Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



Pdf көрінісі
бет79/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   111
153
ІV БӨЛІМ. 
АЗЫҚ-ТҮЛІК ШИКІЗАТЫ ЖƏНЕ 
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ 
ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Радиоактивтілік – кейбір элементтер атомдарының нөмері 
мен массалық санын өзгеріске ұшырататын атом ядроларының 
өзіндік ыдырауы. Радиоактивті ыдырауды тоқтату немесе тездету 
мүмкін емес, жартылау ыдырау кезеңі – уақытпен өлшенетін, қатаң 
анықталған жылдамдықпен жүзеге асырылады, осы кезеңде барлық 
атомдардың жартысы ыдырайды. Радиоактивті элементтердің ыды-
рауы иондайтын сəулелердің ағындарымен бірге жүреді, олардың 
əрқайсысы өзінің физика-химиялық қасиеттерімен сипатталады: 
альфа-сəулесі-жылдамдығы 20000 км/с жететін, оң зарядталған 
бөлшектер (гелий атомы) ағынын құрайды; оң зарядтардың болуы 
себебінен магнит өрісінде α-бөлшектер ауытқиды (солтүстік по-
люске). Бета-сəулесі – жарық жылдамдығымен қозғалатын теріс 
зарядталған бөлшектер ағыны; теріс зарядтардың болуы себебінен 
электрондар магнит өрісінде ауытқиды (оңтүстік полюске). Гамма-
сəулесі – қасиеті жағынан рентген сəулесіне ұқсас, қысқа толқынды 
магнит сəулесі; жарық жылдамдығымен бірге таралады, маг-
нит өрісінде ауытқымайды, бірнеше мыңнан бірнеше миллион 
электронвольтқа дейінгі жоғары энергияға ие. 
Өлшем бірліктерінің СИ жүйесінде радиоактивтіліктің өлшем 
бірлігі – беккерель (Бк) – секундына бір ядролық айналысты сипат-
тайды. 
Халықтың сəулелену деңгейін эквивалентті доза бірлігі – зи-
вертпен (Зв) бағалайды. 1 зиверт – салмағы 1 кг-дық биологиялық 
тін өз бойына сіңірген, фотондық сəуленің 1 грэйінде сіңірілген 
доза сияқты биологиялық эффект түзетін, кез келген сəуле түрінің 
эквивалентті дозасы. 1 грэй (Гр) – бұл салмағы 1 кг-дық сəулеленген 
затқа берілген, кез келген иондалатын сəуле түрінің 1 Дж энергиясы-
на сəйкес келетін сіңірілген сəуле мөлшері. 
Жердің радиациялық фоны:
• ғарыштық сəуле;
• топырақ, су, ауа, басқа да қоршаған орта нысандарының 
құрамындағы табиғи радионуклидтер;
• адам қызметі нəтижесінде пайда болған жасанды радио-
нуклидтер (мысалы, ядролық сынау); медицинада, техникада, 


154
ауылшаруашылығында қолданылатын радиоактивті қалдықтар 
жəне жеке радиоактивті заттар сияқты 3 компоненттен тұрады.
Адам алатын сəуленің табиғи көздеріне мыналарды жатқызады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет