатады. Осы 
белгісі бойынша гормондарды биологиялық белсенді заттар класына 
жатқызады, ол класқа ферменттер жəне дəрумендерді де жатқызады. 
Бірақ гормондар ферменттер сияқты органикалық катализаторлар бо-
лып табылмайды, бірақ катализдейтін ферменттермен жүретін зат ал-
масу реакциясының ағымына жанама түрде əсер етеді. Гормондардың 
дəрумендерден айырмашылығы олар ағзаға сырттан түспейді, ағза 
ішінде өндіріледі, гормондардың биосинтезіне арналған құрылыс мате-
риалы ағзаға тағаммен түсуі мүмкін.
Ағзаға əсер етуі бойынша жоғары жануарлардың гормондарын: 
1) зат алмасуға серпін беретін гормондар (йодталған тирониндер 
сияқты); 2) жүйке жүйесін қоздыратын гормондар, мысалы, аце-
тилхолин, пирокатехинаминдер; 3) өндіру гормондары (жыныс 
гормондарының түрлері); 4) гормональды қызметті реттейтін гор-
мондар (гипофиз тропиндері) сияқты түрмен жіктеуге болады.:
Химиялық құрылымы бойынша гормондарды фенол туынды-
лары (адреналин, норадреналин, тироксин), белоктар (инсулин), 
гипофиздің алдыңғы үлесінің гормондары (хорионикалық гонадотро-
пин, тиреоглобулин, секретин); пептидтер (адренокортикотропты гор-
мон (АКТГ), вазопрессин, окситоцин); стероидты гормондар (эстро-
гендер, андрогендер, прогестерон, кортикостероидтар) деп бөлуге 
болады.
Соңғы уақытта гормондар жəне синтетикалық жолмен алынған 
гормональды белсенді заттар малшаруашылығында мал азығының 
сіңімділігін жақсарту үшін, жануарлардың тұқымдылығына серпіліс 
беру, өсімталдығын, буаздық кезеңін реттеу, жыныстық жетілуін тез-
дету жəне басқа да мақсаттарда кеңінен қолданыс тапқан. Ғылымның 
дамуымен байланысты анаболикалық əсері бойынша тиімділігі 
табиғи гормондардан 100 есе жəне одан да жоғары гормональды 
препараттар ойлап табылған. Бұл препараттардың тиімділігі жоғары 
жəне арзан болуы малшаруашылығы тəжірибесіне қарқынды түрде 
енгізуді анықтап берді (диэтилстильбэстрол, синэстрол, диенэстрол, 


128
гексэстрол жəне т.б.). Бірақ табиғи аналогтарымен салыстырғанда 
көптеген синтетикалық гормональды препараттар өте тұрақты бо-
лып шықты, олар нашар метаболизденеді жəне жануар ағзасында 
көп мөлшерде жинақталып, тағам тізбегі бойынша тағам өнімдеріне 
көшеді.
Өсірудің жасанды стимуляторларын АҚШ, Канада, Австралия, 
Жаңа Зеландия, Аргентина жəне Оңтүстік Америка, Азия жəне 
Африканың кейбір елдері шектелген түрде қолданады. Кейбір гор-
мональды препараттарды жануар ағзасына аз мөлшерде енгізу оның 
бұлшықет тінінің қарқынды түрде өсуін тудырады. Əңгіме бірқатар 
шет мемлекеттерінде құс, ірі қара мал жəне шошқаны өсіруге 
арналған «гормональды технологиялар» жайында болып отыр. 10-
100 мг/кг мөлшерінде диэтилстильбэстролды жануарға салғанда 
оның салмағы 5-25%-ға дейін ұлғаяды, бұл өндірушілер үшін өте 
қолайлы болып саналады.
Қолданылған гормональды препараттардың қалдықтары мал 
сойылғаннан кейін шикі етте қалып, ет өнімдері арқылы адам 
ағзасына жетуі мүмкін. Синтетикалық гормональды препараттар 
тағам дайындағанда тұрақты болады, адам ағзасының зат алмасуы 
барысында жəне физиологиялық функцияларында жағымсыз дис-
баланс тудыруы мүмкін. Гормональды препараттар жəне басқа био-
катализаторларды қолдану олардың ағза жасушасы жəне тіндерінде 
жинақталуына жəне токсикологиясына байланысты тиянақты 
гигиеналық зерттеулер жүргізуді талап етеді. 
Адам ағзасында гормондардың артық болуына байланысты заң 
бақылау тəртібін бекітіп, олардың қолданылуын шектейді. Мысалы, 
біздің елдің малшаруашы лығында стильбендерді қолдануға рұқсат 
етілмейді. Сондықтан көтерме саудада сатылатын ет өнімдерінің 
құрамында диэтилстиль бэстрол болмауы тиіс. Эстрадиол жəне те-
стостерон мөлшері өнімде 0,0005 жəне 0,015 мг/кг-нан аспауы тиіс. 
Шикізат түріне байланысты өсім стимуляторлары, стероидтар жəне 
бета-блокаторлардың максималды мөлшері келесі мəндерден аспауы 
тиіс(мг/кг):
зеранол
0,002-0,010 дексаметазон 
0,0005-0,0025
тренболон
0,002-0,010 
коразолол 
0,005-0,025
карбадокс
0,005-0,030
1981 жылы ААҰ/БДСҰ комитеті малшаруашылығындағы 
гормондар жəне гормональды белсенді заттарды қарастырып, 
қолданылатын заттарды:


129
1) еті адам тағамына қолданылатын, жануарларда кездесетін 
гормондарға ұқсас гормондар жəне олардың эфирлері;
2) гормон туындылары, гормональды белсенді қосылыстар 
сияқты ксенобиотикалық қосылыстар, адамның эндогенді гормо-
нына ұқсамайтын гормональды белсенді табиғи заттар жəне осы 
қосылыстардың туындылары сияқты екі категорияға бөлді.
ААҰ/БДСҰ Комитетінің отырысында, еті тағамға қолданылатын 
малды азықтандыру үшін ксенобиотикалық анаболикалық заттар-
ды тұтыну тиімділігін бағалау барысы көп жағдайда пестицидтерді 
бағалауға ұқсас деген пікір айтылды, себебі бұл үшін: 
1) айтарлықтай толық, қажетті токсикологиялық мəліметтер;
2) алдыңғы қатарлы малшаруашылық тəжірибесіне сəйкес 
көрсетілген заттарды қолдану барысында қалдықтардың сипаты 
жəне деңгейі жөнінде жеткілікті мəліметтер сияқты екі элемент 
қажет.
Алдыңғы қатарлы малшаруашылығы тəжірибесіне қелсек, 
ксе 
нобио-тикалық анаболикалық заттардың тиімділігі туралы 
мəліметтер, тиімді нəтижеге жету үшін қолданылатын мөлшері, 
сынау барысында алынған қалдықтар деңгейі туралы мəліметтер, 
сонымен қатар бақылау үшін немесе мониторинг мақсатында 
қолданылуы мүмкін қалдық деңгейін талдау əдістері туралы 
мəліметтер алу қажет. Токсикологиялық мəліметтер тұтынушыларда 
эндокринологиялық жəне токсикологиялық зардап тудыратын 
малшаруашылық өнімдерінде болатын қалдықтар жəне метаболит-
тер, осы қосылыстардың потенциалды канцерогенді белсенділігін 
ескере отырып ұсынылуы тиіс.
Көптеген елдерде, соның ішінде Еуроодақта жəне Қазақстанда 
көптеген гормональды препараттарды қолдануға тыйым 
салынған. Химиялық стимуляторларды қолданудың экономикалық 
тартымдылығы тағам өнімдері құрамындағы гормондардың 
қалдықты мөлшеріне қатаң бақылау орнатуды талап етеді. Еуропалық 
қауымдастықтың қолданыстағы директивасының негізінде ет жəне 
ет өнімдеріндегі (мал жəне құс еті) гормональды препараттардың 
қалдықты мөлшеріне заттар қатары бойынша жүйелік бақылау 
орнатылған (
3.2 кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет