131
№ 4.01.071.03 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жəне тағамдық
құндылығына қойылатын гигиеналық талаптар» санитарлық
ережелері жəне нормаларына сəйкес жануар
текті өнімдерде
жануарлардың өсім стимуляторлары, соның ішінде гормональды
препараттардың қалдықты мөлшері бақыланады, Бірақ бұл бақылау,
өнімді дайындау жəне сақтауда қолданылатын
жануарлардың өсім
стимуляторлары жəне дəрілік препараттары жөніндегі өндіруші
(жеткізуші) ұсынатын ақпаратқа негізделеді. Осылайша, егер ойы
арам жеткізуші еттің «гормональды» технологиямен өсірілгендігі
жөнінде
ақпаратты жасырса, құрамында гормональды препара-
ты бар өнімдердің Қазақстан нарығына ену қауіптілігі туындайды,
бұл жағдайда гормональды препараттардың қалдықты мөлшерін
анықтау міндетті емес.
3.7.2. Антибиотиктер жəне басқа да ветеринарлық препа-
раттардың қалдықты мөлшерін бақылау
Ауылшаруашылық өндірісінің дамуы ветеринария саласын-
да мал жəне құсты емдеу жəне сақтандыру мақсатында кейбір
микробтарға қарсы препараттарды қолдануды қарастырады. Бірақ,
олардың тиімділігі жеткіліксіз болғандықтан, өндірушілер бірқатар
жағдайларда рұқсаты болмаса да
адамды емдеуге қолданылатын
антибиотикалық заттарды қолданады (пенициллин, тетрациклин
жəне левомицетин туындылары).
Препараттарды қолдану барысында құрамында антибиотигі бар
тағам өнімдерін тұтынатын адамда осы заттарға тұрақты микрофло-
ра дамуы мүмкін. Адамда дисбактериоз дамиды,
оған антибиотик-
пен емдеу тағайындалса, емі тиімсіз болады.
Шетелден осындай ет өнімдерінің əкеліну мүмкіндігі жəне
малшаруашылығы жəне құсшаруашылығын дамыту жұмыстары
бақылау проблемасын өзекті қылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: